Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

                    Д) «Арай»

                    Е) «Жастар»

    1. Дәнештің өзін-өзі тәрбиелеудегі көрнекі құралдары?

    А)  Манарбек, Жүсүпбек, Ғарифоллалардың  күйтабақтары

    В)  теледидар

    С)  үнтаспалар

    Д)  Ән кітаптар

    Е)  Өнер адамдары туралы естеліктер 

    1. Д. Рақышевқа «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілген жыл?

А) 1956 ж.

В) 1966 ж.

С) 1976 ж.

Д) 1986 ж.

Е) 1996 ж.

    1. Д. Рақышевқа «Қазақстанның Халық әртісі» атағы берілген жыл?

А) 1956 ж.

В) 1966 ж.

С) 1976 ж.

Д) 1986 ж.

Е) 1996 ж.

    1. Сазгер ретінде Д.Рақышев қанша ән шығарды?

А) 50-ден астам

В) 70-тен астам

С) 100-ден  астам 

Д) 80-нен астам

Е) 200-ден  астам

    1. Талдықорған қаласындағы №3 қазақ мектеп-интернатына Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 31 қаңтардағы №113 қаулысымен Дәнеш Рақышевтың есімі берілген жыл?

А) 1994 ж.

В) 1992 ж.

 С) 1993 ж.

 Д) 1995 ж.

 Е) 1997 ж.

    1. Д. Рақышевтың дүниеден өткен жылы?

А) 1992 ж. 6 шілде

В) 1993 ж. 6 шілде

С) 1994 ж. 6 шілде

Д) 1995 ж. 6 шілде

Е) 1996 ж. 6 шілде

    1. Дәнеш ұстаз тұтқан Әсеттің шәкірттері?

А) Ғарифолла, Жүсіпбек

В) Қадырихан, Мәмет

С) Мұқан  Төлебаев

Д) Манарбек Ержанов

Е) Естай, Мәди

    1. Дәнештің сүйген жары Рақила Оспанқызына арнаған әні?

А) «Аяулы менің  арайлым»

В) «Сағындым  ғой»

С) «Ән салайын»

Д) «Гүлайым»

Е) «Сағыныш»

Тест  тапсырмасын талдау мектеп оқушыларының Д.Рақышев мұрасына деген жағымды  қарым-қатынастарының қалықалыптаса  бастағандығын, оны оқып-үйренуге талпыныстарының  бар екендігін және Дәнештің кісілік  қасиеттерін өзіне үлгі етіп, мінез-құлықтарын реттеуге құлшыныстарының көрініс  бергендігін байқатты. Оқушылардың  көпшілігі Д.Рақышевтың музыкалық  шығармалары жөніндегі ұғым-түсініктердің  молайғандықтарын, сонымен бірге  Дәнеш әндерінің музыкалық-поэтикалық ерекшеліктеріне сипаттама бере алатындығын көрсетті. Алайда, оқушылардың  Д.Рақышевтың музыкалық мұрасын  эмоционалды қабылдау, зерттеу, насихаттау жұмыстарына қатыса бермейтіндігі  әлі де болса әншінің әндерін  орындаушылыққа талпыныс белсенділіктерінің төмендігін көрсетті, сондықтан тек  қана бір факультативтік курспен  шектеліп қалуға болмайтындығын, осы  бағыттағы жұмысты жүйелі түрде  оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану жолдарын іздестіру жөніндегі  зерттеудің болжамының дұрыс екендігіне көз жеткіздік.

    Д.Рақышевтың шығармашылық мұрасын тәрбие процесінде пайдаланудың көмекші формаларына жеке тоқталып, сипаттама бере кетейік.

Лекция оқушының Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы жөніндегі оқу-танымдық әрекетінің құрылымы мен сипатын түрлендіріп, қызығушылығын арттыру мақсатында ұсынылады. Сонымен қатар оның мазмұнын конспектілеу мен ең маңыздысын ажыратып, туындаған сұрақтарды жазып отыру ескертіледі. Лекция соңынан оқушыларды қызықтыратын сауалдарға жауап беріп, ой-пікірлер алмасады, сөйтіп, оқушылардың Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы туралы мағлұматтары, ұғым-түсініктері арта түседі. Дәнеш шығармашылығы, педагогикалық ұлағаты жөніндегі лекциялар қазақ халқының өміріндегі фактілерді логикалық тұрғыда тұтастай әрі өзара байланыста ұғынуға, басты мәселеге ден қойып, баса назар аударуға көмектеседі, логикалық ойлау қабілеттерінің дамып, кеңеюіне ықпал етеді.

Семинар оқу формасы ретінде мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың оқу материалын өз бетімен белсенді түрде меңгеруіне мүмкіндік береді, терең талдау жасап, өзіндік баға бере білуге үйретеді. Республиканың егеменді ел болып, жаңа идеологияның қалыптасуы тұсында, техника аясының қарқынды дамуына байланысты бүгінгі күні ақпараттар саны артып, оқушының сырттан алатын дерек-мағлұматы күн сайын үсті-үстіне көбейе түсуде. Ол ақпараттарды идеологиялық жағынан өз бетімен бағамдап, түсініп-түйсінуге оқушының қабілеті мен мүмкіндігі жете бермейді. Осы ретте семинар сабақтарының атқарар мәні аса зор. Семинарға дайындық барысында оқушылардың Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын өздігімен дербес іздестіріп, табуы, арнайы және анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеудің жолдарын үйренуі олардың білім, іскерлік, дағдыларды берік меңгеруіне ықпал етеді. Осындай ізденістердің нәтижесінде оқушылар өз халқының мәдениеті, әдебиеті, тарихы жайында мол мағлұматқа қанығып, білім көкжиегін кеңейтеді. Сабақтарда белгіленген мәселе бойынша тақырыптық немесе проблемалы талқылау ұйымдастырудың да берері мол. Оқушылар пікірталас барысында бір-біріне сұрақ қояды, өз көзқарасын білдіріп, оны дәлелдейді, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Семинар сабақтары оқушының жауапкершілік, дербестілік, ізденімпаздық сияқты сапа-қасиеттерін қалыптастырып, ой операцияларын орындау іскерлігін дамытып, шыңдайды.

Конференция оқу формасы ретінде сабақтардағы қайталау мен тақырыптарды бекіту тәрізді бірсыдырғы әдіс-тәсілдерді қызғылықты әрекетке айналдыруымен құнды да мәнді саналады, оқушылардың күштерін жұмылдырып, Дәнеш шығармашылығына деген танымдық қызығушылықтарын арттырады. Оқушылардың Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы жайлы мағлұматтарды қайталап, бекітуін қамтамасыз етіп, дискуссия барысында өз көзқарастарын, пікірлерін негіздеп, айқын дәлелмен жеткізе білуге үйретеді. Оқушыларға өз еркімен орындайтын баяндамалардың немесе хабарламалардың тақырыбы алдын-ала ұсынылады. Талқылауға сынып түгел қатысады, әр оқушының оппонент ретінде сөз алуға дайын болуы, оған алдын-ала әзірленуі талап етіледі. Конференцияға дайындалу, оны өткізу оқушылардың өзіндік жұмыс орындаудағы іскерлігі мен дағдыларын жетілдіреді. Оқу конференциясы көбінесе 8-9-сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Экскурсия тәрбие процесін Д.Рақышевтың өмірімен, шығармашылығымен жақындастырып, оқушыларға болмыстағы құбылыстар мен көріністердің, объектілердің өзара байланыстары мен тұтастығын жан-жақты танытып, ұғындыруға септіггін тигізеді.

Экскурсиядан  кейін оқушыларға сан түрлі жұмастар мен тапсырмалар орындау жүктеледі. Мәселен, мұғалім балаларға экскурсиядан алған негізгі әсерлері туралы мазмұндама жазу, суреттер салу сияқты жалпы және жекеленген тапсырмалар береді. Экскурсия  оқушылардың ғылыми фактілер жөніндегі  білімдерінің молайып, қордалануына, өмірдегі жекеленген құбылыстарды бір жүйеге келтіріп, терең саралай білуге, олардың орны мен маңызын түсінуге көмектеседі, сондай-ақ зейінін, әр нәрсені  білуге құштарлығын арттырады, эмпирикалық  ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал  етеді.

Оқу симпозиумы оқушылардың жоспар бойынша белгіленген Д.Рақышевтың музыкалық шығармашылығына арналған іс-шаралардың тақырыптарын игеріп, оны қорытындылау кезеңінде ұйымдастырылады. Оқушылар тақырып алып, жазбаша баяндама әзірлейді. Мұғалім симпозиум басталар алдында жиналғандарды онда қарастырылатын мәселемен таныстырады. Бұдан әрі баяндамашылар, өз қалауы бойынша сөйлеушілер сөз алып, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Симпозиум барысында Д.Рақышевтың мұраларының қазақ өркениетінің алтын қорына қосылған рухани асыл қазына екендігі тұжырымдалады. Соңында мұғалім тақырыпты қорытындылап, оқушылардың жасаған баяндамаларына, белсенділігіне баға беріп, білімдерін саралайды.

Оқу симпозиумы Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық  мұрасын оқушылардың терең меңгеріп, білім-білігін нығайтуында зор  роль атқарады.

Диспут, дебат ойындары Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын игертудің проблемалық, шығармашылық сипатын арттырумен ерекшеленеді.

Диспут, дебат ойындарына қатысу арқылы оқушылар өздерін қызықтыратын түрлі сауалдарға жауап алады, тың мағлұматтарға  қанығады.

Пікірталас, пікір сайыстары жеткіншектердің, әсіресе, Д.Рақышевтың өмірі мен өнердегі құбылыстарға адамгершілік-эстетикалық қарым-қатынастарын қалыптастыруда аса тиімді. Бұл Дәнештің репертуарындағы әндерін, төл әндерін үйрету, тыңдау негізінде жүзеге асырылады. Оқушылар әнде жырланған кейіпкерлердің қасиеттері, тарихи уақиғалар туралы немесе кейбір шығармалар мен өнер туындыларының мән-маңызы жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салып, махаббат, отбасы этикасы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа өз тұрғысынан баға береді. Осылайша бір-бірімен пікір алмасу арқылы білім көкжиегін кеңейтіп, танымын белсендіру мүмкіндігіне ие болады.

Консультациялар оқушыларға Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын меңгерудегі қиындықтар мен кемшіліктерді жоюға, осы сала ойынша білімдерін толықтыруға көмек береді. Консультация мұғалімнің немесе арнайы шақырылған мәдениет қайраткерлерінің, өнер иелерінің, Дәнештанумен шұғылданатын ғалымдардың әңгіме-кеңестерін қамтиды. Топтар мен сыныптарда жалпылама немесе жекелеген түрде жүргізілетін консультациялар оқушылардың әдеби мұралар мен салт-дәстүр, халықтың көркемдік кәсіпкерлігі жөніндегі білімдерін тереңдетіп, оны меңгеруде ішкі рухани күштерін жұмылдыруға ықпал етеді.

Фольклорлық экспедициялар Дәнештің репертуарындағы әндер мен төл әндері, сәндік үлгілерін, естелік әңгімелерін, туған өлкенің мәдени құндылықтарын ел ішінен жинау мақсатында ұйымдастырылады. Мұндай экспедициялар балалардың ізденімпаздық, байқампаздық, іскерлік қабілеттерін шыңдап, белсенділіктерін жетілдіреді.

Көрме балаларды өлкетану жорықтары кезінде жинақталған Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын, үздіксіз басылым материалдарын, тұрмыстық заттарын және т.б. танысуға арналады. Оны ұйымдастыру жұмыстарына оқушылардың өздерінің қатысуының білімділік-тәрбиелік маңызы зор. Осындай көрмелерді балалардың өздері басқарып, жүргізу, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасуы, өз тәжірибелерімен таныстыруы олардың танымдық белсенділіктерін арттырып, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сенімдерін нығайтады.

Халық мейрамдарын, мысалы, Наурыз мейрамын, ораза, құрбан айттарды мектепте өткізу кезінде Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұралары бойынша апталық, айлық, онкүндіктер ұйымдастыру оқушыларды халықтың, Д.Рақышевтың рухани мәдениетімен тереңірек таныстыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы балалардың тәлім-тағылымдық ұғым-түсініктері молая түседі.

Жарыстар, конкурстар, олимпиадалар балалардың Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұралары жөніндегі білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіріп, қызығушылығын, қабілеті мен дарынын дамытуда тиімді ұйымдастыру формалары болып табылады. Мәселен, Дәнештің репертуарындағы әндерді, төл әндерін пайдаланып өткізген «Қыз сыны», «Жігіт сыны», «Сиқырлы қазан», «Елім-ай» тәрізді этнографиялық байқаулар балалардың талантын дамытудың, шығармашылығын ұштаудың, өмірді жан-жақты танудың, сонымен қатар жағымды мінез-құлықтарын қалыптастырудың ықпалды формалары саналады.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «балаларға тән қызмет түрлерін, жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып, қайта қарау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау, қажетті даярлығымен толық қамтамасыз ету»,- деп атап көрсетілген. Оқушылардың Д.Рақышевтың шығармашщылық мұрасын пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасаудың өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, философия, психология, педагогика ғылымдары саласындағы зерттеу еңбектеріне жасалған талдаулар тақырыптың көкейкестілігін анықтауға мүмкіндік туғызды.

2 Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын пайдаланудың ролін анықтауға педагогикалық, әдебиеттік, музыкалық, этнопедагогикалық еңбектерге жасалған талдаулар негіз болды. Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын пайдалану жағдайына жасалған талдаулар заман талабынан туындап отырған қажетілікті өтеуге бағытталған.

3 Зерттеу тақырыбымыз бойынша мектеп тәжірибесінде Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын тәрбие процесінде пайдалану жолдары оқушыларға дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесін берумен байланыстырылып, музыкалық шығармаларының тәрбиелік мәні анықталды.

4 Д. Рақышев - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы бірегей мектептің негізін салушы. Д.Рақышевтың іс-әрекеті халықтық дәстүрдегі әншілік орындаушылық, сазгерлік, педагогикалық даму тенденцияларын қамтиды.

5 Д.Рақышевтың музыкалық мұрасының оқушылардың тәлім – тәрбиесінде пайдаланылмауы және оның әншілік (вокалдық) педагогикасының бүгінгі таңдағы әлеуметтік–педагогикалық мәнінің жоғарылығы әншінің музыкалық мұрасын мектеп практикасында пайдалану жүйесін жасауға себеп болды.

6 Дәнештің музыкалық мұрасы бүгінгі музыкалық–педагогикалық практикада жетістікпен қолданыла алады. Д.Рақышевтың вокалдық педагогикасының әдіс–тәсілдері, жұмыс формалары, педагогикалық принциптері музыка мамандарын даярлайтын оқу орындарында әдістемелік көмек көрсете алады.

7 Педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасына қызығушылығын айқындайтын компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері және музыкалық-педагогикалық мұрасын меңгеру деңгейлері (жоғары, орта, төмен) белгіленді.

8 Зерттеу барысында жасалған «Д.Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты факультативтік курсының бағдарламасы, «Атамекен» бағдарламасы негізіндегі «Дәнеш тағылымы» тақырыбындағы тәрбие жұмысының жоспары оқушылардың тәлім-тәрбиесіне игі ықпалын тигізді.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

    1 Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан (Ел Президентінің  халыққа жолдауы). - Астана, 2007.

         2 Түймебаев Ж.Қ. «Сапалы білім алуға тиімді құқықтық негіз қаланды»// «Жетісу» газеті, 01.09.2007

       3 Қазақстан Республикасының Конституциясы.  – Алматы., 2003, -60 б.

          4 Қазақстан Республикасыеың «Тіл  туралы» Заңы.// «Егемен Қазақстан», 22.09.1999

          5 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ

6 Назарбаев  Н.Ә. «Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі білім беру  жүйесін дамыту тұжырымдамасы»// «Жетісу» газеті, 30.12.2003

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы