Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)



 

Бесінші кестеде берілген мәліметтерден байқағанымыздай, 2008 жылы 2001 жылмен салыстырғанда тіркелген шағын кәсіпорындардың ең үлкен үлесі 5,6%-дық пунктке өсті. Шағын бизнес кәсіпорындарының үштен бір бөлігі (35%) Алматы қаласында орналасқан. Осы мерзім ішінде, берілген көрсеткіш бойынша үшінші орында тұрған Астана қаласының үлесі 5,5%- дан 9,0%- ға дейін өсті. Сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарының үлестері де өскен, қалған облыстардың үлес салмағы төмендеді [29].

2008 жылғы мәлімет бойынша  шағын бизнес кәсіпорындары республиканың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) шамамен 32 %-ын қалыптастырды. 2004-2008 жылдар ішінде ағымдағы бағаларда шағын бизнес кәсіпорындарының өнім шығаруы 3,4 есе артқан. Өнім өндірудің ең жылдам өсу қарқыны құрылыста және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (4,6 есе),  көлік және байланыста (4,2 есе), саудада; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеуде ( 3,2 есе), денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызмет көрсетуде (3,1 есе) байқалып отыр. Осы жылдар ішінде көрсетілген қызметтер көлемінің ең аз өсімі білім беруде байқалды -140,8%, ал өнім өндіру көлемі электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде 2,2%- ға төмендеді.

 

5-Кесте  - Шағын бизнес кәсіпорындарының өнім шығару құрылымы

пайызбен

 

2004

2005

2006

2007

2008

Республика бойынша барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

7,2

6,3

5,3

4,4

4,1

Балық аулау және

балық шаруашылығы

0,2

0,1

0,1

0,1

0,1

Өнеркәсіп

20,6

21,5

18,7

17,1

14,9

Кен өндіруөнеркәсібі

3,9

5,6

3,3

3,1

2,9

Өңдеу өнеркәсібі

12,6

13,2

13,3

11,9

10,8

Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

4,1

2,7

2,1

2,0

1,2

Құрылыс

19,0

20,1

24,4

21,0

25,5

Сауда: автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және пайдалану бұйымдарын жөндеу

27,5

25,7

25,7

30,9

26,1

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

3,0

2,9

2,0

1,6

2,3

Көлік және байлыныс

7,4

7,8

7,7

7,9

9,1

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

11,3

11,4

12,2

13,9

15,1

Білім беру

0,8

1,0

0,7

0,4

0,4

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

1,1

1,4

1,3

0,9

1,0

Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер

1,9

1,8

1,8

1,6

1,4

Дереккөз: Қазақстанның статистикалық жинағы.  Алматы, 2008ж.


Шағын бизнестегі өнім өндіру көлемін қызмет түрлері бойынша құрылымдық тұрғыда талдау жасасақ, 2004-2008 жылдар ішінде біршама өзгерген. Мұны 5 кестеден көруге болады.

Әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын өнім үлесі -20,6%-дан 14,9% - ға дейін төмендеген. Бұл үрдіс өнеркәсіптің өңдеуші, өндіруші және электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу секторларына да тән. Сонымен қатар, ауыл және орман шаруашылықтарында да 7,2 %-дан 4,1 %- ға дейін төмендеу байқалады. Бұдан басқа, қонақ үйлер мен мейрамхана бизнесінде - 3,0%-дан  2,3%- ға дейін, білім беруде -0,8%-дан 0,4%- ға дейін, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсетуде -1,9%-дан 1,4%- ға дейін төмендеген. Керісінше шағын бизнес кәсіпорындарының өнім шығару үлесі  құрылыста- 19,0%-дан 25,5%- ға дейін, көлік және байланыста- 7,4%-дан 9,1%-ға дейін, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету операцияларында - 11,3%-дан 15,1%-ға дейін өсті.

Шағын бизнес кәсіпорындарында өндірілген өнімнің жартысына жуығы Алматы мен Астана қалаларының үлесінде, яғни 2008 жылы 47,1% -ды құраған. Сонымен бірге соңғы бес жыл ішінде Астана қаласының үлесі 9,2%-дан 15,8%-ға дейін көтерілді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өнім өндіру үлесінің өсу үрдісі, сондай-ақ мына өңірлерде байқалады: Алматы қаласына-27,3%-дан 31,3%- ға дейін, Атырау облысы -4,3%-дан 7,2 %-ға дейін және Қызылорда облысы -3,1%-дан 4,0%-ға дейін артқан. Керісінше, 2003-2007 жылдар ішінде өнім өндіру үлесі Ақмола облысында 5,9%-дан 3,4%-ға дейін, Алматы облысында 6,2%-дан 5,4%- ға дейін, Шығыс Қазақстан облысында   5,2%-дан 4,4%- ға дейін, Жамбыл облысында – 1,7%-дан 1,3%-ға дейін, Маңғыстау облысы 4,2%-дан 3,0%- ға дейін және Солтүстік Қазақстан облысында 2,9%-дан 2,2%- ға дейін, Батыс Қазақстан облысында – 5,3%-дан 2,3%-ға дейін және Қостанай облысында- 8,4%-дан 4,1%-ға дейін төмендеген.

2008-2011 жылдар ішінде шағын  бизнес кәсіпорындарында жұмыс  істейтіндер саны 1,5 есеге өсіп, 538,7 мың адамды құрады. Бұл өсімге  ауыл шаруашылығы, аңшылық және  орман шаруашылығы, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу сияқты қызмет түрлеріндегі жұмыс істейтіндер санының азаюын есепке алмағанда экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі оң серпіннің болуы себепші болды. Шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің жалпы санының шамамен 10%-ы

Шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне олардың қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейінің де едәуір әсер ететіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі шағын кәсіпорындардың қаржымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табылады. Қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу - шағын кәсіпорындардың негізгі мәселелерының бірі. Олардың бастапқы (меншікті) капиталы нарыққа шығумен байланысты шығындарды жабуға жеткіліксіз. Сондықтан шағын кәсіпорындарға өзқызметін кеңейту және әрі қарай дамыту үшін қосымша қаражат көздерімен толықтыру қажет. Мұндай көздердің бірі екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне беретін несиелері болып табылады.

Алтыншы кестеден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері 2008 жылы 2010 жылмен салыстырғанда тіркелгендері 277536 бірлікке (75,9 %), жұмыс істейтіндері 208375 бірлікке (72,0 %) өскен. Соның ішінде шағын кәсіпорындар сәйкесінше 42905 (42,0 %) және 25893 (33,5 %) бірлікке артып отыр. Бірақ, тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің арасындағы айырмашылық 8,5 % құрайды. Бұл шағын кәсіпорындардың әлі де болса тиімділігін арттыру мәселесіне көңіл аудару қажеттігін көрсетеді. Ал, жеке кәсіпкерлер санының 2 еседен астам шамаға ұлғаюы олардың тіркелуі, қызметін жүзеге асыруы және салық салу ерекшеліктеріне байланысты деп айтуға болады. Соңғы жылдары шаруа қожалықтарының да дамуы және қызмет тиімділігі артқанын байқалады. Жалпы алғанда шағын бинес субъектілерінің барлығында да даму динамикасы жоғары.

 

Кесте 6 -  Шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасы

 

Шағын бизнес субъектілері

 

2008жыл

 

2009жыл

 

2010жыл

2008жыл 2011жылға пайызбен

тіркелгені

жұмыс істейтіні

тіркелгені

жұмыс істейтіні

тіркелгені

жұмыс істейтіні

тіркелгені

жұмыс істейтіні

Барлығы, бірлік :

соның ішінде

365499

289496

541073

431503

643035

497871

175,9

172,0

шағын кәсіпорындар, бірлік

 

102182

 

77398

 

130779

 

93494

 

145087

 

103291

 

142,0

 

133,5

жеке кәсіпкерлер, бірлік

 

144257

 

119038

 

260937

 

215116

 

321838

 

247688

 

223,1

 

208,1

шаруа қожалықтары, бірлік

 

 

119060

 

 

93060

 

 

149357

 

 

122893

 

 

176110

 

 

146892

 

 

147,9

 

 

157,8

Ескертпе – Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді




 

Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне талдау жасағанда, әсіресе, олардың даму динамикасы жөнінде айтқанда біз олардың аймақтар мен қызмет түрлеріндегі даму ерекшеліктеріне де тоқталмай кете алмаймыз. Шағын кәсіпорындардың аймақтар бойынша орналасуын 8 суреттен көруге болады.

Сурет 8 - Шағын кәсіпорындардың аймақтар бойынша орналасуы

 

Кесте 7 – Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпорындар саны

 

 

Аймақтар

 

2008жыл

 

2009жыл

 

2010жыл

2010жыл 2008жылға пайызбен

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

Қазақстан Республикасы

 

102182

 

77398

 

130779

 

93494

 

145087

 

103291

 

142,0

 

133,5

Ақмола

 

3411

2872

4305

3477

4790

3534

140,4

123,1

Ақтөбе

4042

2990

4879

3757

5487

4298

135,7

143,7

Алматы

4654

3853

5730

4564

6108

4574

131,2

118,7

Атырау

2172

1670

3354

2879

3735

3245

172,0

194,0

Шығыс Қазақстан

 

7473

 

5462

 

8904

 

6309

 

9569

 

6838

 

128,0

 

125,2

Жамбыл

3520

2701

4005

2874

4206

2990

119,5

110,7

Батыс Қазақстан

2190

1831

2859

2404

3039

2586

138,8

141,2

Қарағанды

7117

5797

8482

6542

9129

6649

128,3

114,5

Қостанай

4681

3486

5317

4018

5551

4332

118,6

124,3

Қызылорда

2137

1711

2560

2124

2762

2349

129,2

137,3

Маңғыстау

2630

2247

3610

2896

3936

3282

149,7

146,1

Павлодар

5398

4177

6489

4962

6992

4749

129,5

113,7

Солтүстік Қазақстан

 

2536

 

2107

 

3033

 

2448

 

3496

 

2725

 

137,9

 

129,3

Оңтүстік Қазақстан

 

9523

 

7679

 

11819

 

7614

 

13248

 

9194

 

139,1

 

119,7

Астана қаласы

6815

5733

9921

8477

11953

9950

175,4

173,6

Алматы қаласы

33883

23082

45512

28149

51116

31996

150,9

138,6

Ескертпе – Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді


7 кестеде берілген мәліметтер негізінде қысқаша талдау жасасақ, шағын кәсіпорындардың тіркелгендері де, соның ішінде жұмыс істейтіндері де жыл сайын өскен. 2008 жылмен салыстырғанда 2011 жылы республикадағы шағын кәсіпорындардың тіркелгендері 42 %, нақты жұмыс істейтіндері 33,5 % артса, Атырау облысында 72 % және 94 %,  Астана қаласында 75,4 % және 73,3 %, Алматы қаласында 50,9 % және 38,6 %,  Маңғыстау облысында 49,7 % және 46,1 % ұлғайып отыр. Сонымен қатар шағын кәсіпорындардың көпшілігі едәуір өнеркәсіптік-дамыған және халық тығыз қоныстанған аймақтарда орналасқан, оларға Алматы және Астана қалаларын, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады. Яғни, жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі 31,0 % және 9,6 %, 8,9 %, 6,4 %, 6,6 % құрайды.

Шағын кәсіпорындардың басым бөлігі сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санының 43,5 %) маманданған, ал құрылыспен айналысатын шағын кәсіпорындардың үлесі 14,2 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 12,3 % құрайды.(34) Шағын кәсіпорындардың қызмет сфералары бойынша даму жағдайындағы үлкен кемшіліктердің бірі олардың өндірістік сфера емес сауда және қызмет көрсетудегі басымдылыққа ие болуы. Оның басты себептерінің қатарына өндіріспен айналысу үшін  қаражат көлемінің жеткілікті деңгейде болмауын, жұмсалатын шығындардың жоғары болуын жатқызамыз, сондай-ақ, тәуекел деңгейінің жоғарылығы мен капитал қайтымдылығының салыстырмалы түрде ұзақ болуымен байланысты қарастыруға болады [30].

Шағын кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздықтың азаюы мен қосымша жұмыс орындарының ашылуына, экономикалық белсенді халықтың тез өсуіне де ықпал етеді. Бұл экономикалық реформаларды жүзеге асыруда жоғары мәнге ие болады. Шағын кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндерді де аймақтар және қызмет түрлері бойынша қарастыруға болады.

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылдың басында және өткен жылдарда да экономикалық қызмет түрлеріндегі жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде (барлық жұмыспен қамтылғандардың 28,3 %),  құрылыста (17,9 %), өңдеуші өнеркәсіпте (13,0 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (12,9 %),  жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (12,3 %) еңбек етеді.

Шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарды аймақтық деңгейде қарастырсақ, барлық жұмыспен қамтылғандардың  ¼   бөлігі  Алматы қаласының үлесінде, ал едәуір көп үлесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына келеді. Оны келесі кестеден  көруге болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары