Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай-да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыруы, сондай-ақ бизнестің «қалтарыстан» шығуына жәрдемдесуі үшін одан әрі жетілдіре түсу қажет.

Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу.

Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды құрылымсыздандыру мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлігі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек.

Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру барысын жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесінің шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.

Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызудың негізі ретінде мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз керек.

Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес – идеялар жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Қазына» қоры арқылы шешілуі тиіс.

Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпорындар саны мен онда қамтылған жұмыскерлер  санының өсу динамикасы тұрақсыздықпен сипатталады. Аймақтық және салалық құрылым рационалды емес. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын басқару көбінесе эпизодтық немесе ғылыми емес сипатта болады. Кәсіпкер мен оның меншігін ақшалай қорғау жүйесі дұрыс әзірленбеген. Мұның себептері нарықтық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінетін қаржылық қаражаттардың шектеулілігінде ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясы дер кезінде әзірленбегендігімен де байланысты. Салалық, аймақтық басымдықтар анықталмады. Кәсіпкерліктің дамуы  «интенсивті өсім полюсі» ретінде танылмады және олар ел экономикасын көтеруге  айтарлықтай әсер ете алатындығы да ұмыт қалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылыммен кері байланысы да нашар дамыды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін салықтық ауыртпалықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай кәсіпкерлердің заңды бұзуға жол беруіне және «көлеңкелі» секторға өтуіне мәжбүрлейді. Негізінен салық саясаты шағын бизнесті дамытудың ынталандырушы факторы бола отырып, оның өміршеңдігі мен табысты қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатта әлемде шағын кәсіпорындардың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар кешені қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне қарай салықтардың шекті ставкаларын кезең-кезеңімен   азайтудан бастап, салықтық жеңілдіктер аясын кеңейтуге дейінгі көптеген іс-шараларды қамтиды.
  2. Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар басшыларының бастапқы капиталды қалыптастыру, қаржылық қолдау көздерінің болмауы немесе қаржылық мәселелер. Банк секторының беретін несиелері көбінесе жоғары пайыздық ставкалар мен қысқа мерзімде қайтару қажеттігіне байланысты шағын бизнес субъектілерінің барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде  тәуекелдің жоғары болуына және кепілдіктің болмауына байланысты шағын бизнесті қаржыландыруға ынталылық танытпайды [34].
  3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда және жүзеге асыруда шамадан тыс реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, әсіресе, бастапқы кезеңінде әртүрлі әкімшілік кедергілердің артуы байқалады. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың нақты жолдарын қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы бойынша бірінші жылы құрылған барлық шағын және орта кәсіпорындардың  40 пайызға жуығы жабылса, қызметінің үшінші жылында 60 пайызға жуығы дағдарыс жағдайында тұрады екен. Демек, барлық кәсіпорындардың 15-20 пайызы ғана қалады.
  4. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымауы. Халықтың шағын бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп отырған шаралар, заңнамалардағы өзгерістер туралы  аз хабардар болуы. Шағын бизнесті қолдау орталықтары мен инфрақұрылымдардың қызметтерін кәсіпкерлердің барлығы бірдей толық көлемде қолдана бермеуі, сондай-ақ, бизнес-инкубаторлар, технологиялық бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен технополистер қызметінің жоғары деңгейде оң нәтижесін бермей отырғандығы да шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету жолындағы кедергілердің бірі деп айтуға болады.

Елдегі қалыптасқан жағдайды талдай отырып жоғарыда аталған мәселелерден басқа да көптеген факторлар әсер ететіндігін айтып өту қажет. Елімізде кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет тиімділігіне келесі жағдайлардың да ықпалы мол.

Біріншіден, күрделі қаржылық және экономикалық жағдай: салыстырмалы жоғары инфляция, жаңа шаруашылық байланыстардың баяу реттелуі, пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуының әлсіздігі;

Екіншіден, кәсіпкерлердің ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық білімдерінің төмен деңгейде болуы, мемлекеттік секторда да, бизнес секторында да кәсіпкерлік мәдениет пен іскерлік этиканың  қажетті деңгейде болмауы.

Үшіншіден, аймақтық деңгейде кәсіпкерлікті дамытуды реттеудің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерінің жеткілікті деңгейде өңделмеуі.

Төртіншіден, кәсіпкерлікті қолдау механизмі қызметінің әлсіздігі.

Шағын кәсіпорындар басшыларына жүргізілген сұраулар нәтижесі көрсеткендей, шағын кәсіпкерліктегі өндіріс өсімін шектейтін факторлардың ішінде бірінші орынға салық салу деңгейінің жоғарылығы шықса, екінші орында тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі болса, содан кейін ғана  нарықтағы отандық кәсіпорындар арасындағы жоғары бәсеке, өндірілген өнімге (орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке) сұраныстың жеткілікті деңгейде болмауы жатқызылған. Шағын кәсіпорындардың дамуына айтарлықтай кері әсер ететін факторлардың қатарына шағын кәсіпорындардың зиянмен жұмыс істейтіндерінің үлесінің жоғары болуы, дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсуі, шағын кәсіпорындардың табыстылығының төмендігі жатады. Шағын кәсіпорындар табыстылығының төмен деңгейіне шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтарға бағаның, сондай-ақ, электр энергиясына, көліктік қызметтерге тарифтердің жоғарылығы әсер еткен.

Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет дамуының бүгiнгi таңдағы жалпы мәселелерiне тоқталатын болсақ, оларды келесiдей етiп топтастыруға болады:

  • кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымның жеткiлiксiздiгi;
  • қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң әлсiздiгi;
  • салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
  • негiзгi қаражатты алуға және айналым қаржатын  молықтыру үшiн кешендiк ресурстарға қол жеткiзудiң шектеулiгi;
  • экономикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң  күрделiлiгi және тым жоғары жалға алу ақысы;
  • кадрларды даярлау және кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы;
  • кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс қимыл жасаудың ұйымдық  мәселелеры;
  • кәсiпкерлiктiң даму жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдардың орын алуы;
  • кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдаудың әлi де қалыптасып болмауы;
  • кәсiпкерлiктi дамытуағы  кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
  • нарықтық қатынастардың, кәсiпкерлiктiң, әсiресе шағын бизнестiң бәсекелестiк қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;

Ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк тосқауылдардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi  тiркеу және лицензиялау жүйесiнiң жетiлмегендiгi болып табылады. Осы мәселелердi шешудi аймақтық және жергiлiктi жерлерде қатаң түрде бақылауға алу керек.

Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және әрекетсiздiгiнен туындаған  әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы үкiметтiң әрекетiне байланысты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институты кәсіпкерліктің даму мәселелерын жүйелеп, оларды шешу және мемлекеттік қолдауды жетілдіру механизмі ұсынылған. Оны келесі кесте (10-кесте) түрінде көрсетуге болады.

 

Кесте 11 – Кәсіпкерліктің даму жолындағы кедергілер және оларды шешу жолдары

 

Кәсіпкерлікті дамытудағы қиындықтар мен кедергілер

Қиындықтар мен кедергілерді жою тәсілдері

1

Қаржылық: негізгі капиталдың (қызметтік және өндірістік үй-жайлар, машиналар мен құрал-жабдықтар, жер және т.б. ) қажетті шамада болмауы, айналым құралдарының жеткіліксіздігі немесе жоқтығы.

  • Инвентаризациялау нәтижесінде анықталған пайдаланылмай тұрған жекешелендірілген үй-жайларды, аяқталмаған құрылыс объектілерін, жер учаскелерін тендерлік негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату.
  • Қазақстанда лизингті дамыту үшін институционалдық негіздерін әзірлеу, Қазақстанда лизингті дамытудың ұлттық Бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру;
  • Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың гранттарын, қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың заемдарын тарту;
  • Шағын бизнес субъектілерін несиелеуде екінші деңгейлі банктерді ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу;
  • Шағын кәсіпкерлік дамыту қорынан басым бағыттар бойынша мақсатты несиелеу.

 

2

Институционалдық: дамымаған нарықтық инфрақұрылым, кәсіпкерлік институтының жоқтығы немесе жеткілікті деңгейде дамымауы

  • Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу және кәсіпкерлер кодексін әзірлеу;
  • заңгерлік, кеңес берушілік, аудиторлық фирмалар торабын кеңейту үшін жағдай жасау;
  • бизнеске арналған несиелер мен қарыздар беруге мамандандырылған коммерциялық банктерді дамытуды қолдау;
  • сауда үйлері мен биржалар жүйелерін дамыту және қолдау;
  • бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар, ақпараттық-талдау орталықтары,   ғылыми-зерттеу және кеңес беру орталықтары торабын ұйымдастыру және қолдау.

3

Білім берушілік: нарық жағдайында бинесті ұйымдастыру мен басқару тәжірибелері мен дағдыларының, жүйелі білім дердің жеткіліксіздігі.

  • Бизнес негіздерін оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру;
  • Алынған білімдерді тарату бойынша міндеттемелер мен келісім-шарттық жүйенің техникалық көмектерін пайдалану тиімділігін арттыру;
  • Инновациялық кластерлер, бизнесті ұйымдас тыру мен басқару тәжірибелері мен білімдерін инкубациялау орталықтарын дамыту.

4

Мемлекеттік: бюрократизм, жемқорлық, күштеп алушылық т.б.

  • Мемлекеттік қызмет реформаларын әрі қарай тереңдету;
  • Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған бухгалтерлік есеп, лицензиялау, сақтандыру мен тіркеудің оңайлатылған жүйесін енгізу;
  • Шағын және орта бизнес сферасында әрекет ететін барлық мемлекеттік органдар жұмыстарының мөлдірлігіне қол жеткізу;
  • Сәйкес мемлекеттік органдарда, банктер, сақтандыру, нотариалдық, заңгерлік фирмаларда кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету жүйесін оңайлату;
  • Меншікті және бизнесті құру жөніндегі құрылым құру.

5

Ақпараттық: қоғам мен кәсіпкерлердің экономикалық, құқықтық және салықтық мәдениет бойынша аз хабардар болуы, кәсіпкерлік мәселелерын көрсету деңгейінің әлсіздігі.

  • Кәсіпкерлікті дамытуды БАҚ және электрондық ақпарат құралдарында насихаттауды күшейту;
  • Кәсіпкерлік қызметке қатысты өзгерістер мен жаңалықтарды және мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлерге дер езінде жеткізіп отыру;
  • Кәсіпкерлерге өз қызметіне қатысты құнды мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы орталық құру және т.б.

 

Елімізде шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет тиімділігіне әсер ететін факторларды қарастыру негізінде байқағанымыздай салықтық ауыртпалықтар, қаржылық мәселелер, инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет тиімділігінің төмен болуы, әкімшілік кедергілер, тексеру органдарының көптігі және заңнамалық негіздерінің әлсіздігі сияқты мәселелерді ең негізгілері ретінде белгілеуге болады. Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады: тіркеу және қайта тіркеу;  әрекет етуі және дамуы; тарату [35].

Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын кәсіпорындардың икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген мәселелер кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.

Тіркеу, қайта тіркеу және тарату кезеңдерінде. 216 заңнамалық келісімдерді қамтитын рұқсат ету жүйесінің  қолданыстағы  заңнамалық базасын ерекше айта кету керек және бизнес жүргізу жөніндегі жоғары шегерімдердің негізгі себебі болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеу және қайта тіркеу рәсімдері әр жерде орналасқан, түрлі ұйымдар беретін  көптеген құжаттарды қажет етеді. Нарық конъюнктурасына байланысты шағын кәсіпорындар қызмет түрлерін үнемі өзгертіп отырады. Бұл құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және тіркеуші органға хабарлауды, сондай-ақ, рұқсаттардың көптеген түрлерін алуды қажет етеді.

Көптеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеу мен қайта тіркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тіркеу үрдісі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар  «бір терезе» қағидаты бойынша 10 күн ішінде тіркеледі. Бүгінде Қазақстанда бизнес-қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгізілді.

Кәсіпкерлердің қызметінде көпшілік жағдайларда негізінен әкімшілік тәртіп бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулердің нәтижесінде анықталады. Мұнда:

  • тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар әртүрлі нормативтік-құқықтық кесімдерде және бұл мәселе бойынша бірыңғай заңнамалық кесім жоқ;
  • заңнамалық кесімдерде ( салық, әкімшілік кодекстерде, кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдарда және т.б.) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қатынасы олардың қызметінің ауқымына қарамастан бірдей;
  • тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдердің нақты бірыңғай сипаты мен бірыңғай глоссарилері жоқ. Әртүрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі сыныптамасын (рейдтік, кешенді, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы т.б.) қолданады;
  • бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиімділігін бағалаудың қазіргі тәжірибесі анықталған заң бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
  • кәсіпкерлік субъектілердің қызметінде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кісі өлімі т.б.) аталған объектіге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бір мезетте қаралмайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары