Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Мысалы: 4а сыныпта өткізілген дене шынықтыру сабағының үлгі-жоспарын беріп отырмыз.
Сабақтың мақсаты: жалпы жетілдіруші жаттығуларды доппен орындауға және негізгі қимыл-қозғалыс түрі төрт тағандап еңбектеуге үйрету, қимылды ойын арқылы секіру дағдысын жетілдіру.
Қолданылатын құралдар: гимнастикалық скамейка, бала саны бойынша доптар, басына зат ілінген жіп.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім: бір колонада жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, белгі бойынша тоқтап жүру, жүгіру.
Негізгі бөлім: доппен жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындау үшін үш звеноға сапқа тұру.
1. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде, доп оң қолда. 1-2 аяқтың ұшына тұру, оң қолды көтеріп, допты сол қолға беру, тыныс алу. 3-4 бастапқы қалыпқа келі, дем шығару (7-8 рет қайталау).
2. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, қол төменде, доп оң қолда. 1 - допты оң қолмен жоғары лақтыру, 2 - допты екі қолмен ұстап алу. 3-4 жаттығуды сол қолмен қайталау (9-10 рет қайталау).
3. Бастапқы қалып аяқ алшақ қойылған, қол төменде, доп оң қолда. 1 – оң қолдағы доппен полды ұру, 2 – допты екі қолмен ұстап алу. 3-4 жаттығуды сол қолмен қайталау (9-10 рет қайталау).
4. Бастапқы қалып: тіке тұру, аяқ алшақ, қол екі жаққа созылған, доп рң қолда. 1 – алға еңкею, допты жерге қою, 2 – тік тұру, қолды белге қою. 3 – еңкею, жерден допты алу, 4- бастапқы қалып (8-10 рет қайталау).
5. Бастапқы қалып: еденге отыру, аяқ түзу, созылған, доп оң қолда. 1 – оң аяқ тіке көтеріп, допты аяқтың астынан сол қолға беру. 2- аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу. 3-4 жаттығуды сол аяқпен қайталау (9-10 рет).
6. Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде, доп оң қолда. Допты жерге ұра отырып, 8 рет оң аяқпен, 8 рет сол аяқпен секіру.
7. Бастапқы қалып: аяқ алшақ қойылған, қол төменде, доп оң қолда. 1 – допты оң қолмен жоғары лақтыру, 2-екі қолмен шапалақтау, 3-допты екі қолмен ұстап алу, 4- қолды төмен түсіру. Жаттығуды тура осылай сол қолмен орындау.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау:
1. Гимнастикалық скамейканың үстімен төрт тағандап еңбектеп жүру.
2. Тар рейканың үстімен басына құм салған дорбаны қойып тепе-теңдікті сақтап жүру.
3. Қимылды ойын «Қармақ».
Ойынның ережесі: Мұғалім немесе бастаушы ортаға шығып басына зат ілінген кіпті басынан асыра айналдырады. Қалған балалар жіп алдына келгенде аяғына тиіп кетпес үшін аяқтарын жоғары көтеріп секірулері керек. Аяғына жіп ти ген бала ойыннан шығады. Ойын 5-6 рет қайталанады. Ойын арқылы балалардың биіктікке секіру дағдысын жетілдіруге болады.
Балалардың дене қозуын байта қалпына келтіру үшін «Доптың кімде екенін тап» атты тыныш ойын ойнату (2-3 минут).
Өткізілген жұмыс нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары туралы білімдері анықталды. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
2 кесте – Анықтау экспериментінің нәтижесі ( % есебімен)
Р/с | Сыныптар | Бала саны | Жоғары деңгей | Орта деңгей | Төменгі деңгей |
1. | 4 а | 24 | 22,4 | 33,6 | 44 |
2. | 4 ә | 27 | 23 | 35 | 42 |
Анықтау экспериментінің қорытындысы балалардың басым көпшілігімен жоспарлы жұмыс жүргізу керек екенін аңғартты.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу мұғалімнің міндеті. Өйткені, бүгінгі бастауыш сынып оқушысы ертеңгі Егеменді еліміздің өркендеп дамуына, заңғар болашағына жарқын жол ашатын бірден бір байлығымыз. Бүгінгі таңда әрбір оқушыға өз елінің, туған жерінің қарқынды дамуына қомақты үлес қосатын үлкен жүк, үміт артылып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта дене даму жетілген оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, дер кезінде айқындау- білімді де білікті психолог маманның ерекше мол тәжірибесі мен шығармашыл педагогтың еншісіне келіп тірелетіні айғақ.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін дене тәрбиесінің білім деңгейіне тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше спортпен айналысу, денесін шынықтыру дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Спортта дене тәрбиесімен айналысу- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дене дамуын жетілдіруге байланысты жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Дене шынықтыруға деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі - зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.
Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің өзін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады. Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыштық, ақыл-ой ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар, сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қажет болады.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы Демосфен бала кезінде тұтықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында қабілетінің кемістігін жойып, аты шулы шешен деген атаққа ие болған. Зор талант иелерінің арасында да қабілеттері өте кеш дамыған адамдар да аз емес. Мәселен, В.Скотт бірінші романын 43 жасында, орыс жазушысы С.Аксаков алғашқы кітабын 56 жасында жазған. 40 жасында сауатын ашып, 73 жасында ғылым доктары болған Е.К.Гусеваның өмірі де осы айтылғанға жақсы дәлел. Сөйтіп адамның белгілі бір әрекетпен шұғылдануына оның бейімділігі, қызығуы және басқа қабілеттері демеу берсе, ол ерік жігері күшті еңбек сүйгіш адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның іс-әрекетті ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды. Қабілеттіліктің даму шегі жоқ.
Баланың денесіне түсетін күш белгілі бір жас кезеңіндегі бала ағзасының кемелін бағалайтын өлшемдермен және әр жас кезеңіне тән нормамен анықталады. Осы «норма» ұғымын анықтау үшін оны бірнеше жақтан қарастырдық:
1) Статистикалық тұрғыда. Белгілі бір көрсеткіштер бойынша (мысалы, бойдың ұзындығы, дене салмағы, ақыл-ой көрсеткіші т.б.) даралық айырмашылықтарды өлшеуге негізделген. Белгінің мәні орташа шекті көрсетсе, ол норма, яки қалыпты мөлшер болып табылады. Оны статистикалық әдістер арқылы (қалыпты ауытқу тәсілі) анықтауға болады. Ал орташа мәннен жоғары немесе төмен көрсеткіштер қалыпты жағдайдан ауытқу болып есептелінеді.
2) Қызметтік-жүйелік тұрғыда норма - тірі организмнің іс- әрекетінің қызметтік мүмкіндігінің шегімен анықталады. Мұнда жас ерекшелігі нормасын ағзаның биологиялық мүмкіндігі ретінде қарастыру керек.
3) Медициналық-биологиялық тұрғыда адам психикасы мен ағза қызметі нормасы туралы жалпыға ортақ көрсеткіштер арқылы тұжырымдауға болады деп есептелінеді. Мәселен, дене құрылысы (бітімі), түрлі органдардың қызметтік өлшемі және организмнің тыныштықтағы, әрі әрекет үстіндегі күйінің көрсеткіші.
Жоғарыда айтылғандай бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, анықтау экспериментінің қорытындысы бойынша қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылып, бұл жұмыс жүйелі, жоспарлы жүргізілді.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуының бірі - өрмелеу. Оқушыларды гимнастикалық қабырғаға өрмелеуге үйрету үшін ойын әдәсін қолданудың маңызы зор. Мысалы, «Маймылдар» ойынын пайдалануға болады. Ойынның шарте бойынша балалар «ағаштың» басындағы «банандарды» алу үшін оған өрмелеп шығу керек. Ол үшін гимнастикалық қабырғаның жоғары жағына шартты түрде алынған «банандар» ілінеді. Мұғалім: балалар, біз ағаштың басындағы бананды алуымыз керек. Ол үшін гимнастикалық қабырғаның бойымыз жететін жердегі таяқшаларынан екі қолымызбен ұстаймыз. Міне, былай (мұғалім көрсетеді). Енді, оң қолымызбен жоғары таяқшасынан ұстап, сол аяғымызбен көтерілуне көмектесеміз, тура осылай сол қолмен, оң аяқпен жасаймыз. Ал, «ағаштың» басынан түскенде керісінше, бір інші аяқты, сонан соң қолымызды бір таяқшадан екінші таяқшаға ауыстырып отырамыз. Оқушылар мұғалімнің ауызша нұсқауы мен көрсетуі бойынша өрмелеу жаттығуын орындайды. Өрмелеуге үйрету жұмысы 8-10 сабақта қайталанып, күнделікті өмірде кездескен кедергілерден оңай өтуге көмектеседі.
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын терең үйретуде (2 кезең) адамның тәжірибелік іс әрекетіндегі жаттығудың орны туралы оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастырудың үлкен маңызы бар. Берілген допты алысқа лақтыруды үйрету кезінде балаларды сарбаз жағдайына бейімдеп, жау танкісін қиратуды көрсетуде іске асырады.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуының тағы бір түрі – ұзындыққа және биіктікке секіру. Оқушыларды ұзындыққа секіруге үйретуде ауызша түсіндіру әдісін көрсетумен байланыстыра отырып пайдаланған дұрыс. Мысалы, ұзындыққа секіруді үйретуде әртүрлі кедергілерді бейнелеуге болады, яғни оқушы көрсетілген кедергілерден өту үшін, аяғын жоғары көтеріп секіруге мәжбүр болады. Сөйтіп, секіру техникасы орындалады. Мұндай жағдай оқушылардың сабаққа бұрынғыдан гөрі ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Денені «әдемілік айнасы немесе зор денсаулық» - деп бекерден айтқан емес. Тұлға адамның сәби кезінен бастап бүкіл өсіп-жетілу және тәрбие алу заңдылығында қалыптасады. Тұлға дұрыс жетілгенде адамның иығы сәл артқа шалқайып, іші тартылып, денесін үнемі тік, түзу ұстайды. Мұндай тұлғалы адамдардың жүрісі ширақ, еркін де жеңіл қимылдайды, ішкі (органдарының) құрылыстарының бәрі де дұрыс орналасады.
Дұрыс жетілмеген тұлға көзге қораш қана көрініп қоймай, сонымен бірге бүкіл организмнің (жүрек,өкпе, бауыр, асқазан, ішектің) қызметіне теріс әсерін тигізеді.
Тұлғаның дұрыс болуы дененің бүкіл бұлшық етерінің бірдей дамуына байланысты. Омыртқаны ұстап тұратын еттердің әркелкі немесе әлсіз дамуы тұлғаның әрқилы бұзылуына, ал кейбір жағдайда тіптіомыртқаның қисаюына әкеп соғады. Еңкіш тарту кезінде омыртқаның кеуде деңгейіндегі бөлігі артқа шығып тұрады., басы алға шығыңқы болып, көкірек қуысы тығыздалып, иығы бүрісіп, іші де шығыңқы келеді.
Қисық тұлғалы адамдардың көкірек қуысы тығыздалып, тізесі бүгіліп, иықтары бүрісіп, басы тұқырып кетеді. Дененің дұрыс болуын тәрбиелеу үшін, негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының бірі - тепе-теңдікті сақтап жүруге үйретудің маңызы зор. Тепе-теңдікті сақтап жүруге үйретуде түсіндіру, көрсету әдістерімен бірге ойын әдісін пайдаланылады. Мысалы, «жіңішке көпірден өт» ойыны. Ойынның шарты бойынша жерге бормен сызылған сызықтың немесе жіңішке жіптің үстімен тепе-теңдікті сақтай отырып, шартты «көпірдің» үстімен судың арғы жағына өту керек. «Көпірдің» үстімен жүргенде қолды екі жаққа созып, басты жоғары көтеріп, тек алға қарау керек. Ойынның шарты бойынша сызықтың немесе жіптің үстінен аяғы шығып кеткен бала суға құлаған болып есептеледі.
Бала тұлғасының бұзылуына әртүрлі аурулар (мешел, жұқпалы аурулар) бұған қоса табанның жалпақ болуы, сондай-ақ күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, тамақ сапасының төмендігі, т.б. себептер жатады.
Дененің қисық қалыптасуын түзеуден, оның алдын алу оңай. Бала өз тұлғасының дамуын өзі қадағалап тым жұмсақ емес, қайта тегіс, тығыз төсекте шалқасынан ұйықтағаны жақсы, бірақ үнемібір қырынан (бүктетіліп жатып) ұйықтамауы керек.
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру