Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері бойынша әзірленген 1 кестедегі деректерден көріп отырғанымыздай, 2008 жылдың 1-қаңтарында елімізде барлығы 268564 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 180646 немесе 67,3% ғана жұмыс істеген. Тіркелген және жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерді еліміздің заңнамасына сәйкес белгіленген критериилер бойынша шағын, орта, ірі кәсіпкерлік деп бөліп қарастыратын болсақ барлық кәсіпкерліктің ішінде басым бөлігін шағын кәсіпкерлік құрайды. Атап айтар болсақ, барлық тіркелген және жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің 94,5% және 92,3% шағын кәсіпкерлік, 4,7 % және 6,4% орта кәсіпкерлік, 0,8% және 1,3 % ірі кәсіпкерлік құраған. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып жасалған есептеу нәтижелері көрсеткендей барлық меншік нысандары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің нақты жұмыс істейтіндерінің үлесі айтарлықтай аз шаманы құраған. Бұл жағдай әсіресе шағын кәсіпкерлікте айқын байқалып отыр, ал орта және ірі кәсіпкерлік бойынша нақты жұмыс істейтіндерінің үлесі шағын кәсіпкерлікпен салыстырғанда біршама көп. Мәселен, 2007 жылы елімізде 253689 шағын кәсіпкерлік тіркелсе оның 166801 немесе 65,8 % ғана нақты жұмыс істеген. Дәл осы жылы тіркелген орта кәсіпкерліктің 91,9%, ірі кәсіпкерліктің 91,6% өз қызметін жүзеге асырған. Бұл жағдай елімізде шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыру жолындағы әртүрлі кедергілердің туындауына байланысты барлығы бірдей табысты қызмет ете алмайды, осыған байланысты жабылуға мәжбүр болады. Ал орта және ірі кәсіпкерлік анағұрлым орныққан, нарықта белгілі бір тауашаны иеленетін бизнес құрылымдар болып табылады және барлық кәсіпкерлік жеке бастамалар шағын кәсіпкерлік нысанында құрылып, бастау алатындығын да атап өту қажет.
Еліміздегі барлық кәсіпкерлік субъектілерін меншік нысандары бойынша мемлекеттік, жеке және шетелдік деп бөлуге болады. Жеке меншік кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттің қатысуымен және шетелдің қатысуымен (бірлескен кәсіпкерлік) болып бөлінеді. 2007 жылы тіркелген барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 10,5 % - мемлекеттік кәсіпкерлік, 84,4% - жеке кәсіпкерлік, 5,1% - шетелдік кәсіпкерлік құраған. Ал олардың жұмыс істейтіндері бойынша да осыған ұқсас жағдай орын алған, яғни, мемлекеттік - 13,8%, жеке – 81,5%, шетелдік – 4,7%.
Мемлекеттік меншікте барлығы 28291 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе оның 19959 бірлігі немесе 70,5% - шағын, 7984 бірлігі немесе 26,5 % - орта, 848 бірлігі немесе 3 % - ірі кәсіпкерлік болып табылады. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік жұмыс істейтіндерінің үлесі басқа нысандардағы кәсіпкерлікпен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Яғни, 2007 жылы осы нысандағы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 88,1% жұмыс істесе, шағын кәсіпкерлікте 85,6%, орта кәсіпкерлікте 94,9%, ірі кәсіпкерлікте 89,2% құрайды.
Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жеке кәсіпкерлік ең көп бөлігін (80%-дан астам) құрайды. Мұндай кәсіпкерлік мемлекеттің қатысуымен және шетелдің қатысуымен (бірлескен кәсіпкерлік) болып бөлінеді. Статистикалық мәліметтер бойынша 2007 жылы 226606 жеке кәсіпкерлік тіркелсе оның ішінде 890 бірлігі мемлекеттің қатысуымен, 8601 бірлігі бірлескен кәсіпкерлік нысанында тіркелген. Жеке меншіктегі кәсіпкерлік субъектісінің 220445 бірлігі немесе 97,3% шағын кәсіпкерлік, 4829 немесе 2,1% орта кәсіпкерлік, 1332 немесе 0,6% ірі кәсіпкерлік болып табылады. Яғни, шағын кәсіпкерліктің үлесі айтарлықтай жоғары болып отыр. Бірақ бұл нысандағы тіркелген кәсіпкерліктің 1/3 бөлігі немесе 35% жұмыс істемеген, соның ішінде шағын кәсіпкерлікте 64,3% ғана жұмыс істесе, орта кәсіпкерлікте 90,8%, ірі кәсіпкерлікте 92,9% қызметін жүзеге асырған.[10].
Шетелдік меншіктегі кәсіпкерлік субъектілері 2007 жылы 13367 бірлікті (5,1%) құраған, оның 97,2% шағын кәсіпкерлік, 2,1% орта кәсіпкерлік, 0,7% ірі кәсіпкерлік болып табылады. Бірақ бұл нысандағы кәсіпкерлік субъектілерінің де нақты жұмыс істейтіндері аз шаманы (61,6%) құраған, соның ішінде шағын кәсіпкерлікте 60,6% ғана жұмыс істесе, орта кәсіпкерлікте 95%, ірі кәсіпкерлікте 96% құрап отыр [28].
Сонымен жоғарыда жасалған талдаулар бойынша қысқаша қорытындыласақ, еліміздегі барлық нысандардағы кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ең көп бөлігін шағын кәсіпкерлік құрайды және ең көп бөлігі жеке меншік нысанында құралған. Сонымен бірге мемлекеттік меншіктен басқа барлық меншік нысандарындағы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 1/3 бөлігі жұмыс істемеген. Ал мемлекеттік меншіктегі тіркелген кәсіпкерліктің 88,1% өз қызметін жүзеге асырған және мұны мемлекеттік кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшелігімен түсіндіруге болады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей шағын кәсіпкерлік барлық меншік нысандарында басымдыққа ие болғанымен олардың 35 – 40 % қызмет етпеген. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметін жүзеге асыру жолындағы әкімшілік, салықтық, қаржылық, лицензиялау, кедендік рәсімдеу жолындағы кедергілердің көп болуы мен бәсекенің жоғарылығы сияқты нақты себептермен байланысты боуы мүмкін. Дегенмен қазіргі кезде шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту мен қолдауға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. 2008 жылдың ақпан айынан бастап осы жылдың соңына дейін шағын кәсіпкерлікті тексеруге моратории жариялағаны белгілі. Бұл іс-шара елімізде кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға белгілі бір серпін беруі тиіс. Жалпы алғанда шағын кәсіпкерлік ел экономикасында маңызды орынға ие болады. Сондықтан шағын кәсіпкерліктің даму жағдайына кеңінен тоқталайық.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай
бойынша елімізде барлығы 268564 заңды
тұлға тіркелсе оның 253689 бірлігі
немесе 94,5% шағын бизнес субъектілері
құрайды. Жұмыс істеп тұрған барлық
шаруашылық жүргізуші
Еліміздегі шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын қарастыру үшін оларды статистикалық мәліметтер бойынша әртүрлі тұрғыда талдау жасау қажет. Сондықтан Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми мәліметтері бойынша бірнеше жылдар ішінде шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын экономикалық қызмет түрлері және еліміздің аймақтары бойынша қарастырайық.
Сонымен елімізде шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау үшін олардың бірнеше жылдар ішіндегі даму динамикасын аймақтар мен қызмет түрлері бойынша саралау қажет. Шағын бизнестің экономика салаларындағы немесе қызмет түрлеріндегі санын 2 кестеден көруге болады .
Соңғы 7 жыл ішінде республикадағы тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 2 есеге өскен. Мұндағы өсімнің ең жоғары серпіні келесі қызмет түрлеріне тән: құрылысқа – 3 есе, сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеу, кен өндіру өнеркәсібі, көлік және байланысқа - 2,3 есе. Сонымен қатар балық аулау және балық шаруашылығында (181,9%), білім беруде ( 182,2%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде ( 180,2%), өнеркәсіпте ( 174,8%), қонақ үй және мейрамхана бизнесінде (168,8%) де байқалады.
Шағын бизнестің дамуын құрылымдық тұрғыда талдау үшін экономикалық қызмет түрлеріндегі үлесін келесі кесте түрінде көрсетуге болады .[11].
Кесте 2 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны
Атаулары |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2010жыл %-бен 2012жылға |
Республика бойынша барлығы: |
76743 |
13079 |
145087 |
157568 |
2 есе |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
6743 |
8772 |
10005 |
10147 |
150,5 |
Балық аулау және балық шаруашылығы |
188 |
312 |
324 |
342 |
181,9 |
Өнеркәсіп |
9787 |
15174 |
16325 |
17107 |
174,8 |
Кен өндіру өнеркәсібі |
489 |
861 |
969 |
1112 |
2,3 есе |
Өңдеу өнеркәсібі |
8599 |
13382 |
14377 |
15037 |
174,9 |
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу |
699 |
931 |
979 |
958 |
137,1 |
Құрылыс |
7214 |
15174 |
18234 |
21670 |
3 есе |
Сауда: автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және пайдалану бұйымдарын жөндеу |
31339 |
62519 |
68029 |
72177 |
2,3 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
1438 |
2265 |
2343 |
2429 |
168,8 |
Көлік және байланыс |
3660 |
6607 |
7460 |
8092 |
2,2 есе |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету |
11946 |
14078 |
16091 |
18982 |
158,9 |
Білім беру |
714 |
1123 |
1221 |
1301 |
182,2 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету |
1229 |
1938 |
2083 |
2215 |
180,2 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер |
2425 |
2817 |
2972 |
3106 |
128,1 |
Ескертпе - ҚР –сы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді |
Үшінші кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2007 жылғы жағдай бойынша тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының ең көп үлесі сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеуде (45,8%), құрылыста (13,8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (12,1%), өнеркәсіпте (10,9%) болып отыр. Бірақ өнеркәсіптегі шағын бизнестің үлесі сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеумен салыстырғанда 3 есеге жуық аз болып отыр.
Кесте 3- Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының құрылымы
пайызбен
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Республика бойынша барлығы |
100,0 |
100,0 |
00,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
8,8 |
8,4 |
7,7 |
7,2 |
6,7 |
6,9 |
6,4 |
Балық аулау және балық шаруашылығы |
0,2 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
Өнеркәсіп |
12,7 |
13,3 |
12,5 |
12,0 |
11,6 |
11,3 |
10,9 |
Кен өндіруөнеркәсібі |
0,6 |
0,7 |
0,6 |
0,6 |
0,7 |
0,7 |
0,7 |
Өңдеу өнеркәсібі |
11,2 |
11,7 |
11,0 |
10,6 |
10,2 |
9,9 |
9,6 |
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу |
0,9 |
0,9 |
0,9 |
0,8 |
0,7 |
0,7 |
0,6 |
Құрылыс |
9,4 |
10,0 |
10,3 |
10,9 |
11,6 |
12,6 |
13,8 |
Сауда: автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және пайдалану бұйымдарын жөндеу |
40,9 |
46,8 |
47,8 |
48,1 |
47,8 |
46,9 |
45,8 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
1,9 |
1,9 |
1,9 |
1,8 |
1,7 |
1,6 |
1,5 |
Көлік және байлыныс |
4,8 |
5,1 |
5,1 |
5,0 |
5,0 |
5,1 |
5,1 |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету |
15,6 |
9,1 |
9,6 |
10,1 |
10,8 |
11,1 |
12,1 |
Білім беру |
0,9 |
0,9 |
0,9 |
0,9 |
0,9 |
0,8 |
0,8 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету |
1,6 |
1,6 |
1,6 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,4 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер |
3,2 |
2,6 |
2,3 |
2,2 |
2,2 |
2,0 |
2,0 |
Дереккөз: Қазақстанның статистикалық жинағы. Алматы, 2008ж. |
Ең көп үлесті иеленетін жоғарыда аталған төрт қызмет түрінің жиынтығы қызметтің 82,6% құрайды. Бір айта кететіні, соңғы 7 жыл ішінде экономикалық қызметтің барлық түрлерінің ішінде сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеуде, құрылыста, көлік және байланыста үлесі үздіксіз өскен, ал қызметтің басқа түрлерінің үлесі төмендегені байқалады. Шағын бизнестің өңірлер бойынша үлес салмақтарын 4-кестеден көруге болады
Кесте 4 - Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының өңірлік құрылымы
пайызбен
Аймақтар |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Қазақстан Республикасы - барлығы |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Ақмола |
3,4 |
3,4 |
3,3 |
3,4 |
3,3 |
3,3 |
3,3 |
Ақтөбе |
4,3 |
4,0 |
4,0 |
3,8 |
3,7 |
3,8 |
3,8 |
Алматы |
4,8 |
4,6 |
4,6 |
4,5 |
4,4 |
4,2 |
4,1 |
Атырау |
1,8 |
2,0 |
2,1 |
2,4 |
2,5 |
2,6 |
2,7 |
Шығыс Қазақстан |
8,3 |
7,4 |
7,3 |
7,1 |
6,8 |
6,6 |
6,5 |
Жамбыл |
4,1 |
3,7 |
3,4 |
3,2 |
3,1 |
2,9 |
2,8 |
Батыс Қазақстан |
2,2 |
2,0 |
2,1 |
2,2 |
2,2 |
2,1 |
2,0 |
Қарағанды |
8,4 |
7,4 |
7,0 |
6,8 |
6,5 |
6,3 |
6,3 |
Қостанай |
5,5 |
4,9 |
4,6 |
4,3 |
4,1 |
3,8 |
3,7 |
Қызылорда |
2,3 |
2,1 |
2,1 |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
1,9 |
Маңғыстау |
2,4 |
2,4 |
2,6 |
2,6 |
2,7 |
2,7 |
2,7 |
Павлодар |
5,3 |
5,4 |
5,3 |
5,2 |
5,0 |
4,8 |
4,7 |
Солтүстік Қазақстан |
3,0 |
2,5 |
2,5 |
2,4 |
2,3 |
2,4 |
2,4 |
Оңтүстік Қазақстан |
9,3 |
9,7 |
9,3 |
9,0 |
9,0 |
9,1 |
9,1 |
Астана қаласы |
5,5 |
6,2 |
6,7 |
7,1 |
7,6 |
8,2 |
9,0 |
Алматы қаласы |
29,4 |
32,3 |
33,1 |
34,0 |
34,8 |
35,2 |
35,0 |
Дереккөз: Қазақстанның статистикалық жинағы. Алматы, 2008ж. |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары