Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

 

Сипаттама мектеп оқушыларының Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын меңгеру бойынша дағды-іскерліктерінің қалыптасу дәрежесінің өте төмен екендігін дәлелдейді. Оқушылардың Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасы жөніндегі іс-шараларға қатысуда белсенділік танытпауы, әншінің мұрасын өз бетімен іздеп, зерттеуге немқұрайдылығы, ал Дәнештің репертуарынағы әндерді, төл әндерін бірен-саран ғана оқушының орындап бере алуы, мектеп қабырғасында Дәнеш Рақышевтың шығармашылық мұрасын пайдалануға көңіл бөлінбейтіндігі, жүйелі түрде оқу-тәрбие процесінде таныстырып, үйретудің жолдары қарастырылмайтындығын көрсетеді.

Мектеп  оқушыларының Дәнеш Рақышевтың шығармашылық мұрасын тану деңгейлерін анықтау, олардың көпшілігінің төмен немесе орта деңгейде екендігін (42 %) сипаттайды. Өкінішке орай, олардың біршамасы ғана жоғары деңгейді (8,5 %) көрсетті.

Біз осы  кемшіліктерді ескере отырып, Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын мектептің  оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде пайдалану жолдарын анықтадық.

Тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстың алғашқы ұйымдастыру кезеңінде, ең алдымен, біздер дайындаған жүйені эксперимент жүзінде тексеру үшін қажетті жағдайлар туындату қолға алынды. Дәнештің шығармашылығы тәлім-тәрбие жұмыстарындағы жаңа мазмұн болғандықтан, оны оңтайлылықпен іске асыру мұғалімдер мен тәрбиешілердің белгілі бір даярлығынның қажет екендігі белгілі.

Кесте 4. Мектеп оқушыларының Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын тану деңгейлері. Анықтау кезеңі

 

Тексеру мерзімі

Эксперимент тобы оқушылар саны 117

Бақылау тобы оқушылар саны                                      114

 

                   деңгейлері

                 деңгейлері

жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

1999-2001 оқу жылы

1,8 %

47,8 %

50,4 %

1,7 %

46,4 %

51,9 %


 

Сондықтан біздер мұғалімдер мен тәрбие жұмысын  ұйымдастырушылар үшін арнайы консультациялар  ұйымдастырдық. Консультациялар барысында  Д.Рақышевтың өмірі мен қызметі, әншілік-сазгерлік, педагогикалық мұрасының  ерекшеліктері, тәлім-тәрбиелік мазмұны, сонымен бірге Д.Рақышевтың мұрасын танытып, оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары жөнінде мағлұматтар берілді. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге Д.Рақышевтың  шығармашылық мұрасын таныту, оқытып-үйрету барысында оның тиімділігін дәлелдейтін диагностикалау жолдарымен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Мұғалімдер мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар үшін, оларды Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлығын түрлі кездесулер, пікір алмасу, дөңгелек үстел, ауызша журнал, концерттерге қатысу, Дәнештің репертуарындағы авторлық әндерін тыңдау сияқты жұмыс формалары да қолданылып, мектеп мұғалімдерінің Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын тиімді пайдалануға даярлықтарын жетілдіруге септігін тигізді. Сонымен бірге Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлығын қамтамасыз етуде Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының даярлық курстарында Д.Рақышевтың шәкірті (Өнер саласы пәндері циклы бойынша кабинет меңгерушісі) Жақсылық Мырқаев айрықша үлес қосты.

Екінші кезең (қалыптастыру) орта мектептердің оқу-тәрбие процесіне «Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасы» атты факультативтік курстың ендірілуімен сипатталады. Алайда орта мектептерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінде осындай бағалы мұраны пайдалану мүлде жүзеге асырылмайды. Бұл жағдайда мектеп мұғалімдеріне, тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға арналған  оқу құралдарының, хрестоматиялық материалдардың, әдістемелік нұсқаулардың болмауы кедергі келтіруде. Осы кемшіліктерді және шығармашылығын пайдаланудың басым бағыттарын ескере отырып, біздер «Д.Рақышевтың шығармашылық қ мұрасы» атты 5-9- сынып оқушыларына арналған факультативтік курстың бағдарламасын жасадық.

Курстың мақсаты: Д.Рақышевтың әншілік-сазгерлік, педагогикалық мұрасы арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.

Тәрбиелік міндеттері:

  1. Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасына жүйелі түрде оқушылардың сүйіспеншілігін, құрмет сезімін тәрбиелеу.
  2. Оқушылардың әсемдік сезімін, әсемдікті түсіну және сезіну іскерліктерін қалыптастырып, Д.Рақышевтың репертуарындағы және оның төл әндері арқылы эстетикалық ләззат пен адамгершілік қанағат сезіміне бөленуге тәрбиелеу.

3. Әнші-сазгердің  кісілік қасиетінен үлгі-өнеге  алуға және солардың негізінде  өздерінің мінез-құлқын реттеуге  тәрбиелеу.

Білімділік міндеттер:

  1. Оқушылардың Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасы жайлы және оның бүгінгі тәлім-тәрбиеде алатын орны жайлы қажетті білімдермен қаруландыруға ықпал ету.
  2. Оқушылардың Дәнештің әншілігі, сазгерлігі, қоғам қайраткері, ұлт тұлғасы туралы жүйелі білімдерді жинақтауына көмектесу.

       3. Оқушыларды Д.Рақышевтың ән  өнеріне, әншілік-орындаушылық шеберлігі,  Қазақстандағы музыкалық тәрбиеге  қосқан үлесін терең пайдалануға  үйрету.

Дамытушылық міндеттері:

    1. Оқушылардың жалпы және музыкалық дамуына ықпал етуі (Музыкалық есту, ес, ырғақ, ойлау, зейін).
    2. Оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашу, өзінің әншілік-орындаушылық мүмкіндіктерін пайдаланудағы, Дәнеш мұрасын зерттеп, насихаттаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.   Оқушыларды Дәнеш репертуарындағы  және авторлық әндеріндегі көркем  лирикалық образды түсініп, сезіну  бойынша дағды, іскерліктерін  дамыту, әншілік-орындаушылық немесе  насихаттау, зерттеу әркеттерін  белсендіру, күнделікті өмірде қолдануға  талпындыру.

Бағдарламада  факультативтік курстың негізгі  сабақ түрлерін өткізудің тақырыптық жоспары беріледі: Лекциялар (20сағат), практикалық сабақтар (14сағат). Практикалық сабақтарға бағдарламадағы кейбір тақырыптар мазмұнына енетін мәселелер талқыланады, әңгімелесулер, сайыс-жарыстар, Дәнешті тыңдаушылармен кездесулер ұйымдастырылады. Енді факультативтік курстың мазмұнына тоқталайық.

Кіріспе. Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасының бүгінгі күндегі маңызы. Мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбиесінде алатын орны. Дәнеш шығармашылығының халықтың рухани мәдениетімен байланыстылығы.

1-тақырып. Д.Рақышевтың ұлт тұлғасы ретінде қалыптасуы

Дәнештің  өмір сүрген ортасы. Шыққан тегі. Д.Рақышевтың ұлт тұлғасы ретінде қалыптасуына ықпал еткен факторлар: микроорта (отбасы, туыс-туғандары, құрбылары), тәлімдік жүйе (қазақ халқының музыка өнері қазынасы, ұстаздары: Қадырихан, Мәмет, Қайыпбек, т.б.), қоғамдық мәдени-әлеуметтік іс-әрекеті, әдебиет, өнер, ғылым саласындағы замандастары, өз бетімен ізденісі.

2-тақырып. Д.Рақышевтың қоғам қайраткері ретінде қалыптасуындағы өз бетімен ізденуінің ролі

Дәнештің, біріншіден, ұстаздарының әншілік өнерінің тәжірибесін эмпирикалық жолмен қабылдауы; екіншіден, ұстазынан тікелей үйреніп, оның тәжірибесін үлгі етуі, оларға еріп, елдің алдында өнер көрсетуі; үшіншіден, халық алдында өнер көрсетуі. Әншілік шеберліктің шыңына жетуі. Әншінің Әсет шығармашылығымен үндестігі. Әсет әндерін насихаттаушы, «Аңшының әнін» өңдеуші, алғаш таратушы. Дәнештің сазгерлігі.

3-тақырып. Д.Рақышевтың шығармашылық мазмұны, тәрбиелік әлеуеті

Д.Рақышевтың музыкалық мұрасының жіктемесі; репертуарындағы әндер және авторлық әндерінің жіктемесі: лиркалық әндер; туған ел, Отан тақырыбындағы әндер; еңбек әндері.

«Жетісу», «Шалқы, Сайрам» әндеріндегі туған  жерге деген аялы сезім, сүйіспеншілік, туған жер табиғатының әсем көрінісі.

«Наурыз тойы» әніндегі халық тіршілігі, салт-дәстүрі, эстетикалық талғамы

«Жан-жақтағы  бауырлар» әніндегі патриоттық сезім, бауырластық; Д.Рақышев әндеріндегі  музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбие көрінісі. Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық  мұрасының мазмұны, функциялары.

4-тақырып. Д.Рақышевтың мәдени-ағартушылық қызметі

Құлжа қаласындағы  қытай қазақтарының драма театрының  ұйымдастырушысы. Жаркент өңіріндегі «Октябрьдің 40 жылдығы», «Көктал», «Үшарал» елді мекендерінде халық театырының негізін салушы. Талдықорған облыстық филармониясында «Шұғыла», «Арай» ансамбльдерінің  көркемдік жетекшісі.

5-тақырып. Д.Рақышев Жетісу өлкесінде әншілік мектептің негізін салушы. Қазақстандағы музыкалық тәрбие жүйесіне қосқан үлесі

Д.Рақышевтың үш бәйтерегі: 1.Талдықорған облыстық филармониясының жас әншілер  мектебі. Шәкірттері: М.Мұқаманов, З.Рахыжанов, Ж.Мырқаев, А.Қармысов. 2.І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіндегі

әншілер сыныбы. Шәкірттері: С.Шыныбаев, Н.Жанпейісов, Е.Кенжеғұлов.

 

 

 

Кесте 5.  «Дәнеш Рақышевтың шығармашылық мұрасы» атты факультативтік курс бағдарламасы

 

Тақырып атаулары

Дәріс

Практика

1

Кіріспе

Д.Рақышевтың ұлт тұлғасы ретінде қалыптасуы

2

 

2

Д.Рақышевтың қоғам қайраткері ретінде  қалыптасуындағы өз бетімен ізденуінің ролі

3

2

3

Д.Рақышевтың музыкалық мұрасының  мазмұны, тәрбиелік әлеуеті

3

2

4

Д.Рақышевтың мәдени-ағартушылық қызметі

3

2

5

Д.Рақышев - Жетісу өлкесінде әншілік мектептің негізін салушы. Қазақстандағы музыкалық тәрбие жүйесіне қосқан үлесі.

3

4

6

Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық  мұрасының музыкалық-эстетикалық тәрбиедегі маңызы

3

2

7

Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық  мұрасының адамгершілік тәрбиедегі маңызы

3

2

 

Барлығы

20

14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі

 

Мектеп  оқушыларының Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын танытуға арналған «Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасы» атты факультативтік курс сабақтары оқушылардың осы саладан білім, іскерлік, дағды деңгейлерін жоғарылату сабақтары болды. Дәнеш мұрасы жөніндегі білімдерді жеткізуде біздер факультативтік сабақтарда педагогикадағы дәстүрлі әдістерді: практикалық – Д.Рақышев репертуарындағы әндерді, төл әндерін зерделеу (тыңдау, орындау); жазбаша түрдегі тапсырмаларды орындау (викторина, бақылау жұмыстары, хат шығарма байқауы); сөздік – Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы жайлы, репертуарындағы әндерінің, төл әндерінің жанрлық сипттамасы, орындалу ерекшелігі жөнінде әңгіме, әңгімелесу, диспут; көрнекілік-концерттік бағдарламасы, афишалар, фотосуреттер; бейнематериалдар; жағдаяттық-шығармашылық және қалыпты емес әдістер.

Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын танытып, меңгертудегі факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда жаңа оқу технологиялары да кеңінен қолданыс тапты: бағдарламалары (компьютермен жұмыс, компакт, лазерлік дискілер, дискеттер), сыни тұрғыдан ойлау.

Соның нәтижесінде  Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасы бойынша жаңа мәліметтерді меңгеру деңгейінің барысы анықталды. Оқушылардың Д.Рақышевтың мұраларын қаншалықты  деңгейде игергені тест жұмыстары негізінде айқындалды.

Тәрбиелік-эксперименттік жұмысының соңғы бақылау кезеңінде біздер орта мектеп жағдайында оқушылардың Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын тану деңгейлерін  анықтадық.

Кесте 5. Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын тану деңгейлері

 

Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық  мұрасын тану деңгейлері

Диагностикалық кесінділердің  нәтижелері

1 кезең

2 кезең

3 кезең

4 кезең

Э.т.

14

Б.т.

9

Э.т.

14

Б.т.

9

Э.т.

14

Б.т.

9

Э.т.

14

Б.т.

9

Жоғары

2

1,8

2

1,7

4

35,8

2

1,7

6

53,8

3

2,7

8

74,5

1

3,6

Орта

6

47,8

4

46,4

5

40,3

4

47,3

4

39,4

4

47,3

3

23

4

48,2

Төмен

7

50,4

5

51,9

2

23,9

4

51

1

6,8

5

50

1

2,5

5

48,2

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы