Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа
Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Кіріспе
1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:
Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
Есту арқылы қабылдауына сүйенетін тексті жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
3.Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір - бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:
1) грамматикалық –
орфографиялық талдау («грамматикалық
талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды
грамматикалық және
Оқушылардың белсенділігін көтеру, олардың білім дәрежесін бақылау мақсатында карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.
2) Көшіру. Алғашқы, І
сыныпта, ІІ сыныпта сөзбе -
сөз, механиклық көшіру іске
асырылады. Кейін бірте - бірте:
деформаланған мәтінді (
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасын түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті және сонымен бірге оқушы үшін танымдық мәліметтерге бай, тәрбиелік мәні бар болуға тиіс.
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жабылады немесе тақта айналдырылып қойылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтін ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмүкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл, әсересе, «қиын» сөздердің жазылуын өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс - тәсілдер қолданады: 1) зейін қойып, іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар, 2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер. ; бақша өсімдіктерін білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер т.с.с.), 3) буындап оқыңдар және жазыңдар, 4) әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар, 5) жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер, 6) сөзді екі - үш рет қайта жазыңдар немесе екі - үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар, 7) «я» әрпі бар сөздерді топтаңдар т.б.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде, әсіресе, сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді 1, 2, 3 …..). мысалы, оқушылардың дәптерлерінің 5 - бетінде «в» әрпі кездесетін сөздер тізіледі.
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.
Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі, қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып өзгертіп жазады, қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.
Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ - синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Қазіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр.
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданылады.
Балалардың орфографияға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естеріне ұстайды, сосын дәптерлеріне жазады.
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауышты оқыту саласына тікелей қатысты да маңызды. Сондықтан да бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Ол үшін оларға сабақты жүйелі түсіндіріп, әр түрлі танымдық материалдарды сан түрлі әдістермен меңгертуге болады.
Оқу-танымдық қызметтің тиімді ұйымдастырылуы таным әдістерінің табиғатын дұрыс танып - білуден және оларды қолдану жолдарын жүйелі сипаттауға байланысты. Таным теориясында таным әдістері деп, әлемді тануға әкелетін әдістер қарастырылады. Таным әдістері дегенді П.В.Копниннің ізімен біз де ақылдың өз-өзінен жасап шығаратын туындысы емес, бірақ теориялылықтың нормативті білдірілуі, әрекет ережелері, стандартты деп түсінеміз.
1) Анализ және синтез әдістері. Анализ (талдау) әдісі - ойлаудың логикалық тәсілі. Қарастырып отырған нысанды ойша бөлшектеу негізінде жаңа білім қалыптастыру амалы ретінде талдау әдісі таным үрдісінде маңызды орын алады. Қарастырылатын нысанның ерекшеліктеріне қарай, талдаудың ішкі түрлері анықталады. Аналитикалық қызмет барысында ой қарапайымнан → күрделіге қарай, кездейсоқтықтан → тепе-теңдікке, бірлікке қарай жүреді.
Оқушы білім алуының аналитикалық түрі жаңа қатынастар мен байланыстарды тануға жетелейді. Сөйлем мүшелерін оқытуда анализ әдісін оқушыға дұрыс үйрету арқылы сөйлем мүшелерін практикалық, теориялық жақтардан өз бетімен анықтай білу дағдылары қалыптастырылады. Сөйлем мүшелерін оқытуда синтаксистік талдау жасатудың мәні зор. Анализ әдісін орынды, бірқалыпты тәртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында оқушының теориялық, практикалық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асып жатады.
2) Синтез (жинақтау) әдісі - анализбен бірдей таным үрдісінде маңызды орын алатын таным әдісі. Синтездің негізгі қызметі - талдау барысында бөлшектелген ұғымдық қасиеттерді жинақтау, біріктіру. Синтездеу барысында жалпы мен жекенің ерекше бірлігі танылады, бірлік пен түрлілік өзара тұтастық жасауға бағытталады. Сөйлем мүшелерін оқыту барысында синтез әдісі "сөйлем мүшесі" деген тіл бірлігінің тұтастығын құрайтын жекелеген бірліктерінің тұтасып келіп, оқушылардын топтастырылған (обощенный) ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Сөйлем мүшелерінің болмысы туралы жаңа аспектідегі білім мазмұнын игеру механизмдері мен ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып жасалатын оқыту технологиясының кешенді проблемаларын зерттеуге алып келді. Оқушының теориялық, практикалық ойлауларын дамытуды олардың ғылыми білім алуын қамтамасыз ету арқылы ұйымдастыруда таным теориясының ілімдері осылай үлкен тірек болады. "Научно - познавательный процесс, реализующийся в развитую теорию как определенную форму целостности и схему практической деятельности, может быть адекватно понят и достаточно описан посредством обращения к взаимодействию двух составляющих: аналитического (имменантного) и синтетического (конструктивного)".
3) Индукция және дедукция әдістері. Диалектикалық логикада индукция мен дедукцияны бұрынғы айтылып келген "дедукция - нақты қорытынды, ал индукция - ықтималды қорытынды" дегеннен өзгеше, өзіндік ілім беріледі. Дидактикалық логика табиғатын танушылардың пікірінше, индуктивтік әдіс пен дедуктивтік әдіс қандай жағдайда да қарама - қайшылықты көрсетуі тиіс "Бір жағдайда бұл қарама - қарсылық бағыты бойынша, екінші жағдайда - сапасы бойынша болады: ықтимал және нақты білім – білімнің қарама - қайшы сапасы" . Сөйлем мүшелерін модульдік - интерактивтік технология бойынша оқытудың тарихын зерделеу барысында оқытудың мұндай әдістері қолданылу іздерін табу қиын емес. Сөйлем мүшесі туралы оқу материалы бірнеше бөлшекке бөлініп басында сөйлем мүшесі туралы дайын ереже, соңында сөйлем мүшесінің жекеленген белгілері туралы мәлімет беріледі. Мұнда алғашқы материал мен соңғы материалдарының әр жігіндегі байланыстырушы дәнекерлер әлсіз немесе мүлде дерлік жоқ деуге болады. Мұның өзі қазақ тілін оқыту әдістемесінде индуктивтік пен дедуктивтіктің алатын орны әлі де арнайы қарастырылу қажеттігін көрсетеді.
А.Байтұрсынұлының жалпылау және жалқылау әдісі туралы еңбегін нақты қазақ тілін оқытумен байланысты талдау әлі де күн тәртібіне қойылмай келеді. Оқулықтардағы жаттығулар бірыңғай сөйлем мүшелерінің тұтас болмысын танып көшіру, табу, жеке белгісін анықтау сияқты болып берілген. Мұнда да индукция мен дедукцияның бірлігін танымау және ол бірліктің таным үрдісіндегі маңызды рөлін бағаламаудың ізі айқын көрінеді. Оның нәтижесі болса, оқушының сөйлем мүшесі туралы алған білімінің синтезделмей, сөйлем мүшесінің ішкі заңдылықтары мен сыртқы функцияларының түрлілігі арқылы тілдің табиғаты туралы тұжырымдарға келу т.б. маңызды таным процесінің қорытындыларын жасауға кедергі келтіреді.
Белгілі тақырып пен оның заңдылықтары туралы оқушы топтастырылған ұғым жасауы үшін, белгілі бір байымдаулар жасап үйренуі керек. Байымдауға келу үшін, оқушыда индукция мен дедукцияның тізгінін қатар ұстай алатын машық - дағдылар қалыптастыруы қажет. Теориялық, практикалық білім алу әдістерін меңгертуде бұл мүмкіндіктер неғұрлым мол қолданылуы керек. "Насколько индукция и дедукция в их единстве являются необходимыми моментами диалектического движения, настолько же они не могут существовать в обособлений", - деген пікір сондықтан да біз үшін маңызды болып табылады [13].
Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдарды оқушыларға игертудің әдіс – тәсілдері жоғарыдағы үш әдіс түрінен кейінгілері төмендегідей:
4)Әңгіме әдісі немесе сұрақ – жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
5)Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, «қайда?» сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б. ) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Дүниетанымдық сабақтарында өтіліп отырған материалға (оқушылардың) балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай
индуктивтік немесе дедуктивтік
әдістер жиі қолданылады. Мұғалім
бірде (индуктивтік жағдайда), тіл
құбылыстарын жеке – жеке түсіндіріп,
сонан жалпы қорытынды
6) Эксперимент әдісі.Оқыту
барысында оқушыларға экспериме
- біріншіден, эксперимент алға қойылған шешілуі тиіс мәселенің нақтылығын белгілеуде мол мүмкіндіктер береді;
- екіншіден, эксперименттің
- үшіншіден, эксперимент
Эксперимент
ойлаудан еш бөлінбейді, қайта ойлаудың
нақтылығын шыңдай түседі. Дьюидің айтуынша,
ойлаудың неғұрлым тиімді жолдарын тануда
эксперимент үлкен көмекші әдіс болады.
"Эксперимент - как форма познания и
одновременно как форма практического
действия имеет многое значение и широчайшее
распространение",- дейді ғалымдар
[15.6.].
Эксперемент әдісін қолдануда қазақ тілін
оқыту әдістемесіне жаңа леп
келеді. Оқушылар эксперимент
әдістерін мұғалімнің басшылығымен
жүргізеді. Бірақ ізденіс үрдісін оқушы өзі
басынан кешіріп отырғандықтан да, ол
шын мәнінде, ғалымның жүріп өткен жолын
қайталап отырғанына назар аудармайды.
Себебі, жеңіс сезімі мен "жаңалықты
ашқаны" оның ойлауындағы жаңа сатылардың
ашылуы мен қалыптасуына негіз болады.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту
үшін бұл әдістің құнды тұстары мол. Әсіресе,
эксперименттің басы субстанционалдық
қасиеті - обьективтік, жалпы білімді,
заңдылық түріндегі білімді қалыптастыру
қасиеті теориялық, практикалық ойлауларды
дамыту аса маңызды орын алады. Сөйлем
мүшесі жасалуындағы түрлі жолдарды
анықтауда эксперимент әдісін қолдана
отырып, оқушы жақсы нәтижелер шығара
білуге және оларды ғылыми тұрғыдан сипаттай
білуге дағдыланады.
7) Модельдеу әдісі. В.В.Давыдов былай дейді: "Материальными средствами идеализации и построения научной предметности служат символы и знаки, а также их смешанные формы. Символы - это, говоря словами Гегеля, чувственные представители некоторого рода (они могут сочетаться со знаками, например, со словесно-знаковым обозначением)" [15.25]. Дидактикалық логика модель, модельдеудің логикалық статусы мен мәнін анықтау, модельді материалдық пен идеалдылықтың қатынасы құрылымның біріне - бірінің ауысуына қажетті механизм деп таниды. Диалектикалық логика ілімі бойынша, идеалдылық дегеніміздің өзі, заттың формасы, бірақ ол түр заттың өзінен тысқары шыққан түр болады. Ол түр адамда, адамның белсенді қызметі барысында бар болып отырады. Адам миына орналасқан заттың түрі - заттың қарапайым көшірмесі емес. Ғалымдар материалдылықтың адам басына шынымен де орналасатыны туралы айтады. Бірақ, ол орналасу, егер, материалдылық тікелей жалпыға белгілі формалар арқылы берілген болса ғана мүмкін болады; екіншіден, ол адамның нақты нәрселермен жасайтын қызметінің белсенді формасына айналуы керек [15.36]. Модель - ғылыми (теориялық) абстракцияның ерекше формасы. Сөйлем мүшелерінің модельдерін жасату барысында оқушының өзі меңгерген теориялық, практикалық білімдерін белгілі бір формаға айналдырып синтездей алу қабілеті мен сол синтезделген модельде алынған теориялық, практикалық білімінің маңызды қырларын таңбалай білу қабілеті дамытылады. Ол маңызды қырлар деп отырғанымыз, сөйлем мүшелерінің байланысу, қатынас формалары, функциялдық қызмет ерекшелігі т.б.