Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жекелеген ережелері шағын кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіреді. Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың еселенген мөлшері шағын кәсіпорындар үшін де ірі кәсіпорындар үшін де бірдей белгіленген.

Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде  (5-тен 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін) белгіленген айыппұлдардың сомасын өз қөалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады. Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсіпкерлердің өзін заңға сәйкес айыппұл төлеу не «аз» пара беріп құтылуды таңдауға итермелейді [36].

Лицензиялауға, аккредиттеуге, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерінің қазіргі кең көлемді тізбесі іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік бастаманың өсуіне кедергі келтіреді. Бұдан басқа, лицензияны беру ретінде және одан әрі лицензиялық қызметті негіздейтін қосымша рұқсат беру жүйесі (рұқсат беру, қорытындылау, келісу) бар. Бұл іс жүзінде елде кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Осылайша әкімшілік кедергілердің ауыртпалығы негізгі кемшілік болып табылады. Олардың ішінен негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • тікелей әрекет етпейтін кесімдер, көптеген кіші заңи кесімдер бар;
  • мәні бойынша мемлекеттік функциялар берілген, мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен көптеген мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар қызмет етеді;
  • шектен тыс статистикалық және салықтық есептілік бар;
  • жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкілеттіліктерін қысқартуға дайын емес.

Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) жеткізіп беруде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуі тиіс «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын кәсіпкерліктің өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, тәжірибеде мемлекеттік тапсырыс берушілер шағын кәсіпкерлік үшін заңда көзделген жеңілдіктерді мүлдем дерлік қолданбайды.

Шағын кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізіп отырған басты мәселелердың бірі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қажетті деңгейде нәтижелі жұмыс жасай алмауы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың қаржылық мәселелерын шешуде қаржы институттарының қызметін жетілдіру маңызды. Бірақ, олардың қызметін жүзеге асыру кезінде де  мәселелер кездесіп жатады. Атап айтсақ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану болғанмен, оның тиімділігі көңіл қуантарлық деңгейде емес. Қордың қаражаты шағын кәсіпорындардың қалыптасу үрдісінде оң рөл атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.

Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%,  ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласына - 23% келеді. Қордың  шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал, қордың негізгі мәселелеры – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі  [37].

Шағын кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсететін тағы бір негізгі қаржылық институт микронесиелік және микроқаржылық ұйымдар болып табылады. Ал осы ұйымдардың ортақ мәселелеры ретінде осы уақытқа дейін микронесие беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микронесие беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті инвесторлар үшін микронесиелік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру мақсатында аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауын айтуға болады.

Микронесие беру саласын дамыту мәселелерына келесілер жатқызылады:

  1. одан әрі орналастыру үшін қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
  2. микронесиелік ұйымдарының қаражатының жеткіліксіздігі;
  3. микронесиелік ерекшелікпен таныс білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
  4. микронесиелік жүйеге қатысушылар үшін әдістемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
  5. техникалық және ресурстық базаның болмауы;
  6. микроқаржы саласының жағдайын, үрдістері мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшілік ететін бірыңғай органның және оларды бағалау әдісінің болмауы;
  7. дамыған мониторинг жүйесінің, ішкі бақылаудың болмауы;
  8. қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктік емес ұйымдардың микронесиелеу ұйымдарымен әлсіз өзара іс әрекеті.

Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр. Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

    • қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
    • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
    • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді. Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.   Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген: төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);  кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады); алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);  үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба  инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс). Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.  Жоғарыда жазылғандарға байланысты

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

 

 

3.2 «Бизнестің  жол картасы» - кәсіпкерлікті тиімді дамытудың негізгі бағыты

 

Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды  сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады .Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.  Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі. Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:

  • өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;
  • өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;
  • өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;
  • мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

  • жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
  • банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
  • өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
  • бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
  • кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар - экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес). Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды. Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады [38].

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен 1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. 2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты; өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды. Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес. Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары