Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2015 в 16:59, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Кіріспе
3
1.
Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1.
Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
5
1.2.
Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3.
Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9
2.
Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1.
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
12
2.2.
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
15
2.3.
Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
19
3.
Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1.
Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
24
3.2.
Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
27
Қорытынды
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
31
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.
Барлық өндіріске салынған активтердің тиімділік деңгейі (Да) мына формула бойынша есептеледі:
Кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал түрінде талдау 2.3-кестеде берілген.
2.3-кесте
Жалпы активтердің (өндіріске салынған
капиталдың) табыстылық деңгейі
мың теңге
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы (+,–) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Таза табыс |
5 040 |
6 538 |
+1 498 |
2 |
Жалпы активтер (салынған капитал) |
30 512 |
37 254 |
+6 742 |
3 |
Жалпы активтердің табыстылығы, % |
16,52 |
17,55 |
+1,03 |
Кестеден байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).
Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде беріледі: жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы × активтер айналымдылығы. Шынында да:
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Өндірістік активтерге салынған капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесідей кесте құрамыз.
2.4-кесте
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқу (+,–) |
соның ішінде коэффи-циенттердің өзгеруінен | |
Сату табыс-тылығы |
Активтердің айналымды-лығы | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Таза табыс, мың теңге |
5 040 |
6 538 |
+1 498 |
– |
– |
2 |
Өткізуден түскен табыс, мың теңге |
24 392 |
23 179 |
–1 213 |
– |
– |
3 |
Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге |
30 512 |
37 254 |
+6 742 |
– |
– |
4 |
Активтеррдің табыстылық деңгейі (1 / 3)·100, % |
16,52 |
17,55 |
+1,03 |
+4,74 |
–3,71 |
5 |
Өткізілген өнімнің табыстылығы (1 / 2), % |
20,66 |
28,21 |
+7,55 |
– |
– |
6 |
Активтердің айналымды-лық коэффициенті (2 / 3) |
0,80 |
0,62 |
–0,18 |
– |
– |
Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін аламыз:
Та = 20,66 · 0,62 = 12,81%.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылдағы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Кәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – өндірістік қорлардың (негізгі құралдардың) табыстылығы болып келеді. Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса, өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады (2.5-кесте).
2.5-кесте
Өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің
өгеруінеәсер етуші көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы, (+,-) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Таза табыс, мың теңге |
5 040 |
6 538 |
+1 498 |
2 |
Өткізуден алған табыс, мың теңге |
24 392 |
23 179 |
– 1 213 |
3 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге |
49 826 |
55 789 |
+5 963 |
4 |
Айналым активтерінің орташа жылдық құны, мың теңге |
15 244 |
14 385 |
–859 |
5 |
Өндірістік активтердің орташа жылдық құны, мың теңге (3 + 4) |
65 070 |
70 174 |
+5 104 |
6 |
Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 / 2) |
2,0427 |
2,4069 |
+0,3642 |
7 |
Айналым активтерін бекіту коэффициенті (4 / 2) |
0,6251 |
0,6206 |
–0,0045 |
8 |
Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 / 2) |
0,2066 |
0,2821 |
+0,0755 |
9 |
Өндірістік активтердің табыстылығы (1 / 3)·100% |
7,75 |
9,32 |
–1,57 |
2.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
Осылайша, негізгі құралдардың, жалпы активтердің табыстылық деңгейі немесе қызметтің барлық түрлерінің барлық табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқ салық салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.
Жоспарлау объектісі ретінде, бірінші кезекте, өнімді өткізуден алынатын табыс қарастырылады. Табысты есептеудің негізі – сатылатын өнімнің болжамды көлемі болып табылады. Сатылым көлемі анықталғаннан кейін контрагенттермен жасалған келісім-шарттар негізінде өндірісік бағдарлама әзірленеді. Өндірістік бағдарлама өткізілетін өнімнің жоспарлы көлеміне және жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнім қалдықтарының көлеміне байланысты анықталады.
Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты шығындар жеке қарастырылады.
Жүргізілген есептеулердің нәтижесінде дайын өнімнің жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы дайын өнімнің қалдығын ескере отырып, өткізілетін өнімнің өндірістік өзіндік құны қалыптасады.
Келесі кезеңде әкімшілік және коммерциялық шығындар сметасы құрастырылады. Бұл шығындар өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен, сондай-ақ өнімді нарыққа жеткізумен және өткізумен байланысты.
Осы есептеулердің негізінде өнімді өткізуден алынатын табыстың жоспары қалыптасады. Табысты жоспарлау үшін алдағы негізгі қызметтен, сондай-ақ негізгі емес қызметтен келетін ақша кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер қолданылады.
Жоспарлаудың жоғарыда келтірілген әдістемесі тікелей есептеу әдісі деп аталады. Оның негізінде өнімді өндіруден және өткізуден түсетін табысты ассортименттік есептеу жатады. Жоспарлаудың тағы бір қарапайым нұсқасы жоспар баптары бойынша іріленген есептеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Өнімді өткізуден алынатын табыс өнімнің сатылу бағасы (қосылған құн салығын, акциздерді, кеден салықтарын, шегерімдерді есептемегенде) мен оның толық өзіндік құнының айырмасы ретінде есептеледі. Өнімді өткізуден алынатын табысты есептеу үшін келесі формула қолданылады:
Ө = Қб + Шө - Қс,
мұнда Ө – екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген өнімнің сатылым көлемі; Қб және Қс – сәйкесінше жоспарлы жылдың басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнімнің қалдықтары; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген; Шө– шығарылған өнімнің көлемі; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген.
Сатылған өнімнің көлемі екі бағам бойынша – сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша – есептелгеннен кейін, өнімді өткізуден түсетін табыс (Тө) келесі формула бойынша анықталады:
Тө = Сө – Өқ, (2.7)
мұнда Сө – өнімді өткізуден түскен сома; Өқ – өнімнің өзіндік құны.
Табыстың жоспарлы сомасын бағаның және өзіндік құнның белгілі көрсеткіштеріне және дайын өнімнің жоспарлы кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарына сүйене отырып есептеуге болады. Бұл жағдайда есептеу формуласы келесідей болады:
Тө = Тқ/б + Тж – Тқ/с,
мұнда Тқ/б – жоспарлы кезеңнің басындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс; Тж – жоспарлы кезеңде өнімді шығарудан алынатын табыс; Тқ/с – жоспарлы кезеңнің соңындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс.