Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

Өндіріс процесіндегі басты элемент таңдап алынған технология варианты. Тек қана таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология екі көрсеткішпен: өндірілетін өнім бағасымен және оның сапасымен тығыз байланысты.

Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты. Кәсіпорыннан басты мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім қызмет бәсекелестікте жеңілдетіп, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе, ол банкрот болуы мүмкін. Таза пайда формуласы. Таза пайда = жалпы түсім алу өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары [12].

 

Ал жалпы түсім:

 

W=∑Ni *Ci        (1)

 

i=1

Ni - өндірілген өнім саны;

Ci - өнімнің бағасы;

n – тауар түрлерінің  саны;

i  - нақты тауар түрі;

Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді еркін қолдануы керек: а) баға тағайындау; б) шығындарды жасақтау; в) өнім көлемін анықтау; г) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау.

Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса (несостоятельный), яғни несие төмендерді қайыра алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынадай қолдану мүмкін: қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын бақылаумен немесе арбитраж сотының қаулысымен шешім қабылданады; бейбіт келісім – несие беруші мен беріжақтық арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды. Бережақ кәсіпорынның мүмкін болуы мынадай кезекпен жасалады:

  • арбитражға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
  • азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін берешек;
  • жұмысшыларға еңбек ақы;
  • бюджетке немесе бюджет сыртындағы төлемдер;
  • кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
  • басқа меншіктілерге;
  • басқа қалған талаптарға төлем төлеу.

Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек деген сұраққа жауап беріп көрейік. Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау. Кәсіпкердің басты мақсаты жұмсаған қаржысына қосымша өнім алу. Саяси экономикада бізге таныс формула: өндіріс құралдары

Ақша –Тауар   , … Ө …Т1 …А1

Ақша – бастапқы авансталған қаржы;

Тауар – оған сатып алынған өндіріс құралдары, жұмыс күші;

Ө - өндіріс процесі;

А1 – жаңа тауарларды сатқаннан түскен ақша. Ол:

А1 =А + ▲а,

▲а – қосымшақұн, жұмыскүшінқанағаннантүскенқұн.

Ол социализмге қоғам пайдасына, ал капитализмде – меншік иелеріне тиеді. Біріне бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі жейді, екіншісі желінеді. Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны ауыспалы капиталдан.

V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V – ауыспалы капитал. Жұмыс күшінің құны (қажетті уақыт), m – қосымша құн, жұмыс күшінің қосымша уақыт ішінде қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс құны қажетті уақыт, қосымша болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада қосымша құн пайыз, өсім кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді. Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар[.]:

  • еңбек өнімділігін өсіру;
  • прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу;
  • өндірістік шығындарды азайту;
  • өндірістік қатынастар жүйесі;
  • қосымша өсімнің өсуі;
  • нарық бағасының қолайлы ауытқуы.

Кәсіпкердің жұмысының нәтижесін рентабельділік деңгейі арқылы бағалауға болады. Пайданы бөлу. Бірінші қор жинау. Қор жиналып, өндірісті ұдайы ұлғалмалы өндірістік жағдайға келтіру керек (C+V+m). Тек жай ұдайы өндіріс, ол тек қана шығындарды жабады, пайда болмайды (C+V). Ал егер зиянмен аяқталса, онда (C±V), яғни еңбек ақы да түгел төленбейді. Екінші қор жинау бөлігі резерв қорына жинақталады [13].

 

 

    1. Кәсіпкерліктің субъектілерінің жіктелуі түрлері

 

Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметтің сипаттамаларын қарастыра отырып, оларды  әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерліктің негізгі жіктемелік белгілерін келесі сурет түрінде көрсетуге болады.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады [14].

Бірінші суреттен көріп отырғанымыздай, кәсіпкерлікті көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Мұндағы негізгі критерии қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Егер жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса онда ірі кәсіпкерлікке жатқызылады.

Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік, жеке және аралас болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша бөліп көрсетіледі. Яғни, заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, шаруашылық серіктестіктер (толық серіктестік, коммандитті серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), өндірістік кооператив және акционерлік қоғамдар.

Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай  өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.

Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай, өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінуі мүмкін. Бірақ біз ірі топтамасы бойынша ғана қысқаша тоқталайық.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда өнім өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады.  Негізінен тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады.

Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату  және  сатып алу келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады, яғни тауарлы-ақшалай, саудалық-айырбас операциялары сипатталады.  Коммерция    өзiнiң  бастапқы   мағынасында  сауда  ұғымын    бiлдiредi,   ал   коммерсант  -  сауда,  тауар   айырбастау, тауар -  ақша  операцияларымен    айналысатын  саудалық  iскер,  бизнесмен.  Коммерциялық  кәсіпкерлік   өндiрiстiк  кәсіпкерлікпен    тiкелей   байланысты. Өйткенi,  өндiрiлген тауарды  ақшаға  өткiзу    немесе  басқа    тауарларға айырбастау  керек.   Дәл  осы  саудалық  iскерлiк    тауарға  деген   сұранымды анықтап  қандайда  болсын өнiмнiң түрiн  өндiрудi   көбейтуге    немесе керiсiнше  шектеуге әсер етедi [15].

 

 




 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3- Кәсіпкерлік түрлері

 

Кәсіпкерлік  қызметің  ерекше түрі – қаржылық кәсіпкерлік  болып табылады. Оның сату – сатып  алу объектісі  -  ақша  айналымы, бағалы қағаздар, валюталық қатынастар. Яғни, ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қаржы нарығы, валюта және бағалы қағаздар нарығы бой көтерді, оларға қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер және жеке тұлғалар. Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Сонымен қатар меншікті акцияға, облигацияға, несие мен коммерциялық бағалы қағаздарға қатысты бағалы қағаз эмиссиясы жүзеге асырылуы мүмкін [16].

Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және оқу-үйрету нысандарында болуы мүмкін.  «Консультант» сөзі латынның «кеңес беруші» сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде түрлі (басқару, ұйымдастыру т.б.) сұрақтар бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады. Консалтингтік қызметтер консалтингтік жоба түрінде ұсыналады.

Соңғы жылдары елімізде  инновациялық және венчурлік  кәсіпкерлікті  қалыптастыру мен дамытуға  ерекше назар  аударып отыр . Сонымен  қатар кәсіпкерліктің өзгеше жаңа нысаны ретінде әлеуметтік –кәсіпкерлік  корпорациялар құрылып қызметін жүзеге асыруда. Кәсіпкерліктің  осы жаңа нысаны жөнінде  кеңінен тоқталайық.

Әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорация –Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қатысуымен акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға. Ол мемлекеттік әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырады, оның тапқан табысының  бір бөлігі  өз қызметін жүзеге асырып  отырған өңірдегі  халықтың мүддесіне орай әлеуметтік , ээконимикалық немесе мәдени  жобаларды  іске асыру  үшін қайта  инвестицияландырады.  Басқаша айтқанда, әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорациялар –бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар  мен қызмет  сатудан табыс табу мақсатында ұйымдастыратын  тұрлаулы  бизнес құрылымдар. Әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорациялардың коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы  олар алынған  пайданы өздері  мүддесін көздеп құрылған  сол  өңірдегі  халықтың  әлеуметтік  экономикалық  немесе мәдени  мақсаттары  үшін  қайтадан  жұмсайды. Қазақстанның түрлі өңірлерінде бастапқы кезеңде қолдарына коммуналдық меншікті , жерді , жаңа бизнес жасау үшін пайдалануға болатын жұмыс істеп тұрған рентабельсіз  кәсіпорындарды беру арқылы әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар жасақталды. Әрбір әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорация  өзіндік бір өнірлік даму институтына айнала отырып, оның еліміздің  тиісті өңіріндегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Содан кейінгі кезеңінде басқару тәжірибесін жинақтауы мен әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияның  капиталдану дейңгейінің артуына қарау олардың өңірлік және халықаралық нарыққа шығуымен, (жауапкершілік аясын) кеңейтумен әртараптандыру жүзеге асырлады.  Бұл корпорациялардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шығын және орта бизнесті, дамытуға, коооперациялануды күшейтуге бағытталады.

Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы мен  қызмет тиімділігіне ерекше назар аударылып отыр. Алдын ала көзделгендей еліміздің барлық аймақтарын қамтитін жеті әлеуметтік корпорациялар құрылып, өз қызметін жүзеге асыруда. Олар: Сарыарқа, Жетісу, Оңтүстік, Ертіс, Каспий, Тобыл, Батыс әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары. Бұл корпорациялардың қызметін жүзеге асыруы үшін жарғылық капиталын қалыптастыруға мемлекеттік  бюджеттен 14 млрд тенге қарастырылып , әр бір корпорацияға 2млрд тенгеден бөлініп берілді.

Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациялар өңір экономикасына дамуына, оны еліміздің ұлттық шаруашылық жүйесіне ықпалдасуына жәрдемдесу, мемлекеттік және жеке капиталдарды шоғырландыру жолымен кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылады. Ал, мұндай корпорациялардың негізгі міндеттеріне келесілер жатқызылады:

  1. өңірлердегі кәсіпкерлік қызметті дамытуға, ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық тауар өндірушілердің инвестициялық  тартымдылығын арттыруға жәрдемдесу;
  2. бәсекеге қабілетті оның ішінде, мемлекттің қатысуымен табыссыз ұйымдарды (кәсіпорындарды) оңалту, қайта құрылымдау негізінде өндірістерді дамытуға жәрдемдесу;
  3. өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  4. ғылыми және технологиялық саладағы кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;

Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі корпоративтік басқару жүйесінің жариялылығы мен ашықтығы, экономиканың жеке және мемлекеттік  секторларды  мүдделерінің теңгермелілігін қамтамасыз ету , өңірдің әлеуметтік маңызды жобаларын іске асырудың басымдығы, өңірлік әлеуметтік қордың активтерін мақсаты пайдалану қағидаттарына негізделеді.

Әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациялардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай негізгі функцияларын бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекеттік, оның ішінде мемлекеттік –жеке әріптестік нысанындағы активтерді басқару;
  2. шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;
  3. жер активтерімен инвестициялық жобаларға қатысу;
  4. жеке бизнеспен әріптестіктегі инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  5. пайдалы қазбаларды, оның ішінде жалпы  таралған пайдалы қазбаларды  барлау өндіру  , қайта өңдеу ;
  6. өңіраралық экономикалық байланыстарды және жобаларды дамыту;
  7. индустриялық аймақтарды ,технопарктерді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту;
  8. тиісті өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
  9. Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияға берілген ұйымдарды оңалту және қайта құрылымдау олардың негізінде жаңа өндірістер құру;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары