Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
- Қоғамда орын алып отырған əлеуметтiк-саяси мүдделерге орай тиiмдi үйлестiру мақсатында Парламенттiң жанына
Соттардың тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:
Сот жүйесiнiң нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Тəуелсiз сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз келiп отырған құқықтық мемлекеттiң аса маңызды институттарының бiрi болып табылады. Сот қызметiн неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда мамандандырылған соттар енгiзудiң қажеттiгi барған сайын өзектi болып отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды бағыттарының бiрi болды.
Соттарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы жəне тиiсiнше судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге жəрдемдесетiн органдар туралы мəселе айрықша өзектi. Озық шетелдiк тəжiрибенi ескере отырып, Əдiлет бiлiктiлiк алқасы мен Жоғары Сот Кеңесiнiң рөлiн күшейту жəне судьялыққа кандидаттарға талапты қатайту қажет. Қазақстанда алқа заседательдерi институтын енгiзу мүмкiндiгi Конституция жүзiнде танылған. Бұл институтты енгiзудiң мəнi сотталушының iсiн алқа заседательдерiнiң не судьялар алқасының қатысуымен қарау құқығы туындайтындығына келiп салды, мұның өзi сот процесiнде адам құқығын қорғаудың қосымша кепiлi болып табылады. Осыған байланысты алда сот заңнамасына тиiстi толықтырулар енгiзу күтiп отыр.
Сот жүйесiнiң тəуелсiздiгiне қол жеткiзу жəне оны нығайту мақсатында судьялардың еңбегiне ақы төлеу жүйесiн одан əрi жетiлдiру, сондай-ақ соттардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мəселелерiн шешу қажет. Заңды күшiне енген сот қаулыларының орындалуын бақылауды қатайту қажет. Бұл сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамт