Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Сонымен жан-жақты үйлесімді даму дене тәрбиесінде белгілі бір заңдылыққа бағынып, әлеуметтік бағытқа және адамның өміріне бағытталған.
«Дене тәрбиесі» ұғымы өзі көрсетіп тұрғандай «тәрбиелеу» деген жалпы ұғым мағынасына кіреді. Жалпы тәрбие сияқты дене тәрбиесі де барлық педагогикалық заңдылықтармен бейнеленген тәрбиелеу және білім беру мәселелерін шешеді, немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Дене тәрбиесінің ерекше белгілері былай тұжырымдалады, ол ең әуелі дағдыланған қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы және бұлшық ет сапаларының дамуы, осы екі жиынтық дененің еңбек ету қабілеттілігін анықтайды. Дене тәрбиесінің – ерекше белгісі екі бөлімнен тұрады:
1. Қимыл-қозғалыстарға үйрету (қимыл әрекеттері)
2. Дененің қозғалыс сапаларын жетілдіру.
Қимылдарға үйретудің басты негізі бұлшық еттің болуы. Бұл ерекшелік үйрету заңдылығында қимылдарды басқару тәсілдерін адамның жүйелі қабылдауы арқылы өмірге қажетті ептіліктерін, дағдыларын және осымен байланысты білімдерін меңгереді. Дене тәрбиесі білім беру жағынан адамның қимыл мүмкіндіктерін өмірде – бірінші дәрежедегі мағынада ұтымды көрсетеді. Дене тәрбиесінің екінші маңызды жағы – дененің табиғи ерекшеліктеріне бір мақсатпен әсер ету, оларға функционалды жағдай жасаумен қатар қоршаған ортаның табиғи жағдайлары пайдаланылады. Дене тәрбиесінің бұл түрін дене қозғалысының сапаларын тәрбиелеу дейді.
Денені бір мезгілде басқару факторы қозғалыс әрекеттері болып табылады. Қимыл қозғалыстың көмегімен және дене тәрбиесінің басқа тәсілдері мен дененің функционалды қалпын өзгертуге болады, сонымен қатар, өзгерулер арқылы үдемелі өзгерістерді көруге болады (демалу жүйесін және жүрек тамырларының функционалды мүмкіндіктерін өсіру және т.б.). осылардың жиынтығы дененің функционалды мүмкіндіктерінің жалпы сапа жағын өзгертеді. Дененің қозғалыс сапасын осындай жолдармен тәрбиелеу белгілі бір жағдайларда нақты бір өзгеріс дәрежелері мен оның бағытын дамытады. Бұл қозғалыс қабілетінің күшеюін білдіріп, еңбек ету қабілеттілігін көтереді, денсаулықты нығайтады және дененің басқа да табиғи ерекшіліктерін жетілдіреді.
Қимылдарға үйрету мен дененің қозғалыс сапасын тәрбиелеу бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан олар бір-біріне ауысып тәрбиелеу кезеңдерінде әртүрлі байланыста болады. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің осы түрлері басқа тәрбие беру бөліктерімен бірігеді. Егер тәрбиелеудің барлық түрлері бірігетін болса, онда дене тәрбиесі адам бойындағы қасиеттерді жан-жақты дамыта алады да ол қоғамға тән тәрбие болып есептеледі.
«Дене тәрбиесі» ұғымымен қатар «дене дайындығы» ұғымы көп қолданылады. Олардың мағынасы бір, бірақ екінші ұғымды көбінесе дене тәрбиесінің еңбекке және басқа әрекеттерге байланысты іске асырылатын бағыттарда қолданылады, бұл жағдайларда дененің дайындығы талап етіледі. Дененің дайындығы еңбек ету қабілетімен қалыптасқан дағдыларында белгілі бір әрекеттерде немесе оларды меңгеруде көрінеді. Осыған байланысты денені дайындаудың жалпы және арнайы түрлері болады.
Денені дайындаудың жалпы түрі дене тәрбиесінің жетілмеген түрі болып табылады, ол әртүрлі әрекеттерде үлкен табыстарға жетуге жалпы бастамалар береді. Денені дайындаудың арнайы түрі – бұл дене тәрбиесінде таңдап алынған әрекеттерді тереңірек қабылдауға бағыт береді. Осындай денені дайындаудың жалпы түрін «дененің жалпы дайындығы» деген ұғыммен, ал денені дайындаудың арнайы түрінің нәтежесін –«дененің арнайы дайындығы» ұғымымен көрсетеді. Осы атаулар тобы дене тәрбиесінің нақтылы іс жүзінде қолдануына көңіл аударып, оның тәжірибелік маңызы, адамдарды әлеуметтік келісілген істерді орындауға дайындайды.
Сонымен дене тәрбиесі дегеніміз – қимылдарды үйрету және адам денесінің қозғалыс сапасын дамытып жетілдіру. Дене тәрбиесінің іс жүзінде қолданылуы әлеуметтік келісілген істерді (еңбек, әскери қызмет және т.б.) орындауға дене қозғалысын дайындау заңдылығы. Түрлі тәрбиелермен қатар дене тәрбиесінде де адамды жан-жақты тәрбиелеп дамытудың маңызы зор.
Дене тәрбиесі – қоғамдық құбылыс. Ол қоғаммен бірге пайда болып, қоғамның даму заңдарымен бірге дамиды. Дене тәрбиесін әлеуметті істерге бағыттайтын ойлар және оның түрлері әрқашанда қоғамдық қатынастармен байланысты болады, олар қоғамдық формация жағдайларына байланысты дене тәрбиесі жүйелерінің ерекшіліктерінен көрінеді.
«Дене тәрбиесі жүйесі» ұғымы дене тәрбиесі тәжірбиесінің белгілі бір тарихи әлеуметтік түрде қамтып көрсетуі, яғни, шығу негізімен ұйымдастыру түрлеріне жиынтығын міндетті түрде үйлестіріп, қоғамның нақты құбылысына бейімдеу. Дене тәрбиесі жүйесі төмендегідей анықтаушы жағдайлармен сипатталады.
- әлеуметтік мақсатты нұсқаулар, қоғам талаптарына немесе кейбір таптардың мүддесіне сай және соның нәтежесінде әлеуметтік қатынастармен байланысатын белгілі бір қоғамдық формацияның идеологиялық негіздерімен;
- дамыған жалпылама концепция түрінде: заңдылықтарды ғылыми тәжірбиелік әдістерін біріктіретін ілімді-әдістік негіздермен;
- бағдарламалы мәліметтермен, таңдап алынған және жүйелендірілген мақсатты нұсқаулар, қабылданған концепциялар және дене дайындығының сапасын көрсететін бағдарлы көрсеткіш негіздерімен;
- қоғамда дене тәрбиесін жүзеге асыратын және бақылайтын мекемелер мен ұйымдардың әрекеттеріне бекітілген бастапқы негіздердің ұйымдасқан түрімен сипатталады. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады.
Дене тәрбиесінің жүйесі дене тәрбиесінің тәжірибе жүзіндегі жекелеген құбылыстары мен ғана сипатталып қоймай қоғамдық формацияға жүйелендіру негізінде ретке келтіріп, мақсатқа орай ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Өзінің даму жағдайына байланысты дене тәрбиесінің жүйесі қарапайым немесе жоғары дамыған болады, оның ұйымдастырушы күші және кең таралуы өкімет пен бастауыш қоғамдық күштердің араласуына байланысты болады. Қарама-қарсы топтарға бөлінген қоғамдағы дене тәрбиесінің жүйесі сол қоғамның барлық мүшелерін қамтамасыз етпейді, ол тек қана сол қоғамдағы кейбір таптардың бақылауындағы бөлігін ғана қамтамасыз етеді.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.
Біз – тәуелсіздігімізді нығайту, экономикалық жүйемізді түбірінен жаңарту, демократиялық принциптерді орнықтыру, мемлекеттік, ұлттық және мәдени бірегейлену сияқты күрделі процестерді басымыздан өткізіп жатқан елміз. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында, халықтың басым көпшілігінің рухани және мәдени жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін процестер. Міне, сондықтан да ел басы Н.Назарбаевтың Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген «Қазақстан-2030» атты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді,- делінген аталған еңбекте,-бірақ мемлекет өзгерістер процесін, объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады».
Адамдар санасының өзгеруі, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына баға береді. «Қоғамымымздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік,-дейді Президент, - қысқасы біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті».
Жаңа ғасырдың басында ересектер өміріне қадам басқан жас жеткіншектер бұрынғыдай емес, мүлде басқа өмірге бейім болуы керек. Білімді адам санатында аталуы үшін қазіргі оқушыларға негізгі пәндерді жан-жақты игеру және жақсы қабілетінің болуы аздық етеді. Ол өмірдің барлық қиыншылықтарын пайымдай білуі, кез-келген тығырықтан парасатпен, абыроймен шыға білуі тиіс.
1.2 Бастауыш мектептердегі дене тәрбиесі жұмысының мазмұны, ұйымдастыру формалары мен құралдары
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалынуда.
Әрине, еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бүкіләлемдік сауда ұйымына, бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына өтуі барысында орта мектеп өмірінде орын алып отырған бұл жаңашыл оқыту түрлері барынша құпталынуы тиіс. Өйткені, кез келген елдің экономикалық әлеуеті оның интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан алғанда Елбасы Н.Назарбаевтың еліміздегі білім жүйесін дамыта отырып әлемдегі алдыңғы қатардағы жүйеге шығару мақсатында ел дамуының басым бағытына айналдыруы тектен-тек емес.
Бұл жағдай еліміздегі білім саласында болып жатқан реформаларға жаңа заман талабына сай сын көзбен қарауды, кемшіліктерді ашық түрде көрсете отырып жою, алдыңғы тәжірибелерді мектеп өміріне батыл кіріктіруді қажет ететіндігі күмән туғызбасы анық. «Білім» сөзі - өте күрделі және көпмағыналы ұғым. Жалпы мағынасын,да білім – адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағдылар ғана кірмейді, бұ ұғым аясы болып жатқан оқиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс жасау.
Осы тұрғыда ғылыми әдебиеттерде білімге бірнеше анықтама беріледі. Мысалы: білім алдыңғы ұрпақтың кейінгілеріне онтогенетикалық тұрғыда генетикалық бағдарлама мен тұлғаның әлеуметтенуіне сәйкес тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік маңызды тәжірибені үздіксіз берудің ұйымдастырылатын және реттелетін үрдісі мен оның нәтижесі.
Әр елдің ұлттық білім беру жүйесінің ауқымы, құрылымы және экономикасы, ғылымы, мәдениетімен өзара әсері әр түрлі болғандықтан, білім беру жүйесінің шығу түрі де әртүрлі. ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам ғасыры, мәдениет технологиясының ғасыры, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау ғасыры. Адамзаттың дамуының жаңа жүйесі кезеңіне білім беру мен оқытудың жаңа модельдері сәйкес келуі қажет.
Білім саласындағы Еуропалық Кеңестің озық сараптаушыларының бағалауынша, бүкіл Халықаралық ұйым үшін де, барлық білім жүйелері үшін де төмендегі қайшылықтарды жою арқылы ХХІ ғасырдағы білім мәселелері шешілмек:
- жалқы және жалпының арасындағы қайшылық;
- адамның өз арғы тегі, болмысын жоғалтпай әлем азаматына біртіндеп айналуы және өз аймағы мен ұлтының өміріне белсене араласуы;
- салт-дәстүр мен қазіргі заманғы үрдістер қайшылығы;
- түп тамырын теріске шығармай қалыптасу;
- басқалардың еркін және даму тәуелсіздігімен байланыс;
- ақпараттық қызмет саласындағы жаңа технологияның дамуымен байланысты техникалық үрдісті меңгеру;
- ақпараттың елеулі дамуы мен оны адамның меңгеру мүмкіндігі арасындағы қайшылық;
- мектеп бағдарламасының күрделенуі;
- қоршаған ортаны тану мен сақтауды қарастыратын пәндердің енуі.
Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында білімнің ролі артып келетіні белгілі. Бәрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кәсіби тәжірибе мен біліктілігін арттыру арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын маман дайындау жүйесіне қатысты. Ең алдымен, білім жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы – оқуға деген оң көзқарастың дамуы.
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдірудің қайнар көзі – мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білім мазмұнын толық анықтамайды. Міне, осылар материал таңдаудың және оны тиісті құрылымға құрастырудың факторларын анықтайды. Бұлар – ғылым, қоғамдық қатынастар тәжірибесі, материалдық және рухани өнім жасау, қоғамдық сананың түрлері т.б. жоғарыда айтылған қайнарлардан білім беру материалын құрастыру нақты психологиялық және тарихи талаптарды ескере отырып жүргізіледі. Осы талаптарға сәйкес әлеуметтік тәжірибенің мазмұны педагогикалық сын тұрғысынан қарастырылады. Білім мазмұнын құрастыруда сол сияқты балалардың жекелік-тұлғалық дамуының, олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатта жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай таңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Сондықтан білім берудің басты міндеттері:
- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі;
- оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі;
- айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық , адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету.
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру