Саясаттың мәні және табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание работы

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.

Файлы: 1 файл

саясаттану.doc

— 410.00 Кб (Скачать файл)

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды

68.Д. Истонның, Г.Алмондтың саяси жүйесіне қатысты негізгі теориялары. Д.Истонның идеяларын Г.Алмонд одан әрі дамытты. ХХғ 50-60жж. көптеген  бұрын отаршылдықта болған африка,латын америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйені қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д.Истон соны зерттеді. Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Бұл құрылымдарды талғағанда ол институционалдық және бағдарлық деңгейді баса айтты. Д.Истон мен Г.Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар екенін айтып, оны 3 топқа бөлді 1)топтар мен жеке адамдардың жүріс тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі

69.Саяси жүйенің  құрылымы және бөліктері.

Саяси жүйе қоғамдық өмірдің  барлық салаларының дамуына бағыт  беріп, ықпал етеді,оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай 4 бөлігін  көрсетеді 1) саяси институттар. Оларға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. 2) саяси қатынастар. Оған, талаптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың мемлекеттік және саяси билікке қатынасы көрініс береді.3)саяси ережелер. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуінқамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізгін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституця және оған сүйенетін заңдар мен нормативтік актілер жатады.4)саяси мәдениет. Ол,саяси сана мен іс ірекеттеи, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде , саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

70. Саяси жүйенің  атқаратын қызметтері.

Яғни мынадай қызметтер  атқарады:

1) белгілі бір әлеуметтік  топтың немесе көпшілік халықтың  саяси билігін қамтамасыз ету.  Ол биліктің тәртіпке келтірілген  ережелерде , қалыптарда бекітілген яғни институционалданған түрі.

2)Саяси жүйе қоғамдық  қатынастарды реттейді, жекелеген  әлеуметтік топтар не көпшілік  халықтық мақсат мүддесіне сәйкес  адамдардың тіршілік әрекетінің  әр түрлі салаларын басқарады.

3)саяси жүйе қоғамда  жинақтаушылық топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік –саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтардың белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4) Экономикалық қалыпты  жұмыс істеп, прогресті дамуына  қажетті саяси жағдай жасау  мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық бтұрғыдан бекітеді, қаржыны реттейді, салық саясатын жүргізеді.

5)қоғамды, оның мүшелерін  ішкі және сыртқы бүліндіргіш  әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан  қылмыс, сыртқы агресмиядан және  т.с.с

            71) Саяси жүйелердің жіктелуінің типологиясы мен критерийлері

Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ  пікір жоқ Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды әр түрлі өлшемді  пайдаланады Мысалы марксизм формациялық  көзқарасты басшылыққа алып оны құлдық,феодалдық,капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөлінеді.

   Ал У.Ростоу  жіне т.б. «экономикалық өсу  сатысы» деген тұжырымдаманы  алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынандай  бес сатыдан тұрады:1)дәстүрлі  қоғам. 2)өтпелі қоғам. 3)алға басу. 4)индустриялдық. 5)индустрияланғаннан кейін.  Бірінші сатыға алғашқы қоғамдық,феодалдық және рулық қоғамның бір бөлігін,екінші сатыға өндірістік революцияны,үшіншісі 70-80жылдардағы капитализмді,төртіншісіне 2000жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірстік қатынастарымен олар санаспайды.Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық,авторитарлық,демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізінде билік,тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізінде алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемл.қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент,оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы болады. Мемл.сайланбалы органдары,азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады,билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды,азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі,елде заңдылықорнайды.

72,

73. Саяси жүйенің   ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Саяси жүйенің  элементтерінің даму процесінен қоғамда  әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.

1)  Формациялық саяси  жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.

2)  Авторитарлық саяси  жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси  жүйелер.

3)  Демократиялық саяси  жүйелер - либерал-демократиялық,  социал-демократиялық т.б.

4)  Прогрестік, реформаторлық,  консервативтік, реакцияшыл т.б.  саяси жүйелер

74.

75. Қазақстан Республикасының  Конституциясында елімізде азаматтық  қоғамды қалыптастырып, демократиялық  зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл  бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.

Қазіргі таңда  біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз  өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының  алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика  құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған  елдер қатарына қосылу міндетін қойып  отырмыз.

Бүгінгі күн  тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің  таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау  жөніндегі ұлығаусар міндеттерді  еңсере алады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ  

Қазіргі таңда  біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз  өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының  алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика  құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған  елдер қатарына қосылу міндетін қойып  отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан  халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты  даму кезеңі келді.

Бүгінгі күн  тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің  таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.

"Биыл біз  демократиялық саяси жүйені дамытуда  сапалы қадам жасадық, бұл жерде  президенттік республика моделінен  президенттік-парламенттік модельге  көшу жөнінде сөз қозғалып  отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының  құзыреті аясын кеңейттік, саяси  партияларды, жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесін, сот жүйесін,  азаматтық қоғам институттарын  дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміздің  парламенті жаңа Ата заңға  сәйкес жұмыс істеп, жаңаша  міндеттерді атқара бастады. Біз  бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық  саяси жүйе ғана Қазақстанды  модернизациялау жолында алға  қойған асқаралы міндеттерді  еңсере алатынын ескердік", - деп  қосты ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін  реформалауға бағытталған дәйекті  жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен  даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік  тәжірибені зерделей, талдай және соған  сүйене келе біз саяси дамудың  эволюциялық жолын таңдап алдық  және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке  бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан  еліміз тарихындағы аса күрделі  кезеңде шығара алдық", -деген  сенімде президент.

Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске  асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.

-       Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.

Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды тұрақты  түрде дамыту мен нығайту қажеттiгiн  түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл  қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары  қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк  қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан  қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың  халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн  кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы.

Қатерлер:Шет  елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп  отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға  барабар үн қосудан қалатынын  дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз

елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси  зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге  жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп  отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр  бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы  қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау  қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн  үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық  проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде  көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын  шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа  жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi.

ХХ ғасырдың соңы демократиялық процестердiң  ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру  жолына түстi жəне демократиялық дамудың  қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр  елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң  саяси дəстүрі өзiнiң саяси  мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру  процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси  жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың  дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк  бередi.Демократиялық жетiстiктердiң  барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде  ғана тұрғаны анық жəне алда саяси  жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған  түрде жалғастыру мiндетi тұр.

Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:

- елдiң саяси  өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының  рөлiн кеңейту;

- соттардың iс  жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне кəсiби  құзыреттiлiгiн қамтамасыз ету;

- басқару функцияларының  бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;

- көппартиялық  жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау;

- сайлау процесiн  жетiлдiру;

- үкiметтiк емес  қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту,  олар азаматтардың мүдделерiн  iске асыруға белсендi жəне  жемiстi қатысуға тиiс.

Қазақстанның  Конституциясы қуатты президенттiк  республиканың қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы арасында өкілеттiктердi бөлудi заң жүзiнде ресiмдедi. Конституция  бойынша Президент мемлекеттiк  билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң  орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап бередi. Сонымен бiрге  бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының  пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк  тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.

Елдiң саяси  өмiрiнде өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:

- Саяси жүйенi  жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының  бiрi елдiң саяси өмiрiнде Парламенттiң  функциясы мен рөлiн кеңейту  болады.

- Өкiлдi органдардың  саяси жүйедегi рөлiн күшейту,  реформалар процесiн толыққанды  заңдық қамтамасыз ету үшiн  олардың өкiлеттiгiн кеңейту олардың  атқарушы органдардан тəуелсiздiгiн  қамтамасыз ету талап етiледi.

- Парламенттiң  рөлiн, оның функцияларын тиiмдi пайдалана отырып күшейту қажет.  Парламент республикалық бюджеттiң  орындалуын бақылауда неғұрлым  белсендi рөл атқаруға тиiс.

- Жергiлiктi мəслихаттар  жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын  нақты бақылауға тиiс.

Информация о работе Саясаттың мәні және табиғаты