Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Дененің бұзылуы мен омыртқанын қисық бітуінің басты себебі әдетте денені дұрыс ұстамау, бүкірейіп жүру, иық пен бөксені қисық ұстап тұру, орындыққа дұрыс отырмаудан болады.
Дұрыс жүруге, отыруға, тұруға (басын сәл артқа шалқайта, иықты артқа қарай түзу ұстап тік жүру) дағдыландыру қажет. Көзі нашар көретін балалар көбінесе бүкірейіп жүреді, сондықтан ауық-ауық көзін дәрігерге тексертіп отыру керек.
Оқушы тұлғасы жарық жеткіліксіз болса да бұзылады. Бала денесінің қалыпты дамуына серуендеу, әртүрлі қозғалыс ойындарына қатысу, гимнастикамен айналысу, коньки, шаңғы тебу мен суда жүзу бұлшық еттер мен көкірек қуысын дұрыс қалыпта дамытуға көмектеседі.
Тұлғаны дұрыс қалыптастыруда арнаулы гимнастикалық жаттығулардан басқа да құралдарды пайдаланып, денені тепе-теңдікте ұстауға дағдыланудың маңызы зор. Сондай-ақ қозғалыс жасайтын ойындарға және гимнастикаға арналған киім оңтайлы қозғалысқа қолайлы жеңіл болуын қадағаланған жөн.
Күн тәртібінде ой еңбегімен айналысқаннан кейін дене жаттығулары мен ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырылатындай болып жасалуы қажет.
Аталған нұсқаулардың бәрін орындап отыру арқылы тұлға ақауының алдын алуға болады.
Дене дамуын жетілдіруде дене шынықтыру сабақтарының маңызы зор екені даусыз. Дене шынықтыру сабақтарында негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындату арқылы дене тәрбиесінің үш түрлі міндеттер жүзеге асырылады. Біріншісі – сауықтыру міндеттері. Оның мазмұнына: оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, денелерін шынықтыру, дене дамуын жан-жақты жетілдіру кіреді.. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету жұмысы, оқушылардың сүйек жүйесінің жетілуіне, кеуде клеткаларының дамып, дұрыс демалуына, аяқ, қол, дене бұлшық еттерінің қалыптасуына, жалпы бала организмінің жұмысқа қабілетінің артуына әсер етеді.
Екінші міндеті – білім беру міндеттері. Оның мазмұнына: оқушылардың дене сапаларының (жылдамдық, күш, төзімділік, тепе-теңдікті сақтай білу, ептілік, дәлдік т.б.) дамуы, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларының қалыптасуы, дене қалпының жетілуі жатады.
Үшінші міндеті – тәрбиелеу міндеттері. Оның мазмұнына: оқушылардың күнделікті дене жаттығуларын орындау дағдысын қалыптастыру, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен спортқа және спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу жатады.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімде сапқа тұру жаттығулары, жүру мен жүгірудің түрлері және жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындауға дайындық жұмысы жүргізіледі.
Екінші бөлім – негізгі бөлім деп аталады. Негізгі бөлімде қол, иық, мойын, дене, аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалады. Жалпы жетілдіруші жаттығулардың саны мен мөлшері оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп және өзгеріп отырады. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулардан кейін негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары оқушылардың еңбектеу, секіру, лақтыру, өрмелеу, жүгіру сияқты дене дамуын жетілдіруге арналады. Аталған бөлімде негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларынан кейін жылдам қозғалысты талап ететін, оқушылардың дене дамуын жетілдіруге бағытталған қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылады.
Үшінші бөлім – қорытынды бөлім. Қорытынды бөлімде оқушылардың дене қозуын қайта қалпына келтіру үшін жәй қимыл-қозғалыстағы ойындар өткізіліп, тыныс алу жаттығулары орындатылады. Енді қалыптастыру эксперименті барысында өткізілген дене шынықтыру сабақтарынан мысал келтірейік. Мысалы: 4ә сыныбында өткізілген дене шынықтыру сабағының үлгі-жоспарын беріп отырмыз.
Сабақтың мақсаты: жалпы жетілдіруші жаттығуларды жалаушалармен орындауға және негізгі қимыл-қозғалыс түрі гимнастикалық қабырғаға өрмелеуге үйрету, қимылды ойын арқылы сапта жүру және жүгіру дағдыларын жетілдіру.
Қолданылатын құралдар: гимнастикалық қабырға, бала саны бойынша жалаушалар, үйінің орнын белгілеу үшін құрсаулар пайдалану.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім: бір колонада жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, ирек жасап жүгіру.
Негізгі бөлім: жалаушалармен жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындау үшін үш звеноға сапқа тұру.
1. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде, доп оң қолда. 1-2 аяқтың ұшына тұру, оң қолды көтеріп, жалаушаларды сол қолға беру, тыныс алу. 3-4 бастапқы қалыпқа келі, дем шығару (7-8 рет қайталау).
2. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, жалаушалар ұстаған қол төменде. 1 - жалаушаларды жоғары көтеру, 2 - жалаушалар ұстаған қолды төмен түсіру. 3-4 жаттығуды сол қолмен қайталау (9-10 рет қайталау).
3. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, жалаушалар ұстаған қол төменде. 1 – төмен еңкею, жалаушалармен полды ұру, 2 – бастапқы қалып. 3-4 жаттығуды қайталау (9-10 рет қайталау).
4. Бастапқы қалып: тіке тұру, аяқ алшақ, қол екі жаққа созылған. 1 – алға еңкею, жалаушаларды жерге қою, 2 – тік тұру, қолды белге қою. 3 – еңкею, жерден жалаушаларды алу, 4- бастапқы қалып (8-10 рет қайталау).
5. Бастапқы қалып: еденге отыру, аяқ түзу, созылған, жалаушалар оң қолда. 1 – оң аяқ тіке көтеріп, жалаушаларды аяқтың астынан сол қолға беру. 2- аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу. 3-4 жаттығуды сол аяқпен қайталау (9-10 рет).
6. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде, доп оң қолда. Допты жерге ұра отырып, 8 рет оң аяқпен, 8 рет сол аяқпен секіру.
7. Бастапқы қалып: аяқ алшақ қойылған, жалаушалар ұстаған қол төменде. 1 – жалаушалар ұстаған қолды алға созу, 2-3 қайшылау, 4-бастапқы қалып (9-10 рет).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау:
1. Гимнастикалық қабырғамен жоғары өрмелеу және қайта түсу.
2. Құм салған қалталарды 2 метр қашықтықтағы себеттерге лақтыру.
3. Қимыл-қозғалыс ойыны «Сап түзеген батырлар».
Төменде қимыл-қозғалыс ойынының мазмұны беріліп отыр.
Қатарда (сапта) жүру түрлерін жетілдірумен қатар, балалар қосымша тапсымаларды да орындауға дағдыланады. Қасында жолдастары болғандықтан, бір-біріне сенім сезімі пайда болады. Олар қимыл-қозғалысын икемдеп, епті болуға үйренеді.
Мазмұны. Ойын алаңының екі жағынан аралары 10-15 м қосарланған екі сызық жүргізіледі.
Ойыншылар санау арқылы екі командаға бөлінеді де, сызықтардың үстіне барып, бір-біріне қарама-қарсы қарап, сап түзеп тұрады. Командалар өзара келісіп, ат қойып алады. Мысалға, біріншісі «Алпамыс», екіншісі «Ертөстік» командасы болсын.
Басқарушы: «Алпамыс батырлары!» - дегенде сап түзеп тұрған «Алпамыс» командасы саптарын бұзбай, қарсыластарына қарай аяқтарын нық басып, адымдай жөнеледі. Олар қарсыластарына 3-5 м қалғанда басқарушы ысқырып белгі береді. Сол кезде сап түзеп келе жатқан балалар кілт тоқтай қалып, жалт бұрылып, өздерінің «үйлеріне» қарай тұра жүгіреді. Сол белгіні күтіп тұрған қарсыластары оларды қуа жөнеледі. Үйіне жетпей ұсталып қалған ойыншылар сол орындарында тұрып қалады.
Ойын біткеннен кейін қолға түскен ойыншылардың әрқайсысы үшін бір ұпай беріледі.
Ұпай саналғаннан кейін командалар рөлдерін ауыстырып, ойынды жалғастырады.
Ойынның ережесі. Белгіге дейін ойыншылардың тоқтап қалуына немесе сапты бұзуына болмайды. Белгі берілгенге дейін қуғыншыларға сызықтан аттауға болмайды. Қарсылас команданың ойыншыларын тек сызыққа дейін ғана қууға болады. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ережені бұзған болып саналады.
Ойынды балаларға жаңадан үйреткен кезде, оларға қолдарынан ұстап, сап түзеп тұруға рухсат етіледі. Сап түзу болуы үшін ойыншылар бір-біріне иықтарын тигізе, жақын жүруін қадағалап отыру керек.
Балаларды ойынға қызықтыру үшін сапта тұрғанда өлең айтқызуға болады.
Ұзындыққа секіруге байланысты өткізілген дене шынықтыру сабағының үлгі-жоспарын мысалға келтірейік. Мысалы: 4а сыныбында өткізілген дене шынықтыру сабағының үлгі-жоспарын беріп отырмыз.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды бір орнында тұрып ұзындыққа секіруге үйрету, кеңістікте шашырап жүгіру дағдыларын жетілдіру.
Қолданылатын құралдар: ұзындыққа секіруге арналған құм, ұзындықты белгілеу құралдары, тепе-теңдікті сақтап жүруге арналған жіп.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім: бір колонада жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, ирек жасап жүру, жүгіру, алаңда шашырап жүгіру.
Негізгі бөлім: жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындау үшін үш звеноға сапқа тұру.
1. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде. 1 қолды екі жаққа созу, оң аяқты көтеру, «әтеш» болып тұру, 2 – бастапқы қалып, 3-4 осы жаттығуды сол аяқпен қайталау (7-8 рет қайталау).
2. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, екі қол төменде. 1,2,3 – екі қолды айналдыру, «диірмен жасау», 4 – бастапқы қалып (9-10 рет қайталау).
3. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, қол төменде. 1 – төмен еңкею, қолмен полды ұру, 2 – бастапқы қалып. 3-4 жаттығуды қайталау (9-10 рет қайталау).
4. Бастапқы қалып: тіке тұру, аяқ алшақ, қол екі жаққа созылған. 1 – оңға иілу, екі қолды белге қою, 2 – тік тұру, екі жаққа созу. 3 – солға иілу, екі қолды белге қою, 4- бастапқы қалып (8-10 рет қайталау).
5. Бастапқы қалып: еденге отыру, аяқ түзу, созылған, екі қол артта, еденге қойылған. 1 – оң аяқ тіке көтеру, 2- аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу. 3-4 жаттығуды сол аяқпен қайталау (9-10 рет).
6. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол белде. 8 рет оң аяқпен, 8 рет сол аяқпен секіру.
7. Бастапқы қалып: аяқ алшақ қойылған, екі қол белде. 1 – отыру, қолды алға созу, 2- бастапқы қалып. 3-4 жаттығуды қайталау (9-10 рет).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау:
3. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
4. Еденге қойылған жіңішке жіптің үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру, екі қолды екі жаққа созу.
3. Қимыл-қозғалыс ойыны «Ормандағы аю».
Қимыл-қозғалыс ойынының мазмұны: Алаңның екі шетіне балалар аюлар және бавлалар болып екіге бөлінеді. Аю болған балалар «апанның» (құрсаудың) ішінде орманға жидек теруге келетін балаларды күтіп отырады. Қалған балалар алаңның қарсы жағынан жидек терген сияқты қимылды жасай отырып, келесі сөздерді айтады:
Аю жүрген орманға,
Жидек тере барғанда.
Аю отыр гүрілдап,
Жарамайды мұның деп,- деген сөзді айтқанда аюлар балаларды ұстау үшін апанынан шығып балаларды қуа жөнеледі. Балалар аюларға ұстатпауға тырысып, өздерінің орнына қарай тұра жүгіреді. Ұсталып қалған балаларды аюлар апанына алып кетеді. Ойын 5-6 рет қайталанады. Ұсталған балалар айып ретінде өлең, тақпақ айтуына да болады.
Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруде қимыл-қозғалыс ойындарының алатын орны ерекше. Себебі, әрбір қимыл-қозғалыс ойынының мазмұнында негізгі қимыл-қозғалыз жаттығуларының элементтері бар.
Балалар ойыны айналадағы дүниенің айнасы іспеттес. Ойын қоғам өмірінің жағдайларымен тікелей байланыста болады. Оның бала өміріндегі орны, формасы мен мазмұны ересек адамдардың тұрмыстық күйімен, еңбегімен салыстырыла жанама түрде айқындалады. Қазіргі таңдағы психология және педагогика ғылымдарының теориясы ойынды баланың дербес белсенділігінің айналадағы дүниемен араласуы, оны тануы және өзінің көп қырлы мүмкіндіктерін сынап көруінің алғашқы бір көрінісі деп қарайды.
Н.К.Крупская ойынды өсіп келе жатқан жас жеткіншектер организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп есептейді. «Ойын өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету сияқты қасиеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады»,-деп ойынның балалардың дене дамуындағы маңызын атап көрсетеді. А.С.Макаренко баланың ерте жасында және оның келесі өсу сатыларында ойынның ерекше маңызы барын атап көрсеткен. Ол ойынды баланы қызықтыратын әрі өзі үнемі елтіп отыратын ең басты сабақ деп санайды.
К.Д.Ушинский ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекет етуге жол ашушы ретінде түсіндіреді. «Шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жаратпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді. Өзі жасаған нәрселеріне қашан да билік жүргізумен болады»,-дейді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы бар, олардың бастауыш сынып оқушылары үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызуы – осылардыі бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын оқушылардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгілеуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.
Қимыл-қозғалыс ойындары оқушылардың игеріп үлгермеген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне және мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатқа әрекет етеді. Ойын кезінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру