Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

Біздер  бұдан Дәнеш Рақышевтың қара басының қамы емес, қайтсе әннің әсемділігін халыққа жеткізу, рухани қызығушылығын байыту, әннің көркемдіктегі ерекше дүниетанымдық ролін,  «ешбір күштің қуаты жетпейтін дәрежеде адамдардың рухани бет-бейнесін өзгерте алатын, жанын тазартатындық» қабілетін мойындатқанын байқаймыз. Оның ғұмырбаяны мен әншілік, сазгерлік,  педагогикалық, ұйымдастырушылық, қоғамдық қызметін зерттеп зерделегенде, бұл есімді ұлттық мәдени мұратымыздан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Дәнеш Рақышев - жан дүниесі таза, өресі биік, құлашы кең тұлға.  Адамгершілік қасиеті оны әрдайым басқалардан бөліп тұратын. Әнші- сазгердің осындай қасиеттерін оның әріптес, қызметтестерінің, замандастарының, шәкірттерінің, өнер жолында жұбын жазбаған зайыбының естеліктерінен  көптеп кездестіреміз.Табиғи зеректілік, кемерінен асып төгілген мол ақыл мен эмпирикалық жолмен меңгерген білім, зор еңбекқорлық,  сирек кездесетін ұйымдастырушылық қабілет пен табандылық және іскерлік Қазақстан Респуьликасының Халық әртісі Дәнеш Рақышевтың бойына туа біткен қасиет болатын. Сондықтан да болар, ол туған елі мен халқының сенім артқан адал азаматы болып қана қоймай, өзі таңдап алған өнер жолында да басқаларға үлгі өнеге боларлықтай дәрежеде еңбек етті. Мұның өзі ұрпақтар  жалғастығы деуге тұраралық іс. Себебі, өткенді білмей,  болашаққа жол салу мүмкін емес.Ал Дәнеш Рақышев болса, дәл осы салада  артында мол рухани байлық қалдырып кеткен тұлға. «Нағыз адамды дәуір тудырады» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, Дәнеш Рақышев та Қазақстанның музыка өнерінен өзінің лайықты орнын алған, өз дәуірінің перзенті екендігінде дау жоқ.

     Дәнеш Рақышевтың музыкалық, педагогикалық  мұраларының танымдық, тәрбиелік  ерекшеліктерін білу үшін, ол  туралы замандастары, әріптестері,  шәкірттері әр кезде жазған  мақалалар мен естеліктеріне  көңіл бөлу қажет. Енді солардың  бірқатарына тоқталып өтелік. Мысалы, республикамызға кеңінен танымал  жазушы Сәуірбек Бақбергенов:  «Меніңше, Рақышев қасиетінің өзі  сонда, ол әрбір әнді өзінше, өз өрнегімен, өз нақышымен  орындайды. Мұндай қасиет тек  орындаушылық қана емес, өзінің  өнері барлығын көрсететін қасиет... Мақпал дауыс, масаты үн деп  Кенекем айтқандай, мақпал ең  алдымен масаты, барқыт, мәуіті сынды  жұмсақ, асыл матаның аты.  ...Әсеттің  «Мақпалын» мақпалша жүрекке  жылы, жанға жайлы, толқынды сазды  орындай білу аса үлкен әншінің  өрісін, өресін, көрсетеді»,- деп әділ бағасын береді. «Дәкеңнің жеке басына келсек, табиғатынан сабырлы да салмақты, биязы да, маңғаз адам еді. Осыдан болар, өзім көбіне сол кісінің жүріс-тұрысына, мінез құлқына, жалпы тұла бойы тұрғысына қарап бой түзеуді арман еттім. Соның ішінде, әсіресе, ұстамдылығы, шыдамдылығы, сырласа да, сыйласа да  білу сияқты қадір-қасиеті қатты қызықтыратын. Өзім деген адамға өзегі жарыла, үстіндегі көйлегін шешіп беруге даяр еді. Адамды адамша сыйлай білу де үлкен қасиет екен ғой»,- деген пікір білдіреді [95,-30 б.].

Дәнеш Рақышевтың осындай тілеулес шәкірттерінің  бірі Ж.Мырқаев өзінінің «Хас тұлпардың  дүбіріне ілестік» деген мақаласында  былайша еске түсіреді: «Кетпен ауылының ортасында биік бағанға бекітілген радиодан «Ахау, жүйрік ат» деген  ән басталып кетті, аяғына дейін сабақтан кешіксем де, жабысып тыңдап тұрмын. Ән аяқталды, керемет ашық дауыс, кәдімгі  өзіміз жүйірік ат мініп, тазы ертіп, құс салып жүрген нағашы атамыз екеуімізге арналғандай. ... Кейін білсем, бұл  әнді орындаған Дәнеш Рақышев  деген әнші екен. Әнші-ақ, шіркін!», деп  тамсанады. Ол кейінірек Алматыдағы республикалық  эстрада-цирк студиясының  халық әндері бөлімін бітіріп, арнайы жолдамамен Талдықорған облыстық филармониясына келеді, өзі армандаған Дәнеш Рақышевпен жолығып, дәріс алады. Танысу әншілік  мектепке айналады. Әншілік өнерге баули отырып: «Әннің мазмұнына көңіл  бөлу керек, домбыраға қатты қол  соқпа, жай сүйемел ретінде жетелеп  отыру керек. Сөзін анық айт, демді  дұрыс ал, әнмен байланыстыра білу қажет. Тыңдаушыға әдемі әннің иірімдерін асықпай жеткізесің сонда»,- деген ақыл-кеңестерін үнемі есте сақтап, ұстазына жүрек жарды алғысын білдіреді [86].

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері профессор  М.Жолдасбеков болса, Дәнеш Рақышевтың жеке адамдардың ғана емес, бүкіл халықтың, ел жұртының сый-құрметіне бөленген, өте қадірлі, қасиетті ел азаматы  екендігін, Дәнеш Рақышевтың 60 жылдық мерейтойында былайша өрнектеген болатын:

«Ардақты  Дәке! байтақ қазақ даласы қашаннан да әннің, әншілік өнердің аңызға айналған ғажайып өлкесі еді. Жалпақ сахарада әлемді таң қалдырып, тамсандырып, сызылтып әсем ән салған, әннің төресін  танытқан небір күміс көмей, жезтаңдай  таланттар ғұмыр кешкен. Сіз туып өскен Жетісу өлкесі сондай аяулы  өнердің алтын мекені. Сіз сол  өңірде туып, халқымыздың ғажайып  өнерін жалғастырып келе жатқан еліміздің  ерке әншілерінінң бірісіз. Бүгінгі  ел сіздің әніңізді тыңдағанда аяулы  Біржаны мен Ақанын, асыл Балуан Шолағы мен Мұхитын, Жаяу Мұса, Үкілі  Ыбырай, Кенен, Жүсіпбек, Ғарифолла  тәрізді ғажайып жампоз өнерпаздарын еске алады. Сүйікті Дәке! Өнерді өлтірмей, кейінгі ұпаққа әсем жалғастырып, Әсеттің  әншілік мектебін дамытып келе жатқан тұлпардың тұяғы, асылдың сынығысыз, әрі сұлу да асқақ, сазды әндердің авторысыз. Өскен өлке, туған жер, өнген орта туралы айтатын және өзіңіз шығарған әндер асықпай, иін қандырып, жеріне жеткізіп айтуды қажет ететін, салиқалы зерттеулерді күтіп тұрған кең байтақ мұра. Келешекте мұның  да сәті түсер. Басқасын былай қойғанда,  сіз айтатын   «Аңшының әнін»  тыңдағанда ән-хикая, ән-эпопея болар  ма екен, әйтеуір. Ән дастанның Иран бағына кіргендей ғажайып әсерде болатынымыз сөзсіз. Дәке, «Алпыс ердің  жасы» деген! Сіз қазір нағыз  бабыңызда, суытылған шағыңыздасыз. Деніңіз сау, өнердегі мәртебеңіз биіктей  берсін., ұзақ жас жасаңыз» [94,-220б.].

«Басқаны  былай қойғанда, қазақтың біртуар  азаматы Нұрғиса Тілендиев оркестрімен  концерт қойып, ауданға келіпті,- деді Кеңес Әкімбеков. Онда мен Көктал қой совхозының партия ұйымының хатшысы  едім. Аудан бойынша, дайындалып әлекке түсіп жатырмыз. Нүкеңді Жуанағашқа концерт қоюға апаруым керек  болды да, машинаға отырғызып алып, заулап келеміз.

- Әй, Кеңес!  Жаркентті жанымдай жақсы көремін.  Өйткені бүкіл әлемге қазақтың  атын шығарған халық суретшісі  Әбілхан Қастеев және Әсеттің  мұрагері болған әнші Дәнешті  туып өсірген жер. Сондықтан  бұл өңірге басымды иіп, топырағын  құшақтай сүйіп, жатып алғым  келеді. Осы ырымды жасап та  келемін. Жаркенттен талай-талай  жарқыраған жұлдыздар жарқ етер. Дегенмен, осы өңірдің алғашқы  жұлдыздары ғой, сонау астана  қастерлеп, игі жақсылар бас  иіп келгенде, сендер тіпті төбелеріңе  көтеруге тиіссіңдер,- деп Нұрғиса  көңілдегісін жасырмай айтып  салған еді»[94,-221б.]. Міне, осы естеліктерге шолу жасап, біз Д.Рақышевтың қалың бұқарамен тағыз қатынаста жұмыс істеп қана қоймай, солардың қажетсінген сұраныстарын тап басу арқылы, халықтың болашағы үшін бар өмірін сарп еткенін, өнер мен мәдениетті алға дамытуға барынша үлес қосқанын көреміз. Дәнеш Рақышевтың ордендер мен медальдар ғана емес, сонымен қатар «Құрмет грамоталарымен» де марапатталып, 50 жылдығына орай, «Қазақстан Респубикасының Еңбек сіңірген әртісі», 60 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Халық әртісі» атағын иеленуі сол ерен еңбегінің айғағы. Ол жеке  адамдардың ғана емес, бүкіл халықтың, ел-жұртының сый-құрметіне бөленген, өте қадірлі, қасиетті ел азаматы еді. Қазақстандағы, тіпті жақын шетелдегі халықтардың бәріне бірдей көзқараспен қарайтындықтан, оны өзге ұлт өкілдері зор құрмет тұтты. Кейінгі жас ұрпақ, біздер үшін  қазақ халқына шын мәнінде тәуелсіздік  әкелген жаңа ХХІ ғасырда өткен тарихымызды түгендеп, ой елегінен өткізіп рухани байлықтарымызбен қатар, сол байлықтарды жасап, зерттеп, құнды- құнды еңбектер жазып  қана қоймай, халықтың хас өнері үшін қызмет істеген  Дәнеш Рақышев сияқты біртуар азаматтардың, қоғам және өнер қайраткерлерінің, зиялылардың есімдерін дәріптеу, туған халқына қайтару бүгінгі таңда атқаруға тиісті кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі деп білеміз. Өйткені, Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышев еліміздің рухани, қоғамдық төрінен ойып орын алар біртуар тұлға екендігіне дау жоқ. «Әнді тек дауыс айтпайды. Адамның білімі де, ақылы да  ең аяғы инабаты мен мінезі де бәрі қосылып айтады.  Менің өнерпаз іні- қарындастарыма, ұл-қыздарыма басты үйрететінім де осы. Әуенді сала алсам, дауысымды әдемі шығарамын, халықты риза етуім қиын емес,-деп қателесетіндер баршылық. Байқайсың ба, кез келген адам тыңдап ән айтса, кез келген әнді сала алады, дауысың ды әдемі шығара алады, демек, белгілі дәрежеде кез келеген адам әнші. Ал біздер әнші деген ресми аты бар әншілер әнді жанымызбен, бүкіл ақыл-ой, жүрегіміздің лүпілімен шырқап бермесек, онда тыңдаушылрдың қошеметіне оңайдан оңай бөлене алмаймыз», - дейтін әнші-сазгер [90]. Халық музыкасын жоғары бағалаған Д.Рақышев өз шығармашлығын қазақ музыкасының ұлттық ерекшеліктерімен тығыз ұштастырып отырды. Ұлттық фольклордың интонациялық, ырғақтық өрісінің шеңберін кеңейтіп, ұлттық дәстүрді үлкен сүйіспеншілікпен меңгерудің үлгісін көрсетті. Дәнештің музыкасын халқымызыдың сүйіп тыңдауының басты себебі де оның осы қасиетінен болса керек. Дәнеш Рақышев шәкірттеріне тек ән үйрету, әншілік әдіс-тәсілдерді меңгертумен шектелмей, тәлім-тәрбиесіне де назар аударды. Ұстаздық - өмір бойы оқу жолы. Ал, оқу - тынымсыз іздену, біліммен сусындау. Жақсы әнші жақсы ұстаз бола бермеуі мүмкін. Ұстаздық та барлық адамға бірдей біте бермейтін қасиет. Д.Рақышев өзгелерді үйрете жүріп, өзі де өмірден үйренген адам.

 

1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі  және шығармашылығы

 

     Бір адамның бойында әйгілі  музыкалық-орындаушылық әрі көрнекті  музыкалық-педагогикалық дарындылық  сирек кездесетін ғажап қасиет. Міне осындай феномен өзінің  өнердегі бүткіл өмірін әртістік  әрі педагогикалық іс-әрекетпен  үйлестіре білген Дәнеш Рақышев болды.

Қазақ әндеріндегі  музыкалық-образды ойлаудың құрылымы мен логикасын пайымдау, олардың  интонациялық-ырғақтық нюанстарын және үйлесімділік заңдылықтырын аша  білуді әнші орындаушылық интерпретациясында басты негіз ете білді. Д.Рақышев үшін музыка өнеріндегі осы екі сфера қазақ әндерінің шығармашылықты ниет-пікірі мен ғажайып сұлулығына терең бойлану ажырамас бірлікте болды. Осы қағидалар Дәнештің эстетикалық принципі бола отырып, оның музыкалық іс-әрекетінде оындаушылық пен педагогиканың өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығын қамтамасыз етті.

М.Ахметова халықтың көркемдік толғаныс және әншілік  өнерге деген жоғары талабы туралы талдай келе, халықтың ән айту мектебі  сан ғасырлар бойындағы тәжірибе нәтижесінде эмпирикалық жолмен вокалдық өнерге баулудың өзіндік әдістерін  жасап, тамаша кәсіби әншілер тәрбиелеп  шығарғандығын пайымдайды [102].

     Дәнеш Рақышев кәсіби әнші болу деңгейіне өз бетімен, өздік білім алу нәтижесінде жеткен. Белгілі қазақтың әншілік мәдениетін зерттеуші З.Қоспақов айтқандай: «Халықтың ән – күй толып жатқан сәйгүлік әнші – композиторлардың мектебі болды. Осы күні аты шулы әнші – музыкашылардың алғаш рет нәр алып, бойына сіңірген, «құлақ бұрауын» күйге келтірген сол халықтың үлгі, өнегесі десек қаталеспейміз. Қазақ әншілерінің дарындылығы сонша, «Құлғы да, Қожбек те, Құрманбек те ешбір музыкалық оқу орындарында оқымай – ақ , өнерге сияқты күрделі музыкалық жоспарды игеріп кетті. Тек бұлар ғана емес, әнші – музыканттарымыздың көпшілігі-ақ осындай жолмен өнер биігіне көтерілгені анық». Солардың қатарында Дәнеш Рақышев та қазақ көгінде өнер жұлдыздары болып жанған шамшырақ, кәсіби әнші [103].

С.Елеманова олардың қалыптасуының үш кезеңін атап көрсетеді. Біріншісі – дамыған музыкалық ортадан шыққан жас талант (әнші немесе күйші) болашақ ұстазының шеберлігін эмпирикалық жолмен қабылдайды, екіншісі – ұстазынан тікелей үйреніп, оның білім – танымымен, тәжірибесін орындау үлгісін қабылдайды. Бұл кезең де шәкірт ұстазының ел қыдырып, өнер көрсеткен сапарларында бірге болады, халықтың әр түрлі әлеуметтік ортасындағы өнерге деген құштарлығымен танысады. Үшінші кезең -  шәкірттің халық алдында өнер көрсетуі, тікелей айтыстарға қатысуы.

Біздің  пікірімізше, С.А. Елеманова қорытындылаған бұл үш кезең Дәнеш Рақышевтың кәсіпкер әнші ретінде қалыптасу процесіне сәйкес келеді.

           Концерттік іс - әрекеті Дәнештің  музыкалық шығармашылығының мол  үлесі еді. Ол әрдайым кіршіксіз  дайындықты, эстетикалық талғамды, көркемдік  кемелдікті танытқан.

     Дәнештің Қазақстанның түпкір-түпкірінде, шетелдердегі гастрольдік концерттері  оның жемісті педагогикалық қызметіне  ешбір кедергі жасаған емес. Оның  педагогикалық беделінің соншалықты  үлкен екендігін Ж.Елебековтің  әншілік мектебінде тәлім алып  келген соң да жалғастырған  Ж.Мыркаевтың естелігі дәлелдейді [104].

Әншілік композиторлық өнер салты Қазақстанның әр өңірінде өзіндік игі дәстүлерімен ерекшеленгенімен, айналып келгенде, ұлттың болу өзгешеліктерін негізделген  біртұтас қазақтың ән деген музыка жоспарын құрайды. Мұнда Арқанның жібектей созылған иірімдері мен салиқалы қайырымдары мол кең тынысты  әндері, мәнерлілігі айқын, әсерлік  қуаты асау аттай тулаған Батыс  өнерінің әндері, Ахмет Жұбановтың анықтағанындай, «Жан ауыртпайтын Жетісудың  әндері», Сырдың әншілік – жыршылық, термешілік мектебі, уақыт өткен  сайын жоқ сипатқа ие болып  өмір сүруде». Біздің көзқарасымыз бойынша, Д.Рақышевтың әншілік – метебі А.Жұбанов  баға бергендей, «Жан ауыртпайтын Жетісу әндерінің» табиғатына сәйкес. « ... Халық композиторлары туындыларында ән сөзінің әр буыны дерлік мелодиялық дыбыстар тізбегінде маржандай сабақталып, айшықталып, бұралып, мәнерлі айтылады. Немесе әннің кейбір фазаларының құрылуы арқылы өзгеріс табады. Бұл әндер әнші демінің кеңдігін, аса биіктігін, дәлірек айтқанда халықтың, әншілік өнер мектебін игерген адамды керек етеді. Халық композиторларының әндерін көрінген адам айта алмайды. Сондықтан да жоғары дәрежеде қалыптасқан әншілік өнердің халықтық бірнеше мектебі барлығы байқалады (бұл әлі зерттелмеген мәселе) [105].

Дәнештің  осындай алғашқы әншілік талабына бағыт – бағдар беріп, булаған  өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған адам – Шыңжан елінде аты шыққан Мәмет, Қадырихан еді. Олар шәкіртін ән айтудың сан қырлы сырларынан үйреніп қана қоймай, әншілік жолға  шындап беріліп, қанатының қатаюына, өнерге деген өзгеше сүйіспеншілігін  арттыруда себепкер болды.

Дәнештің  кәсіби әнші екендігі даусыз. «... нағыз  қыранды аяқ бауды шешкенде көретініміз  сияқты домбыра қағысынан да байқау қиын емес. Дәнештің домбыра қағысында  дәлдік, әсемдік, саздылық, құбылып  жататын үнділік кейбір әншілердің дауысынан әлдеқайда анық та қанық, сазды естіледі», - деп С.Бақбергенов  бағалағандай, әншілік мектебін өзінің ізбасарлары, шәкірттері арқылы да танытып  кетті. Олардың қатарында М.Мұқаманов (Қазақстан Республикасының Еңбек  сіңірген әртісі), Ж.Мырқаев (Ә. Қашаубаев  атындағы байқаудың жеңімпазы), А. Бақбергенов (Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері), А. Қармысов (Қазақстан  Республикасының Мәдениет қайраткері), Н.Жанпейсов (Ә. Қашаубаев атындағы байқаудың лауреаты, «Шабыт» халықаралық  фестивалінің лауреаты), С. Шыныбаев (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  музыка факультетінің оқытушысы), және т.б. атап өткен жөн. Д. Рақышевтың қазақтың ән өнерінің дамуына қосқан үлесі де назардан тыс қалмай, халықтың сүйіктісіне айналған еңбегі көзі тірісінде жоғары бағаланып, 1976 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, 1986 жылы Қазақстанның Халық әртісі атағын алса, кейіннен облыс орталығында  
Д. Рақышев есімімен көше, мектеп-интернат аталды. Сонымен қатар, Жаркент қаласында көше, Панфилов ауданындағы Үшарал ауылының Халық театры, Талды ауылындағы орта мектеп Д.Рақышев есімімен аталады.

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы