Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Бұл ұғымдар шын мәнінде аралас ұғымдар, профилактика ұғымы екі мағынаны береді. Кең мағынада профилактика - нақты қылмыстарға жол бермеу, кейбір қоғам мүшелерінің құқық бұзушылықтарға баруын болдырмау (қылмыстың жасауынан сақтау), тар мағынада, біріншіден, қылмыстардың жасалу себептері мен оған жол беретін жағдайларды анықтау: екіншіден, қылмысты жасауға қабілетті тұлғаларды білу; ал үшіншіден, „қылмыстың профилактикасы" мен "құқықбұзушылықтың профилактикасы" ұғымдарын айыратын категория, төртіншіден "профилактика", "алдын алу", "жою" терминдерін жалпы саяси, заң және филиологиялық әдебиеттердегідей бір мағыналас ұғымдар болады, деп есептейді Аванесов Г.А. [42,996.].

Отандық ғалым Қайыржанов Е.І., "қылмыстың алдын алу" мен "қылмыстың профилактикасы" ұғымдарын  бірыңғай мағыналас түсінік ретінде қарай келе, "қылмыстың алдын алу дегеніміз қылмыстардың себептері мен оларға жол беретін мән-жайларды жоюға бағытталған мемлекет атынан оның ұйымдары, құқық қорғау органдары, азаматтар жүзеге асыратын қызметтер болып табылады", -дейді [35,1696.]. Қылмыстың алдын алу мәселесі жөнінде Зудин В.Ф., Г.А. Аванесевтің еңбектері бар. Қылмыстың алдын алуды топтаудың бірнеше түрлері белгілі. Соңғы кезде ғылыми еңбектерде, практикада әлеуметтік субъектілер қызметтерінің сипатына қарай қылмыстың алдын алудың жалпы және арнайы түрлері кең тараған.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың жалпы  алдын алудағы ұйымдастыру шараларын  мыналар құрайды:

- айналымда ақшаның  девальвациялануына жол бермеу;

- айналымда қолма-қол, не қолма-қол емес ақша мөлшерінің сәйкестендірілуі;

- ақшаны айырбастау ұйымдарының қызметтерін бақылауды ұйымдастыру;

- ақша бірліктері мен  бағалы қағаздың қорғану белгілерімен  халықты таныстыру;

- ҚР аймағындағы ақша  айналымына шетел валютасының  кіруі, не шығуын реттеу, валюталық қадағалауды күшейту;

- жалған ақша бірліктері  ме бағалы қағаздарды жасау,  сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі  қылмыстардың алдын алу мақсатында  қаржылық ұйымдардың қаржылық  бақылау қызметтерін күшейту;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды шығаратын полиграфияларда бақылауды ұйымдастыру;

- ақша мен бағалы  қағазды шығаратын баспада қызмет  еткен тұлғаларды есепте ұстау;

- бағалы қағаз нарығын  ҚР аумағында дамытуды халықаралық  аренаға көтеру;

- бағалы қағаз нарығының  жетістіктерін халыққа таныту үшін брокерлік, дилерлік қызметтерді дамыту;

- бағалы қағаз иелерін  бағалы қағаз куәландыратын мүліктік  құқықтармен тиісті дәрежеде  қамсыздандыру;

- бағалы қағаздың барлық  түрлерін (мемлекеттік және мемлекеттік  емес) мемлекеттік тіркеуден өткізу;

- эмитенттің бағалы қағазды  ұстаушыға бағалы қағаз куәландыратын мүліктік құқықтардың қанағатандырылатындығы жөнінде бағалы қағаз иесінің мекен-жайы бойынша алдын ала мәліметтер беру;

- бағалы қағаздың жалған еместігін  тексеретін арнайы құрал -детекторды эмитенттедің міндетті түрде иеленуі;

- сотталушының жазаны өтеуін  уәкілетті органдардың бақылап  отыруы;

- құқық қорғау органдарының  қылмысты ашудағы және алдын  алудағы белсенділігін арттыру  мақсатында жеткілікті дәрежеде  қаржыландыру;

- жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына "Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстармен халықаралық күрес" атты оқу курсын енгізу және т.б.

Бағалы қағаздарды сатып алғанда, не айналымға жіберген кезде келесі кеңестерге назар аударған жөн:

- алдыменен эмитент туралы кеңірек  мәліметтер алу;

- мемлекеттік емес бағалы қағаздардың  мемлекеттік тіркеуден өткен  екендігіне көз жеткізіп, қаржы  органдарымен тіркелінген бағалы  қағаздың эмиссиялану проспектісімен  танысу;

- жарнамаларға толық сене бермеу;

- бағалы қағаздарды сатушының  меншік иесі, не бағалы қағаздың  меншік иесінің серіктесі екендігіне  көз жеткізу;

- бағалы қағаздарды сату-сатып  алу шартын жазбаша нысанда  рәсімдей отырып, келесі жағдайды  анықтау: шарт бойынша есептеудің тәртібі, жаңа иеленуші акционерлерді тіркеу тәртібі, бағалы қағазбен операцияларға салық төлеу тәртібі және т.б.; мәмілені инвистициялық институтта тіркеу. Мемлекеттік емес бағалы қағазға қаражат салу әруақытта қауіпті. Сатып алынатын бағалы қағаздың мемлекеттік тіркеуден өтуі, салған қаражаттың қайтарылуының, кірісті және сенімді болудың кепілі емес. Бағалы қағаздан кіріс неғұрлым жоғары болған сайын, мұндай бағалы қағазда қауіп те көп;

- кірісі орта рыноктың құнынан бірнеше еселеп кіріс беруді уәде еткен ұйымдарға қатты сене бермеу;

- барлық құжатттарды бір қоржында  ұстамай, түрлі бағалы қағаздарға салу. Кіріссіз, не қайтусыз қалған жағдайда, бағалы қағазға салған қаражаттардан бірден айырылмайды.

Бағалы қағазды сатып алуда  толық сенімді болу үшін келесі әрекеттерді жүзеге асырған жөн:

- сату-сатып алу шартын жасап,  тараптардың қолымен бірге нотариалды  куәландыру;

- акционерлерді тіркегенде  жаңа иеленушіні енгізу туралы  талаптан тұратын "қолдан көшу  нұсқауын" тараптардың қолымен рәсімдеу;

- бағалы қағазбен операцияларға  тиісті салықты төлеп, қаржы  рыногының кәсіпқой қатысушысы  компаниясында шартты тіркеу;

- реестр ұстаушыға өз құқығыңызды куәландыратын құжатты беруін сұрап жүгіну.

Акцияны иемдену үшін депозиттерге жүгінген тиімді. Тек  депозиторшы ғана кім қандай бағалы қағазды иеленгендігін біледі және бағалы қағаздың бір тұлғадан екінші тұлғаға көшу процесін рәсімдейді.

Интерпол 1924 жылдан бастап бүкіл дүниежүзінің банкілері мен  сақтандыру компанияларына, кәсіпорындарына  таратып отыратын "Жалған ақшалар мен құжаттар" бюллетенін шығарады. Бізде де жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сатудың алдын алуда Интерпол ұйымының Қазақстанда құрылған Интерполдың Қазақстандағы Бюросы арнайы журнал шығарып, онда ақша бірліктері мен бағалы қағаздың қорғану белгілерімен халықты таныстырып, аймақта кездесетін қылмыстар жөнінде және басқа да мәліметтермен хабарлау шаралары жүргізіліп отырғаны жөн еді. Дүниежүзіндегі ақша бірліктері, барлық жалған құжаттар (бағалы қағаз, акциздік марка, төлем құралдар), қылмыскерлер, оларға тағайындалған жазалар жөніндегі мәліметтермен ҚР құқық қорғау органдары да хабардар болса.

АҚШ құпия қызметі жалған банкноттардағы кемшіліктер жөнінде айтылатын арнайы брошюра шығарған. Тіпті, "Америка" энциклопедиясында құқық қорғау органдарымен ұсталынған жалған банкноттарда кездескен салыстырмалы фотографиялық кемшіліктер жөнінде арнайы мақалалар кіргізілген [43,476.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауда хабарланған  қорғану белгілер қылмыскерлерге бір  жағынан көмек, бірақ та "сақтықта қорлық жоқ" екенін негізге ала отырып, қылмыспен күресте тәуекелге бел буған жақсы.

Бірнеше елдердің түрлі-түсті  көшірме құралдарын құрастырушылар қылмыстардың алдын алудың ұйымдастыру және техникалық шараларын қарастыру үшін ассоциацияларға бірігеді.

Қылмыспен күресті жылдамдату үшін қылмыстың алдын алудың құқықтық шараларын жетілдіру қажет. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуге қарсы күресте позитивті әсер ететін құқықтық шараларға мыналарды жатқызамыз:

- ақша бірліктері мен  бағалы қағаздардың айналымына  байланысты азаматық актілерді  жетілдіру;

- зерттеліп отырған  қылмысқа байланысты қылмыстық  құқықтық актілерді жетілдіру;

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды жасау,  сақтау, не айналымға жіберуді сот практикасында қарау мәселелері туралы ҚР Жоғары сот актісінің қабылданбауы.

Бағалы қағаз рыногы қаржылық рыноктың құрамдас бөлігі ретінде  өндірісті қалыптастыру және дамыту мақсатында қаражат тартудың механизмі  болып табылады. Бағалы қағаз жөнінде заң актілерінің өзіндік жүйесі бар:

- барлық бағалы қағаз  жөніндегі ережелерден тұратын  заңдар (ҚР азаматтық кодексі, "ҚР  бағалы қағаздар рыногы жөніндегі  заң");

- бағалы қағаздар жөнінде  халықаралық Конвенциялар;

- бағалы қағаздың қалпы, мәртебесі туралы нормативтік актілер (меншік қатынасын, кәсіпкерлік, банктік және басқа салалардағы қызметтерді реттейтін актілер);

- жеке құқықтық қатынастар  негізінде жатқан және локальды  әсер етуші актілер.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату үшін жауапкершілік қарастырылған заң актісін құқтық қолдануда қиыншылықтар туындамас үшін ҚР Жоғары Соты аталған қылмыстарды сот тәжірибесінде қарау мәселелері жөнінде қаулы қабылдағаны жөн еді. Мұнда қылмыс құрамы элементтеріне, арнайы ұғымдарға, саралау мәселелеріне толық түсініктер беріледі.

Ресейде полиграфиялық  кәсіпорынды ашу, оның қызмет тәртібі  мен полиграфиялық қызметтердің заңдылығын тексеретін бақылау органының  уәкілеттігін, сондай-ақ құқықбұзушылық байқалған жағдайдағы жауаптылықтарды анықтайтын 1993ж. 22.09. №960 "РФ полиграфиялық қызметтерді реттеу" туралы Үкіметтің қаулысы қабылданған. Мұндай құқықтық актінің көмегімен Ішкі Істер органдары осы объектілерде профилактикалық қызметтерді жүзеге асыра алады [44,37-5066.]. Ал, ҚР полиграфиялық қызметті реттейтін арнайы заң жоқ, бірақ 1995.26.10. №20 ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияның қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздардың бланкін даярлауға және толтыруға, ҚР территориясына бағалы қағаздардың бланкілерін кіргізуге рұқсат берудің тәртібі" туралы уақытша ереже бар.

Пайдакүнемдікпен жасалынатын  қылмыстарға қарсы күресте қылмыс жасаудың "қаржы жағынан" тиімсіздеу болатындығын растайтын шараларды  қарастырудың маңызы зор. Көзделген  мақсатқа жету үшін орындау өндірісі, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық заң актілерінде қылмыстық әрекетпен келген материалдық шығынды өтеу мәселелерін жетілдіру керек. Тәжірибеде жәбірленушілер қылмыспен келген шығынды сотпен өндірудің қиындығын ойлап, талаптан бас тартады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл мәселе қарастырылғанымен, оның орындалуы іс-тәжірибеде енжар.

Техникалық шаралар. Жалған ақшамен күресудің ғасырлар бойындағы  тәжірибесінен ақша бірліктерін  бұрмалаудан қорғанудың көп қырлы әдістері жинақталады. Жалған ақшаларды жасау, сақтау, не сатудың жалпы алдын алу шараларына ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды техникалық қорғауды жетілдіру; шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың көшірмесін көшірме-көбейткіш техникалардың көмегімен алудың техникалық мүмкіндіктерін жою; ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы екендігін тестілеудің техникалық құралдарын дамыту; типография құралдарын қолдануды және полиграфиялық кәсіпорындардың қызметтерін бақылау; ақша бірліктер мен бағалы қағаздардың шынайлылығы және жалған ақшалар мен бағалы қағаздардың белгілерімен халықты кеңірек таныстыру жатады.

Францияда фото көшірмеден рефлекторлы қорғану жүйесі қолданылады. Мұнда айна сынды бейне қорғануды  қамтамасыз етеді. Ысыған аппаратқа  банкнотты басып шығару үшін қағазды  қойса, жанған жарық көшірме аппаратқа көрсетпей қояды. Француз ақша бірлігінің жеті қорғану белгілерінің бұл бір элементі болып табылады. Аталған қорғану құралы банкноттың өзіндік құнынан қымбат болғанымен де ақша бірліктерінің жаңа үлгілерін жасаған кезде шетелде кеңінен қолдану ақша көшірмесін алу мүмкіндіктерінен айырады. Нәтижесінде бұл қылмыстар санының азаюымен құжатқа жұмсаған қаражат өз құнын өтейді.

Әсіресе, банкноттар мен  бағалы қағаздарды басып шығаруға мүмкін болмайтын көшірме құрал-техникалық жүйесін шетелдерде кеңінен қолданады. "Канон" фирмасының инженерлері мен конструкторлары көшірме техникадан қорғанудың екі типін ойлап тапқан. Оның бірі, жасырын сәйкестендіру жүйесі. Бұл әрбір көшірмеде арнайы құралдың көмегімен ғана анықталатын көшірме аппараттың кодты номірін қойып отырады. Түрлі түсті ксерокстің көмегімен, ақша бірліктерін көшіруден қорғанудың келесі жүйесі - превентивті жүйе. Мұнда электронды жады бар блок көшірме аппаратына банкнот енгізілгенннен-ақ автоматты түрде оны "танып қояды". Жалған банкноттарды даярламақ болған кезден-ақ бұл жүйе оларды сәйкестендіріп, аппарат қап-қара түсті көшірмені дайындап шығарады.

Қазіргі кезде жалған бағалы қағаздарды, банкноттарды шығарушы мен оны қорғау тәсілдерін ойлап  табушылар арасында сайыстың өршіп  жатқаны баршамызға белгілі. Құжат шығаруға уәкілетті тұлға мүмкіндігінше жаңа дамыған арнайы техника мен технологияларды бірінші болып пайдаланып жатса, қылмыскерлер мүмкіндігінше қымбат емес барлық құрал-жабдықтарды пайдаланып, жалған құжаттың дәл көшірмесін жасауға тырысады. Барлық заттардың көшірмесін жасауға болады, "абсолюттік" қорғану мүмкін де емес. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау кезінде техникалық емес, қаражат мәселесі маңызды роль атқарады. Себебі көшірменің құны өзінің түпнұсқасының құнынан аз болады. Қылмыскер сол жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жібере отырып, оның үстінен таза пайда табуды көздейді. Басқа мемлекеттің экономикасын күйретуді, ақша мен несие жүйесіне зиян келтіруді көздеген (саяси мүдделі) қылмыскерлер керісінше, түпнұсқадан айнытпай сол елдің ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың көшірмесін жасау жолында қаражатты аямайды. Эмитентпен шығарылған бағалы қағаздардың тиражы ақша бірліктері санынан аз болады, сақтану шаралары да мардымсыздау.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға