Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Сөз қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты қасиетін тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:
1. Баяндау, әңгімелесу,түсіндіру әдістерінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері жаттығулардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
3. Талқылау, бағалау әдістері жаттығулардың әрекеттерін талдауға, баға арналған.
Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Баяндау – теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдәсә қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін көтеру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады. Қысқа да бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілік (старт беру кезіндегі бұйрықтар) төрешілердің бұйрық сөздері болып бөлінеді. Бұйрық ұжымдық (коллективтік) әрекеттерді ұйымдастыруға қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстары т.б.
Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындалуды талап ететін сөз әсерін – нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысқа үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», еркін жүр» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты бақылап отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (мысалы, ойын) талдау жасалады. Талдаудың көмегіменқателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болған соң, оған «жақсы», «жаман» дегендей аузша баға беріледі.
Көрнекті ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: а) көру көрнекілігі әдістері; ә) есту көрнекілігі әдістері; б) қимыл көрнекілігі әдістері.
Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: үйренетін қозғалысты оқушының (немесе оқытушының тапсырмасымен оқушының) көрсетеді. Көрсету кезінде оқытушы мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алуы керек:
1. Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс.
2. Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет:
а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, жай өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады.
3. Жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек.
4. Қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айна тәсілін» қолданған жөн.
5. Мұғалім көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайларда: а) денсаулығына байланысты; ә) көрсету кезеңінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса; б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, жаттығуды көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына болады.
Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер, плакаттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады.
Суреттеме – тақтаға немесе қағазға оқушының жаттығудың орындалу схемасын түсіруі. Мұғалім сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон таспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді.
Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басьалуы мен аяқталуын есту және көру, ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі. Қимыл-көрнекілік әдісі екі түрде орындалады: 1. Қозғалыс туғызар дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру; 2. қозғалысты еріксіз орындату, тренажерларды қолдану, олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау.
Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде тәсілдік құрал-жабдықтар және көмекші құралдар арқылы мұғалім мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тек мағлұмат алады және қателерін түзете қояды.
Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және үйренуге ынтасын оятады. Түсіну, ұғыну процесі қалыптасу кезінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады.
1. Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндеті бір сабақта (мысалы, шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабақта (мысалы, шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тәсілі) орындауды ұғынуы. Оқушылар тәсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.
2. Орындау жобасын құру. Бұнда оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады, ал оқушыда сол арқылы жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.
3. Қимыл бөліп немесе тұтас орындау. Қимыл орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.
Сөз қолдану әдістері (түсіндіру, баяндау), көрнекі қабылдау әдістері және тұтас немесе бөлшектеп үйрету әдістері – оқу әдістеріне тән қимыл-әрекетімен таныстыру кезеңі.
Жарыс тәсілі. Жарыс тәсілі көптеген өзіндік белгілермен баяндалады. Бұл тәсілмен кез-келген дене жаттығуларын, яғни сапқа тұрудан бастап залдан шығуға дейінгі біршама өзіне тән белгілері болады. Атап айтсақ: 1. жеңімпаздарды айқындау мақсатында оқып үйренушілердің күшін салыстыру, олардың іс-әрекетін белгіленген бір ережеге сәйкестендіру. 2. Жарыс тәсіл оқушылардың функциональдық және психикалы мүмкіншіліктерін толық ашуға және олардың дайындау дәрежесі мен тапсырмаларын тәртіпке келтіруге шектеулі мүмкіндіктер беріп жаттығуларды жетілдіру және дене сапасын тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайлар қажет болғанда қолданылады.
Ойын және жарыс тәсілдерін дұрыс пайдаланғанда ұжымдылық бастама жасаушылық, тұрақтылық, төзімділік, саналы тәртіптілік қасиеттері тәрбиеленеді. Егер мұғалім ойынды немесе жарысты өткізу барысында қате жіберіп алса, оқушылардың мінез-құлығындағы өзгерістерді дұрыс бағаламаса, онда оларды тәрбиелеумен түзеуге болмайтын зиянды жағдайға әкеп соғады. Дене тәрбиесінде іс әдістемесін қолдану білім деңгейін есептеуге, яғни оқу тапсырмаларын меңгеруге қажет етеді. Жаттығуларды алдын-ала оқып, үйрену шеңберінде оның іс әрекетінің әдістерімен таныстыру барысында, төменгі класс оқушыларына тиімді әсер етуге ойын жаттығулары қолданылады. Мысалы: қоян, тышқан және аңдардың іс әрекетіне ұқсас жаттығуларды жасатуға болады. Осы кезде пайда болған жақсы көңіл-күй балаларды бірнеше мәрте орындауға итереді. Бұл олардың тынығуына, дененің сапасын тәрбиелеуге көмектеседі. Балалар аңдардың, құстардың, жәңдіктердің, өсімдіктердің, көлік түрлерінің және еңбек операцияларының мінез ерекшеліктеріне қызығады.
Үйренген қозғалыстарға сай келетін бейнелер әркімнің өз көзқарасын қалыптастырады. Бұл оқу заңдылығындағы саналықтың жоғарлауына, оқытылып отырған қозғалыс әрекеттерін дұрыс елестетуді қалыптастырып, оған жақын әдістерді жеңіл әрі тез орындауға көп әсерін тигізеді. Мысалы, қар лақтырып ойнаған балалар, допты лақтырғанда нысанаға дәл тигізу әдісін қалыптастырады.
Қозғалыс іс-әрекетін терең оқып үйренуде (2 кезең) адамның тәжірибелік іс әрекетіндегі жаттығудың орны туралы оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыруда үлкен маңызы бар. Берілген допты алысқа лақтыруды үйрету кезінде балаларды сарбаз жағдайына бейімдеп, жау танкісін қиратуды көрсетуде іске асырады, ал ұзындыққа секіруді үйретуде әртүрлі кедергілерді бейнелеуге болады, яғни ойынға оқытылып жатқан әдіс кіргізіледі. Мұндай жағдай оқушыларды бұрынғыдан гөрі ынталы, қызыққыш кейіпке түсіреді. Осы кезеңде қолданылған жарыс объектісі жарыс жаттығуларын орындау сапасының көрсеткіші болмақ. Эстафеталық ойындарды қолданғанда оның құрамында үйрететін жаттығудан басқа оқушылардың бұрыннан қолданып жүрген жаттығулары да болуы керек. Егерде екінші кезеңде оқушылар жаттығуды тұрақты жағдайда орындаса жетілу кезеңінде іс әрекетін дағдылы шегіне жеткізу міндеті қойылады, яғни жаттығу әрдайым еркін мақсатқа бағындырылған тездікпен, тербелу шегі мен күштің және түрлі жолдармен орындалуы шарт. Бұл үшін барлық әдістін түрі қолданылады, бірақ негізінде ойын мен жарыс әдісіне үлкен маңыз береді. Үйретілген жаттығулар әртүрлі жағдайларда басқа іс-әрекеттердің бірігуі жағдайында орындалады. Оқытылған іс-әрекеттерді орындау тәсілдері ойын мақсатына бағындырылған оның мазмұнына сай, ал ойнаушылардың қабылдауы іс әрекеттерінің нәтижесіне ғана сәйкес болады.
Ойын кезінде немесе жарыста пайда болған мәселелер тез шешім қабылдауды талап етеді, бұл талаптар оқушылардың мінез құлық қызметін жетілдіреді. Жарыс тәсілі балаларды қысқа уақыт ішінде және көңіл күйдің қызылшаң жағдайында жаттығуларды орындай үйренуіне мүмкіншілік туғызады. Эстафета ойынына таныс жаттығуларды енгізе отырып, ол жаттығу екінші бір жаттығудың орындалуына қиындықтар туғызады да шартты түрде үйренуге жағдай жасайды. Мысалы: жүгіріп келіп допты нысанаға лақтыру, допты ұстап шеңбер бойымен қозғала отырып бір-біріне беру т.с.с. осындай жаттығуларды жасауға және ондай тапсырмаларды жан-жақты меңгеруге көмегін тигізеді.
Тәжірибелік-эксперимент нәтижесі
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан.Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі. Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Ұрпақ жалғастығы нәтижесінде, адамзат өмірінде түрлі өзгерістер болып, өз қажетіне керегін алып, дамудың биік шыңдарына жетуде.
Өмірге келген әрбір нәрестенің алғашқы тәрбиесі ата-анадан өрбісе, бұдан кейінгі тәрбиенің өзегі ұстаз міндеті. Дұрыс бапталған ағаштың өсе келе жақсы жеміс беретіні секілді, сапалы тәрбие алған ұрпақтан ел болашағын алға апаратын дені сау, нағыз ұлтжанды, патриот пайда болады. Яғни, ұстаздың немесе тәрбие берушінің негізгі міндеті – келешек ұрпақ бойындағы ерекше дара қасиетті байқауы. Екінші мақсаты – осы қасиетін дер кезінде аша білуге ықпалы. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»,- дейді. Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталық Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады, дамыған елдер қатарына қосылып, Әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.
Біздің тәжірибелік-эксперимент жұмысымыз Ақтау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Эксперментке барлығы 4 сыныптың (4а, 4ә) 51 оқушысы қатысты. Эксперимент жұмысы екі сатыда жүргізілді. Бірінші сатыда анықтау эксперименті, екінші сатыда қалыптастыру эксперименті өткізілді.
Эксперимент барысында төмендегідей мәселелерді шешу көзделді:
1. Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын қалыптастырудағы мұғалімдердің бүгінгі күнге дейінгі жинақталған тәжірибелерімен танысу;
2. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Мектептегі эксперимент жұмыстары барысында сауалнама, сұрақ-жауап, арнайы кеңестер, ашық тәрбие сағаттарына қатысу және талдау, пікір сайыс, тақырыптық сыныптан тыс жұмыстар, викториналар, конкурстар, кештер ұйымдастыру, спорттық жарыстар, сұхбат (мұғалімдермен, оқушылармен) жүргізу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып, дене дамуын жетілдіруге арналған жұмыстар өткізілді. Біздің зерттеуімізге дейінгі бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы қалыптастырудың жағдайын анықтап алу мақсатында оқу-тәрбие барысында жинақталған іс-тәжірибелер нәтижесіне бақылау жүргізіліп, эксперименттік-тәжірибе жұмысымыздың негізіне бастауыш сынып оқушыларының өзіне деген сенімін, дене тәрбиесі мен спортқа деген көзқарасын тәрбиелеуіне ықпал жасайтын жеке тұлғалық қарым-қатынасты дамыту идеясы басшылыққа алынды.
Төменде оқушылармен жүргізілген сауалнаманың мазмұнын беріп отырмыз.
1. Дене тәрбиесі сабағы саған ұнай ма?
2. Спорттың қай түрін ұнатасың?
3. Спортпен айналысасың ба?
4. Күн режимін сақтайсың ба?
5. Ертеңгілік гимнастика жасайсың ба?
6. Үйіңде спортпен айналысатын адам бар ма?
7. Қандай атақты спортшыларды білесің?
8. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары дегеніміз не?
9. Қандай қимыл-қозғалыс ойынын білесің?
10. Қандай ұлттық ойындарды білесің?
Сауалнама қорытындысы бойынша балалардың басым көпшілігі (47 бала) дене тәрбиесі сабағын ұнатады, арнайы спортпен айналыспайды, ертеңгілік гимнастика жасайды, бірақ жүйелі емес. Балалардың барлығы дерлік қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін біледі, ұлттық ойындардан «қыз қуу», «Арық қой мен семіз қой», «аударыспақ», «теңге алу» сияқты ойындардың мазмұнын біледі. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары дегеніміздің не екенін түсінбегендіктен ешкім де атай алмады. Сонымен қатар, анықтау эксперименті барысында дене шынықтыру сабақтарына қатысып, балалардың сабаққа қатысуы, жалпы білімі талданды.
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру