Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Қор «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ акционерлік холдингінің құрамында, ал 2008 жылдың қазан айынан бастап – «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық басқарушы холдингінің құрамында жұмыс істеуде.

Өзінің жұмыс істей бастаған уақытынан бері 2008 жылға дейін «Даму» қоры жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгені құрайтын 2878 шағын кәсіпкерлік жобасын қаржыландырды, мұнысы екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне берген несиелерінің жалпы сомасының 2,2% пайызын құрайды.

2007 жылдың соңынан бастап осы кезге дейін «Даму» қоры артынша шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге арнап екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды негізделген түрде жайғастыру жөніндегі төрт бағдарламаны жүзеге асыруда:

1) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 1-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 1-ші кезеңі);

2) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 2-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 2-ші кезеңі);

3) Аймақтық бизнестің жобаларын жергілікті атқару органдарымен бірлескен түрде қаржыландыру бағдарламасы («Даму-Аймақтар» бағдарламасы);

4) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 3-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 3-ші кезеңі).

Аталмыш бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде:

  • 260 млрд. теңге мемлекеттік қаржы игерілді (екінші деңгейлі банктерде жайғастырылған қаражаттардың есебімен барлығы 324 млрд. теңге);
  • 8 мыңнан астам жоба қаржыландырылып және қайта қаржыландырылды;
  • 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылып және сақталды;
  • Мемлекеттік қаржыландырудың екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржынындағы үлесі 14,8%-ға дейін, ал тұтастай тұрақтандыру бағдарламалары шеңберінде – 18,5%-ға дейін артты.

Бүгінде «Даму» қоры – бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес қолдау аспаптарын ұсынуға қабілетті ұлттық институт, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы [24].

Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық аспаптарын әзірлеген болатын:

  • 2009-2012 жж. арналған «Даму-Қолдау» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
  • Франчайзингті дамыту. Бағдарламаның мақсаты – өзінің қызметін ұлттық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта кәсіпкерлікке инвестициялық қолдау жасау;
  • Орта және шағын кәсіпкерліктің несиелерін кепілдендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
  • Аймақтардағы нүктелік қаржыландыру бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;
  • Лизингілік компанияларда негізделген түрде жайғастыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – лизингілік мәмілелерді жеңілдік шартпен қаржыландыру арқылы экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту және негізгі құралдарын жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін олардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы қолдау;
  • Аймақтардағы пайыздық мөлшерлемені жергілікті атқару органдарының қатысуымен субсидиялау. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламарын жүзеге асырудың тиімділігін сол тұлғалардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы арттыру;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік қоржындарын Қордың кепілдік етуімен қамсыздандыру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін одан әрі арттыру мақсатында активтермен қамсыздандырылған құнды қағаздарды шығару арқылы қаржы тарту.

Қазақстан Республикасының шағын несиелендіру секторын институттық дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында «Даму» қоры микроқаржылық секторды дамыту бойынша бірқатар шараларды әзірлеген болатын:

  • Шағын несиелік ұйымдарды негізделген түрде қаржыландыру (бұдан әрі - ШНҰ). Бағдарламаның мақсаты – екінші деңгейлі банктердің ұйымдастыру-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы ШНҰ-ларға арналған жеңілдік қаражаттарды жеткізудің тиімділігі мен жеделдігін арттыру;
  • ШНҰ-ларды несиелік қоржынын қамсыздандыру арқылы тікелей қаржыландыру. Бағдарлама кепілдік қамсыздандыруды ұсына алмайтын ШНҰ-ларға арналған;
  • Қаражаттарды оларды артынша ШНҰ-ларды қаржыландыруға арнап АПЕКС-тік қорда жайғастыру. АПЕКС-ті құрудағы мақсат – ШНҰ-ның несиелік ресурстар мен өзге де қызметтерге қатысты қажетсінулерін қатысушылардың меншікті қаражаттарын шоғырландырудың есебінен қанағаттандыру, мемлекеттің ШНҰ-ларға арнап бөліп отырған қаржылық құралдарын алу, шетелдік инвесторлардан артынша өзін ШНҰ-ларға үлестіріп беру үшін қаржы алу;
  • ШНҰ-ларды қаржылық емес қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: ШНҰ-лардың қызметі бойынша мәліметтерді жинақтау мен талдау ісін жетілдіру; ШНҰ-лардың қызметі көрсеткіштерінің әлемдік стандарттарын ендіру; ШНҰ-ларға арналған программалық қамтуды әзірлеу мен енгізу; шағын несиелендіру жүйесінің қатысушыларын оқыту мен біліктілігін арттыру және халықты шағын несиелендірудің мүмкіндіктері туралы көбірек хабардар ету; ШНҰ-ларға арнап ұлттық блог құру  [25].

Сонымен қатар, «Даму» қоры кәсіпкерлерді консалтингілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық қолдау түріндегі шағын және орта бизнесті қаржылай емес түрде қолдау тәрізді бағытты белсенді түрде дамытуда. Осы бағытта төмендегідей бағдарламаларды атап кетуге болады:

  • Қызметтерді қашықтан ұсынып отыруға арналған бизнес-портал. Осы порталды құрудағы мақсат – бизнесті қалай бастап және дамыту керектігі туралы бүкіл қажетті және өзекті ақпаратты біріктіру арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу;
  • «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасы. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі механизміне Қазақстанның барлық 209 ауданы мен халық көп мекендеген әкімшілік-аймақтық бірліктеріндегі кәсіпкерлік бастамасы бар халық пен қызмет етіп жатқан кәсіпкерлерге қысқа мерзімді тренинг-оқыту қызметтерін ұсыну шараларын ұйымдастыру жатады;
  • Аймақтарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру. Мұндай орталықтардың тиімділігі қаржылық емес қолдау көрсетуді қажет ететін субъектілердің күш-жігерін біріктірудің, сондай-ақ осы саладағы шетелдік тәжірибені алу мен қайталаудың арқасында қамтамасыз етілетін болады;
  • Қазақстанда ШОБ бойынша талдамалық кітап шығару. Бұл басылым жыл сайынғы негізде шығарылып және Қазақстанның ШОБ секторындағы өзіндік бір «Инвестициялық паспорты» болады деп көзделуде;
  • ШОБ субъектілеріне арнап баспалық БҰҚ-ны құру. Мамандандырылған журнал сегменттелген аудиториямен – ШОБ субъектілерімен аса маңызды коммуникациялық арналардың біріне айналуы мүмкін;
  • Қазақстанның жыл сайынғы шағын және орта бизнесінің форумдарын өткізу. Қазақстанның жыл сайынғы шағын және орта бизнес форумдарын «Даму» қорының қолдауымен өткізу бизнес пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ ШОБ субъектілерінің арасындағы коммуникативтілігін арттырудың тиімді аспабына айналуы мүмкін;
  • ШОБ-тың ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың сатып алуларындағы үлесінің артуына ықпал ету. ШОБ субъектілерінің ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың сатып алуларына жеткізуші ретінде қатысуға қатынауын кеңейту шараларын жүзеге асыру міндеті Қазақстанның ШОБ субъектілерінің бірыңғай тізілімі мен электрондық сауда алаңшасын құру арқылы шешіліп отыратын болады;
  • «Даму-Көмек» бағдарламасы. Бағдарлама мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға солардың мәселелеры мен соларға қажет болып отырған ресурстар жайлы хабардар болу дәрежесін арттыру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған (қаржылай көмек, мүлік, кеңес берумен қолдау, өзге қызметтер).

Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шешімдердің біріне «Даму» қорының қатысуымен қаржылық институттарды құру болмақ:

  • Тікелей инвестициялар қорын құру. Бағдарламаның мақсаты – өздерінің бизнесі отандық жоғары технологиялар секторының әлеуетін арттыруға қабілетті жаңа технологияларға, ғылыми жетістіктерге, инновацияларға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға көбірек бағытталған ШОБ субъектілерін инвестициялық қолдау;
  • Мамандандырылған қаржылық институттарды құру. Маңызды міндет ШОБ-тың институттық бизнес-айналасын, яғни шағын кәсіпкерлікке тілектес қаржылық ұйымдардың желісін қалыптастыру, және солардың арасындағы шынайы нарықтық бәсекелестікті қолдау болып табылады. Мұндай қаржылық ұйымдардың біріне мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейлі банк айналуы мүмкін, оның қызметінің негізгі бағыты шағын бизнесті несиелендіру және операциялық қызмет көрсету болмақ. Жұмыстың тағы бір бағытына мамандандырылған шағын несиелік банкті құру болуы мүмкін, себебі дәл осы шағын несиелендіру шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасын көтермелеу үшін, жұмыссыздардың жұмыс бастылығына ықпал ету үшін қолайлы жағдайларды сақтаудың аса тиімді аспаптарының бірі болып табылады. Сондай-ақ мамандандырылған факторингілік компания мен лизинг қызметтерін ұсынатын компания құрылуы мүмкін. Жоғарыда аталған бағдарламалардың барлығы кешенді сипатқа ие болып келеді, бір-бірін толықтырып және күшейтіп отырады.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  жеке кәсіпкерліктің дамуын талдау

 

Соңғы жылдары мемлекеттік саясат өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекеттік ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру көзқарасы тұрғысынан ең үлкен әлеуеті бар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жәрдем беруге бағытталды. Шағын және орта бизнестің дамуы, шағын кәсіпкерлік пен мемлекеттің өзара тиімді байланысы, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының қалыптасуының жаңа тәсілдерін талдау кәсіпкерлікті дамыту тұрғысындағы мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін шаруашылық байланыстардың үзілуі экономикаға кері әсер етіп, кәсіпорындардың дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқтырды. Мұндай дағдарыстан шығудағы мемлекеттің алғашқы  қадамы – мемлекеттік кәсіпорындарды республикадағы шаруашылық жүргізу субъектілерінің жаңа түрлеріне алмастыру, яғни, жеке меншіктің үлесін арттырып, әртүрлі меншік нысандарындағы және ұйымдық нысандардағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету болды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (негізгі бөлім) және арнайы заңдар,  қаулылар, нормативтік-құқықтық актілер арқылы реттеледі. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету экономикаға оң әсер ететіндігі белгілі.

Елімізде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы елімізде жүргізілген экономикалық реформалардан бастау алады. Мысалы, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру  үрдісін жүзеге асыру кезінде  олардың негізгі бөлігі қалыптасты. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үрдісі бірнеше кезеңдер бойынша жүргізілді және әр кезеңнің белгілі бір мақсаттары, мемлекеттік меншікті жеке меншікке өзгерту тәртібі болды [26].

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналған. Кейінгі төрт жыл ішінде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  2005 жылдағымен салыстырғанда 35%-дан артық шамаға өскен, және 2008 жылдың қорытындылары бойынша 1 млн. бірлікті құрады, мұнысы еліміздегі барлық шаруашылық етуші субъектілердің жалпы санының шамамен 92%-ын құрауда1:

Сурет 5- Шағын кәсіпкерлік  субъектілер санының абсолюттік көрсеткіштері

 

Әрекеттегі ШКС-лардың ұйымдық-құқықтық формалар қимасындағы құрылымы  көрсетіп отырғандай, 2008 жылы жеке кәсіпкерлердің (бұдан әрі - ЖК) саны  604 мың субъектіні немесе 60,3%-ды құрады, заңды тұлғалардың – шағын бизнес кәсіпорындарының (бұдан әрі - ШБК) саны 203 мың немесе 20,3%, шаруа (фермерлік) қожалықтардың  саны – 194 мың немесе 19,4% құрады:

Сурет 6 - Шағын кәсіпкерлік субъектілердің ұйымдық –құқықтық формалар қимасындағы құрылымы

 

2008 жыл бойынша аймақтық  қимадағы белсенді2 ШКС-ларға жүргізілген шолу мынаны көрсетуде, ШКС-лардың ең көп саны Оңтүстік-Қазақстан облысында (102 мың), Алматы облысында (79 мың) және Алматыда (60 мың) қызмет етеді. Ең төмен көрсеткіштерге Қызылорда (15 мың), Солтүстік-Қазақстан (18 мың), Маңғыстау (21 мың) және Батыс-Қазақстан (22 мың) облыстары ие болуда. 7 суретті қараңыз.

Сурет 7- Аймақтық қимадағы белсенді ШКС

 

Кейінгі жылдарда кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар мәселелер орын алуда. Мұндай мәселелерға мыналар жатады:

  • заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. ШОБ-ны (шағын және орта бизнес) дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
  • кәсіпкерлік субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
  • салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
  • әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
  • шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай ШОБ секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
  • қаржы ресурстарына қатынаудың жоқтығы – әлемдегі қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың ШОБ секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді [27].

Сонымен, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру меншік нысанын өзгерту мен кәсіпкерлікті ұйымдастыру  нысандарын қалыптастыру факторы ретінде ғана емес, сондай-ақ, экономиканың дамуы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, кәсіпорындар қызметінің жандануы, инвестиция тарту мен жеке сектордың дамуын қамтамасыз етуде де өте маңызды. Сондықтан еліміздегі кәсіпкерліктің меншік нысандары бойынша дамуының қазіргі жағдайын қарастырайық. Ол төмендегі 2-кестеде келтірілген.

 

Кесте 1 - Қазақстанда  2008 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің меншік нысандары бойынша даму жағдайы

 

Меншік нысандары

Тіркелгені

Жұмыс істейтіні

Жұмыс істейтіндерінің үлесі, %

Республика бойынша барлығы

268564

180646

67,3

Шағын

253689

166801

65,8

Орта

12595

11576

91,9

Ірі

2280

2089

91,6

Мемлекеттік

28291

24936

88,1

Шағын

19959

17078

85,6

Орта

7484

7102

94,9

Ірі

848

756

89,2

Жеке

226606

147297

65,0

Шағын

220445

141674

64,3

Орта

4829

4386

90,8

Ірі

1332

1237

92,9

Шетелдік

13667

8413

61,6

Шағын

13285

8049

60,6

Орта

282

268

95,0

Ірі

100

96

96,0

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары