Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе


1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ДИплом бастауыш казак тли.doc

— 375.50 Кб (Скачать файл)

       Бала  қабілетінің жетілуі белсенділігінің  артып отыруына байланысты. Бұл  мәселе бала мен жұмыс жүргізетін  кез келген адамға белгілі.  Баланы қалыптастыруда еркін күштің қаншалықты рөл атқаратынын бәріміз де білеміз. Әсіресе, қазір бала бойындағы қасиетті қалыптастыру, жетілдіру үлкен маңызға ие. Осы мақсатты көңілдегідей тиянақталған жағдайда ғана біз балалардың жан-жақты білімді, қабілеті  жоғары, қандай іс болса да орындай алатын адам тәрбиелей аламыз. Қазіргі кезде оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушының жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылуда. Яки, пәндік , білім, білік дағдылар ең алдымен оқушының осы жастағы табиғи генетикалық мүмкіндігі болып табылатын жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Оқыту мақсатында бастауыш сатыдағы білім мен тәрбие мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың өзін қоршаған, өзі өмір сүретін табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін қамтамасыз етеді.

 

Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы

 

Мектеп өмірінің іс –тәжірибесі  дәуір талабына сай жас ұрпаққа  білім беру, оларды ғылым саласына қызықтыру, өмір сүруге деген талпыныс әрекетін ұйымдастыру. Мектептегі білім  мен тәрбие беру басты тұлға – ұстазға жүктелген. Демек, оқушы білімінің сапасы, тәрбиесінің нәтижесі ұстаздың кәсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына келіп тіреледі. Осы тұрғыдан алғанда технологияны күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен айқындалады. Ал балаларға бұл күнде әр саладан жан – жақты білім беру жүйелері жеткілікті. Олардың ішінде қоршаған орта, табиғаттану әлемінен берілетін білімнің орны ерекше. Себебі, бала дүниеге келген күннен бастап ата – анасынан кейін өмірден байқап көретіні және танитыны осы қоршаған орта мен табиғат, оның заттары мен құбылыстары. Бастауыш сыныптардың дүниетану бағдарламасының негізгі идеясы оқушыларды қоршаған табиғат туралы түсініктері мен  бастапқы ұғымдарын қалыптастыру; оқу барысында балаларды дамыту олардың таным әрекетін жандандыру болып табылады. Оқушылар дүниетану сабақтарында табиғатта тікелей байқалатын және құбылыстар мен заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды үйренеді 1 - сыныпта айналадағы дүние, оны танып білудің маңызы және зерделеу, бақылау, тыңдау, ұстап беру, кітапта жазылғандарды оқып ойға тоқу.

2 - сыныпта балаларда  өз жеріндегі жыл мезгілдерінің  негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары  туралы бастапқы түсініктер мен  ұғымдар қалыптасады. Мұғалім  дүниетану сабақтарында балалардың  әр түрлі табиғат құбылыстарына  ықыласын, табиғатқа сүйіспеншілігін және оны қорғауға ынтасын тудырады. Аталған тақырыптар күнделікті бақылауларға және табиғатқа саяхаттар жасауға негізделеді. Балаларды айналада қоршаған табиғатпен таныстыру кезінде бақыланатын құбылыстарды сезімдік қабылдаудан қорытындылауға және ойлап түсінуге өту керектігін есте ұстану қажет. Ал, 3 – 4 -  сыныптағы табиғаттану курсының міндеті оқушылардың тірі және өлі табиғат туралы білімдерін тереңдету және қорыту, табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы қарапайым білім беру, табиғат пен адамның арасындағы өзара байланысты түсіне алатындай өздерінің өлкесі туралы жаңа білімдерімен қаруландыру, жер бетінің планы мен географиялық картаны оқуға, жергілікті жерді бағдарлай білуге үйретеді. Балалар өз өлкесін зерттеуде негізгі салыстыру арқылы жер бетінің формалары және су алқаптарының түрлері – мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер туралы, өсімдік пен жануарлар дүниесі туралы ұғым алады. Балалар табиғатты сүюге және оны қорғауға үйренеді. Бастауыш сыныптарының мұғалімдері балаларға табиғаттанудан білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді, табиғаттан әсемділік көріп, сезе білуге үйретеді. Біз кішкентай адамды адал, ер жүрек және мейірімді етіп тәрбиелеуге тырысамыз. Ізгілік нағыз адамға адамгершілік тәрбие берудің негізі болуы тиіс. Кішкентай адам тірі атаулының бәрін сүюі тиіс, өйткені тек ізгілік қана бала мен бала ұжымына өзара ұғынысу қуанышына жол ашады. Адамгершілік тәрбиесін жүйелі және бірізділікпен жүргізу керек, табиғатты, жануарларды жақсы көретін балалар әр уақытта мейірімді болады. Ізгілік пен  мейірімділік – бұл екі ұғым тығыз байланысты. Егер адамда бұл қасиеттер болса, онда ол әрқашан да сезімтал, кішіпейіл, әділ болады. «Батыл адам - әрқашан да мейірімді» - деген А.М.Горькийдің  данышпандық сөзі шынайы адамгершілікке тәрбиеленген адам мейірімді болуы тиіс екендігін тағы да дәлелдейді.

Бастауыш сынып оқушылары  сыртқы әсерді қабылдағыш келеді, балаларды  неге үйретсе, оның бәрін ақиқат деп  сенеді. Сондықтан оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жұмысында олардың өмірінде бір күнді де бос жіберуге болмайды. Сондықтан да, балалардың нақты табиғат жайында ұғымын қалыптастыру үшін ең тиімді бақылау әдісі деп есептейміз. Себебі, жас баланың өмірінің біразы табиғат аясында өтеді. Бала айналадағы тау –тас, өзен – көл, жасыл жапырақ, су, аспанда нұрын төккен Күн, сәулесін шашқан Ай, жымыңдаған жұлдыздар – бәріне қуана қарайды. Олар әрқашан табиғат құбылыстарын тамашалайды. Ондай құбылыстар мен заттарды бала тікелей көріп, ұстап, сезген жағдайда ғана білім дәлелдірек болады.

Балаларда адамгершілік сезімге тәрбиелеуге оларға еңбектің қандай да болмасын бір түрін шындыққа дұрыс көзқарастарын қалыптастыру үшін қажетті оқиғаны көрсетуге  әрқашан жағдайлар бола бермейді.

К.Д.Ушинский «жас баланы жақсы істі, жақсы сезімді, жақсы ойды сүюге үйрететін әдеби шығарма ғана жақсы» деген болатын.

Әдеби  шығарманы оқи  отырып, балалар адамдардың мінез - құлқын, іс  - әрекетін, қылықтарының себептерін түсіне білуге, жақсының жақсылығын сезе білуге, бұзақылықпен жамандықты айыптай білуге үйретеді. Осы шығармалар негізінде өткізілетін этикалық әңгімелер, әдетте баланың өзіне жақын адамдарға, жолдастарына қатынасы жайлы болса, Отан, табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі жөнінде мәселе қойса балаларды қызықтыра түседі. Балалардың алдына қойылған сұрақтарды ұжым болып талқылау адамгершілік жөніндегі түсінігін анықтауға ғана емес, сонымен бірге баланың өмір тәжірибесін байыта түсуге де әсер етеді.

Тәрбиелеу тұрғысынан келетін  болсақ, баланы әңгіме, ертегі, өлеңдерде болатын «адамгершілік» проблемасын қызықтыра білу өте маңызды. Осыған орай мұғалімнің мәнерлеп оқи білуінің рөлі зор, баланың шығарманы түсініп сезінуі көбіне осыған байланысты.

Табиғатты сүю – Отанды сүю көрінісінің бірі. Табиғатты  үнемі бақылау балалардың табиғатқа деген ынтасын арттырады, онда болып  тұратын өзгерістерді байқауға үйретеді, оның себептерін анықтап белгілі бір заңдылықтарын ажыратуға тәрбиелейді. Табиғаттың көркем сұлулығын сырттай ғана тамашалап, айналадағы табиғаттан ләззат алып, оның алуан түрлі әсемдігін бағалай білу – балалардың адамгершілік және эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың негізі. Бастауыш сыныптағы балалармен табиғатқа саяхатқа, серуенге Дүниетану сабағында шыққанда төмендегідей мақсатты шешу көзделеді: табиғаттағы  маусымдық құбылыстар жөніндегі балалар білімін толықтыру, оның сұлулығын бағалай білуге үйрету, балаларға өсімдіктер мен жануарлардың өсуі және т.б. табиғатты қорғауға дағдыландыру.

Оқу жұмыстарын жоспарлау  – бағдарламада белгіленген жұмыстардың  болашақ нәтижелерін  алдын-ала білу, оқушыларға білім мен іскерлік, дағдылардың берілген көлемін тиянақты меңгеріп, жүйелі өтуіне көмегін тигізеді.

Дене тәрбиесі мұғалімдердің  көпшілігі дене тәрбиесінің оқу  бағдарламасын  жоспарлау, қажетті  құжаттарды жасауға зор көңіл бөліп келеді. Жалпы білім беру мектептерін бастауыш сыныптарында өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары сапаларының төмен дәрежеде болуы және бағдарлама материалдарының нашар өтудің негізгі себептерінің сабақтың педаогоикалық негіздеріне дұрыс қарамай, дайындықсыз, үлгі-жоспарсыз өткізуіне де байланысты болады.

Мектептегі оқу жоспары  бойынша жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарында денені шынықтыру мәселелерін  және оның жаттығуларын үйрету ісіне  көңіл бөлінбейді, соның салдарынан мектептегі дене тәрбиесі өзінің толық жүзеге асуына негіз болмай жалпы сауықтыру мен жай көтеру ісіне немесе бағдарлама жаттығуларын жеңіл-желпі ғана айналады. Сондықтан оқу-жоспарлау ісіне аса жауаптылықпен қарау дене тәрбиесі мұғалімінің ең негізгі жауапкершілік парызы, міндеті.

Дене тәрбиесі жұмысын  алғашқы жоспарлау, алдымен 1,4,5,9 және 10-11 сынып оқушыларына жыл бойына бөлінген жалпы сағат мөлшерін  (68-70) байланысты дене тәрбиесінің сабақ  түріне бөлінеді. Қазақстанның Солтүстік  және Орталық аймақтарында міндетті түрде сабақтың негізгі өзгермейтін түріне гимнастика, жеңіл атлетика және шаңғы дайындығы жоспарланады, ал қар шағын түсетін, қыс айлары аз болатын аймақтарда шаңғы дайындығының орнына спорттық ойындардың (қол добы, аяқ добы, баскетбол) жоспарланады.

Дене тәрбиесі сабағын жоспарлауда мектептің материалдық қамсыздандырылғаны еске алынуы қажет. Кейбір мектептерде суға жүзу бассейндері немесе жүзу үйретуге жақсы, жағдайлары болатын жерлерде міндетті түрде суда жүзу сабағы жоспарланып, кем дегенде 24 сағат бөлінеді. Бұл сағаттар бағдарламадағы берілген өзгермелі сағаттардан жетпеген уақытта сабақтың өзгермейтін түрлерінен 1-2 сағаттан алып қосады. Дене тәрбиесі жұмысының жылдық жоспарлы сағат кестесі жасалған соң, дене тәрбиесі пәні бойынша оқу ғамалиясының кестесі жасалады.

1 – сызықшада сыныптар  яғни, 1-4,5-9,10-11 сыныптар;

2 – сызықшада сыныптарда  өтілетін  сабақ түрлері;

3 – сызықшадағы ең  жоғарғысы ай аттары, ең соңғысы   сабақтардың төрт тоқсандағы  реттік саны, яғни 1,2,3,4 – 68 сабақ.  Теориялық дайындық әр сабақтың алдында жаңа сабақ түрлерін оқуды бастағанда 5-10 минут шамасындай уақыт бөлініп отырады. Өтілетін сабақтар сабақтың ретіне байланысты 10 белгісімен белгіленеді. Сабақ ретінде қарап, қай айдың нешесі кезінде өтілетін сабақ екенін табуға болады. Мысалы; 30 сабақ желтоқсан айының үшінші жетісіне келеді, ол үшін 3 санын бір жетіге көбейтсек желтоқсан айының 21-іне келеді, демек 2-30 сабақ желтоқсан айының үшінші жетісі, яғни 14 мен 21 күндердің аралығындағы өтілетін сабақ кестесінен айыруға болады.

Дене тәрбиесі жұмысының жылдық сағат кестесіне қарап сабақтың тоқсандық – тақырыптық жоспары жасалады.

Жас ұстаздарға дене шынықтыру  сабағын ұйымдастыру ең алғашында  қиындықтар туғызады. Алайда көмекші  әдістемелік құралдар көмегімен  тығырықтан шығуға болады. Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы екі жолмен ұйымдастырылған: оқу сабақтары және жаттықтыру сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ – оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама бойынша, белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Жаттықтыру жүйелі (таңертенгілік бой жазу жаттығулары, туристік жорықтар, шаңғымен сырғанау т.б ) орындалады.

Жаттықтыру бірнеше  топтарға бөлініп жүргізіледі: күн  тәртібі ішінде физкульт-сәттер, кіріспе  гимнастика, жаттығу арасындағы тынығу, кластан тыс спорт жарыстары және т.б. Отбасында таңертеңгілік бой жазу жаттығулары шаңғы, коньки тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, үй тапсырмаларын орындау және т.б.

Дене тәрбиесі оқу  сабағының жаттығуларымен жүйелі жаттығу түрлері. Оқу сабағы жалпы білім беру және спорттық мектептерде, кәсіптік-техникалық учлищелерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында өткізіліді. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың деген екі түрі болады.

Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады: оқу сабағына кіргізілетін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы. Жаттығушы оқушылардың іс-әрекетінің, ұсынылған жаттығуларды орындаумен байланысты. Сабақ мазмұнының бұл жағы: мұғалімді тыңдау, орындау, орындау тәсілін бақылау, көрген немесе естіген түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын құру, оны орындау, өз әрекетінде бақылау, бағалау т.б көптеген оқушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады.

Мұғалімнің қызметі. Сабақ  міндетін қою,оны орындауды ұйымдастыру, жаттығушылардың әрекетін бақылау, орындауын бағалау, талдау, күш түсіруді реттеу т.б тұрады.

Уақыт бойынша бір-бірімен  байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде  оқу сабағы 3 бөлімге бөлінеді: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спорт залына кірерде сапқа тұру т.б. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.

Кіріспе бөлімнің негізгі  міндеті – оқушылардың организмін сабақтық негізгі бөлімінің қимыл-әрекетіне  функционалды дайындау. Ол оқушыларға таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін жаттығулар көмегімен орындалады. Жүру, жүгіру жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би адымдары, қозғалмалы ойындар элементтері, әр түрлі сипатта сапқа тұрулар және басқа біртіндеп көтерілген бірқалыпты жүктелмелі жаттығулар осы кіріспе бөлімде жиі қолданылады. Кіріспе бөлімнің жаттығулары негізгі бұлшық ет топтарына әсер етеді. Ол мынадай реттілікпен орындалуға тиіс: керілу, жоғары иық белдігіне арналған жаттығу, аяқ бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығу, секіру жаттығулары, босаңсу жаттығулары т.б. Сабақтың дайындық бөлімінің мазмұнына сай болуы қажет. Кіріспе – дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытына 10-20 процент, яғни оқу сабағына 5-12 минуттан, жаттықтыру сабағына 30-40 минутке дейін уақыт бөлінеді.

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі