Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

 

Эксперименттің  қорытынды нәтижесінде мынаны  көруге  болады: егер анықтау экспериментінің  басында эксперимент топтарында  төмен деңгейді оқушылардың 50,4 %-ды  көрсетсе,  соңында олардың пайызы 47,9%-ға азайды, жоғары деңгейді 1,8 %  оқушы көрсетсе, соңында олардың көрсеткіші 72,7%-ға өсті, бақылау тобында ондай оң өзгерістер болған жоқ.

Көріп отырғанымыздай, тәжірибелік-эксперимент жұмыстар экспериментке қатысқан оқушылардың  Д.Рақышевтың мұрасын тану деңгейлерінің  айтарлықтай жоғарылағанын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімді екендігін  дәлелдейді. Сонымен біз ұсынған  іс-шаралардың нәтижелерінің тиімділігі эксперимент жүзінде расталды. Бұл  қорытынды бүтіндей дерлік зерттеу  болжамының дұрыстығын да растайды.

Эксперимент барысы бойынша біздер социологиялық  зерттеу жүргіздік. Мектеп ұстаздары  мен оқушылардың Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын танудың тәлім-тәрбиелік ролі мен мән-маңызы туралы айтқан пайымдауларынан мысал келтірелік.

Ән сабағы мұғалімінің пікірі

Д.Рақышевтың шығармашылығы – тұнып тұрған рухани қазына. Оның әндерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, олардың эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін  дамытып, әсемдікті қабылдап, сезінулеріне ықпал еттік. Дәнеш мұрасын меңгеру  арқылы балалардың эстетикалық талғамы  қалыптасты, сондай-ақ шығарымпаздық  қабілеттері де дамыды. Оқушылардың  ішінде Дәнеш Рақышевқа арнау  шығарғандары да болды.

Оқушы пікірі

Дәнеш Рақышев  мұрасын оқып-үйренуден түйгенім, оның шығармалары жастарды ойлылыққа, адамгершілікке, эстетикаға, туған  жерді сүюге, еңбекті сүйе білуге тәрбиелейді. «Жер әсемі - Жетісу» әні  менің сүйіп тыңдайтын және орындайтын шығармама айналды.

Оқушы пікірі

Дәнеш Рақышевтың әндері адамдардың бір-бірін сыйлауға, бағалай және құрметтей білуге, туған-туыстарға, қарттарға деген қамқорлық сияқты қасиеттерді сезіне білуге, батылдық пен табиғатты сақтау сияқты ерекшеліктерді құрметтей білуге үйретеді. Бұған  дәлел оның «Гүл», «Туған жер», «Жер сұлуы - Жетісу», «Көкталым», «Балқаштағы  ән» т.б. әндері.

Оқушы пікірі

Д.Рақышев  мұрасын оқып-үйренудегі түйгеніміз, әнші-сазгер Дәнеш атамыздың өміріндегі өз тұлғасы мен Т.Исабектің «Әнші  Дәнеш» деректі романындағы әдеби  бейнесі бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен  ұштасып жатқан бір бүтін рухани қазына екен. Дәнешті біз үнемі  өрлеу үстінде көрдік. Бала кезінен  сұлулыққа жаны құмар, жанашыр, өнерді іздеуші, үйренуші, халық қазынасын  жинақтаушы, ән өнерін ел арасына таратушы, ұлағатты ұстаз өмірі біз үшін үлгі-өнеге. Әншінің әндерін біз  де көкейімізге сақтап, ел ішінде таратамыз. Өйткені оның әндері бойыңа ерекше рух беріп, тек жақсылыққа тәрбиелейді.

Мектеп  мұғалімдері мен оқушылар «Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы»  атты факультативтік курсының келесі негізгі артықшылығы мен тәрбиелік  маңыздылығын атап көрсетті.

- Д.Рақышевтың  музыкалық мұрасының ерекшелігі  оның тәрбиелік мәнінің жоғарылығында.

- Оның  шығармалары арқылы оқушыларды  адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің  мүмкіндігі мол.

- Эстетикалық  тәрбие беру құралы.

- Д.Рақышевтың  мұрасы мінез-құлықты реттеуге  ықпал етеді.

- Дәстүрлі  әнге деген қызығушылықты арттырады.

- Жалпыадамзаттық  құндылықтардың маңызын түсінуге  ықпал етеді.

Енді  факультатив тақырыптары бойынша  өткізілген сабақтардан мысал келтіру  негізінде мектеп оқушыларының Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын  танытудағы жұмыс формалары мен  әдістерінің тиімділігін қарастырып көрелік.

«Дәнеш  Рақышевтың әншілік мектебінің қалыптасуы»  тақырыбындағы сабақ Дәнештің шәкірттерінің  қалыптасуымен сабақ-шежіре түрінде  өткізілді.

Сабақтың  барысында шәкірттері сол «үш  бәйтерек» бойынша кезекпен сөз  алып, Дәнештің ұстаздық іс-әрекетінің формаларымен әдіс-тәсілдерімен, әншілікке  баулу принциптерімен, оның адами-кісілік  қасиет-сипатынан алған үлгі-өнегелерін мақтаныш сезіммен жеткізіп, реті келгенде әндерін орындап берді.

I – топта  облыстық филармония әртістеріне  сөз кезегі берілді. Мырзахмет Мұқаманов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі:

- Мен  алғаш рет Дәнеш ағаны 1970 жылы  Панфилов ауданы, Көктал қой совхозының  Көктал халық театрында көрген  едім. Келбетті, қызыл шырайлы, қою  қара шашын артқа қарай шалқайта  қайырған, мойылдай қара көздерінен  ұшқындай сәуле шашқан. Содан  бері уақыт шіркін бәйге аттарындай  зымырап, өзімнің де жігіт ағасы  болғанымды байқамай қалыппын. Аға  бар кезде өзімді баладай сезініп,  еш уайымсыз жүрген екенмін. 

Екінші  рет Талдықорған облыстық филармониясында 1975 жылы Алматы эстрада-цирк студиясы Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебековтың класын бітіріп келген жылы қауыштым. Маған «Ал, інім, қандай өнерің бар?». Мен аздап домбырада, гитарада, баянда ойнап, ән салатындығымды айттым. «О, өте жақсы болды, баянда қосылып ән салатын әнші аз еді, сені бір айға оқушы ретінде қабылдаймыз, содан соң өнерің ұнаса, белді  әртістердің біреуі боларсың» - дегені. Екінші сұрақ «Темекі тартып, салқын су ішесің бе?» - деді. «Жоқ, аға, темекі тартпаймын» - дедім. Аздап тартатындығым  болатын, жасырып айтпадым, бірақ  сол күннен бастап темекі тартпайтын болдым. Ал салқын су той-томалақтарда ғана дедім. Тәрбиенің басы осыдан басталып кетті.

- Жарайды,  арғысын көріп алармыз, өнерің  өссін, халық құрметтейтін үлкен  әнші-азамат бол – деп, батасын  берген еді.

Мен сіздерге өзім сүйіп салатын «Аңшының әнін»  орындап берейін.

 

Дәнеш Рақышевтың бүгінгі таңда белгілі шәкіртінің бірі - Абылай Қармысов, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның әншісі, «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері»:

- Әрбір  өнер саласында жүрген адам  сияқты менің де әнге деген  құштарлығым бала кезден басталды. Мектепте оқып жүргенде көркемөнерпаздар  үйірмелерінің белді мүшесі болдым.

Қазақ әндерін  тек радиодан ғана тыңдап, содан  үйренетінбіз. Адамды асқақ сезімге  баурайтын, жүректің қылын шертер небір  әндер ол кезде Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Дәнеш Рақышевтардың орындауларында күнде-күнде берілетін еді. Осы  әйгілі әншілердің әндерін тыңдап, осындай әнші болсам деп армандай жүріп өстік.

Ұзын  сөзді түйіндеп айтсам, бала кезден әнін радиодан тыңдап, теледидардан көріп, күйтабағынан үйреніп, осы кісідей  әнші болсам деп армандаған әйгілі әнші ағамыздың шәкірті болып  қасында жүретін болдым. Сол арманға 26 жасымда жеттім. 10 шақты күннен кейін жиналып, гастрольдік сапарға  кеттік. Дәнеш ағамен тұңғыш рет  Алакөл ауданына сапарға аттандық. Ең бірінші үйренген әнім Дәнеш ағаның М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Сағындым ғой» деген әні. Оғанға дейін айтып жүрген: «Екі жирен», «Гәкку», «Саясында алманың» т.б. әндерді  түзетіп берді, соларды айтып  жүрдім. Содан бірте-бірте ағаның үйреткен әндерімен репертуарым  толыға бастады.

Менің әнге деген құштарлығым мен ынта-ықыласымды көрген Дәнеш аға маған әндерді  бар ниетімен үйрете бастады. Қысқасы, ағаның қасында көп жыл гастрольдік  сапарда бірге жүріп, әншіліктің қыр-сырына қанықтым.

 

Ақиық әнші туралы Қазақстан Республикасының  Білім беру ісінің үздігі, Республикалық  Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың  жүлдегері Жақсылық Мырқаев былайша ой толғады:

- Табиғат  бойына сыйлаған дарқан дарын  иесі, қазақтың біртуар ұлы, кең  даланы әнімен жаңғыртып, таңырқатқан  бұлбұл үнді, жезтаңдай әнші Дәнеш  Рақышев 1926 жылдың 1 мамырында Жаркент  өңірінің Талды ауылында дүниеге  келген. Әкесі Рақыш Қанайұлы, шешесі  Тәжіхан ақынжанды адамдар еді.  Бір-бірімен айтыс үстінде табысқан. Дәнештің азан шақырып қойған  аты – Данияр, ата-анасы еркелетіп  Дәнеш деп атап кеткен. Арғы  атасы Тауасар деген кісі болған. Одан Құлжабай, Таңат, Қуанышбай,  Сатыбай атты төрт ұл тарайды.  Соның Құлжабайынан – Қанай,  Қанайдан – Рақыш, Рақыштан  – Дәнеш. 1929 – 1932 жылдардағы дүрбелеңде  Рақыштың отбасы да Қытай жеріне  ауған.

Дәнештің 6 жасында шешесі Тәжіхан қайтыс болып екінші анасы Ақманардың тәрбиесінде  өседі. Бетін қақпай еркін өскен  Дәнеш өнерге жасынан талпынады.

Кейіннен  Қадыриханнан Дәнеш Әсеттің бірнеше  әндерін үйренеді. Дәнештің отбасы, тіпті мұғалімдері өнерге құмар, шетінен әнші болған. Скрипкашы Байбазар, Әлиасқар, Дәукен әнші-күйші мұғалімдерінің өнерінен сусындап өседі. Осы мұғалімдер арқылы Жиренқожа деген кісімен  танысып, «Екі жирен», «Сарыарқа», «Нақ - нақ» әндерін үйренеді. Әсеттің «Қаракөз» әнін, сонымен қаттар «Сәлиқа – Сәмен» қиссасындағы әрбір кейіпкерлердің даусын, ырғағын да өте шебер келтіреді.

Д.Рақышев 1959 жылы маусым айының 6-cы күні туған  жер топырағына оралады. Қорғас шекарасында  ел-жұртымен қауышып, мәре- сәре болды. Осы кезде Панфилов ауданының  хатшысы, қазіргі белгілі қоғам  қайраткері, жазушы С.Тәнекеев  «Дәнештің  туған жердің топырағын басып  тұрып алғаш айтқан әні әлі  күнге дейін құлағымда» - деп, ерекше құрметпен еске алады. Дәнеш мұнда  да әнімен елін сусындатып, халқына  өнермен қызмет етеді.

1965 - 1968 жылдар  арасында Дәкеңнің театрға сіңірген  еңбегі ескерілді. 1968 жылы «Халық  театры» деген атаққа ие болды.  Осы жылдары  жазушы С.Бақбергенов  Дәнеш әншіні арнайы іздеп  келіп, «Сұқсыр» атты очерк  жазады. Дәнеш театрды 1972 жылға  дейін басқарған. Сондай-ақ «Селоға  мәдени көмек көрсетудің үздігі»  белгісімен, «Еңбектегі ерлігі үшін»  медалімен, Қазақ ССР Мәдениет  министрлігі және Қазақстан Республикасы  Кәсіподақ кеңесінің мадақтау  қағаздарымен марапатталады. Осы  жылдарда Мәскеуде қазақ өнерінің  қорытынды концертіне қатысып,  Лауреат атанады.

1972 жылы  Дәнеш Рақышев Талдықорған облыстық  филармониясына ауысып, ондағы «Шұғыла», «Арай» ансамбльдеріне жетекшілік  жасайды.

1976 жылы 50 жасқа толуына байланысты Дәнеш  Рақышевқа «Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген әртісі» құрметті  атағы беріледі. 1984 жылы «Мақтанышым  - елім» атты ән жинағы жарық  көреді. Талдықорған қаласындағы  мектеп – интернатта «Оқушыларға  адамгершілік-эстетикалық тәрбие  беру» проблемасы бойынша домбырамен  ән салу класын ашып, сабақ  берді. Өзінің 100-ге жуық әнін  кейінгі жас ұрпаққа мұра етіп  қалдырды. 1992 жылдың 6 шілдесінде дүлдүл  әнші міңгілік қайтпас сапарға  аттанды. Жетісудың жезтаңдай  әншісі Әсет мектебін қалыптастырған, өзіне тән ән айту ерекшелігі  бар қайталанбас тұлға ретінде  халқының жүрегінде сақталады.  Сондықтан Дәнеш әні шырқалады  мәңгілік, ғасырлардан-ғасырларға жаңғыртып  ...

 

Оқушылардың Д.Рақышев туралы білімдерін тексеру  сабағы:

                                              

Тест  сұрақтары

    1. Д. Рақышевтың туған күні?

А) 1930 ж. 1 наурыз

В)  1920 ж. 1 қаңтар

С) 1925 ж. 10 ақпан

Д) 1926 ж. 1 мамыр

Е) 1940 ж. 10 тамыз

    1. Дәнеш шығарған алғашқы ән?

А) «Домбыра»

В) «Мақтанышты  елім бар»

С) «Аяулы менің  арайлым»

Д) «Қоштасу»

Е) «Амандасу»

    1. Дәнештің әкесі Рақыш пен анасы Тәжіхан қалай танысқан?

А) Той үстінде

В) Жол үстінде

С) Айтыс  үстінде 

Д) Ас үстінде

Е) Сауық  кеште

    1. Рақыштың отбасымен Қытай жеріне ауған кезі?

А) 1932 ж.

В) 1935 ж.

С) 1940 ж.

Д) 1950 ж.

Е)1959 ж.

 

    1. Дәнештің туған елге оралған кезі?

                    А) 1932 ж. 

В) 1935 ж.

С) 1940 ж.

Д) 1950 ж.

Е) 1959 ж.

    1. Туған елге оралған кездегі қоныстанған ауылы?

А) «Көктал»

В) «Үшарал»

С) «Лесновка»

Д) «Жаркент»

Е) «Октябрьдің 40 жылдығы»

    1. Елге оралғаннан кейінгі алғашқы еңбек жолын бастаған жері?

А) «Көктал»

В) «Үшарал»

С) «Лесновка»

Д) «Жаркент»

Е) «Октябрьдің 40 жылдығы»

    1. Республикалық ақындар айтысында ән салып, Мұхтар Әуезовпен жолыққан жылы?

А) 1959 ж.

В) 1960 ж.

С) 1961 ж.

Д) 1962 ж.

Е) 1963 ж.

    1. Көктал ауылындағы Дәнеш құрған өнер ұжымының «Халық театры» атағын жеңіп алған жылы?

А) 1960 ж.

В) 1968 ж.

С) 1970 ж.

Д) 1980 ж.

Е) 1990 ж.

    1. Дәнеш өз орындауындағы 100-ге жуық әнді қазақ радиосына жаздырған жылы?

                     А) 1970 ж.

                     В) 1960 ж.

                     С) 1980 ж.

                     Д) 1950 ж.

                     Е) 1990 ж.

    1. Талдықорған облыстық филармониясына шақырылып , «Арай» ансамблін басқарған жыл?

                        А) 1972 ж.

                     В) 1973 ж.

                    С) 1974 ж.

                    Д) 1975 ж.

                    Е) 1976 ж.

    1. «Арай» ансамблінің құрамы толықтарылып, өзгертілген аты?

                       А) «Гүлдер»

                    В) «Шолпан»

                    С) «Шұғыла»

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы