Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе


1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ДИплом бастауыш казак тли.doc

— 375.50 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                                                                       

Жоспар:

 

Кіріспе

 

 

1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.

2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.

2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.

2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.

3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.

 

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

Бітіру  жұмысының жалпы сипаттамасы.

Бітіру  жұмысының  нысаны:  Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету - бастауыш сынып оқушыларымен  қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат ететін түрлі бағыттағы жаттығуларды орынды ұйымдастырып, тиімді әдіс – тәсілдерді  сапалы қолдану  арқылы оқушылардың сана – сезімін байытып, белсенділігін арттыру және олардың ой - өрістерін дамыта отырып, шығармашылыққа төселдіретін жұмыстар жүйесін топтастыру . Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдарды оқушыларға игертудің амал – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық  білімдерін қалыптастыруды оқу әрекетінде жүзеге асыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Бітіру  жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін   жұмыстардың оқушылардың  ой - өрістерін  дамытудағы  маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың  балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. Халықтық тәрбиенің қайнар көзіне, халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай ағымы ғана емес, ол - өткір қажеттілік, өйткені мәдениеттің дәстүрлі түрлерін танып – білу арқылы адам оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымдық ой - өрістерін дамыту мақсатында жүргізілетін  жұмыстар жүйесі оқушылардан жаңа тұрпатты, жеке тұлғалы азаматты  қалыптастыра отырып, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізденіске, т. б. ізгілік қасиеттерге  баулиды. Бейнелеу өнері, денешынықтыру, музыка, еңбекке баулу сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілділікке тәрбиелеу – бітіру жұмысының өзектілігі болып табылады.

Бітіру  жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың кіріспе бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық білімдерін қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері қарастырылады.

           Бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идеялық мұрат - шығармашылықпен жұмыс істеу, жаңа тұрпатты жеке тұлға қалыптастыру болса, жұмыстың негізгі  бөлімінде осы мәселелерге қол жеткізу үшін жүргізілетін жұмыстар жүйесі жасалады. Бастауыш сыныптағы  қазақ тілі сабақтарында  оқушылардың  дүниетанымдық  білімдерін қалыптастыру жолдары мен бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық – гуманитарлық  материалдарды оқушыларға игертудің амал – тәсілдері үйретіледі. Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық  білімдерін қалыптастыруды оқу әрекетінде жүзеге асыру жолдары іздестіріледі және әр түрлі жұмыстарды орындата отырып оқушыларды шығармашылыққа баулудың қажеттілігі қамтылады. Бейнелеу өнері, денешынықтыру, музыка, еңбекке баулу, математика, ана тілі сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілділікке тәрбиелеу, сол арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа баулу амалдары қарастырылады.

Бітіру жұмысының оқу  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық  - гуманитарлық қабілеттерін арттырудың маңызы зор. Оқушының өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында өткізілген сабақ жоспарларында инновациялық әдіс – тәсілдерді тиімді кіріктіру, оқушылардың ой - өрістерін дамытатын танымдық – гуманитарлық жұмыстарды жүйелі жүргізу, пәнаралық байланыстарды дамыту көзделеді. Қазақ тілі сабақтарында жаттығу жұмыстарын орындатуда мақал - мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, ертегі, аңыз үлгілерін оқытуда  оқушылардың ұлттық дүниетанымын арттыра отырып, бастауыш сынып оқушыларын қазақ халқының моральдық – этикалық  дәстүрлерінде  шеберлікке, байқампаздыққа  тәрбиелеу, дүниетанымдық қабілеттерін арттырудың формалары мен әдістері,  бастауыш мектеп тәжірибесінде жүргізілген зерттеу қорытындылары тұжырымдалады.

Бітіру  жұмысының мақсаты мен міндеті:

  Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс – тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Бүгінде қазақ халқының  салт – дәстүрлерінде (абырой мен намыс, мінез – құлық, сана – сезім, әдеп дәстүрлері)  адамгершілікке тәрбиелеу, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын арттыру педагогикалық үдерістің жетекші мақсатының бірі және ұнамды бағдар берілген жеке тұлғаны дамытудың негізгі факторы болып саналады. Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идеялық мұрат - шығармашылықпен жұмыс істеу екендігін басшылыққа ала отырып, оқушының өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сапалы білім беру - мұғалім жұмысының басты мақсаты екендігін дәлелдей білу. Бұл бітіру жұмысында жас ұрпақты ұлтжанды, өз елін, жерін, тілін, ділін, дінін жанындай сүйетін, халқымыздың  тарихи құндылықтарын, салт – дәстүрін қадірлей білетін дара тұлға етіп тәрбиелеуде қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін әр түрлі деңгейдегі шығармашылық  жұмыс түрлерінің  маңыздылығына баса назар аударылған. Сондай – ақ, бастауыш сынып оқушыларының ой - өрісін, дүниетанымдық, байқампаздық қасиеттерін дамытатын  түрлі шығармашылық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері сұрыпталынып, қазақ тілі сабақтарында оларды ұйымдастырудың және жүйелі жүргізудің тиімді амал – тәсілдерін  көрсету, сондай – ақ, бейнелеу өнері, денешынықтыру, музыка, еңбекке баулу сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілділікке тәрбиелеу жолдарын меңгерту болып табылады. Сонымен қатар бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде пәнаралық байланыс арқылы бастауышта жүргізілетін өзге пәндердің де ықпалын байқату көзделеді және осы бағытта түрлі инновациялық стратегияларды тиімді қолданып, бастауыш сынып оқушыларының таным көкжиегін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарасын байыту мақсат етіледі.

 

Бастауыш  сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу

 

Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің басты міндеті  оқушының дүниені тұтастай қабылдауын алғашқы дүниетанымдық ұғымдар арқылы қалыптастыру болып отыр. Бастауыш саты – оқушы дамуының негізі қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.

Бастауыш сатыда білім  мазмұнын жаңарту және оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оның философиялық, педагогикалық – психологиялық негіздерін терең зерделеуді қажет етеді. Ғылыми – педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру (Ю.К.Бабанский, И.П.Подласый, т.б.), бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері (Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, т.б.), бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау (А.Калашникова, т.б.), оқыту технологияларын қолдану (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, С.Н.Лысенкова, В.М.Монахов, В.Ф.Шаталов, т.б.), мәселелері зерттелген. Қазақстандық ғалымдар А.Х.Аренова, Ә.М.Мұханбетжанова, Т.С.Сабырова және т.б. бастауыш білім мазмұнын, бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетін, танымдық іс - әрекетін, жеке тұлғалық дамуын, өз бетімен білім алуын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырған.

Бастауыш сынып оқушыларының ақиқат дүниені ұғымдар арқылы тануын қалыптастыру мәселесін зерттеуде  Н.Н.Кондратьева, Н.А.Менчинская, О.Г.Богданова, Т.К.Мухина, Р.М.Рогова, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенина, Л.С.Игнаткина, Ш.К.Алиева, П.Г.Юсупова, А.В.Усова, Н.Ш.Султановалардың еңбектері нәтижелі болып табылады. Олар бастауыш саты – бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин  балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, ал бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.

Қазақстандық ғалымдар: К.Аймағамбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова, Н.И.Храпченкова, М.Тұрсынкелдина, М.Сәлімбекова, Х.Шерезданова, А.Бакреденова, Ә.Әмірова, Т.Левченко, Т.Суркова, Ф.Жумабековалар өздерінің зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуға ерекше көңіл бөлген.

Ақиқат дүниені, оның құрылымдық компоненттері негізгі ұғымдарын анықтауда белгілі психологтар: В.В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.Д.Виноградова, А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Уснадзе, М.В.Матюхина, Ә.Алдамұратов, Қ.Б.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, т.б. ғалымдар ұғымдарға түсінік бере отырып, оны жеке тұлғаның бір құрылымы ретінде қарастырады.

Оқыту үрдісінде тұлғаны  дамыту мәселесі көкейкесті болып есептеледі және оған көптеген зерттеулер арналған: бастуыш мектептен-ақ теориялық  білімдерді қалыптастыру арқылы баланы дамытуды негіздеу (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдова, А.З.Зак т.б.), теорияларды түсіндіру қызметін  күшейту,  оқу пәндерінің мазмұнына әдіснамалық  білімдерді ендіру ( Л.Я.Зорина, А.В.Усова т.б.), оқытудағы эмпирикалық және теориялық танымның бірлігінде, индукция мен дедукция арақатынасында алу қажеттігі (М.Н.Скаткин т.б.). Барлық оқу пәндері, барынша күрделі жүйені көрсетеді,  оның маңызды элементі болып табылатын – ұғым. Олар бір - бірімен байланысқан, ұғымдық құрылымды, оқу пәнінің негізін жасайды. Оқу пәнінің  ұғымдық  жүйесі әртүрлі  күрделіліктегі өзара байланысты ұғымдар жүйесін: ұғым –элемент, ұғым – кешендер, және іргелік ұғымдарды қамтиды. Іргелік ұғымдар, жетіле және дами отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан өтеді  және осы ұғымның мазмұны ақиқат шындық моделінің құрылымын анықтайды. А.В.Усова ұғымдардың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі мен орнын қарастыра отырып, ғылыми теориялар – бұл ғылыми ұғымдар жүйесінің дамуы екендігін, олардың жаңадан ашылған ғылыми фактілерді талдау нәтижесінде  жасалатындығын көрсетсе, кейбір зерттеушілер ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың тиімділігі саласында оқу пәндері оқушыларға  динамикалық жүйе, тұтастық –логикалық, объективті өмір сүретін құбылыстар мен заңдылықтарды өзара байланыста және біртұтас қалыпта беруі керектігін ұсынады.Психологтар Л.С. Выготский, В.В. Давыдов,

С.Л. Рубинштейн, Д.Б.Элькониндердің  зерттеулері көрсеткендей, оқушылар санасы білімді неғұрлым көбірек  қамту, олардың тығыздығы неғұрлым сыйымды ұғымдарды жасау бағытында  дамитындығын анықтайды. Дамыған ақыл – ой теориялық ойлауға бейім, мазмұны жағынан  біртұтас жүйе құратын  объективті өзара байланысты құбылыстар аймағын құрайды. Онсыз және одан тыс бұл құбылыстар тек эмперикалық тұрғыдан қарастырылатын объект ғана болып саналады. Теориялық ойлау теориялық ұғымдарды қалыптастырады, оның мазмұнын жалпылық пен даралық, тұтастық пен жекеліктің бірлігі құрайды.

Психологтар ұғымның  түрлі түсініктемелерін береді. Н.А.Менчинская «ұғым» сөзімен біздер заттар мен  құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін  қорытынды білімді белгілейтіндігімізді айтса, В.А. Крутецкий ұғым –заттар мен құбылыстардың жалпы әрі елеулі қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы екендігін, А.Ф.Говоркова ұғымдарға таным процесінің бір түрі деп анықтама бере отырып, елеулі деп бағаланатын ұғым белгілері, заттар мен құбылыстар мәнін белгілеп қана қоймай, түрлі сапа объектілерін айыру бірлігі ретінде де қызмет етуі қажеттігін, Б.Г.Ананьев ұғымды заттың сапасын ерекшелейтін логикалық тәсіл ретінде анықтайды.

Бастауыш мектепте ұғымдар  алғашқы пайда болуы және түр ерекшелігі бойынша анықталады: ұғымның анықтамасы =алғашқы пайда болған ұғым + түрлік ұғым.

Психологиялық –педагогикалық ғылымда ұғымның пайда болу моделі төмендегіше көрсетіледі.

І Сезімдік таным арқылы:

1.Түйсіну.

Адам санасында, белгілі  бір рецепторларға қоздырғыштардың тікелей әсер етуі жағдайында, сыртқы заттар мен ағзаның ішкі күйінің бейнеленуі.

2.Қабылдау.

Қоршаған дүниенің заттары  мен құбылыстарының рецепторларға  тікелей әсер етуі нәтижесінде, олардың  адам санасында бейнеленуі.

3.Елестету.

Түйсіну немесе қабылдау кезінде адам санасында пайда болған қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының бейнелері немесе олардың қасиеттері.

ІІ  Абстракциялық ойлау немесе ұғымдар  арқылы ойлау.

ІІІ Рационалдық таным арқылы.

1.Ұғым – заттың негізгі мәнін таңдау және жалпылау қасиетімен ерекшеленетін  ойлау тұжырымы

- заттарды олардың  ерекше белгілерімен бейнелейтін  ойлау

формасы.

2.Пікір.

Адамның заттарды оның байланыстары мен қатынастарында көрсететін ойлау  формасы.

3.Ой  қорытындысы.

Ойлау формасы арқылы бір немесе бірнеше пікірден туындайтын жаңа пікір.

Ұғымның пайда болуының психологиялық және физиологиялық  негіздері оның жасалу процесінің заңдылықтарын  айқындайды. Түйсік, қабылдау және оның негізінде түсініктің туындауы танымның бірінші сатысына жатады.

Шындықтың сезімдік бейнеленуінің бұл сатысында дүние туралы білім заттардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуімен тікелей байланысты болып келеді. Танымның екінші сатысы – абстрактылық ойлау немесе ұғымдар бойынша ойлау. Ойлау танымның сезімдік сатысына сүйенеді, бірақ бейнелер бойынша емес, ұғымдардың мазмұны бойынша әрекет етеді. Практикалық іс - әрекетте пайда бола отырып, адамның танымы практикада тексеріледі. Педагог үшін ұғымның пайда болуының психологиялық негіздерін білу маңызды болып табылады.

Білім берудің қазіргі жаңа талаптарына сәйкес бастауыш сынып оқушысының  оқу - танымдық құзіреттілігі: қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарының мәнін түсіну, оларды салыстыру, жіктеу; қоршаған шындықтың заттары мен құбылыстары арасындағы себеп-салдық өзара байланыстарды түсіну және түсіндіру; қоршаған шындықты тануын талдау, дәлелдеу, негіздеу; табиғи объектілерді тану, салыстыру, өлшеу, олардың мәнді белгілерін бөліп көрсету қабілеттерін дамытуды көздейді. Бұл әрекет тәсілдері білім мен іскерлікті шығармашылықпен қолдануға, табиғат объектілер және құбылыстарын бақылау, тәжірибе жасау, эксперимент жүргізуді  жобалауға; экологиялық міндеттерді шешу, табиғи байлықтардың күйін бағалауға бағытталған.

Жоғарыда көрсетілген  оқу әрекетінің тәсілдері оқушы  дүниетанымдық ұғымдарды сипаттай, қорыта және жүйелей алған жағдайда ғана мүмкін болады. Оқушының алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың мазмұнын білуі денелер мен заттарды, табиғат объектілері мен құбылыстарын, денлер мен заттардың мәнді және мәнсіз қасиеттерін, табиғаттағы денелер мен заттардың күйін ажырату, табиғаттағы объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды анықтау икемділігін қалыптастырады. Ұсынылған мазмұнды зерделеу барысында оқушылар меңгеруге тиісті ұғымдар қарастырылатын объектінің сыртқы белгілері туралы эмпирикалық түсініктер деңгейінде емес, заттардың мәні, ішкі байланыстары т.б. туралы ұғымдар жүйесінде теориялық деңгейде беріледі.

Дидактикада оқу әрекетінің анықтамасы туралы бірыңғай пікір қалыптаспаған. Оқу әрекеті, оның құрылымы және компоненттері жасалушы тұжырымдамаға байланысты зерттеулерде әртүрлі сипатталады.

Бастауыш білім берудің  қазіргі дидактикасында оқу әрекетінің компонентінің бірі  ретінде танымдық белсенділікті бөліп көрсетеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі проблемасымен Л.В.Чайков, М.Н.Скаткин, А.М.Матюшкин, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. айналысты. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу кезеңіндегі танымдық белсенділігін дамыту М.Н.Светляковскаяның, З.И.Романовскаяның, В.А.Сухомлинскийдің, С.Л.Рябцевтің және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Оқушылардың оқу әрекеті  белгілі бір нәтижеге бағытталған. Бұл нәтижеге жету оқушыдан ойлау  жұмысына белгілі бір дәрежеде күш  жұмсауды және осы жұмысты атқаруда кездесетін қиындықтарды жеңе білуді қажет етеді. Оқу әрекеті шеңберінде балалардың жеке басының мынандай сапалары: ақыл-ой белсенділігі, дербестік, табандылық, мақсаттылық, жауапкершілік, жинақылық, тәртіптілік, т.б. қалыптасады. Оқу әрекетінің белсенді әрекет ретінде балалардың өз бетімен ізденіп, өздігінен күрделі бірақ әлі келетін оқу міндеттерін шешуге бағытталған әрекет ретінде қарастыруға үлкен мән беріледі.

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі