Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

Файлы: 1 файл

физвоспит.doc

— 516.50 Кб (Скачать файл)


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік  алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.

Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

     Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да,  экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.

  Біздің  балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иесі болады (Қазақстан-2030). Әрине, «Келешектің иесі - жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі.     

Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.

Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, «…дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы»,- деп, дене тәрбиесінің  бала жетілуіндегі маңызына зор  көңіл бөлген.

  Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.

Коменский ілімін Англияда Джон Локк, Францияда Жан-Жак Руссо, Швецарияда И.Г.Песталоцций, Германияда Иоганн Гербарт және Адольф Дистервег болды.

Джон Локк «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне мән беріп, дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесін қуаттады.

И.Г.Песталоцций өзінің «Лингард пен Гертруда» шығармасында бастауыш оқудың маңызы мен мәнін, оның бала тәрбиесіндег басты ролін тұңғыш дәлелдеген педагог болды.

Педагогикалық идеялары кейбiр мəселелерде дағдарыс, сипатқа ие болғанымен, педагогикалық теорияны өрiстетуде елеулi рөл танытқандардың бiрi Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел бұзық қол жазасымен тойтарып отыру қажет, олардың тəртiбiн үздiксiз қадағалап, арнаулы жорналға жазып отыру керек деп есептедi. Сонымен қатар, оның шығармаларында бiршама пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тəрбиенiң психологиялық негiздерiн жобалап бердi, баладағы адамгершiлiк қасиеттi қалыптастыру, үшiн оның саналылығын көтерiп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттiгiн жариялады. Өзiнiң педагогикалық теориясын прогрестiк-демократиялық бағытта дамытқандардың бiрi Адольф Дистервег. Ол өрiстеткен аса құнды идеялар: балалардың оқу жұмысының белсендiлiгiн арттыру, шəкiрттердiң өзiндiк оқуына мəн беру, сондай-ақ халық мұғалiмдерiн дайындау. XVIII ғ. Германияда алғашқы рет мұғалiмдердi дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пəн ретiнде педагогика оқытыла бастады. Осының бəрi педагогикалық теорияның жедел дамуына себепшi болып, iрi-iрi оқымысты педагогтардың қалыптасуына мүмкiндiк бердi.

  Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Н.И.Пироговтың, В.И.Водовозованың,   орыс-демократ жазушылары В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.

  Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін зерттеуде П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің, Е.А.Аркиннің, Л.И.Чулицкаяның, Е.Г.Леви-Гориневскаяның, М.М.Конторовичтің, А.И.Быкованың, Н.А.Метлованың т.б. еңбектерін атауға болады.

Ал, дене тәрбиесінің психологиялық аспектілері Л.С.Выготский, В.Г.Ананьев, Е.И.Игнатов, А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, В.С.Мухинаның т.б. еңбектерінде қарастырылды.

Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани  және жан-жақты дамуындағы дене тәрбиесі мен оқу, білімнің маңызы туралы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың ағартушы-қайраткерлері құнды пікірлер айтқан.

     Аталған дəуiрде мұншама көрнектi педагогтардың аренаға шығуы кездейсоқ емес. Қарқынды дамыған өндiрiстi, ғылыми жəне мəдениеттi қоғам өзiнiң негiзгi өндiрушiлерiнiң сауаттануын басты талап етiп қойды. Онсыз қоғамның дамуы мүмкiн емес те едi. Сондықтан да соңғы ғасырлардағы Батыс Еуропа, Ресей жəне Қазақстандағы технологиялық прогресс жастарды өндiрiсте iстеуге, тəрбиелеуге, бiлiм беру, тəрбие мекемелерiнiң көбеюiне, халықтық мектептердiң дамуына жол ашты.

     Ғылыми психологиялық және педагогикалық зерттеулердi, әдiстемелiк әдебиеттердi, сонымен қатар, бастауыш мектеп оқушыларымен  жүргiзiлетiн оқу-тәрбие процесiн, озат тәжiрибелердi талдау барысында оқушылардың дене дамуын жетілдіруде негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын пайдалану   мәселесi арнайы зерделенбегенi анықталды. Осыған орай  бастауыш мектеп оқушыларының дене дамуын жетілдіру қажеттілігі   мен оны тәжірибеде қолданудың арасында  қарама-қайшылықтар туындайды. Ал, бұл қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Негізігі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру»               деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, дене дамуын жетілдіру жұмысының тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибелік-эксперименттен өткізу.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні:  негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш  сынып оқушыларының  дене дамуын жетілдіру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудің педагогикалық негіздеріне сипаттама беріліп, оның негізгі ұғымдары анықталса,  онда бұл жас өспірімдерге дене тәрбиесін берудің жаңа сипаттағы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері:

-              негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;

-              бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі     тарихи тәжірибелерді   ескере   отырып,   оны   бұдан   былайғы   кезде   жүзеге асырудың бағыттарын айқындау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдары мен бағдарламалары; оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; философ, тарихшы ғалымдар мен педагог, психолог ғалымдардың оқу және тәрбиеге арнаған еңбектері.

Зерттеу әдістері: дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау, бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие бағдарламаларын талдау, тақырыпқа байланысты озат тәжірибелермен танысу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесін математикалық тұрғыдан өңдеу.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау соңындағы тұжырымдар мен жалпы қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

     Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, пәні, ғылыми болжамы, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері мен көздері, көрсетілген.  «Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде дене тәрбиесіне байланысты философ, психолог, педагогтардың пікірлері, ой-толғаулары қарастырылап талданады. «Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудің жолдары» атты екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларына негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын пайдалана отырып дене дамуын жетілдірудің тиімді әдістері қарастырылып, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері шығарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

    Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.

   Тәрбиенің мақсаты – қоғамды ізгілендіру мен декмократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық  пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін мойындайтын, белсенді, сонымен  бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының  мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу. Тəрбие мəнiн дəлiрек топшылау мақсатымен американ психологы жəне педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген едi: «Тəрбие сөзiне əркiм əртүрлi мағына бередi, бiрақ ол қашанда өзгерiс дегендi аңдатады. Егер бiреудi өзгерiске келтiре алмасақ, бiз оны тəрбиелемегенiмiз». Ал ендi осы өзгерiстер жеке адам дамуында қалай көрiнедi? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс: «Адамның қоғамдық тұлға ретiнде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен iске асады»- деген едi. Бұл тұрғыдан тəрбиенi өсiп келе жатқан əулеттiң адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп бiлу қажет. Ал ендi осы болмыстың өзi не жəне оны игеру қалай өтедi? Адамзаттық болмыс дегенiмiз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегi жəне жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тəжiрибе. Бұл тəжiрибе өз iшiнде келесi құрылым бiрлiктерiн қамтиды:

1)     адамдардың табиғат жəне қоғам жөнiнде жасаған бiлiмдерiнiң жиынтығы,

2) еңбектiң əрқилы саласында қажет ептiлiктер мен дағдылар жəне шығармашылық iс-əрекет əдiстерi,

3) əлеуметтiк, рухани қатынастар.

  Аталған тəжiрибе көп ұрпақтың еңбегi жəне шығармашылық күшiмен жасалатындықтан бiлiмдер де, тұрмыстық ептiлiктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми жəне көркемдiк туындылар мен рухани-əлеуметтiк қатынастар да адамдардың əртүрлi танымдық, көркем шығармашылық, əлеуметтiк жəне рухани қызметiнiң нəтижелерiнен қалыптасады. Ендi осы тəжiрибенi өз «игiлiгiне» айналдырып, «меншiктеп» алу үшiн жаңа əулет қайтадан бұл «затты» ақыл-саналық сипатқа келтiруi тиiс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған iс-əрекеттi (дене дамуы, еңбектiк, танымдық, əлеуметтiк, көркемдiк-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзiнен кейiнгi ұрпаққа жеткiзуге борышты. Тек өз қызметiнiң күшiмен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тəжiрибенi жəне оның құрылымдық бiрлiктерiн игеруi мүмкiн. Осыдан тəрбиенiң негiзгi қызметi – жас адамды қоғамдық тəжiрибенiң əр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру iсiне жұмылдырып, өткен тəжiрибенi өзi қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттердi өзi баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерiлуiне көмектесу. Бұдан тəрбиенiң терең астарлы күшi үгiт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды iске бағдарлауға емес, ал оның өзiн жеке адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын қоғамдық тəжiрибенiң əр түрлi тарапын игеруге, пайдалы қызметке қосуда. Педагогика үшiн жəне бiр маңыздысы – жеке адамдық даму тұлғаны тəжiрибе игеру қызметiне қосумен ғана шектелмейдi, ең бастысы, оның сол сəттегi iсте белсендiлiгiне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке, дене тәрбиесіне деген қатынасына байланысты. Жеке адамның дамуы үшiн оның ұйымдастырылған iс-əрекеттегi белсендiлiгiнiң бағыт-бағдар сипаты да бiршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептiң жалпы табысы еңбектегi белсендiлiк пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкiн. Ұйымдастырылған iс-əрекет барысында əрдайым оқушылардың белсендiлiгiне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды жəне шынайы адамгершiлiк қатынас қалыптастырумен қатар, дене дамуының жетілуіне көңіл бөлу қажет. Келтiрiлген пiкiрлер, бiздiңше, тəрбиенiң мəнiн жеткiлiктi əрi түсiнiктi де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негiз болуы мүмкiн. Сонымен, тəрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тəжiрибенi (бiлiмдi, ептiлiктер мен дағдыларды шығармашылық iс-əрекет тəсiлдерiн, əлеуметтiк жəне рухани қатынастарды) игеру үшiн бағытталған белсендi iс-əрекетiн қолдап, қуаттаушы əрi ұйымдастырушы мақсат бағдарлы əрi сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

    «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, құқықтық, жанұялық, дене тәрбиесі түрлері арқылы іске асырылады.

Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру