Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

Файлы: 1 файл

физвоспит.doc

— 516.50 Кб (Скачать файл)

    Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.

   Сабақ – дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап -мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан пікірі бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі дене тәрбиесі сабағының маңызын аша түседі. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.

    Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың дене шынықтыру-спорттық ойлауы, техникалық шеберлігін жетілдіруге даяр болуы, уақытқа, кеңістікке және ойын жағдайына бағдарлануы, спорттық-ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеттері дамиды. Мұның бәрі олардың бойында денсаулығын сақтауға қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі – бұл балалардың мақсатты бағытталған дәл ұйымдастырылған және жоспарлы жүзеге асырылатын дене шынықтыру және спорттық әрекеттерінің жүйесі. Дене тәрбиесінің тәрбиелілік өлшемі болып баланың  жасына сәйкес денесінің дамуы: қозғалыс сапасы, білігі мен дағдысы, ептілігі, төзімділігі, жүгіру, тартылу, жаттығу орындаудағы жүктемені көтере алуы есептеледі.  Сондай-ақ, дене жаттығуларын жүйелі жасауы, жеке гигиенаны мұқият сақтауы, еңбек пен демалысты нақты ұйымдастыруы, бос уақытын денесіне және жанына пайдалы етіп өткізуі, жамандыққа төзбеушілік ұстанымын ұстануы, адамның дене әрекетіндегі әдемілікті түсінуі т.б. жатады.

   Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарында оқушылар сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.

    Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқушылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады. Мысалы, жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, шаңғы, осы сияқты спорт ойындарының басқа түрлері де пайдаланылады.

   Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрған жерлерінде, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станцияларында, мәдениет парктерінің балалар секторларында, спорттық базаларда (стадион, жүзу бассейіндері, мұз айдыны т.б.), ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.

   Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама берілуі мүмкін. 

   Дене тәрбиесінің  мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді.

   Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

   Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал етеді.

   Гимнастиканың бірнеше түрлері бар. Олар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика, емдік гимнастика.

   Оқушылардың дене дамуының жетілуінде негізгі гимнастика үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары, музыка арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылдың билеу формалары, қимылдың тұтас  табиғи формалары (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу т.б.). Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылады.

   Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.

      Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис ойнатылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп  үйренеді.

   Туризм дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.

   Спорт біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар  - жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т.б.

     Спорттық іс-әрекеттер жаттығу барысында және спорттық жарыстарда іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спорттық секцияларында , мектептен тыс мекемелерде дайындалған мамандар арқылы өткізіледі. Спорт оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.

     Дене тәрбиесінің жүйесінде спорт үлкен орын алады. Ол бірнеше жолдармен дәлелденеді. Ең алдымен дене тәрбиесінің әдіс тәсілдері спорттық әрекеттермен іске асырылады. Соңғы жыл ішінде халықаралық спорттық байланыстардың дамуы, спорт беделінің өсуі деп білеміз. Спорт ерекшіліктерінің негізін жарыс қимылдары құрайды ол бәсеке жүйесі түрінде құрылады. Осыдан ол бақталастық қатынастың ерекше түрімен сипатталады, ешқандай келіспес қайшылықтары жоқ, әрекеттері мен жарыстың айқын регламенті, олардың үйлесімділігі, орындау жағдайлары және жетістіктері белгіленген ереже бойынша бағаланады.

    Спорттағы жарыс әрекеттерінің мақсаты – жоғарғы нәтежеге жету. Бірақ жарыстың мәні тек қана спорттық нәтежелерге жету емес, жарыс әрекет ретінде адамға әсер етеді және адамдар арасындағы қатынасты дамытады, сонымен қатар қоғамдық қатынастың терең мағыналығымен белгілі бір қоғамның әлеуметті бағытымен сипатталады. Нақтылы түрде айтсақ, спорт – адамның өз мүмкіндік шегін әрі қарай дамыту.

     Жалпы түсінікте «спорт» жарысу әрекеттері, соған арнайы дайындық, адамдар арасындағы өзгеше ара қатынас және жалпы алғанда қоғамда өте маңызды орын алады. Спорттың әлеуметтік бағалылығы былай қортындалады: -  дене тәрбиесінің әдіс-тәсіл әрекеттерінің жиынтығымен, адамды еңбекке және қоғамға қажетті әрекеттерге дайындаумен бірге этикалық және эстетикалық тәрбиеге, қоғамның рухани талаптарын қамтамасыз етіп, халықаралық байланысты бекітіп, дамытады.

     Спорт жарыстарының түрлері дене тәрбиесінің құралы мен тәсілі ретінде қаралады да, әдіс тәсілдерін қолдана отырып қабілеттілікті, іскерлікті және дағдыны жоғары дәрежеде дамытады.

     Дене тәрбиесі тек қана спорт жұмысымен шектелмейді, оны дене тәрбиесінің жан-жақты құралы ретінде де қарастырады. Айтылып кеткендей спорт көп қырлы қоғамдық құбылыс. Көбіне ол үлкен спортқа қатысты. Спорттың кейбір түрлерінің әрекеттері дене тәрбиесінің құралдары қатарына кірмейді, олар шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ т.б. бұлар жоғары қозғалыс әрекеттерімен байланыста емес.

    Спорт дене тәрбиесі тәсілдерінің жан-жақтылығын көрсетеді. Дене функционалды мүмкіндіктерінің жоғарғы талаптарына сай көтерілуі және педагогикалық үрдіске кіретін ерекше спорттық қимыл қозғалыста адамның жасымен, денсаулығы және адамның дайындық мөлшерімен сипатталады.

    Арнайы спорттық жұмыспен шұғылданған соң дене тәрбиесі тағы бір өзіндік ерекшелігі бар «спорттық жаттығу» заңдылығымен сипатталады.

    Дене тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі – табиғат факторлары. Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыроу ретінде пайдаланылады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар, бассейндер, туристік-экскурсиялық базалар пайдаланылады. Қала сыртында балалардың жақсы демалуы және денсаулығын нығайту үшін кәсіподақ, спорттық, туристік, жас техниктер және жас натуралистер лагерьлері ұйымдастырылады.

     Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай олардың белсенділіктері бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчествалық т.б. белсенділік) түрлері болады. Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер. Аталған белсенділік сыныптан тыс жұмыста бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға байланысты.

    Сонымен, мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

     Дипломдық жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сай көптеген еңбектермен таныса келе, бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын деңгейін анықтау барысында Ресей ғалымдары Л.М.Фридман мен В.Т.Чепиковтың оқушылардың тәрбиелілік деңгейі  мен тәрбиелік көрсеткіштерінің мазмұнымен таныстық.

Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша оқушының тәрбиелілік деңгейі диагностикалау нәтижесінде айқындалады.

   Диагностика дегеніміз - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау. Мұндай бағалау әрекеті жағдайды айқындауға, тәрбиеліліктің шынайы деңгейін анықтауға бағытталады.

Л.М.Фридман пікірінше, тәрбиелілік деңгейі-оқушыда оның жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкес тұлғаның маңызды қасиеттерінің қалыптасқандығы, ал тәрбиелік көрсеткіштері - сәйкес қасиеттің қалыптасқандық деңгейіне орай әрқайсысы  жоғары, орташа, төмен деп бағаланады.

Ал, В.Т.Чепиков бастауыш мектеп оқушыларының  тәрбиелілігінің 5 деңгейін көрсетеді және оған төмендегідей педагогикалық- психологиялық сипаттама береді. В.Т.Чепиков бойынша бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиелілік деңгейінің сипаттамасы  1 кестеде берілген.

1 кесте – Бастауыш мектеп жасындағылардың тәрбиелілік деңгейінің сипаттамасы

                       

Тәрбиелілік деңгейі

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиелілігінің құрылымдық сипаттамасы (тұлғалық қасиеттердің  психолоиялық құрауыштары)

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиелілігінің мазмұндық сипаттамасы (тұлғалық қасиеттердің мінез-құлқында көрінуі)

 

 

Бірінші деңгей

әлеуметтік ережелер мен мінез-құлық нормалары туралы жекелеген көзқарастары бар, бірақ жағымды қажеттіліктері мен түрткілері және мінез-құлық біліктері қалыптаспаған)

Менмендік қасиеттері басымдық танытады, әлеуметтік ережелер мен нормаларды игермегендіктен оларға жағымсыз көзқараспен қарайды.

 

 

№ 1 кестенің жалғасы

                           

Екінші деңгей

Кейбір жағымды  қажеттіліктері мен  түрткілері және мінез-құлық біліктері біршама қалыптасқан. Әлеуметтік ережелер мен мінез-құлық нормалары туралы жекелеген көзқарастары бар.

Өз мінез-құлқын жақсартуға ұмтылады, әлеуметтік ережелер мен нормаларды туралы хабары бар, бірақ оларды орындау үшін көп ерік-жігер және ересектер тарапынан тұрақты бақылауды қажетсінеді.

Үшінші деңгей

Жағымды қажеттіліктері мен түрткілері және мінез-құлық біліктері ғана емес дағдылары да тұрақты қалыптасқан. Әлеуметтік ережелер мен мінез-құлық нормалар туралы жағымды көзқарастары орныққан.

Өз мінез-құлқын жақсартуға мақсатты ұмтылады, әлеуметтік ережелер мен нормаларды біршама игерген, бірақ оларға сараланған өзіндік көзқарасы қалыптаспаған

Төртінші деңгей

Тұлға құрылымында жағымды қажеттіліктер мен түрткілер басымдық танытады және мінез-құлық ережесі мен нормалары туралы түсінігі мен көзқарастар жүйесі бар, мінез-құлық дағдылары қажетті деңгейде қалыптасқан.

Өз мінез-құлқын жетілдіруге тұрақты, жүйелі ұмтылады, әлеуметтік ережелер мен нормалардың әлеуметтік мәнін саналы түсінеді, оларға жағымды көзқарасы қалыптасқан. Өзіндік, мүдделі мінез-құлық белгілері анық байқалады.

Бесінші деңгей

Тұлға құрылымында жағымды қажеттіліктер мен түрткілер басымдық танытады және мінез-құлық ережесі мен нормалары туралы саналы түсінігі мен көзқарастар жүйесі бар, орнықты мінез-құлық дағдылары тұлғалық  қасиетіне кіріккен.

Өзіндік мүдделі мінез-құлқы қалыптасқан, мінез -құлқы мен әрекетін жетілдіруге тұрақты жүйелі ұмтылыс байқалады, әлеуметтік ережелер мен нормалардың әлуметтік ережелер әлеуметтік мәнін де саналы сезінеді, тұрақты дағдыға айналған мінез-құлыққа ие. Адамгершілік нормалар мен ережелерге қайшы келетін қылықтарға белсенді қарсылық білдіреді.

Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру