Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61
Т. Исабеков: «Мәмет ақын кейбіреулер құсап, кеуде керіп, кердең қағып кербезденіп отырмайды, бап таңдамайды, көп қолпаштауды да қаламайды. Мақпал үн тыңдаушыны балбырата, маужыратып баурай алады ... Ол ел естімеген қызықты қиссаларды қоңыр дауыспен сылқылдатып, Әсеттің «Салиха-Сәмен» қиссасын сахнада спектакль көріп отырғандай етіп салатын. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», «Нүсіпжан» дастандарын күндіз – түні жаңылмастан салатын»,- деп сипаттайды [94,-21б.].
Әншінің екінші ұстазы – Қадырихан әнші. Қадыриханмен алғаш кездескендегі алған әсері туралы әнші былай деп толғанады: «Қытайы, қазағы, ұйғыры бар иін тірескен жұрт. Бәрінің ортасында қызыл шырайлы атжақты келген, қара мұртты, шоқша сақалды кісі отыр.
Ол қолдан шабылған ақ
Дәнеш Қадыриханнан Әсеттің «Қысмет», «Жайқоңыр», «Мақпал», «Ардақ» тәрізді көптеген әндерін, жыр – термелерін үйренеді.
Бір жиын - тойда Қадырихан сөз алып: ««Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп Абай айтқандай, Әсет ақын мына Мәмет екеумізді жанынан екі елі тастамай, қыранның баласындай баулыды. Біз Әсеттің төл шәкіртіміз. Бұл күнде Әсеттің әруағына сыйынып, әнін шырқап, Қиссаларын айтып, елге таратып жүрміз. ... Шама келсе, Әсеттей шәкірт тәрбиелеп кетсек пе дейміз, құдай тағала қоштаса»,- деген екен. Дәнешті әншілік өнерге баулуы - сол тілегінің жүзеге асқандығының айғағы.
Тағы бір ұстазы – Қайыпбек Байтасұлы. Бұл Іле өңіріне аты шыққан нағыз күміс көмей, жезтаңдай әншінің өзі болған.
Дәнеш өмірінің соңғы жылдары әншілік сыныбын ашып, ұстаздық қызмет етеді. Казіргі Дәнеш Рақышев атындағы мектеп – интернатта балаларға ән салудың әдіс – тәсілдерін үйретеді. Шәкірттеріне: «Менің ән салу тәсілімде Қайыпбектің әсері молырақ»,- деуші еді. Сол Қайыпбектің өзін көрместен, ең әуелі әнін естиді. «Бір күні таңертең есік алдында отырғанбыз, бір керемет дауыс шықты. «Қайдан шыққан дауыс» деп құлақ түре қалдық. Әмітахун дегеннің қоңсылас ауылында бір топ үй отырған, сол жерде шырқалып жатқан ән болды. Аяңдап, сол ауылға бардық. Барсақ – далаға үлкен текемет жайылған, дастарқанның басында алқа – қотан адам. Сәлем беріп, ортасына біз де отырдық.
«Жаңағы анадайдан естілген
Бұл отырған Қайыпбек
Қайып әнші де әншінің
Дәнештің Әсет әндерін салғанына сүйсінген Мәмет «Ей, Реке, жақсы сөз - жарым ырыс дегендей, сүйіншіңді сала бер ортаға. Балаң тұнып тұрған әнші екен. Әсеттің өзі дерсің, мына Дәнеш ән ырғақтарын тура сол кісіше келтіріп айтты. Ал біз Әсетпен қаншама бірге жүрсек те, оның әнін дәл мынадай айтып көргеніміз жоқ. Дәнештің дауысында табиғат берген, ешкімге ұқсамаған үн бар екендігі байқалады. Құдай бұйырса, Әсеттің шәкірті біз болсақ, біздің шәкіртіміз сен боласың. Жұлдызың жансын, Дәнеш інім», - деп дуалы батасын берген [94,-17б.].
Дәнеш шын мәнінде Әсет мектебінде тәрбиеленген әнші. Әсеттің өзін көрмесе де, оның әндерінің рухын түсініп салатын, идеясын таза сақтап айтатын оның ең талантты шәкірті болды. Дәнеш Әсеттің әндерін түгел дерлік Мәмет Бабасов, Үстеміров Байбазар деген әншілерден, ал олар Әсеттің қасында жүріп көп жылдар атқосшысы әрі шәкірті болған Қадырихан әншіден үйренеді, әндердің өзін ғана емес, шығу тарихын да Дәнеш сол кісілерден естіген.
Ұстаздық пен шәкірттік
Әсетті зерттеуші адам Дәнешті аттап кете алмайды. Дәнештің орындауындағы Әсет әндері өз алдына, сол әндердің сөздері өз алдына ерекше қымбат дүниелер. Екеуі екі төбе. Ал, Дәнешті зерттеу, Әсеттің де ашылмаған құпия сырларына үңілуге көмектесері хақ.
Дәнеш Құлжадағы «Білім жұрты» деген мектепте оқуын жалғастырады. Ол сол мектепте мұғалімдік қызмет атқарған Шимпанзалық суан, оның ішінде ақша руынан шыққан Рамазан Оспанұлының үйінде тұрады. Рамазан Рақышты «туысым», «ағайыным» деп іш тартатын. Сондықтан Дәнешті інісі ретінде, үйіне жатқызып, жақсы оқуына көмектесіп қамқорлығына алған. Рамазан да өнерпаз болатын, ол мектептің мүдірі Нұрахмет Наймантайұлымен бірге домбыра, гармоньмен ән салып, қиссаларды жатқа айтатындықтарымен ел көзіне түскен өнерлі ұстаздар еді. Олар сабақтан соң Дәнешті қастарына ертіп алып, ауыл – ауылды қыдырып аралайды. Өздері халыққа өнер көрсетіп, бала Дәнешке «Ардақ», «Қаракөз» әндерін салдыратын. Сол жылдары Дәнеш сырттай атына қанық болған елге танымал Жиренқожа деген әншіні көріп, тыңдайды. Ол «Екі жирен», «Сарыарқа», «Нақ - нақ» сияқты халық әндерін тамылжыта салатын. Осындай жүздесулер Дәнештің ән салу шеберлігінің шыңдалуына, көркемдік талғампаздығының қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Бірде Жиренқожа Дәнештің сыбызғыдай сызылтып, жүректі шымырлата салған Әсет әндерін тыңдай отырып, таң қалысын былайша жеткізеді: «Ой, жарайсың, балам, мен Әсетті өз көзіммен көріп, әнін тыңдаған жанмын. Ойпырмай - ә! Өзің Әсеттің аузынан түсіп қалғандай екенсің. Әніңді тыңдап Әсеттің өзін тыңдағандай күй кештім. Тіфә, тіфә! Тіл - көзден аулақ бол. «Болар бала боғынан» демекші, әнші болайын деп тұрған бала екенсің. Тек тартынба, заулата бер!» [94,-62 б.]
Дәнештің әншілік өнерге сүйіспеншілігі артып, кейіннен өзінің даңқы шыққан «Аңшының әнін» алғаш айтып берген Байбазар Үстеміров болатын. «Байбазар аға, сіздің даусыңызды бірінші рет тыңдап тұрмын. Сіз тамаша әнші екенсіз ғой, жұртты бірден таң қалдырдыңыз. Сіз айтқан «Аңшының әні» кімнің әні екендігін айтпайсыз ба?», - деп өтінген еді. Байбазар да Дәнешті тыңдап: «Әй, Дәнеш – ау! Сен ақын ғана емес, тамаша әнші екенсің ғой. Мына дауысыңмен ауылда жүрсең, азып – тозып кетесің. Сен кешікпей Құлжаға кел. Аймақ орталығында көркем өнерпаздар үйірмесі құрылғалы жатыр. Ауыл – ауылдан әнші, ақын, күйшілерді жинастыруда. Сені тізімге жаздырып қоямын»,- деп ағалық қамқорлық көрсетіп, үлкен өнер жолының есігін ашқан болатын. «Аңшының әнін» алғаш үйреткен де, ұстазыдай болған да сол Байбазар. Бұл әнді орындағанда ол сахнада отырғандай оң мен солға алма кезек қарап, тербеле шырқады. Сосын мәтінін жаздырып берді де, сол бойынша баяу айта бастады. Ара – арасында: «Мына жерінде асқақтата айт, мына жеріне келгенде құбылта, желдірте шырқа.Елді өзіңе баурап алатындай етіп орында», - деп, домбыраны қаға отырып үйреткен - ді. Сөйтіп, «Дәнештің әншілігін алғаш республикаға танытқан да осы ән. Бұл әнді Рақышев айырықша сезіммен, ыстық ықыласпен орындайды. Әуезді мақпал үні осы әнді орындағанда айырықша құбылады», - деп Б.Нұржекеев тамсанғандай, Дәнеш өнерінің ең тамаша биігін, әншілік шеберлігінің заңғар шыңын дәлелдейтін Байбазар есімімен байланысты осы ән Дәнеш Рақышевтың шығармашылық жолындағы бір белгі іспеттес [76].
Дәнештің әншілік дыбыс қалыптастыруы Манарбек әншінің мәнеріне келеді. Үні әсем қоңыр, кең тынысты, сұлу ырғақтылығының үндестігін Қ.Толыбаев сипаттаған болатын [95,-46б.]. Дәнеш өз ұстаздары Қадырихан, Мәмет, Қайыпбектермен қатар, сырттан болса да, Манарбекті өзіне ұстаз санаған. Дәнеш өзі де Манарбекті өзге әншілерден бөлектеп, аса қадір тұтатын. Сырттай болса да ән өнерінде қайталанбас әншілік шеберлігін меңгеруге тырысып, оны бағалап, ұстаз санаған.
Қазақстандағы әншілік, сазгерлік өнердің дамуына Дәнеш Рақышевтың да қосқан үлесі зор. Белгілі жазушы Қ.Жұмаділов атап өткендей: «Қазақтың ән әлемінде Дәнештің алатын орны ерекше. Ол өнерге өзіндік өмірбаянымен, басқа ешкімге ұқсамас өз мәнерімен келді. Ұлы Әсеттің ұмыт болуға айналған мол мұрасының қайта жаңғыруы Дәнеш есімімен тікелей байланысты. Ол жалғыз Әсет қана емес, Қазақстанда адамдар жадынан өшіріліп, тек қытай қазақтарында сақталып қалған небір асылымызды теріп әкеліп, халықпен қайта қауыштырды» [97].
Дәнеш ән салуға өте талғампаз еді. Солардың ішінен өзінің даусына лайықтысын ғана таңдап, талғап айтатын. «Ән күтірлетіп шайнап беретін өгіздің жемі емес» - дейтін. Әнді қалап орындаудың жайын айтып: «Өзіңнің шамаңды білуің керек. Әннің халыққа ұнайтын жолын таңда. Әнің халыққа жақпаса – қадірің кетеді. Айқайлағанның бәрі ән емес. Ән адамның ішкі сезімін оятып, жанын балқытуы шарт. Өзім дауысыма, мәнеріме келмейтін әнге жоламаймын» [96,-67 б.].
Дәнеш мәнері бөлекше, ешкімге ұқсамайтын. Оның есімін, өнерін молынан зерттеуші Қ.Толыбаев айтқандай: «... кез келген әнді орындаймын деп, көкірек қағып, күпірлік етпейтін. Сылқым, ойнақы, ерке, назды әндерге тер төгетін.»[95,-39б.]
Қ.Толыбаев: «Дәнештің әншілік қасиетіндегі бір байқағаным, ол зорланбайды, орынсыз айқайға аяқ баспайды. Кеңірдекті көпсітіп булықпайды, бұлқанбайды да жұлқынбайды. Аяқты кең тастап, көсіле шапқан шын жүйріктей алқынбай шырқайды [95,-44б.].
Дәнеш өзінің шәкірті Жақсылық Мырқаевқа: «Әннің мазмұнына көңіл бөлу керек, домбыраға қатты қол соқпа, жәй сүйемел ретінде жебелеп отыру керек. Сөзін анық айт, демді дұрыс ал, Әнмен байланыстыра білу қажет. Тыңдаушыға әдемі әннің иірімдерін асықпай жеткізесің сонда», - деп ақыл – кеңес берген. «Қандай әнші болмасын әдемі жеңіл әндерді үйреніп, дауысын орнықтырып, қыр – сырын білгеннен кейін биік, жоғары айтылатын әндерге ауысуға болады. Өнердің қиыншылығы да, қызығы да көп, төзімділік пен жауапкершілікті талап етеді. Өзіңнің алғырлығың, ізденісің, еске сақтау қабілетің болуы шарт. Қай жұмыстың да басты жауы – жалқаулық.
Кейде әншілік жолды жеңіл түсініп, қиыншылығына төзбей тастап кететіндер қаншама? Енді әніңді қайталап пысықтай берейік.
... Сондықтан оншақты әніңді жақсы, көңілден шығатындай етіп дайындағын. Сені әнші деп халық қабылдайды. Өнерде кешірім болмайды» [86].
Ж.Мырқаев алғаш сахнаға шыққанда: «Жүрексінбе, еркін, жеке жүргендей еш нәрсеге көңіл бөлме», - деп жанашырлық жасап, дем берген.
С. Бақбергенов: «Сол бір нақышты, әдемі әндердің ішінен Дәнештің дауысын жаза баспай, ажыратуға болады. Оның даусы ерекше сәнді, кейде жұмсақ, кейде жылы, кейде өр болып келеді. Домбырасын баптауы, күмбірлете қағуы қандай әсем, сұлу десеңші» [86].
Дәнеш халық ішінен шыққан тума талант, дария дарын, өзі де ән шығарады, жүзге тарта әні бар. Бұл әндер халықтық сарынымен, өзіндік әуенімен, жібек жұмсақ ырғағымен ерекшеленіп тұрады. Ешбір сарынға ұқсамайтын, таза қалпымен назар аудартады. Саздылығымен көпшілік көкейінен орын тауып келеді. «Туған ел», «Саясында алманың», «Балжан – ай!», «Соға кет», «Жетісу», «Мақтанышты елім бар», «Наурыз тойы», «Алыстағы бауырлар» секілді әндері кең тарап, қанат жайды. Сөйтіп, Дәнеш қазақ ән өнері әлеміне әсем дауысты жаңа әндерімен үлес қосты.
Әнді жанымен ұққан Дәнеш Рақышев – халқымыздың әншілік өнерінің дамуына, әндерінің орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына талмай үлес қосқан тума дарын иесі.
Дәнештің гауһардай сәуле шашқан бір қыры – сазгерлігі. Оның әндеріндегі көкіректің сыры, құштарлығы, құмарлығы, ынтызары, құлай беріліп, көзсіз сүюі бәрі – бәрі әр түрлі хал, әрқилы көңіл дітімен беріледі.
Дәнеш Рақышев ел ішінде көп жүріп, халық әндерін көп тыңдағандықтан ба, әлде Әсеттің шәкірттері Қадырихан, Мәмет арқылы Әсеттің әнді қалай шығарғандығы жайлы әңгімені көкейіне түйгендіктен бе, тамаша әншілігімен қоса өзі де жанынан ән шығарып, сазгерлікке батыл қадам жасайды. Өлеңін де, әнін де өзі шығарған алғашқы әндерінің бірі «Сәулем–ай» болатын. Оны алғаш тыңдаған «Іле» газетінің редакторының орынбасары Әуелхан Төреханұлы мен Тоқбай Исабек Теңізбайтегі «Ой, Дәке–ау! Бұл ән болғанда қандай ән десеңізші! Халықтық сарында шығыпты», - деп баға берген еді.
Дәнештің сазгерлігі туралы Б.Нұржекеев былайша әділ баға береді: «Дәнештің сазгерлігі де көп сыр аңғартады. Оның әндерінен құрау – жамауды, еліктеуді аңғармайсыз, бәрі де тұтас мінезді, үйлесімді ежелден үзілмей келе жатқан халық дәстүріндегі шығармалар. Кеңес жерінде туып, одан отыз жылдан кейін сол туған жерімен қайта қауышқанында әншінің алғаш шығарған әнінің бірі туған жер туралы болуы да заңды сияқты. Оның осы «Жетісу» атты әнінен (өлеңі Т. Исабековтікі) туған жерге деген сағыныш та, мақтаныш та қатар сезіледі. «Саясында алманың» әні де оның алғашқы туындыланының бірі (өлеңі Т.Толыбаевтікі), әнші мұнда да туған жердің табиғатына тәнті болғандай әсер қалдырады, әннің әуезінде сәбилік еркелік, биязы нәзіктік басым. Дәнештің жұртшылық ықыласына айрықша бөленген, көптеген әнші репертуарынан орын алған туындысының бірі – ақын Рахметолла Нұрпейсровтің сөзіне жазылған «Соға кет» әні . Сірә, оның сыры әннің әуені мен сөзіндегі халықтық колориттің ерекше кабысуында болса керек ...» [76].