Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе................................................................................................................ 3

I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.

1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6

1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың

себептері мен қылмыстарға жол  беретін жағдайлар......................................12

1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18

II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары

2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның

түрлері.................................................................................................................25

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35

2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,

не сатқаны үшін қылмыстық  жауапкершілік..................................................44

Қорытынды.........................................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

 

 

КІРІСПЕ

 

Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар-намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін мойындауды қажет етеді. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны ерекше аталып көрсетіледі [2,36.]. Осыған орай, елдегі саяси жүйедегі реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесін ұжым, бүкіл қоғам мүддесімен ұштастыруға, сондай-ақ адамды қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмір сүру және еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті, саяси бостандықты орнатуға, адамның жан-жақты дамуына және рухани баюына мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Алайда жаңа қоғам құру оңай шаруа емес. Бұл процесс кейбір келеңсіз құбылыстармен үштасып жатады. Соның бір көрсеткіші - елдегі соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлардан құқықбұзушылықтардың көбеюі. Қылмыстардың тұрақты өсуі тенденциясының қалыптасуы қоғамдағы табиғи-саяси жағдайларға келеңсіз әсер етеді, адамдар арасындағы келіспеушілікті үлғайтып, халықтың болашағына деген сенімсіздігін арттырады.

Елімізде 1993 жылы ақша реформасын жүргізу  барысында ұлт мақтанышы, тәуелсіз мемлекет рәмізі, мемлекет тәуелсіздігінің басты бір белгісі болатын өзінің алғаш ұлттық валютасы-теңгені шығарды. Қазақстан халқының басым көпшілігі нарық жағдайына жаңа үйреніп, оның заңдылықтарын енді игеріп жатуы жаңа қылмыстар түрлерінің пайда болуына әкеп соқты. Оның нақты бір көрінісі - жалған ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау, сақтау, не оларды сату.

Аталған қылмыстың қауіптілігін барлық уақытта да көпшілік мойындап келген. "Хандықтардың, корольдіктердің, республиканың қүлауына негізінен төрт түрлі жағдай әсер етеді: ол шапқыншылық, өлімнің болуы, егін-ауыл шаруашылығындағы жұтшылық және монеталардың құнсыздануы. Алғашқы үш жағдай басқа түскенде тәуекелге бел бууға болады, олар - жорамал. Ал, монетаның құнсыздануын кейбіреулер республиканың құлауының негізі ретінде мойындамайды, себебі ол мемлекетті бірден, зор екпінмен емес, жайлап, жасырын түрде мемлекетті құртады және жояды" [3,99-10066.].

Жалған ақшаны жасау, сақтау, не айналымға  жіберуден елдің экономикалық ақша айналымы заңы бұзылады, инфляцияға сара жол ашылады. Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:

- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;

- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;

- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның  құны көтеріледі.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату тек экономикалық қызмет саласына ғана зиян келтіріп қоймай, жәбірленушінің меншік құқығына да белгілі дәрежеде әсер етеді. Жалған ақша мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді. Халықтың өз ұлттық ақша бірліктеріне деген құрметін, ал бағалы қағаз рыногында жалған бағалы қағаз эмитент беделін өз бәсекелестері арасында түсіріп, сенімсіздік тудырады. Осыны ескеріп, ҚР қылмыстық заңында ұлттық ақша бірліктері, бағалы қағаздармен қатар шетел валютасы мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Іс-тәжірибеде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу көп жағдайда ұйымдасқан нысанда кездеседі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, айналымға жіберу түріндегі жекеленген қылмыстық әрекеттерді жалғыз қылмыскерге жүзеге асыру қиындау. Ол үшін жалған құжатты жасайтын мамандарды, оны таратуды жүзеге асыратын тұлғаларды тартады. Ал, ұйымдасқан қылмыстармен күрес бүгінде мемлекеттегі өзекті мәселе екендігі баршаға аян.

Аталған қылмыспен күресудің қиындығы сол, ол тікелей ғылыми-техникалық жетістіктермен, қоғам әл-ауқатының жақсаруымен  тығыз байланысты. Тәжірибеде жалған ақша мен бағалы қағазды жасауда жай стандартты баспа құралдарының жедел түрін қолдану анағұрлым тиімді: ол жоғары дәрежеде құжат көшірмесін даярлайды, сенімді және оңай қол жеткізуге болады, әрі жинақы.

Қай кезеңде болмасын жалған ақшалар  мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күрес, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру өзекті мәселе болған. Бұл қылмыстардың түрлі мемлекеттерде өзіндік ғасырлық тарихы бар екені жұмбақ емес. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуден қорғанудың түбегейлі әдістерін, жолдарын ешбір елде, ешбір заманда, ешкім де ойлап тапқан емес. Қылмыстылық - қоғам сияқты мәңгілік. Алайда, қылмыстардың алдын алудың тиімді жолын іздеу - адамзат парызы. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуды арнайылап ауқымды зерттеген отандық еңбектер жоқ. тек Ағыбаева Л.А.-ның диссертациялық жұмысында бұл тақырыптың кейбір жақтары көрсетілген[6].

Дипломдық жұмысының басты мақсаты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күресу шараларын жүйелеу және жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату туралы қылмыстық норманы толық ашып қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың актуалдығы - аталған тақырыпта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеу және оны дұрыс дәрежелеу мәселелеріне қатысты қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттама берілген, оның Қазақстан Республикасында алғаш рет арнайы, кешенді түрде ғылыми тұрғыдан зерттелуі диссертацияның ғылыми жаңалығы болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендіріп жүргізіледі. Қылмыстылықпен күресте әлемдік ғылыми тәжірибедегі жетістіктер қамтылады.

 

 

I ТАРАУ. ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУҒА КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

1.1 Жалған ақша  мен бағалы қағаздарды жасау,  сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы  жағдайы мен құрылымы

 

Қылмыстылық мәселесінің  тарихы адамзат цивилизациясынан бастау алады. Қылмыстылық ұғымы кең. Оны статистикалық және әлеуметтік тұрғыдан да қарауға болады. Қылмыстылық - объективті, адамзат қоғамымен, оның заңдарымен байланысты әлеуметтік, сондай-ақ тарихи өзгермелі құбылыс.

Қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс ретінде қарасақ, ол әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде пайда болады. Неміс криминологы Арманд Мерген (1961ж.): "Қылмыс - ертеден келе жатқан және қоғаммен бірге өмір сүретін әлеуметтік құбылыс", дейді.

Қылмыстық заң актісімен  реттелетін қылмыстар қылмыстылықты  құрайтын болғандықтан, ол - қылмыстық құқықтық құбылыс болып табылады. Қылмыстылық қоғамға қауіпті және мемелекет заңдарына қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктердің жиынтығы тұрғысынан қаралады. Қылмыстылық басқа әлеуметтік құбылыстардан құқықтық сипатымен ерекшеленеді, оның бұл қылмыстық құқықтық сипаты басқа құқықбұзушылықтардан да айырып тұрады. Қылмыстылық дегеніміз белгілі уақыт аралығында мемлекеттегі қылмыстардың жиынтығы түріндегі тарихи өзгермелі, объективті және әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Криминологияда экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседі. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым. Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттің белсенді ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндірісті, технологияларды дамытуды, халықаралық сауда көлемін ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды, бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құруды, сондай-ақ экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың, экономикалық қылмыстардың алдын алуды қажет етеді.

Бу Свенсон экономикалық қылмысты экономикалық қылмыстар ұзаққа созылатын, жүйелі, пайдакүнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет, деп есептейді [24,3-766.]. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Тіленчиева Г.Д. экономикалық қылмыстарға төмендегі белгілерді жатқызады [25,356.]:

- олардың экономикалық-шаруашылық механизмдермен байланысты;

- қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесіндегі тұлғалар ғана қылмыстың субъектілері бола алады.

Аталған белгілер шынында  да экономикалық қылмыстарды толық  сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрі де жүйелі түрде жасалына бермейді, сондай-ақ қылмыскердің тек сол экономикалық жүйедегі тұлғаның бірі болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар  заңды шаруашылық жүргізу қызметін бұзады. Қылмыскер өзіне материалдық игіліктерді алу үшін шарауашылық механизмдерді саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизмнің звенолары бір-бірімен тығыз байланыста. Қылмыспен бір звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизмдеріне эрозия алып келеді. Экономикалық қылмыстардың кейбірі пайдакүнемдіктен басқа ниетпен де жасалынады.

Дженаро Д.Д. мен Бетерс Э.: "Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әділ процесі, ол заңмен қорғалынатын нарықтың ойын ережесін бұзады",-дейді [25,116.]. Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бір түрі ретінде, -дейді Вороженин В., - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Шаруашылық қылмыстың топтық объектісі рыногтық экономиканың дамуына негізделген, қоғамдағы шарашылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Ал, Дементьева Е.Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жатқызады [26,256.]:

- материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалынуы;

- жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;

- ұзақ, жүйелі;

- мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі.

Автор өз еңбегінде жәбірленуші  мәселесін көтереді, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игілікке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаның меншік құқығына да нұқсан келтіреді, деп есептейді. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншік құқығынан қауіптірек болады да, қылмыстың объектісі ретінде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандандырылған қызмет барысында жасалынады, деген автордың пікірімен келісуге болады, бірақ та барлық уақытта емес. Тұрмыстық мәмілелерді жасауда мамандандырылған қызметтің болуы міндетті емес.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату көне заманда, ақша пайда болғаннан-ақ қоғамда кездесіп отырған. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік туралы заңнамалардың даму тарихы ерекше жағдайлардан өтті. Ресейдің алғашқы қылмыстық кодексі (1922) бұл қылмыстық әрекетті құжаттарды бұрмалаудың түрі ретінде қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыс деп қарастырды. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сатуға мемлекеттік қылмыстық сипат беріп, ОАК мемлекеттік қылмыстар туралы (1927) жалпы одақтық ереже қабылданды. Қылмыстық нормада пайдакүнемдікпен жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік көзделді. 1959ж. Қазақ Советтік Республикасы қылмыстық кодексінде жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау шаруашылық қылмыстар қатарында қаралды. Бүгінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу - ақша-несие саласында кездесетін қылмыс. Ақша-несие жүйесі мемлекеттің негізгі элементі болғандықтан, бұл мемлекеттің экономикалық қызметтері ұғымын қамтиды. Экономикада ақша-несие жүйесі ерекше орын алады, бұл ұғымдарды бөлек қарау мүмкін емес. Елдің рыногтық өтпелі экономикалық жағдайында, кәсіпкерлік бостандығы жарияланып, бәсекелестікке жол берілгенде, құн мен сыртқы экономикалық қызмет либерализацияланғанда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмысты экономикалық қылмыс қатарына жатқызбау әділ болмас еді.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі  қылмыстарды Қайыржанова С.Е. банктік  қылмыс қатарында зерттейді [27,186.]. Банктік қылмыстар - экономикалық қылмыстардың жекеленген түрі. Жұмыста банктік қылмыстарды екі топқа бөледі:

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға