Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ұйымдық–құқықтық және ұйымдық-экономикалық  нысандарда жүзеге асырылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей ұйымдық құқықтық нысандарға дара кәсіпкерлік шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам, өндірістік коорператив және мемлекеттік кәсіпорындар жатқызылады (бұл нысандар келесі тарауда кеңінен қарастырылады). Ал, ұйымдық -экономикалық  нысандарға концерн, концорциум, холдинг, кортель, синдикат, пул трест, қаржылық- өнеркәсіптік топтар және т.б жатады [17].

Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі.  Ол инвестициялық, қаржылық, табиғатты қорғау, сыртқы экономикалық және басқа да қызметтерді, өндірістік даму мен ғылыми-техникалық функцияларды ерікті түрде орталықтандыру негізінде бірлескен қызметті жүзеге асыратын дербес кәсіпорындар бірлестігін білдіреді. Концернге бірігудің мақсаты- оған кіретін фирмалардың алдыңғы  алдыңғы қатарлы технологияларын патенттік –лизенцензиялық келісімдер қаржыларды пайдалану,  өнімдерді  жалпы өткізу  органдарымен  сату жолы  арқылы  тиімділікті  арттыру . Кейбір  концерндер бірыңғай  технологиялық бірлік  яғни шикізатты өндіруден  бастап өнімді сатудан  аяқтайтын қағида бойынша  әрекет етеді. Концернге  біріктірілген кәсіпорындар  дербес заңды  тұлға ретінде қала береді , бірақ  жалпы  басшылықты бас компания жүзеге асырады [18].

Консорциум- нақты міндеттерді шешу,ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды ,соның ішінде  инвестициялық ,ғылыми –техникалық , құрылыстық , табиғат  қорғаушылық және басқаларын  жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты  бірлестік.

Концорциум  кез келген  меншік  нысанындағы  кәсіпорындар  тобының күшімен мемлекеттік  бағдарламаларды жүзеге асыру үшін  құрылуы мүмкін.

Холдинг –кәсіпорындардың  акцияларының  бақылау  пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды  қамтамасыз ететін бірыңғай  құрылымға  біріктірілген бас  компания. Басқаша айтқанда ,акциялардың  бақылау пакетін иелену, қатысу жүйесі арқылы  кәсіпорындарды  басқару мақсатымен  құрылған  ірі  акционерлік компания немесе заңды тұлға.

Картель- бірлескен  коммерциялық  қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы  кәсіпорындар бірлестігі.Яғни өндіріс көлемі  өткізу  нарыөтары, тауар бағалары сату және жеткізу  шарттары арқылы өнімді  өткізуді реттеп отырады. Картельге келесідей  белгілер тән:

  • бірлестіктің келесі ;
  • картельге  қатысушылардың өз кәсіпорындарына меншік құқығының сақталуы және осыған байланысты шаруашылық, және қаржылық заңдық дербестігінің сақталуы;
  • өнімді сату бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру;

Синдикат- картельдік келісімнің бір түрі болып табылады. Оның қатысушылары өз арасындағы артық (қажеті жок) бәсекені болдырмас үшін біріңғай өткізу органы (сауда кеңсесі) арқылы өнімдерін өткізетін болады. Синдикат қатысушылары коммерциялық дербестігін  толық көлемде  сақтамағанымен  өздерінің  заңдық, өндірістік , шаруашлық дербестігін сақтайтын болады [19].

Картельдік типтегі бірлестікке пулды да жатқызуға болады.

Пул- қатысушылары пайданы бөлудің ерекше тәртібін қарастыратын  кәсіпкерлер бірлестігі .Оның қатысушыларының  пайдасы алдымен (ортақ қазанға) түседі, ал содан кейін олардың арасында алдын ала белгіленген арақатынас (пропорция) бойынша бөлінеді.

Трест- қатысушылары өздерінің өндірістік , коммерциялық ,шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған  басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер  бірлестігі.

Қаржылық өнеркәсіптік топтар- өнеркәсіптік ,банктік ,сақтандыру және сауда капиталдарын, сондай –ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың интелектуалдық әлеуетін (потенциалын) біріктіретін бірлестік.

Сонымен жоғарыда аталған кәсіпкерлер бірлестіктерін қалыптастырудың негізгі міндеттері ретінде қатысушылардың күштерін біріктіру нәтижесінде жұмыстың тиімділігін арттыруды ,өткізу нарықтарын  ұстау мен жауап алуды, шикізаттар, материалдар және басқада ресурстарды жеткізушілерді бекітуді, өндірістің техникалық дамуын жеделдетуді айта аламыз. Бірлестіктер тек жоғарыда аталған нысандармен ғана шектеліп қоймайды, олардан өзгеде нысандардан құрылуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келген кез келген азамат кәсіпкерліктің ұйымдық –құқықтық нысандарының бірін таңдауы тиіс.Егер заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысуды көздесе дара кәсіпкерлік,  ал кәсіпорын немесе фирма құру арқылы жүзеге асыруды қаласа, онда шаруашылық серіктестіктердің бірін өндіріс кооперативті немесе акционерлік қоғамды таңдауы тиіс. Ұйымдық –экономикалық нысандардың заңмен бекітілген нақты түрлері жоқ. Ол кәсіпорын иесінің немесе кәсіпкердің өз қалуымен еркі  бойынша нақта мақсаттармен міндеттерге сәйкес орындалуы мүмкін. Сондықтан жоғарыда біз атап өткен кәсіпкерлер бірлестігінің немесе ұйымдық –экономикалық нысандардың барлығы дерлік елімізде қызметін жүзеге асырып отырған жоқ [20].

Елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тұрақтылығы және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша жүзеге асырып отырған шаралары шағын кәсіпорындардың дамуына оң ықпал етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында «шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.», - деп атап көрсетті.(2) Қазіргі таңда шағын кәсіпорындардың даму деңгейі айтарлықтай жоғары болмағанымен жыл сайын даму динамикасы байқалады.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша республикада барлығы 643035 бірлік шағын кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) ресми тіркелсе, оларда 1,4 млн. жуық адам жұмыс істейді, ал ол экономикалық белсенді халықтың 19,5 % құрайды.(33)  Еліміздегі шағын кәсіпорындардың тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің саны үнемі  өсіп отырған. Атап айтсақ, 2010 жылдың басында 103291 шағын кәсіпорын жұмыс істеген және бұл көрсеткіш 2009 жылдың басындағы мәліметтермен салыстырғанда 10,5 % -ға көп. Алайда шағын кәсіпорындардың даму динамикасын тек бір немесе екі жылдағы мәліметтер бойынша талдау жасау арқылы көрсету мүмкін емес. Сондықтан шағын кәсіпорындардың бірнеше жылдар аралығындағы мәліметтер бойынша талдау жасау мақсатқа сай болады деп есептейміз. Осыған байланысты шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасын келесі кесте (3-кесте) түрінде көрсетуге болады. Шағын бизнес субъектілеріне шағын кәсіпорындармен қатар заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары да жатқызылатындықтан, ол жөніндегі мәліметтерді де көрсету қажет. Бірақ басты назарды шағын кәсіпорындардың даму динамикасына аудару қажет.

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын  бағалау және талдау

 

2.1 Кәсіпкерлік дамуының тарихи қалыптасуы мен қолдау бағдарламалары

 

Тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:

1. Алғашқы кезең - 1992 және 1994 жылдар аралығы;

2. Екінші кезең – 1994 және 1996 жылдар аралығы;

3. Үшінші кезең – 1997 және 2000 жылдар аралығы;

4. Төртінші кезең – 2001 және 2003 жылдар аралығы;

5. Бесінші кезең – 2004 және 2007 жылдар аралығы;

6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан  бастап осы уақытқа дейін.

Осы саладағы алғашқы шаралардың біріне Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жж. арналған Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау жатады, ол жеке кәсіпкерліктің оны ауқымы бойынша бөлусіз тұтастай алғандағы қалыптасуы мен дамуының негізін қалады. Сол сәттерде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кедергілеріне толық сипатқа ие және тұрақты заңдардың, лайықты салықтық саясаттың жоқтығы, инвестициялар мен несиелерді, өндірістік панажайларды, шикізаттық ресурстарды, ақпаратты алудағы қиындықтар, яғни Бағдарламада көздеген кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты механизмінің жоқтығы айналды [21].

Кәсіпкерлердің тобын белсенді түрде қалыптастыруға арнап қажетті жағдай тудыру мақсатында, сол арқылы экономикалық реформалардың сенімді әлеуметтік базасын қамтамасыз етумен республикамызда Қазақстан Республикасындағы 1994-1996 жж. арналған Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасы әзірленіп және қабылданған болатын. Аталмыш кезең салық реформасының жүзеге асырылуымен елеулі болды, оның басты мақсаты қолданыстағы салықтар мен төлемдерді азайту арқылы салықтық аурытпалықты азайту, сондай-ақ еліміздің бүкіл аумағында салық ережелерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету болатын. Ел экономикасын реформаландыру барысында шағын бизнес басты рөлге ие бола бастады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту өнеркәсіп секторын әртараптандырумен біріктірілумен «Қазақстан - 2030» стратегиясының негіздерінің біріне айналды.

1997 және 2000 жылдар аралығында шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған алдыңғы кезеңнің проблемаларын шешу және қол жеткізілген жағымды беталыстарды тұрақтандыру мақсатында мемлекетпен төмендегідей шаралар жүзеге асырылған болатын:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурызындағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мен оны дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы қабылданған болатын, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларының мәртебесін мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылыққа ие саласы ретінде бекітті және жүргізіліп отырған шараларды ең алдымен тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз етуге, соның әлеуметтік проблемаларын шешу мен еңбектік белсенділікті дамытуға, тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментімен толықтыруға бағыттады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылдың 26 сәуірінде Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құрған болатын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1997 жылдың 26 сәуіріндегі № 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қаулысы).

3) 1999-2000 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол өзінің нарықтық экономикадағы ерекше рөліне орай дәл осы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын белгілеген болатын [22].

2001 жылы Қазақстан Республикасындағы 2001 - 2002 жж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі кезекті мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың құрылып отырған инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды, шағын кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несиелік механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті мамандармен, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді, аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды көздеген болатын.

Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында 2004 және 2007 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекет шағын кәсіпкерлікті жақын келешекте қолдаудың негізгі бағыттарын, соның ішінде кәсіпкерлік климатты, бәсекелес ортаны, қоғамдық институттар жүйесін  қалыптастыруды белгіледі, бұлар жекеменшік секторды жоғары қосылған құнға ие өндірістерді құруға ынталандырып отыратын болады. Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның шараларын орындау шеңберінде шағын кәсіпкерліктің әртараптандыруға ауысуына, салалығын кеңейтуге, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға көшіруге, шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының активтерін арттыруға, ғылыми еңбекті қажет ететін экспортқа бағытталған өндірістерді құру және шағын кәсіпкерлік өнімдерінің (жұмыстарының, қызметтерінің) сыртқы нарықтарға шығуына арнап институттық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылған болатын.[8].

2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасындағы шаралардың аяқталуын күтпестен Үкімет тағы бір бағдарламаны қабылдаған болатын – бұл Қазақстан Респуликасы Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына сәйкес әзірленген 2005 - 2007 жылдарға арналған Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған жедел шаралар бағдарламасы. Бағдарламада ШОБ-ты қолдау мен дамыту жөніндегі аса тиімді шаралар ескерілген, бұл шаралар 2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының  даму стратегиясына негізделген мемлекеттің жүзеге асырып отырған макроэкономикалық саясатымен қисынды түрде үйлесуде [23].

2002 жылдан бастап «Даму»  қоры тікелей өз қаражаттарынан  шағын бизнесті несиелендіре  бастаған болатын. Ол «Шағын кәсіпкерлік  субъектілерін республикалық бюджет  қаражатының есебінен несиелендіру  бағдарламасы» мен «2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын» жүзеге асырды.

2005 жылдың мамыр айында  2005-2007 аралығында Қазақстан Республикасындағы  шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі жеделдетілген  шаралар бағдарламасына сәйкес  «Даму» қоры келесідегідей бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырды:

  • жобалық қаржыландыру және лизинг;
  • Қазақстандағы шағын несиелендіру жүйесін дамыту бағдарламасы;
  • екінші деңгейлі банктерден алынатын орта және шағын бизнес несиелерін кепілдендіру.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары