Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Жоғары деңгей: оқушылар мұғалімнің айтқандарын жақсы тыңдайды, өз тәжірибелерінде негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын белсене пайдаланады. Мұғалімнің берген нұсқауларын іс-әрекеттерінде басшылыққа алады, түсініксіз жерлерін сұрайды, негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының орындалуын бағалайды, қажетті нәтижелерге жетеді.
Орта деңгей: Мұғалімнің айтқандарын тыңдайды, оларға шартты түрде жүгінеді. Өз тәжірибелерінде негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын пайдалана алу дағдысы әлі де толық орнықпаған, өзіндік бақылауы әлсіз, өзгелерге еліктеуге бейім, нәтижелері шартты.
Төмен деңгей: нұсқауларды тыңдайды, бірақ естімегенсиді, жаттығуларды орындау барысында оларды басшылыққа алмайды, бағалауға салғырт қарайды, нәтижеге жете алмайды.
Сонымен, қорыта келе айтарымыз, жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны – олардың денсаулығына, мектепте алған біліміне, спортқа және дене тәрбиесіне деген қызығушылығына, ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасындағы ынтымақтастыққа байланысты. Бұл – білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді.
Тұжырым
Қоғамда болып жатқан түрлi өзгерiстер ұлттық тiлдiң орнығуына түбегейлi бетбұрыс жасауды, болашақ ұрпақ тәрбиесiне жауапкершiлiкпен қарауды, олардың бойында өз елiн, жерiн, Отанын сүйетiндей дәрежедегi ұлттық психологияның берiк орын алуын көздейдi.
Оқыту және тәрбиелеу – қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жас ұрпақты дамытудың басты құралы болып табылатын оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын жетілдіру мұғалімдердің басты міндеттеріне кіреді.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Дипломдық жұмысымызды орындау барысында ұлы ғұламалардың еңбектерімен таныстық. Мәселен, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерте грек философтары Аристотель, Платон өз еңбектерін арнаса, шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Үигнеки, Қ.Жалайыри, Асанқайғы, Қазтуған, шалкиіз т.б. бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ұлан-ғайыр мұра қалдырып отыр. Бұл мәселеге қазақт ағартушылары мен зиялылары да келелі еңбек қосқан. Осы аталған мол мұрамен таныса келе, оқушыларға білім мен тәрбие беру үрдісін бір-бірінен бөліп қарамай, кешенді қарау керек екеніне көзіміз жетті.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, «…дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы»,- деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Дене тәрбиесі ағзаны шынықтырып, бала психикасының дамуына үлкен әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, көп қырлы педагогикалық іс.
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, денесінің дұрыс дамуын қаматамасыз ету, өйткені бастауыш сыныпта баланың дамуына дұрыс жағдай жасалса, бала денесу тез жетіліп өседі. Бастауыш сыныпта бала ағзасы әлі де әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени гигиеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше. «Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететінт жағдайдың бәрін пайдалану қажет»,-деп И.П.Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты.
2 НЕГІЗГІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының түрлеріне сипаттама
Дене тәрбиесін көп жылдық оқыту кезінде қимыл қозғалыстарға үйрету жұмысы үнемі тоқтаусыз жүріп жататыны мәлім. Олардың біреулері бейімділікті, екіншісі дағдыны, ал үшіншісінде бейімділікпен дағдылы қимыл – қозғалыстарды үйретуін қоса қалыптастырады. Жалпы бұл көп сатылы және сан қырлы оқу ғамалиясы. Егерде осы оқыту ғамалиясының бөліктерін жеке-жеке қарайтын болсақ, ол үш кезеңнен құралғанын көруге болады. Бірінші кезеңі – қозғалысқа үйретудің алғашқы сәті; екіншісі – қозғалысты терең ұғынып, өз бетінше берілген қимыл қозғалысты орындау; үшіншісі – үйренген қозғалыстарды еске ұстап, оны одан әрі жетілдіру.
Қозғалысты үйрету кезеңінде дене тәрбиесінің заңдылықтары қолданылатын құралдарымен тәсілдер өзара тығыз байланыста болады. Үйретудің алғашқы кезеңінде көрсетілген қимыл қозғалыстарды қайталап, жобалы түрде орындау мақсаты қойылса, одан кейінгісінде қозғалыс әдістерін терең түсіну арқылы әрбір орындалатын құрылымдарға зер салып бейімділігін жетілдіріп қозғалыстарын дағдыға айналдыру. Оқыту соңында үйренген қимыл қозғалыстарды бекітіп одан әрі жетілдіру бағытында дағдыға айналдырып, дененің сапалық қасиеттерін орынды қолданып мақсатты нәтижеге жету көзделінеді. Аталған кезеңдерді оқыту жұмысының жалпы жобасы деп қарастыруға болады. Тәжірибе жүзінде оқыту жұмысының құрылысы оның алдына қойған мақсатымен бағытына байланысты болады. Мысалы: жалпы дене дайындығын жетілдіріп дамытуда бірінші және екінші кезеңдер қолданылса, жарыс алдындағы дайындықта үйрену заңдылығының соңғы кезеңі қолданылады.
Алғашқы үйрету кезеңі: бірінші кезең жалпы қозғалысты үйрену мен орындау негіздерін қалыптастырып басты мақсаттарды шешуге бағытталады. Ол мақсат:1. Бағдарлы қозғалыс негізін бастапқы күйінде қалыптастыру. 2. Қолайлы, икемді түрінде, тіпті өте жеңілдетілген күйінде қозғалыс әдісінің жаңа бөліктерін және қозғалыс тәжірбиесінің жалпы тәртібін үйрену. Осы мақсаттарды іске асыру бағытында бірнеше міндеттер шешіледі: а) берілген қимыл-қозғалыс жөнінде жалпы түсінік беріп, оның орындалу жолын көрсетеді: б) Әдісті бөліп үйретуде игерілген қозғалыстарды қолданылады: в) Әдісті орындауда жіберілген артық қозғалыстармен тұрпайы қимылдарын түзетіп алдын-ала ескерту жасайды.
Алға қойылған мақсатты істің басынан аяғына дейінгі орындаудың тиімді жолын іздестіріп қимыл қозғалыстарды игеруде сөзбен әсер ету тәсілі (айту, түсіндіру, нұсқау беру) мен нақты түрде көрсету тәсілдері қолданылады. Аталған тәсілдер алда тұрған мақсатты істің сапалы түрде істелуін сезініп, әдісті үйренуіне бейімділік көрсетіп орындауға ынтасын арттырады. Айтылар сөздің мазмұны қозғалыстың алғашқы шығу тарихы мен оның дамуы, жоғарғы нәтижеге жеткізетіні, қолданбалы маңызы түсіндірілген соң іс жүзінде оның қалай орындалатыны көрсетіледі. Көрсету - әрбір үйренушіні қызықтырып әрқайсының көрген қимылды істеп көруіне, оны толық меңгеріп алуына құлшындырады.
Қимыл әдісін үйретуде айтып отыру мен көрсетудің қатар жүруі үйренушілердің белсенді түрде қызмет істеуіне, олардың қабылдауы мен ойлауына үлкен әсерін тигізеді. Үйренушілер көру анализаторлары арқылы қабылдап, екінші түйсік жүйесін қатыстыру арқылы үйренушілердің есту анализаторларына да әсер етеді. Үйрету кезеңдеріне бұлшық ет сезімінің маңызы зор. Ол үйренушілерге қажетті қимыл-қозғалыстарды қабылдауды елестетуде және ұғынуды туғызатын физиологиялық механизмге жатады.
Алғашқы үйрету кезінде үйренушілердің қимыл-қозғалыстарды орындауда жіберген кішігірім қателеріне көңіл аудармай, тек ірі қателерді түзетіп, жобалы орындалуына мән беріледі. Үйренушілердің бір-біріне қимыл қозғалыс әдістерінің орындалуына зер салып қарауы қозғалыстарды дұрыс қабылдап, аз қателіктер жіберуіне көмегін тигізсе, үйренушінің тек ірілеріне ғана көңіл бөлуі үйрету кезеңіндегі еңбектердің алға басуының кепілі бола алады. Үйрету кезеңінде күрделі қимыл-қозғалыс әдістерін бөлшектеп үйрету нәтижелі болады, себебі орындау барысында оның негізгі бөліктерін саналы түрде қабылдап, бастапқы іс-қимылының қалыптасуын жеңілдетеді. Үйренушілердің алғашқы берілген қимыл қозғалыстарды ойдағыдай меңгеруі алғашқы үйретудің бірінші кезеңінің өз мақсатына жеткені. Үйрену ғамалиясында әр түрлі құралдар мен тәсілдер пайдаланады да, төмендегідей талаптар қойылады. Бірінші орындалатын қимыл қозғалысты жаттығулар өте жеңіл болмауы керек, әйтпесе творчестволық іздену сипатын жояды.
Терең үйрету кезеңі (екінші кезең): бұл кезеңдегі үйретудің мақсаты өрескел игерілген қимыл-қозғалыс әдістерін барынша дұрыстап жетілдіру. Бастапқы кезеңде жаттығу әдісінің негізі игерілсе, екінші кезеңде қимыл-қозғалыс әдістерін талдап, қалыптасқан дағдыны жетілдіру болып есептелінеді. Терең үйрету кезеңінің алдында тұрған міндеттері төмендегідей:
1. Қимыл-қозғалыс заңдылықтарын үйрету туралы түсінікті тереңдету;
2. Қозғалыс әдісінің кеңістіктегі , уақыт бірлігіндегі динамикалық мінездемесі мен үйренушілердің ерекшеліктерін анықтау;
3. Қозғалыстың ырғақтылығын жетілдіріп қимылды еркін және біртұтастыққа орындалуын игеру;
4. Өзін-өзі бақылаудың тиімділігін арттыру негізі орындалатын қозғалыстарды сана арқылы бақылай алатын дәрежеге жеткізіп және оны қимыл барысында лайықты етіп түзетуге қолын жеткізу.
Осы міндеттер қозғалыс қимылын қалыптастыруда екінші кезеңнің заңдылықтарында көрініс табады, бұл кезде қалыптасқан қозғалыс ептілігі пайда болып, бірте-бірте қимыл дағдысына айнала бастайды. Оның себебі орталық нерв жүйесінің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, үйрету тәсілдері осы ғамалияны қалыптастыруға сәйкес келеді. Екінші кезеңде үйрету тәсілінің негізіне қимыл әдістерді бөлшектеп үйрету қосымша әдістемелік жолы болып, қозғалыс ерекшеліктерін бұзбай орындау мінезделінеді де негізгі мақсаты орындаушының үйрету қимыл қозғалыс жаттығуларын біртұтастыққа орындауға көңіл бөлінеді де орындалу ісі жақсарған сайын оның қайталау санына, жіберілген кемшіліктерге назар аударылады. Қайталау барысында шаршауға жол берілмеуі керек, өйткені шаршаған орындаушы қозғалысты қайталап орындау кезінде орындау кезінде көптеген кемшіліктер жіберіп, оның дағдылы қателікке әкеліп соғуы мүмкін.
Терең үйрету кезеңінде жарыс тәсілін қолдану өте жақсы нәтиже береді, әсіресе жарыс жаттығуларын орындаушылардың тыянақты қайталап орындау әдістері жөнінде әңгіме өткізілгені жөн. Бұл кезең сөзбен әсер ету тәсілі кеңінен қолданылып берілген жаттығуларды орындаудан бастап, әдістің бөлшектерін талдап, жіберілген қателіктерін атап оны түзету жолдары көрсетіледі. Қазіргі уақытта көрнекілік тәсілімен қоса қимыл қозғалыстардың орындалуын қадағалайтын әртүрлі электронды құралдармен керекті бақылау жасалып отырады. Екінші кезеңінің, үйрету барысында қозғалыстарды дағдыға айналу ғамалиясында, бірінші кезеңге қарағанда қателіктер мен кемшіліктер мен кемшіліктер аз жіберіліп әдіс құрылысының орындалуы біршама жақсарады.
Бұл кезеңде жаңа қозғалыстарды үйретуде жіберілген кемшіліктер өз бағасын алып орындаудағы сәтсіздіктердің уақытша құбылыс екенін түсіндіріп, үйренушілердің өзіне деген сенімін, істеген ісін қолдап отыру керек.
Бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі: оқыту заңдылығының үшінші кезеңінде қозғалыс дағдысын берік меңгеріп, жаттығуларды әртүрлі жағдайларда орындалғанда өзінің дұрыс құрылысын сақтап қалатындай дәрежеге жеткізу көзделінеді. Дағдыны тұрақтандыру үшін үйрету жұмысына әр түрлі күрделі қимыл қозғалыстар енгізіледі. Дене жаттығуларының орындалу талаптарын үздіксіз арттыра отырып, үйрету жұмысы әртүрлі жағдайларда өткізіледі (залда, алаңда т.б.) Үйретілген қимыл дағдысы көп уақытқа сақталынады, ал егер оны қайталап отырмаса және оның орындалуымен байланысты сезімдерін нығайтпаса, ол бұзылады да бейімділікке айналады. Осыған байланысты дағдыны бекіту және оны жетілдіре беру үшін жаттығуларды қайталап отырудың қажеттілігі туады. Жоғарыда айтылған үйретудің мақсаты қимылқозғалыстарды тәжірбие жүзінде толық меңгеріп, осыған байланысты бірнеше жекеленген міндеттерді шешу болып табылады. Біріншіден, қозғалыс әдісінің дағдысын қолдануды бекіту болса, екіншіден әртүрлі жағдайда қолдану үшін қозғалыс әдісінің өзгергіштік мүмкіншілігін көбейтіп, дененің сапалық қасиетін ең жоғарғы сатыда көрсету. Үшіншіден қозғалыс мүмкіншілігін дамытып, жекеленген қозғалыс әдістерін баянды қолдану мен қажетті жағдайда оны қайта игеріп жетілдіру. Осы кезеңдегі қимыл қозғалысты бекітумен одан әрі жетілдіру мақсатында әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оның ішінде жаттығуды бір үлгіде қайталау мен жаттығуды алмастырып қайталап тәсілдері қолданылады.
Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып, педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл-қозғалыстары ғана негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын еңбек, тұрмыс қимыл-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдарды бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары емес, ол бір ғана негізгі элементі. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары өте көп. Олардың мазмұндары әр түрлі. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуына – қимыл-қозғалыстармен бірге, организмде жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін процестер де кіреді. Бұл сан алуан күрделі құбылыс психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, педагогикалық тұрғыдан қаралады.
Кез келген жаттығуды екі түрлі тәсілде немесе тәсілсіз орындауға болады. Қилым-әрекетті тиімді орындау жаттығудың тәсілі деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың организмге ұтымды әсер етуі және әрекеттің нәтижелігі.
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру