Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

Файлы: 1 файл

физвоспит.doc

— 516.50 Кб (Скачать файл)

    Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтындығы түсінікті, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осыған орай білім мазмұнын былай жіктеуге болады: коммуникативтік мәдениет (ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану, қоғамтану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.

     Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен ролі бар. Бұл тұрғыда оқулықтардың атқарар қызметі орасан зор. Осыған орай оқулықтарға қойылатын талаптарға тоқталайық:

-         оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы;

-         жоғары идеялылығы мен оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнын ұғынуға лайықты болуы.

    Жоғарыда       айтылғандарды қорытындалай келе, Ахмет Байтұрсыновтың: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екіншісі – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы...»,-деген оқытудың дидактикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан нақтылап белгілеп берген сөздерін келтіруге болады.                                                   

      Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу мен білім беру-жалпы оқу-тәрбие үрдісінің ең негізгі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы оқу-тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігін, соған орай балаға педагогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс.

     Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр қырынан айтылмай келді. Сол себептен де біз оқушының шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз.

     Дене тәрбиесінің ілімі қазіргі замандағы дене тәрбиесінің қозғалыс жүйесін қамтып көрсетеді. Оның жекелеген заңдылықтарын талдап, қорытындылап, дене тәрбиесі ғылымының әдістемесін жетілдірудің негізін құрайды. Дене тәрбиесі жетілу даму бағытында басқа ғылымдар сияқты білімнің қайнар көзі болатын арнаулы салалардың жетістіктеріне сүйенеді. Бұл салаларды өз сипатына қарай екіге бөлуге болады.

1. Гуманитарлық саладағы сипаттамасы дене тәрбиесінің дамуын әлеуметтік тұрғыдан түсінуге бағытталған. Оның қоғамдағы ұйымдастыру тарихын біртұтас мазмұны мен көлемі немесе дене тәрбиесінің даму заңдылығын талдау мен оның адамға әлеуметтік және психологиялық- педагогикалық тұрғысынан қарайды. Бұл топтарға кіретін түрлерінің толық немесе жартылай бөлігі ретінде мынадай пәндер жатады:социология, дене тәрбиесінің тарихы, дене тәрбиесінің жалпы ілімі және оның әдістемесі, спорт ілімі, әдісі, сондай-ақ психологияның арнаулы салалары т.б.

2. Биологиялық сала ол табиғатты зерттейтін қосалқы ғылыми пәндерді, организмді дамытумен, даму заңдылықтарын анықтап табиғатын зерттеу мен медициналық, гигиеналық ғылымдардың шарттарын жүзеге асыруды қарастырады. Мұның құрамына кіретін арнайы морфологиялық сала, биофизикалық, биохимиялық, медицина және гигеналық, динамикалық анатомия мен физиология және дене тәрбиесі мәдениетінің дәрігерлік бақылау және қолданбалы дене тәрбиесі кіреді.

   Бұл ғылыми салалардың көпшілігі өзінің зерттеу барысында дене тәрбиесіндегі  заңдылық пен шарттардың жекеленген жақтарын ашады, оның мәнін терең түсінуге өте қолайлы жағдай жасайды. Дегенменде, дене тәрбиесі жөніндегі ұғымға қандай да болмасын нақты дәлел бола алатын, жекелеген ғылыми жолмен алған фактілер толық түсінік бере алмайды.

    Негізінен бұл фактілер жекелеген жағдайда сыңаржақты теріс ұғым беруі де ықтимал. Сондықтан барлық ғылыми түсініктерді реттеп бірыңғай дене тәрбиесінің заңдылықтарына толық және түсінікті, ғылыми тұрғыдан қарайтын пән – тек қана дене тәрбиесінің ілімі. Бұл пәнді жоғарыда аталған ғылыми пәндердің жалпылама бір жүйеге келтірілген дене тәрбиесінің ғылыми ілімі дейміз.

     Аталған қатардағы сала дене тәрбиесі жөнінде жан-жақты білім береді, бірақ, бұл салалардың әртүрлі жолмен жекелеген зерттеулердің қортындысы кейбір фактілермен дәлелденгенімен, олар дене тәрбиесінің толық мағынасын көрсете алмайды.

     Дене тәрбиесінің ілімі негізінде, синтез жасау ғылымы, себебі барлық ғылыми салалардың дене тәрбиесіне қатысты ілімдерін жүйелеп, біртұтас ғылыми бағыт беріп, заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Дене тәрбиесінің ілімі дегеніміз – жалпы дене тәрбиесінің ғылыми, жүйелік заңдылықтарын, мазмұны мен көлемін анықтайтын, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үрдіс. Денені тәрбиелеу ілімі педагогикалық ғылымдар қатарына жатады да арнаулы бөлімі ретінде қарастырылады. Басқа педагогикалық ғылымнан өзгешелігі, дене тәрбиесінің ілімі жалпы заңдылықтарды түсіндіреді тәрбие жүйесіндегі адамның жан-жақты дамуын басқарып, бұл салада білімін арттырады, сөйтіп дене тәрбиесі ілімінің өзгешелігін анықтайды. Сонымен бірге адамды тәрбиелеуде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбекке баулу тәрбиесімен өзара күрделі қатынастарда болады, яғни оны басқа педнгогикалық ғылымдар мен жанастырады.

     Дене тәрбиесінің ғылыми ілімі дене тәрбиесіндегі сұрақтарды шешіп, қатаң ережені анықтап, оны тиімді құралмен іске асыру, жоғарғы дәрежеде қадағалап, адамдардың талаптарына сай алға қойған мақсаттарының ғылыми негізін анықтайды. Дене тәрбиесінің пәні бірнеше тараулар мен бөлімдерден тұрады:

1.                  Дене тәрбиесінің жалпы әдістемелік және ілімдік негіздері. Бұл салада дене тәрбиесі ілімінің және әдістемесінің негізгі жағдайларын анықтап оның көптеген тәжірибесін әртүрлі бағытта жас мөлшеріне байланысты ілімнің жалпы ұғымы баяндалады.

2.                  Дене тәрбиесінің басты бағыттағы ілімі мен әдістемесі. Бұл тарауда жалпы дене тәрбиесі мен арнаулы тәрбиесінің дайындығы қаралып оның жалпы бағыттағы ерекшеліктерін анықтайды.

3.                  Әр жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі, негізгі бағыттағы арнаулы ғылыми мамандардың дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі пәні болып есептеледі. Бұл өзінің арнайы көзқарастарымен нанымдарын құрауда ең маңызды мағынаға ие, осының арқасында дамыған мамандықтар игеріледі.

     Дене тәрбиесінің ілімі мен оқу жоспарының жалпы ілімдік саласы жекеленген мамандықтарды біріктіреді. Осы ілімдік білімді кең түрде және терең ұғынуы көп жағдайда мамандардың өз ісіне берілгендігін танытып,оның мамандығы бойынша алға жылжуға мүмкіндік туғызады. Дене тәрбиесінің ілімінің мәні арнаулы білім саласында тек мамандардың жекеленген қажетті білім қорын жасаумен ғана шектелмейді. Ол өндірістің дамуына, адам денесінің жетілуі мен шынығуына және қойылған талапқа байланысты болады.

     Дәлірек айтқанда творчестволық іскерлігіне, дағдылануына, қабілетіне байланысты әр салада өзгерістер болуын талап етеді. Бұл бағдарламаны тек қана ұйымдық орындар шешеді, өйткені ғылыми техникалық өзгерістер кезінде, жұмыстың мағынасы өзгереді. Жұмыс функциясының кейбір бөліктерін яғни қол жұмысымен, ой жұмысының қосылуы өндіріс жұмысшыларының жан-жақты жетілу талабын арттырады. Өндірістегі техникалық прогресс, жұмысшылардың дене дамуы және дене дайындығына деген талапты тереңдете түседі есепсіз қара күшпен мәнсіз артық қимылдар орнына дәл өлшенген орынды іс-қимылдармен ауыстыру қажет. Қазіргі уақытта қара күшпен жұмыс істеу көп жағдайда тиімді емес. Мамандық иесі болу – жан-жақты дамыған, дененің дамуын, моральдық және психикалық дайындықты талап етеді.

     Дене тәрбиесі жүйесінің тағы да бір алға қойған мақсаты – мемлекетіміздің әскери құрамының дайындығы.

  Біздің мемлекет бейбітшілік жолында дамып келеді. Бірақ сол бейбітшілікті қорғау үшін әскери күш керек. Еліміздің қорғанысын күшейтуді және оны қорғауды халқымыз өзінің парызы деп санайды.

   Қазіргі кездің өзінде әскери дайындықта дене тәрбиесі үлкен орын алады. Дене тәрбиесіндегі міндеттердің мақсаты жан-жақты дене дамуының сапасын, іс-қимыл қабілетін, дене бітімінің шыңдалуы, денсаулықты нығайту көп жылдық жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету.

  Денені тәрбиелеу жүйесі қоғамдағы әр адамның денесін тәрбиелеуде жеке басының дарынын, қабілетін арттыруды көздейді.

  Әсіресе өмірде керекті жылдамдық, күш ептілік, төзімділік және басқада дене сапасын арттыруға күш салады. Адамның осы қабілеттері негізгі қимыл мүмкіншілігі болып табылады. Осы қимылдар арқылы адамның дене дайындығын едәуір жақсартуға болады. Дене тәрбиесінің тағы да бір атқаратын міндеті – ол сауықтыру бағытындағы міндеті. Дене тәрбиесінің адам денсаулығына пайдалы екені ежелден белгілі. Кезінде Аристотель:  «...іс-қимыл, қозғалысты аз жасайтын адам өзін-өзі тоздырады, жояды», - деп дене тәрбиесінің маңыздылығын көрсетіп берген. Дене бітімін жетілдіру де сауықтыру міндетіне кіріп адамның денесінің үйлесімді дамуын көрсетіп қана қоймай, денесінің дұрыс қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

    Дене тәрбиесінің арнайы білім беру міндетінің мақсаты өмірге қажетті іс-қимылдарды жетілдіру, спорттық дағдыларымен басқа да арнайы салалардан білім беру. Дене тәрбиесі дайындығын игеру үшін дене күшінің сапасы жеткіліксіз, сондықтан да сол күшті сапалы және саналы, білімді кең түрде меңгеруін көздейді.

    Дене тәрбиесінің жалпы және арнайы міндеттері білім алып өз бетімен әртүрлі тәсілдерді қолданумен шектелмейді. Себебі, дене тәрбиесі әр адамның жеке басының жұмысы ғана емес, ол мекемеде, ерікті спорт қоғамында еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруда мемлекет үшін маңызы зор жұмыс.

    Адамның адам болып қалыптасуы, тәрбие беру жүйесінің әртүрлі салаларының қосылу барысында жүзеге асады. Бұл біздің қоғамымыздағы тәрбиелеу жүйесінің ең үлкен маңызды ісі. Негізгі міндеттер адамның адамгершілік ақыл-ой, қоғамдық ортада дұрыс мінез-құлқының қалыптасуы, жүріс-тұрысын, өмір талабына сай алдыңғы қатардағы қоғам құрылысшыларын дайындау арқылы тәрбиелеу мақсатын шешеді. Қоғамның алдына қойған мақсатын шешу үшін ең алдымен қоғам мүшесі болып қалыптасуын жетілдіру және оны адамгершілік тәрбиесімен ұштастыру. Дене тәрбиесінің дайындығының барысында адамның дене дайындығы қанша жоғары болса да, егер адамгершілік парасаттығы төмен болса, тұрақты көзқарасы болмаса қоғамға өз үлесін қоспаса, ол адамның қоғамға тигізетін пайдасы жоқ деп есептеуге болады.

   Арнайы міндеттерді шеше отырып дене тәрбиесі эстетикалық тәрбие беруде, ерік күшін шыңдауда, адамгершілікке тәрбиелеуде өте үлкен үлес қосып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Бұл айтылған міндеттер дене тәрбиесі жүйесінің барлық бөліміне тек қана логикалық түрде емес, сонымен қатар нақты түрде енген.

      Білім барлық елде елдің экономикалық және мәдени дамуының деңгейін көрсететін сапалық сипаттардың бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «бізге экономикалық және қоғамдық жаңғыру талаптарына лайық қазіргі заманғы білім жүйесінің қажеттілігі» айтылған.  Бұның бәрі жас жеткіншектерге білім мен тәрбие беру проблемасының дүниежүзілік, әлемдік деңгейде ең көкейкесті мәселенің бірі болып отырғанын айғақтайды.

    Тəрбие формасы - бұл тəрбие процесiнiң сыртқы көрiнiсi. Мазмұн жəне форманың философиялық категориялары тəрбие құбылыстарындағы iшкi жəне сыртқы ұғымдардың бiрлiгiн танытады, яғни бiрiншiсi, не бар екенiн көрсетсе, ал екiншiсi, қандай түрде екендiгiн бiлдiредi. Мазмұн мен форма бiр-бiрiмен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерiсi форма өзгерiсiне əкелiп соғады жəне керiсiнше. Мазмұн қалыптасады немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. Жетекшi рөл мазмұнға қарасты. Тəрбие процесiнiң мазмұны жан-жақты жəне үйлесiмдi дамыған тұлғаның рухани, адамгершiлiк, эстетикалық, еңбектiк, əлеуметтiк қасиеттерден құралады. Тəжiрибе жүзiнде бұл мазмұн өзiне барынша сəйкес келген ұжымға өтедi. Егер бұл сəйкестiк бұзылса, онда тəрбие қиын жəне шешiлмес дағдарыстарға тап болады. Педагогика тарихы тəрбие процесiн ұйымдастыру-дың əртүрлi формаларын басынан кешiрдi. Олардың əрқайсысы өзгермелi жағдайлардағы белгiлi-бiр мазмұнды ашу үшiн жасалынады. Бiрiншiден, балалар саны өзгердi: ежелгi оқу орнындағы бiр немесе оншақты баладан бүгiнгi барлық балалардың мiндеттi мектеп тəрбиесiне өтуi. Сондықтан, тəрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен берiледi. Тəрбие процесiнде қамтылған адам санына қарай тəрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) жəне бұқаралық болып бөлiнедi. Топтағы (ұжымдағы) тəрбиеленушiлер саны 5-7-ден 25-40 дейiн болса, бұқаралық формада оның шегi болмайды. Тəрбие процесiнiң пəрмендiлiгi оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тəрбиеленушiлер саны тəрбие жұмысының мазмұнына жəне оны басқаруға əсерiн тигiзедi. Тəрбиеленушiлер саны көбейген сайын тəрбие сапасы нашарлайды. Тəрбиелеуде жеке жəне шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тəрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын өте жылдам жəне мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруiне қарай педагогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Бiрақ жеке жəне шағын тəрбиенiң жоғары экономикалық шығындарды керек етуi – оның кең тарауындағы елеулi кедергi. Қазiргi жүйелердiң көпшiлiгi тəрбиенiң топтық (ұжымдық) формасын пайда-лануға көштi. Ол өзiнiң жеткiлiктi тиiмдiлiгiмен, санымен бiрге өкiнiштiсi, педагогикалық қызметтiң салыстырмалы түрде төмен бағалануымен ерекшеленедi. Соңғысы – бiздiң елiмiзде тəрбие формасын таңдаудағы шешушi себеп болып отыр.

Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру