Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.
Кесте 8 - ҚР аймақтарындағы 2008-2011жж шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны жыл басында
(мың адам)
Аймақтар |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Қазақстан Республикасы |
393,1 |
413,6 |
431,6 |
528,6 |
58,1 |
Ақмола |
30,4 |
29,7 |
33,6 |
29,9 |
31,2 |
Ақтөбе |
19,8 |
20,3 |
17,4 |
21,2 |
24,2 |
Алматы |
15,7 |
25,3 |
30,1 |
31,3 |
35,0 |
Атырау |
14,0 |
14,9 |
13,8 |
15,4 |
17,9 |
Шығыс Қазақстан |
33,6 |
33,1 |
39,2 |
47,4 |
52,8 |
Жамбыл |
17,8 |
16,4 |
16,4 |
21,8 |
22,4 |
Батыс Қазақстан |
27,6 |
25,8 |
27,2 |
19,6 |
21,6 |
Қарағанды |
27,4 |
28,7 |
28,9 |
39,8 |
39,9 |
Қостанай |
23,3 |
23,3 |
24,1 |
25,8 |
30,1 |
Қызылорда |
17,6 |
16,5 |
18,6 |
14,7 |
16,2 |
Маңғыстау |
12,7 |
10,7 |
11,5 |
22,8 |
23,6 |
Павлодар |
25,1 |
24,9 |
21,6 |
25,2 |
25,9 |
Солтүстік Қазақстан |
21,1 |
20,8 |
20,9 |
20,7 |
22,8 |
Оңтүстік Қазақстан |
22,1 |
26,4 |
24,5 |
41,9 |
49,1 |
Астана қаласы |
19,4 |
20,3 |
23,0 |
42,4 |
46,7 |
Алматы қаласы |
65,5 |
76,4 |
78,8 |
108,7 |
122,7 |
Дерек көзі : ҚР-сы статистика агенттігі
Шағын кәсіпорындардың көпшілігі жергілікті ресурстарды пайдалана отырып ішкі нарықта қызмет еткенімен олардың өнім өндіру көлемін ұлғайту, жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыру негізгі міндердің бірі болып табылады. 2008 жылы шағын кәсіпорындарда тауарлар өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) көлемі 444091,1 млн.теңгені құрады.(33) Бірақ мұнда да басымдық жоғарыда аталаған қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтқанда, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( барлық жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың жалпы көлемінің 31,5 %), құрылыста (18,3 %), өнеркәсіпте (15,6 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (11,6 %) өндірілген (орындалған, қызмет көрсетілген) [31].
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне олардың қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейінің де едәуір әсер ететіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі де шағын кәсіпорындардың қаржымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табылады. Қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу - шағын кәсіпорындардың негізгі мәселелерының бірі. Олардың бастапқы (меншікті) капиталы нарыққа шығумен байланысты шығындарды жабуға жеткіліксіз. Сондықтан шағын кәсіпорындарға өзқызметін кеңейту және әрі қарай дамыту үшін қосымша қаражат көздерімен толықтыру қажет. Мұндай көздердің бірі екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне беретін несиелері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес субъектілеріне 2008 жылы 146515 млн. теңге сомасында, 2009 жылы – 196212 млн. теңге, 2011 жылы – 288380 млн. теңге несие берген. Аймақтар бойынша бөлінген несиелік қаражаттардың ең көп бөлігі Алматы қаласының үлесінде (соңғы үш жыл ішінде берілген несиелердің жалпы көлемінің 58,8 %), себебі, шағын кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Екінші деңгейдегі банктердің соңғы үш жыл ішінде шағын бизнес субъектілеріне берген несиелерінің аймақтар бойынша бөлінісін келесі кесте (9-кесте) түрінде көрсетуге болады.
Шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің қызмет түрлері бойынша ең көп үлестері келесі түрде орын алған: сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( үш жыл ішінде берілген несиелердің орта есеппен 41,6 %), құрылыста (13,8 %), өнеркәсіпте (14,3 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (10,3 %).
Кесте 9 – Шағын кәсіпорындарға 2008-2011 жылдары аймақтар бойынша берілген несиелердің көлемі
2009 мың тг. |
үлес салмағы % |
2010 мың тг. |
үлес салмағы % |
2010 мың тг. |
үлес салмағы % | |
Барлығы |
146515 |
100 |
196212 |
100 |
288380 |
100 |
Ақмола |
1154 |
0,8 |
1636 |
0,8 |
2571 |
0,9 |
Ақтөбе |
3798 |
2,6 |
7096 |
3,6 |
10172 |
3,5 |
Алматы |
440 |
0,3 |
676 |
0,3 |
1047 |
0,4 |
Атырау |
7848 |
5,4 |
11288 |
5,8 |
14741 |
5,1 |
Шығыс Қазақстан |
7848 |
5,4 |
11288 |
5,8 |
14741 |
5,1 |
Жамбыл |
1340 |
0,9 |
2203 |
1,1 |
2992 |
1,0 |
Батыс Қазақстан |
2487 |
1,7 |
3412 |
1,7 |
4621 |
1,6 |
Қарағанды |
4044 |
2,8 |
8047 |
4,1 |
16458 |
5,7 |
Қостанай |
3975 |
2,7 |
6675 |
3,4 |
12664 |
4,4 |
Қызылорда |
344 |
0,2 |
306 |
0,2 |
689 |
0,2 |
Маңғыстау |
1785 |
1,2 |
2838 |
1,4 |
4592 |
1,6 |
Павлодар |
5745 |
3,9 |
9907 |
5,0 |
13461 |
4,7 |
Солтүстік Қазақстан |
1900 |
1,3 |
1875 |
1,0 |
3272 |
1,1 |
Оңтүстік Қазақстан |
4703 |
3,2 |
10019 |
5,1 |
14530 |
5,0 |
Астана қаласы |
9804 |
6,7 |
14592 |
7,4 |
24593 |
8,5 |
Алматы қаласы |
95403 |
65,1 |
112467 |
57,3 |
155668 |
54,0 |
Дереккөз: ҚР-сы статистика агенттігі
Статистика агенттігіне есеп берген кәсіпорындар мәліметтері бойынша 2004жылдың 9 айы ішінде олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 16,3 % құрады, ал 1999 жылы 11,1 % болған, жалпы қосылған құн – 17,4% және 11,8 % құраған, яғни, аталған кезең ішінде 1,5 есеге жуық өскен. Осы шағын кәсіпорындардағы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 24570 теңге болды. Ол 2003 жылмен салыстырғанда 39,7 % жоғары. Шағын кәсіпорындардағы жалақының өсу тенденциясы барлық экономикалық қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтсақ, ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында (43420 теңге), қаржылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда (42036 теңге), құрылыста (30202 теңге).
Республика аймақтарындағы шағын кәсіпорындарда 2004 жылы еңбек ақы деңгейі әртүрлі болған. Еңбек ақының жоғары деңгейі тек Атырау (46784 теңге), Маңғыстау (39359 теңге) облыстарында және Алматы (40096 теңге) мен Астана (48322 теңге) қалаларында ғана байқалып отыр.
Зерттеу жүргізілген шағын кәсіпорындардың 2008-2011 жылдар аралығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері теріс сальдоны көрсетіп отыр. Тек 2004 жылы ғана табыстылық анықталып, шағын кәсіпорындар 61,7 млн. теңге табыс тапқан. Ол мәліметтерді 10 кестеден көруге болады [32].
Кесте 10 -Шағын кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің динамикасы
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Табыс соммасы, млн. теңге |
56103 |
60152 |
103349 |
245114 |
Залал соммасы, млн. теңге |
64359 |
88960 |
112389 |
183457 |
Сальдоланған қаржылық нәтиже, млн. теңге |
-8256 |
-28808 |
-9040 |
61657 |
Дерреккөз: ҚР-сы статистика агенттігі
Шағын кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және салынатын инвестиция көлемін ұлғайту да басты міндеттердің бірі. 2008 жылы шағын кәсіпорындарға салынған инвестиция республика бойынша салынған инвестиция көлемінің 35,1 % құрады. Инвестициялық салым көлемі де соңғы жылдары жылдан-жылға ұлғайып келеді.
3 Қазақстан Республикасындағы
жеке кәсіпкерлікті дамыту
3.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін мәселелер және оны шешу жолдары
Қазақстан экономикасы ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орындардың бірін иеленгенімен өңдеуші өнеркәсіптің даму деңгейі жөнінен кемшілік тұстарымыз жетерлік. Бірақ бұл мәселеге ерекше мән беріліп, бірқатар маңызды шаралар қабылданып, жүзеге асыру қолға алынды. Соның нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі біршама ұлғайғанымен тамақ өнімдерінің кейбір түрлері бойынша импорттық өнімдерді тұтыну көлемі жоғары болып отыр. Отандық өнімдерге сұранысты арттыру үшін тұтынушылар талғамына толық жауап беретін, ұқсас импорттық өнімдерден сапасы, бағасы және басқа да сипаттамалары жөнінен басымдыққа ие болуы қажет.
Сонымен кәсіпкерлікті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін арттыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі өнеркәсіп өндірісін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімдер өндіру, отандық дайын өнімдердің экспорттық үлесін арттыру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер мен талдаулар нәтижелері көрсеткендей кәсіпкерлікті дамытуға, әсіресе өндірістік кәсіпкерлікті жоғары деңгейде дамытуға баса назар аудару қажет. Кәсіпкерліктің басым бөлігі тәуекел деңгейі төмен және капитал қайтымдылығы жоғары салалар мен экономикалық қызмет түрлерінде дамып отыр. Ал біздің экономикалық даму бағытымыз өндіріс саласын, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру болып табылады. Осыған байланысты кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну, кәсіпкерлікті ұйымдастыру, басқару мен дамытудың озық тәжірибелерін зерттеу, кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдарын анықтау қажет [33].
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөліп отыр. Кез-келген елдің экономикасы қанағаттанарлық деңгейде дамып отырса да кәсіпкерліктің дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында айтылған ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағытының бір бағыты елімізде кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Ол шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл деп аталады. Мұнда кәсіпкерлікті дамыту бойынша мынадай алты мәселе атап көрсетілді:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары