Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61
А.В.Сиркисян өзінің «О
Дәнеш Рақышевтың вокалдық
Вокалдық практикада К.С.
Дәнеш Рақышевтың әншілікке тәрбиелеу процесінде өзінің ән салудың техникалық тәсілдерін, түйсінгендерін ауызша жеткізді. Бұл түсіндірмелер әнші даусының әдемі әуезділігін, әншілік үн шығарудың түрлі қасиеттерін түйсінуді сипаттайтын образда бейнелі сөздер түрінде болады. Ал шәкірттер болса, осы образды бейнелі сөздерді өзінің бұлшық ет түйсіктеріне және өзіне тиісті үн шығару ұғым – түсініктеріне «аударуы» қажет болды.
Әрине, ән салуға
«Әнші дауысын қою» термині Еуропада қалыптасқаны белгілі. Қазақ әншілерінің шәкірт тәрбиелеуінде бұндай түсінік қолданылмаған. Бұл термин Қазақстанның орта-арнайы, жоғары оқу орындарында әншілік өнерге баулу тәжірибесінде классикалық әншілікке баулу қолға алынған кезеңдерде пайдаланыла бастады. Біз бұдан әрі Дәнеш Рақышевтың вокалды педагогикасына талдау жасау барысында осы терминді қолданамыз. Және «Әншінің дауысын қою, яки оны кәсіби әншілікке даярлау үшін бейімдеу және дамыту», - деген К.М.Малышеваның түсініктемесін негізге аламыз [116].
Шындығында да bel canto жөнінде Този айтқандай, ерте итальяндық мектеп: «Бұл мектеп дұрыс интонациялауға, дауысты қоюға сөздерді анық естіртуге үйретті»,- деген тұжырымы Д.Рақышевтың вокалдық педагогикасында көрініс табады[117].
Дәнеш Рақышев ұстаздық қызметте, ең алдымен табиғи дауысы мен музыкалық қабілеті және белгілі бір ән салу тәжірибесі бар жастарды таңдайтын.
Бірінші, сүйемелдеумен ән
Екіншіден, үн тербелістерінің
жасалуын тікелей қатысатын
Үшіншіден, көмекейде пайда
Дәнеш Рақышевтың әншінің ән
орындау процесіндегі осындай
аспктілерге назар аударуы
«демі зор әнші», «демі ұзақ
әнші» деп халықтың өзі баға
бергендей әншінің деміне
Ән салу процесінде әншінің
көмекейіндегі дыбыс
Жоғарыда айтылғандарды ой
Вокалдық педагогикада әнші
Д.Рақышев сөйлеу дикциясы мен ән салу дикциясының ерекшеліктеріне өте мән берген. Оның себебін А.Яковлевтің : «Әншілік қозғалыстың ерекшелігі жаңа байланыстарда және жаңа проприоцевтивті сигналдар тудырады»,- деп тұжырымдағанындай, Дәнештің әншілік сөйлеудің күрделілігі мен ұзақ процесс екендгін терең пайымдағандығына көз жеткіземіз [121].
Әнші-педагог әнді әсем салуда дауысты дыбыстардың ролін жақсы түсінгендігі байқалады. Мәселен, С.Н.Ржевкин пайымдағандай : «Жоғарғы әншілік формантаның айқын болуы, әншілік дауыстың дұрыс қойылуының негізгі әрі маңызды белгісі»[122]. Осы ретте дарынды шәкірттерінің бірі Ж.Мырқаев баян еткендей, ұстаздың : «Сен ән салғанда а, и, у, ы сияқты дыбыстарды шүйірлеп, жинақтау айтуға тырыс»,- деуі әншілікке баулудың алғашқы тәсілдерінің бірі екендігіне мән бергендігін, өзінің көп жылғы әншілік тәжірибесінде әнші даусының көркемдік құндылығын арттыратын қасиеті екендігін жете түсініп, дұрыс талап қойғандығын аңғартады. Ұстаздың осы әдісінің қаншалықты маңызды екендігіне Л.Б.Дмитриеваның: «Дәл осы дауысты дыбыстар негізінде дауыстың вокалдық сапа-қасиеті сомдалады: тембр, күші, интонацияның дәлдігі, регистрлік тепе-теңдік, сондай-ақ вокалдық техниканың барлық түрі».
Әрбір педагог, жалпы алғанда әнші дауысын қалыптастыруда қайсыбір дауыстылардың әуенінен күш алып, алға жылжиды»[123]. Бұл пікір: «Дауысты дыбыстар да, дауыссыз дыбыстар да сол бір органдардың көмегімен жасалады. Дауысты дыбыстардың белсенділікпен айтылуы ауа қуысының бұлшық ет қабырғаларының күшейген ықшамдалуынан туындайды, сөйтіп салыстырмалы түрдегі берік қабырғаларды резонатрға айналдырады да ән салу кезіндегі дауысты дыбыстардың сыңғырын ұлғайтады. Міне сондықтан да дауысты дыбыстар неғұрлым айқын айтылса, дауыс та соғұрлым анық шығады»,- деген А. Г. Менабенидің әдістемесінде де жақсы айтылған. Автор вокалы жаттығулар ретінде дауыс қатпарлары белсенді жұмыс жасайтын және жоғары үндерде құралған сыңғырлы дауысты дыбыстардан құралатын жаттығулар қолданылады деп түйіндейді. Осы ретте Дәнештің шәкірттерімен ән салу жаттығуларынан көптеп мысал келтіруге болады. Ұстаздың ән сабақтарында жеңіл-желпі әндерді мәтінімен айтқызбай «а», «и» дыбыстарымен ғана ыңылдатып салдыратынының себебі осында болса керек.
Бірінші
кезеңде Б.А.Струве айтқандай педагогтың
музыкалық шығарманы толығымен
орындап беруі : «оқушылардың музыкалық
шығарманы оны үйренуді бастамас
бұрын өте-мөте тиімді болады. Осылайша
«көрсету» шығарманың сипаты мен
мәнері жөніндегі жалпы түсінік
беруге көмектеседі, оқушының көркем бастамашылығын
ынталандырады, белсендіреді, жұмыс
істеу қабілетін арттырады»[
Дәнеш кіші-гірім
әндерді үйретуде шәкірттерінің
санасына шығарманың қарқыны, динамикалық
нюанстары, шарықтау шегі туралы ұғым-түсінік
қалыптастыруға талпынысы «Музыкалық
шығарманы алғаш үйренуде оқушылар
оның идеясын бүтіндей дерлік пайымдауы
тиіс, оның жалпы құрылымын, фразалардың
бір-бірімен қатынасын тани білуі
тиіс»,- деген Л.С.Ауэрдің тұжырымымен
ұқсастығына көз жеткізеді[125]
Дәнеш Рақышев шәкірттерін әншілікке баулып, кәсіптік деңгейге жеткізуде белгілі бір вокалдық оқытудың принциптері мен әдістерін ұстанған. Ұстаз байсалды шеберлікпен шәкірттерінің әншілік үн қалыптастыру туралы білімдері мен вокалды-техникалық, көркемдік дағдыларын ғана емес, әншілік дауысын, орындаушылық нышандарын, музыкалық-эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін де дамыта білді: ес, байқампаздық, ойлау, қиял, сөйлеу, эстетикалық сезімі, ерік. Сөйтіп вокалдық білім беру процесінде шәкірттерінің жеке тұлғасы қалыптасты.
Білім берудің тәрбиелілігі жеке тұлғаның жан-жақты дамуының маңызы жоғары мақсаттарының бірінен саналуы.
В.П.Баранов қарастырылып отырған оқыту принципінің мынадай бағыттарын атап көрсетеді:
- оқу материалының елдің қоғамдық-саяси өмірімен, осы заманғы ғылым мен техника, мәдениетпен байланысы;
- диалектикалық-материалистік дүниетанымды , әлемді және оның заңдарын ғылыми тануын қалыптастыру;
- жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, тәртіптілігін, табандылық пен еңбексүйгіштігін тәрбиелеу;
- оқыту процесінде пайда болатын сезімдердің, күйзелістердің , әсерлерінің қалыптасу процесін басқару;
- балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту және қалыптастыру [126].
Принциптердің бұл қағидалары мұғалімнің жұмысында белгілі бір талаптар қояды. Д.Рақышевтың шәкірттерін әншілікке баулуда В.П.Бароновтың анықтаған талаптары бойынша, әншілікке баулудың тәрбиелік принципін ұстанғанына сипаттама берелік.
1. Д.Рақышев әншілікке баулуда шәкірттерінің дүниетанымының, олардың көзқарастары мен сенімінің қалыптасуына үлкен зер салатын. Ол әрбір сабағында тыңдаған музыкалық шығармалардағы әлемнің бейнесін сонымен ұғынып, аңғаруына шәкірттерінің тек әншілікпен ғана шектелуін болдырмас үшін алған музыкалық білімдерін өмірмен байланыстырып, әсіресе, шәкірттерінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын, икем- бейімділіктерін, қажаттіктерін есепке алып, оқу материалын бағыттап отыратын.
2. Әрбір сабағының шәкірттерінің жеке тұлғасының моральдық, еңбек, эстетикалық қасиеттерін жетілдірудегі мән-маңызын терең пайымдайтын.