Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1- Кәсіпкерлік түрлері

 

Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.

Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы – табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс [6].

Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді.

Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет. Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен толықтырылды . Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді. Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін, инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға мүмкіндік беред [7].

XX ғасырдың тоқсаныншы  жылдарынан бастап кәсіпкерліктің  мәселелеры отандық ғалымдардың  және ТМД елдерінің ғалымдарының  еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде  кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және  кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет мәселелеры ғалым-зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің  экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, «кәсіпкер»(enterpmeneur) категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді:

  1. кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;
  2. кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;
  3. кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
  4. кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке; т.б [8].
  5. кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
  6. кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;
  7. кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.

Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Ол:

  1. сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  2. өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;
  3. бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;
  4. өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;
  5. берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;
  6. халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті .

«Кәсіпкер» түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, «кәсіпкерлік» анықтамасын нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып, сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі.

Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын инновациялық процесс [9].

Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет. Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды. Басқа ғалымдар иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана емес, сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт белгісін «ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына көмектесудің» факторы ретінде кең түрде қарастырады  Осының нәтижесінде нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет:[10].

«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.

Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс) және үстеме пайдасы».

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде .

Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

 


 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 - Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

 

Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен,  оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан  еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Барлық күш қуатын жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін экономикалық қызметі. Ал кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады [11].

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:

  • кәсіпорынқұрылтайшыларыныңматериалдықжәнеақшалайжарнасы;
  • өнім, қызметкердентүскентүсімменпайда;
  • құндықағаздаржәнеолардантүскенпайда;
  • инвестиция және бюджеттік дотация;
  • қайырымдылық жарнама;
  • мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
  • мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
  • мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.

Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлуеметтік-экономикалық рольі өзгереді: негізгі талап – пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту; банкроттықты болдырмау т.б.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары