Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

3. Д.Рақышев өзінің табиғатынан байқампаздық, аңғарымпаздық қасиетінің арқасында шәкірттерінің музыкалық қабілеттерінің көрінісін көре біліп және оны мейлінше жетілдіруге барлық қажетті жағдай жасайтан.

Сөйтіп, Д.Рақышев оқу процесін шебер ұйымдастыра білуі арқасында оқытуды шәкірттерінің жеке тұлғасын қалыптастырудғы тәрбиелік функциясының факторына айналдыра алды.

Д.Рақышев  шәкірттерін әншілікке баулуда оқытудың ғылымилық принципін ұстанды деп айтуға толық құқығымыз бар. Өйткені, Д.Рақышев қазақ музыкасының , соның ішінде вокал өнерінің қыры мен сырын тереңірек меңгерген ғұлама деп айтуымызға болады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін де жетік білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» шежіре еді. Шәкірттерімен сабақ өткізгенде оларға ән үйретіп немесе өзі де ән сала отырып халықтың қилы тарихынан, мәдениетінен әңгімелер айтып беретін. Әсіресе, музыка өнерінің тарихын жетік білетін Дәнеш, музыкалық шығармалардың жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама беруші еді. Осы ретте Әсет Найманбайұлының шығармашылығын жинақтаушы, орындаушы, таратушы ретінегі еңбегі өлшеусіз. Бұл қазақ музыкасына қосқан сүбелі үлесі болды.

1. Д. Рақышевтың әншілікке баулудағы ғылымилық принцип, ұстаздық азаматтық шығырмашылық тәжірибесінің маңызын жете түсінгендігі және оны шәкірттеріне жеткізе білгендігі, сонымен қатар ойдың құбылыстан мәнге, сырттай байқалатын сапа қасиеттерді іштей аңғаруға қарай ұйымдастыра алғандығын көреміз.

2. Д. Рақышев ғылыми музыкалық білімдердің шәкірттерінің дамуына ықпалын пайымдый білуі.

3. Ұстаз оқу материалының музыкалық болмысты мейілінше терең түсіндіре алатын мүмкіндігін тани білді.

4. Әншілік дәрістерінде, концерттік қойылымдарда шәкірттерінің сахнаға шығуы кездерінде олардың алғашқы музыкалық ғылыми түсініктерін жүйелеу және қорытындылаудың жолдырын көрегендікпен таба білді.

Д. Рақышевтың әнші дауысы және үн қалыптастырудағы бүгінгі таңда қалыптасқан мағлұматтар  вокалдық білім берудің ғылымилық  принципке сәйкес жүзеге асырған  деп білеміз. Өзінің ұзақ жылғы тәжірибесінде  әншілік тыныс алудың қандай қасиеттермен сипатталатындығын және қалай орындалатынын, оның әншілік фонацияға қалай әсер ететін ерекшеліктерін терең пайымдауы көптеген сахна шеберлерін дайындауға мүмкіндік берді.

Көрнекілік принципі В.И.Коркинаның тұжырымы бойынша: «Оқушылардың оқу процесінде алатын білімдері есте қалатын сөздік формуляровкалармен немесе ешқандай танымдық мазмұнда болмаса, болмыстың бейнеленуі ғана болса, олар түйсікке сүйенуі тиіс. Осы айтылғандардан оқу процесіндегі көрнекіліктің, яки сананың сыртқы дүниемен тікелей байланысы ретінде түйсікке сүйенуі керек. Осы көрнекілік принципі гносеологиялық дидактикалық принцип ретінде қарастырылады [127].

Оқытудың жүйелілік принципі Д.Рақышевтің педагогикалық қызметінде келесі негізгі қағидалар арқылы жүзеге асырылған:

1. Әншілік өнер жайлы білімдер адамның қоршаған болмыстағы заттардың, құбылыстарды бейнелеуі. Дүниедегінің барлығы да өзара байланыста және үнемі қозғалыста, дамуда болады. Оқушылардың әншілік өнер жайлы алатын білімдері шексіз дамитын материяның жекелеген бірліктерінің, қасиеттерінің, қалпының сипаттамасы болып табылыды.

2. Әншілікке  баулудағы оқу материалы ғылым  ретіндегі вокалдық педагогикалық  өңделген негіздері, бөлімдері,  қағидалары.

3. Оқушылардың  оқу материалдарын меңгеру жүйесі ұстаздың түсіндіру амал-жолдарына тәуелді. Ұстаздың даярлық деңгейі, оның шығармашылығы мен шеберлігін шәкірттердің білімді терең де жүйелі түрде игеруін қамтамасыз етеді. Қайсыбір білім мазмұны түрлі жолдармен, әдістермен, құралдармен зерделенуі мүмкін. Осы ретте ұстаз материалды түсіндіру нақты жағдайлары үшін мейлінше оңтайлы жүйесін таба біледі. Мәселен, шәкірттерге туған жер туралы әндерді үйрнтуде ұстаз осы әндердің жалпы қазақ музыкасында алатын орнын және шәкірттердің осы жөніндегі музыкалық білімдерінің қорын, сондай-ақ шәкірттердің қандай вокалдық операцияларды орындай алу мүмкіндіктеріне сүйенеді.

4. Шәкірттердің  музыкалық білім жүйесін пайымдауы  олардың тұлғалық даму функцияларын  қамтиды, яки салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, абстракциялау,  ойлаудың индуктивтік және дедуктивтік  формалары және т.б. Шәкірттер оқу іс-әрекетінде еңбек етуге қабілеттілік немесе жалқаулық, оқығысы келмеу; табандылық, қажырлылық немесе жігерсіздік, ыңжықтық, тәртіптілік немесе бейбастақтық; қызығушылық немесе немқұрайдылық; баяу немесе тез, шаршауды, болдыруды байқатады.

Лайықтылық принципі. Меңгерілетін музыкалық білімдердің меңгертілуінің лайықтылығы дегеніміз вокалдық іскерлік, дағдылардың қалыптасуы, олардың жеке тұлғалық тәжірибесімен және шәкірттердің меңгерген білім, іскерліктерімен шәкірттің даму деңгейлерімен байланысы болып табылады. Егер ондай байланыстарды орнату жүзеге асырылмаған болса, ондай білім қол жеткізерлік болып есептелінбейді.

Енді  Дәнеш дәрістерінде вокалдық білімінің лайықтылығына ықпал етуші факторларды қарастырайық:

1. Жаңа  білімдердің бұған дейінгілердің  мазмұнымен байланысы. Жаңа білім  әрдайым бұған дейінгіні молайтады,  өзгертеді, жетілдіреді.

Мұндай байланыстарды әр шәкірт әр түрлі қабылдайды. Біреулері жаңаны тез есте сақтауға ұмтылып, бұған дейінгіні еске түсіру ойына кіріп те шықпайды. Бұл меңгеруінің лайықтылығын төмендетіп, жаңаны тек механикалық түрде есте сақтауға итермелейді. Өзгелері жаңаның бұған дейінгі белгілеген байланысын қорыта алмай, ұстаздың түсіндірмесін түсінуде қиналады. Сөйтіп, жаңа білімнің лайықтылығы жеткіліксіз болып шығады. Бұл жерде Дәнештің шәкірттерінің санасында жаңаның бұған дейінгі белгілілігімен байланысының ерекшеліктерін ашып беру іскерлігі әрдайым білімнің лайықтылығын қамтамасыз етіп отыратын.

2. Жаңа  мазмұн шәкіртке әдеттегі немесе  әдеттен тыс, тіпті таныс емес  пайымдауларды, дәлелдемелерді, ойлау  формалары мен операцияларды  қамти алады. Әншілікке баулуда  вокалдық білім берудің лайықтылығы  ұстаздың жаңа білімдерді меңгертуінің, шәкірттердің қалыптасқан ойлау немесе қалыптасу үстіндегі механизмдерімен қаншалықты байланыс орната алуына тәуелді болады. Кейде ұстазға шәкірттерінің жаңа мазмұнды тез игергенімен өзінде қалыптасқан ойлау механизмдерімен және практикалық дағдыларымен байланыстыра жеткізу қиынға соғады. Мәселен, жаңа әнді жақсы түсініп, қабылдай отырып, практика жүзінде әрекеттің жаңа құрылымын, сонымен бірге дауыс аппаратының жұмыс істеуінің жаңа кординациасын меңгермегендіктен орындауда қиналады. Осы ретте мұндай әрекетті ұстаздың басқара білуі, жаңа материалды меңгертуді лайықты ете алады.

Біз Дәнеш  дәрістерінде лайықтылық принципінің  жүзеге асырылуын оқу процесінің дамытушылық сипатта болуымен байланыстырамыз. Өйткені дәрістер әлі де қалыптаспаған, бірақ жаңа мазмұнды игеруге жеткілікті ойлау механизмдеріне, әншілік дағды, іскерліктерге құрылғандығын көреміз. Әнші- ұстаздың осы шеберлігі, көрегендігі Н.А.Минчинаның, Е.Н.Кабанова-Меллер, А.А.Люблинскаяның даму үстіндегі, бірақ әлі де болса пісіп жетілмеген танымдық іс-әрекет механизмдерге сүйенуі оқушылардың дамуын әжептәуір жеделдететіп және оқытудың лайықтылығын жоғарлататындығы жөніндегі зерттеу нәтижелерімен үндестігі анық байқалады.

3. Музыкалық  білімдерді меңгеру шәкірттердің  қызығушылығына, бейімділіктеріне, қалыптасқан оқу еңбегінің дағдыларына тәуелді. Оқытудың лайықтылығы, шәкірттерінің білімге әуестігін, құмарлығын тәрбиелей алуына, танымдық қызуғушылығын қалыптастыра алуына тәуелді. Г.И.Щукинаның «Проблемы позновательного интереса в педагогике» еңбегінде танымдық қызығушылықтар бірнеше түрлерге бөлініп және оларды оқу процесінде тәрбиелеудің шарттары қарастырылғын[128]. Егер шәкірттерге берілетін материал мен оларды түсіндіру қызықты болса, оны меңгеру жеңіл де лайықты болады.

4. Оқытудың  лайықтылығы әрдайым шәкірттердің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің дамуына қажеттілігімен байланыста болады. Мәселен, әншілік жаттығу әуендерін айту білімділіктен гөрі дене тәрбиесін, яки дауыс аппаратының жұмысын (тыныс алу, дикция, артикуляциялық дағдылар және т.б.) жетілдіру қызметін атқарады. Ал кейбір музыкалық шығармаларды орындауда поэтикалық музыкалық немесе музыкалық құрылымын еске сақтаудан гөрі толғанысқа түсу қажеттігі туындайды, ал кейде керісінше, қажетсіз эмоциялардан сөздері мен әуендерін есте сақтау қажет болады.

Әншілікке баулуда оқытудың лайықтылығы келесі ережелерге бағынады:

Белгіліден - белгісізге - жаңа материалды игеруде және оны практика жүзінде бекітуде шәкірттердің өмір тәжірибесін, білім, іскерлік, дағдыларын пайдалану.

Қарапайымнан - күрделіге – оқу материалын баяндауда нақты фактілерден, мысалдардан қорытындыларға, қарапайым қорытындылардан өте-мөте күрделі қорытындылауға біртіндеп өту. Мұндайда жеңіл орындалатын әрекеттерден шеберлікті, ептілікті қажет ететін әрекеттер мен тәсілдерге өтудің дағды, іскерліктерін қалыптастыру.

Жеңілден - қиынға – оқу материалын зерттеуді шәкірттердің айрықша күштеніп ширығусыз меңгеретінінен күрделенген, тереңдеген материалға ауысу.

Осы ережелерді іскерлікпен қолдану көп жағдайда білімді жүйелі түрде тереңдетуге  септігін тигізеді.

Саналылық пен бірізділік принципі. Бұл принцип оқушылардың танымдық іс-әрекетіндкгі бастапқы мынадай жақтарын қамтиды:

Шәкірттердің  оқу материалын санамен ұғынуы, оқу дәрістеріне саналы қарым-қатынасы, танымдық белсенділігінің қалыптасуы.

Әншілікке баулудағы саналылық принципі түрлі  сападағы үндердің қалыптасу себептерін пайымдаумен ажырамас байланыста болады.

Дұрыс қалыптаспаған  үн қандай және оны қайта жаңғыртуда не істеу керек екендігін жақсы аңғарып, қайталай алу аса маңызды. Болашақ әнші үндердің жағымсыз сапада болуының себептерін білу және оны болдырмау жолдарын білуі тиіс. Әншілік процестің құбылыстарының арасындағы себеп-салдарлық тәуелділіктерді аша білуі қайта жаңғыртылған үндердің (салдар) немесе үн қалыптастыру технологиясын (себеп) талдау өз мәнінде вокалдық даярлықты құрайды.

  1. Шәкірттердің оқу материалын саналы түрде ұғынуы танымдық міндеттер мен проблемалық жағдаяттардың қойылуынан басталады. Кейде шәкірттер оқу міндеттерін шешімін табуға тиісті проблемалық жағдайат ретінде қабылдамағандықтан, оны санамен меңгере алмайды. Сөйтіп ,шәкірттер танымдық тапсырмаларды бұрыннан бар білімдерімен байланыстыра алмай, санадан тыс, механикалық түрде меңгеру жолына түсіп адасады. Сондай-ақ, өнімді нәтижеге қол жеткізу үшін ережелерді білу және оны дұрыс түсіндіру; жаңа білімдер негізінде тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау, жаттаған материалды қайта жаңғырту, жаңа білім мазмұнын меңгеру үшін өзге пәндерден алған білімдерін қолдана білу; алған білімдерін мүмкіндігіне қарай күнделікті өмірде қолдана білу; өз білімін қалай тереңдету жолдары туралы ойлану іскерліктері болғаны жөн
  2. Кейде ақылды зерек оқушылар өздерін қызықтырмайтын жаңа материалды шамалы, орташа ғана меңгереді. Кейде оқушылардың зейін қоймауы тәртіп бұзуы материалды санамен меңгеруді анағұрлым төмендетіп жібереді, саналы қарым-қатынас егер материал қызықтыра алса, онда оқытудың мазмұнына оқыту амал жалдарына байланысты танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруды көздейді, бұндай қарым-қатынас көпшілік жағдайда шәкірттердің оқу мотивтеріне байланысты болады. Егер шәкірттер әнші болуға талпынса,онда көпшілік алдында ән салуға ,сахнаға шығуға ұмытылысымен сипатталады. Ұстаздың осы оқуға деген шәкірттерінің мотивтерін аңғара білуі және оның қалыптасуына ықпал ете алуы ұстаздың іс-әрекетінің бастапқы қағидаларынан саналады.
  3. Аталған принциптің үшінші жағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру. Танымдық белсенділіктің қалыптасуының түрлі дәрежесі В.И.Коркинаның еңбегінде мазмұндалған [127].

Ұстаздың  оқу процесіне іскерлікпен жетекшілік етуі оқушылардың        танымдық белсенділігін жоғары деңгейге жеткізудің құралдарын табуға мүмкіндік береді .Ол үшін ұстазға келесі талаптар қойылады:

Біріншіден,оқушылардың  санамен ұғынуының саналы қарым-қатынасының  танымдық белсенділігінің дәрежесін  анықтайтын белгілерді білу .

Екіншіден, материалды санамен меңгеруге көмектесетін ойлау әрекеттерінің, ойлау операцияларының қалыптасуына жағдай тудыру.

Үшіншіден, шәкірттердің оқу мотивтерін зерделеу және оқу процесінде сабақтарға, мектепке, мұғалімдерге жағымды әсер ететін факторларды алдын-ала қарастыру. 

Төртіншіден, дәрістерге даярлық және оны өткізу процесінде танымдық белсенділікті  жоғарылатуға, тұрақты зейінін қалыптастыруға, еңбек ету қабілетін арттыру  амалдары мен тәсілдерін арнайы жоспарлау.

Беріктілік принципі. Вокалдық білім берудің ең маңызды міндеттерінің бірі білім, іскерлік дағдылардың беріктігін қамтамасыз ету. Беріктілік принципі Дәнеш дәрістерінде келесі талаптардың орындалуы арқылы жүзеге асырылған:

  1. Оқу материалының айтайын деген ең бастысын ажыратып алу.
  2. Осы негізгі ойдың төңірегінде мәліметтерді, фактілерді біріктіру.
  3. Зерделенетін материалды көзқарастармен, сенімдермен, дүниетаныммен байланыстыру білімнің беріктігін жоғарлатады.
  4. Оқушылардың меңгерілген білімдерін өмірде, практикалық іс-әрекетте қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.

Шәкірттерге жеке тұрғыдан келу принципі.

 Бұл  принциптің мәні - әрбір оқушының  оқу процесінде жеке ерекшелігін  зерттеу және есепке алуда.  Жеке тұрғыдан келудің көмегімен  түрлі және нақты оқу міндеттерін  жүзеге асыруға болады. Осы ретте  ұстазға мынадай талаптарды орындау  міндеті қойылады:

  1. Үнемі жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерделеу. Жеке тұлғаның дамуының және қалыптасуының негізгі факторларын анықтау.
  2. Оқу процесіне қандай жеке ерекшеліктер жағымды немесе жағымсыз, қандай бейтарап әсерлерін анықтау.
  3. Сол оқушының жеке тұрғыдан келудің көмегімен шешуге болатын нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау.
  4. Жеке тұрғыдан келудің құралдарын және педогогикалық ықпал ету жүйесін анықтау.

Оқытудағы жағымды эмоционалды  орта принципі. Эмоциялар адамның іс-әрекетінде үлкен роль атқарады. Егер адам өзі атқаратын жұмысымен әуестенсе, ол оны шапшаң да сапалы орындайды. Бұл оқушылардың әншілікке баулудағы оқу іс-әрекеттеріне толығымен қатысты. «Шабытсыз оқу балалар үшін бір ауыртпалық»,- деп В.А. Сухомлинский атап көрсеткен. В.А.Сухомлинский мұғалімдерге балалардағы құмарлық пен талпынғыштықтың, білімге деген құштарлықтың ұшқынын аялаңдар деп кеңес бере отырып, осы ұшқынды нәрлендіретін еңбектегі жетістіктің қуанышы, еңбекқордың мақтаныш сезімі деген болатын. Оқытудағы жағымды, эмоционалды орта оқушының ынталы ішкі талпынушылық күштерін әрекетке жетелейді. Оқытудағы эмоционалдықты жоғарлатудың құнды құралдары болып қарым-қатынас, шығармашылық іс-әрекет, көркем туындылар және ұстаздың жеке тұлғасының үлгі-өнегесі саналады.

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы