Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа
Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Кіріспе
1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абақ – қоржын, аудың түбіндегі қалтасы; абдыра - кілтпен ашылып жабылатын сандық.
Абзал – былғарыдан, қайыстан өріп-тігіп, күмістеп жасалған ер-тұрман.
Әр - әшекей, түр, көрік.
Дебіске – мата, бастырып алынған жеңіл сырмақ.
Боқша – киіз дорба, шәкірттердің кітап, қағаз салып жүретін киіз қабы.
Будан – ашып ораған жіп, қыл, ішек, т.б. (бір будан жіп, бір будам шек)”
«Еңбекке баулу» пәні бойынша сабақ жоспары
Тақырыбы: Қатырма қағаздан сандық, жүкаяқ, кебеже жасап, ою-өрнекпен әшекелеу.
Мақсаты: Қазақ халқының тұрмысына қолданатын үй жиһаздарымен таныстыру, оларды қолдану мақсаты жайында түсіндіру, еңбексүйгіштікке баулу.
Көрнекіліктер: қатырма қағаздан жасалған сандық, шаблондар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме. Сандық кебеже, жүкаяқ, асадал туралы түсінік беру, және оларды түсіндірме сөздік дәптеріне жазу.
2. Олардың тұрмыста пайдалануы жайында айту.
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Бұл сабақта оқушылардың сөздік қорын молайтатын және көне сөздерді ұмытпайтын сөздік дәптерінен осы тақырыпқа сәйкес кездескен сөздердің анықтамасын жазып қою тапсырылады. Мәселен:
Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, т.б. азық-түліктерін салып қою үшін арналған ыдыс.
Жүкаяқ – жиған жүктің, сандықтың астына қоятын ағаш тұғыр, үй жиһаздардың бірі.
Асадал – ішіне тамақ, ыдыс-аяқ қоятын биік кебеже, - деп дәптерге түртіп қойған; ал бұл болса оқушы үшін тілдік қорын байытуда ең тиімді жолдардың бірі болып саналады.
Сабақ үдерісінде қазақ халқының тұрмысына қолданатын үй жиһаздарымен таныстыру пәнаралық байланыс негізінде жүргізіліп, оларды қолдану мақсаты жайында түсіндіре отырып бастауыш сынып оқушыларын еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, шешендікке баулу көзделеді. Сондай – ақ, оқушылардың дүниетанымы артып, таным көкжиегі кеңейеді.
Ал бастауыш сыныпта соңғы жылдары енгізілген дүниетану пәнінің мақсаттарының бірі – оқушылардың қоршаған ортаны танып, олармен дұрыс қарым – қатынас жасауын қалыптастыру. Дүниетану пәні орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарының негізі болып табылатындықтан бұл пән арқылы оқушылар адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады. Сондай – ақ, бұл пән балалардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын қалыптастырады. Оқушыға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының тілін, ой - өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырып, шығармашылыққа жетелейді. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырын білуге, табиғатты қорғауға, кеңейтуге тәрбиелейді. Дүниетану пәнінің мазмұнына адам туралы мәселелер енгендіктен, бұл материалдарды меңгеру барысында оқушылар үлкендерге, құрбы – құрдастарына, айналасындағы басқа адамдарға қамқорлықпен қарауға, құрметтей білуге төселеді. Оқушыларды адамгершілікке кішіпейілділікке баулу да, адамдық асыл сезімдерді ояту да осы пәнді оқыту барысында жүзеге асады. Сонымен қатар қазақ халқының салт – дәстүрлерін, әдеп – ғұрпын қастерлеуге үйрететін, ұлттық мәдениетіміздің бүкіл нәрін бала жүрегіне жеткізетін де осы пән. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана – сезімін мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан – жақты білімді, парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу, заман талабына сай оқытып, білім беруде жаңа технологияны қолданудың түрлері жеткілікті. Соның бірі – дифференциялап оқыту. Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әдісті көп білу керек, оларды өзіне сүйеніп, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деп айтып кетті. Бүгінгі әрбір ұстаз сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілді қолданып, дифференциялап оқытуды жүзеге асырады.
Дифференциялап оқыту барысында әрбір оқушының дара ерекшелігін ескере отырып, олармен жекелеп, топтап оқытуды ұйымдастырады. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру әрбір ұстаздың міндеті. Сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу мүмкіндіктері әртүрлі болып келетіні белгілі. Сондықтан дүниетану сабақтарында дифференциялап оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейін олардың жеке бас ерекшелігін, білім алудағы қабілетін, сабаққа деген зейінін, қабылдау, ой қорыту дәрежелерін жақсы ажырата білуі қажет. Сондай жағдайда тапсырма берудің түрлерін қолдануға мүмкіндік туады. әр сабақ сайын материалды жете меңгеру мақсатында дифференциялап оқытудың түрлерін қолданады.
Дифференциялап оқыту
барысында жұмыс түрлері
Қорыта келе, дүниетану сабақтарында диффернциялап оқытуды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді, өзіндік әрекетін шыңдай түседі, ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Егерде дифференциялап оқытуды сабақта өз дәрежесінде ұйымдастырса сонда ғана нәтижесін көруге болады. Осы пікірімізді дәлелдеу мақсатында, Дүниетану пәнінен 4 – сыныпта өткізген сабақ үлгісі ұсынылады.
Сабақтың тақырыбы: Күн жарық пен жылудың көзі.
Сабақтың мақсаты: 1) Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру; 2) Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; 3) Оқушылардың дүниетанымарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті, глобус, қосымша суретті оқулықтар, қима қағаздар, лупа.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ана тілі, музыка.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің. Сен – Ормансың.
Сен – Бұлақсың.
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
(Орташа жай темппен айту).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ғарыш дегеніміз не?» тақырыбы ауызша сұралады.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, сонымен біздер алдыңғы сабақта күн жүйесіндегі планеталар, олардың зерттелуі туралы білдік. Енді күннің өзін алып қарайық.
А)Ассоциация әдісі бойынша.
«Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.Тақтада орындайды:
«Күн – жылу мен жарықтың көзі»деп аталады.
Ә)Мағынаны тану. Суретпен жұмыс.
- Не байқадық?
Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура + 6000С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына төрт миллиард жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан – жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі – дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады.Олай болса Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.
Б) Мәтінмен жұмыс. Дауыстап оқу.
- Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
- Күн және оны айналып
жүретін планеталар мен
- Күннің бетіндегі температура қандай?
- 6000 С-ге жуық.
-Күн қуаты қалай пайдаланылады?
- Күн қуаты электр
энергиясын өндіруге үй
Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
- Жердің жасанды серіктері
халық шаруашылығына үлкен
В) Тәжірибе.
- Қалың дөңес шыны арқылы күн сәулесін біраз уақыт қағазға түсіріп тұрыңдар.Қағаз неге күйді?
Г) Өзіндік жұмыс. Кітаптағы мәтінді, өз білгендеріңді пайдаланып, мына мамандық иелері үшін Күннің маңызы туралы әңгімеле. Дәрігер: диқан, саяхатшы.(ауызша тексеріледі).
Д) Ой қозғау. Шығармашылық жұмыс (RAFT стратегиясы).
- Бүгінгі сабағымызда
басты рөлде – Күн. «Нұрлы
әлем» тақырыбына өз
4. Бекіту.Бағалау.
5.Үйге тапсырма беру. 104-105 бет.
- Сабағымызды қорыта
келе, Күн шуағын шартарапқа
Хор. «Әрқашан күн сөнбесін».
«Дүниетану» пәні бойынша
танымдық материалдарды оқушыға
түрлі әдіс – тәсілдерді меңгертуге
болады. Бұл мұғалімнің өз қалауына
байланысты жүзеге асырылады. Ал бастауыш
сыныптағы дүниетанымдық
Сабақтың тақырыбы: «Жаз», Абай.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік. Оқушыларға жаз айының ауа райындағы еркшеліктерді, жаздағы табиғаттың жандануын түсіндіру;
2.Дамытушылық. Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын жетілдіріп, ойлау, көру, сезіну қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға дағдыландыру;
3.Тәрбиелік. Отанын, туған жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Баяндау, сөздік жұмысы, оқыту, әңгімелеу, салыстыру, жинақтау.
Оқытудың түрі: Жеке, топтық, фронтальды.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, музыка.
Стратегиялары: Бес жолды өлең.
Көрнекілігі: Жаз суреті, «Жыл мезгілдері» бүктеме, «Құстар» бүктеме. Абай Құнанбаев суреті, плакаттар.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1 топ. «Төрттүлік» сөз тізбегін шешу.
2 топ. «Құстар біздің досымыз» өз ойын жазу.
3 топ. Тест тапсырмалары.
ІІІ Жұмбақ шешу.
Күн ысып,
Су жылынып,
Егін басын тұр иіп
Жеміс тердік бақшадан
Жеңімізді түрініп.
Шешуін жаз.
«Жаз» жазылуы бірдей, мағынасы түрлі көп мағыналы сөз.
Жаз – жыл мезгілін білдіреді.
Жаз – сөз табы бойынша етістік.
- Жаз мезгілі туралы не білесіңдер?
Жыл мерзімдерінің айларын анықтайық.
(топтау).
Б) Жыл мезгілдерінің
Күзде – жапырақтар сарғаяды, егін жиналады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Қыста – аяз, боран соғады, қалың қар болады, мұз қатады.
Көктемде – күн жылынады, қар ериді, жауын –шашын болады, күн күркірейді.
Жазда – күннің шуағы төгіледі, өте ыстық болады.
- Ал қазір қандай мезгіл?
1-топ. Көктем туралы не білесіңдер? Өз ойларыңды айтуға дайындалыңдар.
2-топ. Көктем мезгілі
мен жаз мерзімінің
3-топ. Суретті қиындылар
арқылы жаз мезгілін
Сұрақ: Жаз белгісін немен суреттер едің?
А) күн ә)ағаш б) бала бейнесі.
Гүлдер құстың ұясы өзен
Жемістер найзағай көбелектер.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Енді Абай атамыздың жазған «Жаз» өлеңіне тоқталайық.
А) Біз ана тілінен Абайдың қандай өлеңдерін оқыдық?
Абай Құнанбаев туралы білімдерін пысықтап, толықтыру.
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Б) Іштей оқу.
В) Дауыстап жеке оқушының оқуы, өлеңнің мазмұнын өз топтарында талдау.
Мазмұнын бір – біріне түсіндіру, талқылау.
Әр топтан бір оқушы топтастыру жасайды.
1.Шілде жылдың қай мезгілінде келеді?
2.Жазда ағаштарда,
шөптерде қандай өзгерістер
3.Өлеңдегі жаз мезгіліндегі елдің тіршілігі, еңбегі туралы әңгімеле.
4.«Бүйірі шығып, ыңқылдап» деген тіркесті бір сөзбен қалай айтуға болады?
Сергіту сәті: «Жаз келді, алақай!» әнін қимылмен орындау.
Ү.а) Тапсырмаларды орындату.
ә) Дәптермен жұмыс.
Жаз айларының аттарын жазу.
Маусым, шілде, тамыз.
б) 5 жол өлең шығару.
ЖАЗ
Шығады, келеді.
Сұлу, әдемі, ыстық.
Жаз – жылдың тамаша мезгілі.
Мезгіл.