Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).
Тұжырым
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін дене тәрбиесінің білім деңгейіне тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше спортпен айналысу, денесін шынықтыру дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Спортта дене тәрбиесімен айналысу- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дене дамуын жетілдіруге байланысты жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Дене шынықтыруға деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.
Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып, педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл-қозғалыстары ғана негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын еңбек, тұрмыс қимыл-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдарды бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары емес, ол бір ғана негізгі элементі. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары өте көп. Олардың мазмұндары әр түрлі. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуына – қимыл-қозғалыстармен бірге, организмде жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін процестер де кіреді. Бұл сан алуан күрделі құбылыс психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, педагогикалық тұрғыдан қаралады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. «Отан – отбасынан басталады» демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше, бұл дәлелденген. Олай дейтініміз, отбасы – күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының, әдеп-ғұрпының іргетасын қалайды.
Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.
Дене тəрбиесінің негізгі құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əр тараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.
Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.
Дене тәрбиесі ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесімен бірлесе отырып, баланың жан-жақты дамуының негізін құрайды. Дене тәрбиесінің бастапқы нышаны алғашқы қауымдық құрылыста әр түрлі ойын , жарыс, аң аулау, күш сынасу сияқты дәстүр және салт түрінде көрініс тапса, құлдық қоғамда, әсіресе, ежелге Греция мен Римде, дене тәрбиесі мемлекеттік сипат алып, феодалдық қоғамның дамуы кезеңінде жастарға дене тәрбиесін беру атқа міну, күресу, жүзу, сайысу, садақ тарту, аң аулау түрінде жүргізілді.
Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.
Дене тəрбиесінің негізгі құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əр тараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.
Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.
Дене тәрбиесі ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесімен бірлесе отырып, баланың жан-жақты дамуының негізін құрайды.
Дене тәрбиесі – қоғамдық құбылыс. Ол қоғаммен бірге пайда болып, қоғамның даму заңдарымен бірге дамиды. Дене тәрбиесін әлеуметті істерге бағыттайтын ойлар және оның түрлері әрқашанда қоғамдық қатынастармен байланысты болады, олар қоғамдық формация жағдайларына өзгеріске түсіп отырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қалиев С. ХУ-ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер, Алматы, 1990, 127 б.
2. Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1993, 83 б.
3. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология, Алматы, 1980, 257 б.
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология, Алматы, 1993, 240 б.
5. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы, Мектеп,
1984, -255 б.
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998, 387 б.
7. Осокина Т.И., Тимофеева Е.А. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар, Алматы, 1998, 127 б.
8. Г.П.Лескова. Общеразвивающие упражнения в школе, Москва, 2001,175 б.
9. Харламов И.П. Педагогика. Учебное пособие – Минск, 2001
10. Төрениязова С.М., Сисетова А.Т. Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегі. – Алматы, 2006.
11. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім – Алматы, 2002;
12 Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы, Алматы, 1987, 157 б.
13. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы, 2004, 152 б.
14. Әлімбаев М. Өскеніңді ел көрсін. Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар, Алматы, 1999, 80 б.
15. Асылов Ұ. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудің кейбір мәселелері //Қазақстан мектебі, №2, 2007, 11-13 б.
16. Жүнісова К., Рахметова С. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, Алматы, 1998, 248 б.
17. Осокина Т.И. Мектептегі дене тәрбиесі, Москва, 1990, 257 б.
18. Сағындықов Е. Қазақ мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2001, 125 б.
19. Айтпаева А.Қ. Қазақ халық ойындары – бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру құралы //Қазақстан мектебі, №4, 2005 ж., 18-21 б.
20. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халық педагогика элементтерін пайдалану //Бастауыш мектеп, №2, 1991, 5-9 б.
21. Жолдасбекова С.А. Бастауыш мектеп оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары // Бастауыш мектеп, №9, 1999, 15-19 б.
22. Табылдиев Ә. Этнопедагогика, Алматы, 2000, 431 б.
23. Қалиев. С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі,
Алматы, 1987, 223 б.
24. Асылов Ұ. Даналардан шыққан сөз, Алматы, 1999, 383 б.
25. Буцинская П.П. Жалпы жетілдіруші жаттығулар жүйесі, Москва, 1998, 21 б.
26. Фомин Н.А. Физқультура и спорт. Алматы, 1997, 85 с.
27. Хухлаева Д.В. Мектептегі дене шынықтыру әдістемесі, Алматы, 1990, 147 б.
28. Мухамбаева А.Х. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының адам дамуындағы маңызы, Алматы, //Қазақстан мектебі, №5, 2000 ж., 8-10 б.
7
Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру