Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа
Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Кіріспе
1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасына және сабақ міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру секілді күрделі міндеттері сабақтың негізгі бөлімнің басында орындалады, сонан соң дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндетті орындау үшін әрбір сыныпта оқубағдарламасында белгіленген дене тәрбиесі жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минутке, жаттықтыру сабақтарында 90 минутке дейін созылады.
Сабақтың қортынды бөлімінде
организмнің функционалдық
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өздіктерімен орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Балаларды өздіктерімен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көзделеді:
Өздігінен орындайтын жұмыстың негізгі мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мұғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық керек, ал қандай бөлігін балалардың өздіктерімен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырмалардың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше этаптан тұратын болса, онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Мысалы, 2 - сыныптарына арналған қорытынды сынақ тапсырмаларын қарастырайық. Бұл қорытынды сынақ тапсырманы жасау кезінде балаларды ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктері мұқият тексеріледі. Тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады.
Мұның өзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Жас ерекшеліктеріне лайықты мағлұматтар береді. Оқушылардың тілін байытып олардың сөйлей білуге ынтасы мен оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады. Бұл қорытынды сынақ тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты құрылған.
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
4-тапсырма
5-тапсырма
6-тапсырма
7-тапсырма
8-тапсырма
9-тапсырма
1.Мәтін дегеніміз не?
Оның түрлері. Мәтінді
2.Ыдыс-аяқ түрлерін жазып, оны зат есімнің көпше түріне айналдыр.
10-тапсырма
11-тапсырма
12-тапсырма
1. Сан есім деген не? Оның сұрақтары, мысал келтір.
2. Дара етістіктен құралған үш сөйлем жаз.
Балалардың өздігімен орындайтын жұмыстарының түрлері:
Оқушылардың өздіктерімен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу – олардың белсенділігін көтереді.
Бастауыш сынаптарда өздігінен атқаратын жұмыстарды барлық сабақ барысында жүзеге асырылады. Бұл орайда оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілеті ескерілуі шарт. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолмен орындауды бірден біледі. Кейде олардан берілген тапсырманы тезірек орындауда талап етіледі.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Өздігінен жұмыс жүргізудің мақсаты – тіл сабағында оқушылардың жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені саналы түсінуге дағдыландыру. Бұл жұмыстар жаттығу, түсіндіру, бекіту, білім тексеру барысында жүзеген асады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланған оқушы кездескен қиындықтарды жеңе алатыны, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей қоймайтыны сабақтардан байқалады.
Қазақ тілі сабағында «мына сөйлемдегі сөздер қай ережемен сәйкеседі? Сөйлемді оқып, қатесіз жаз. Сөйлемдегі қатеңді өзің түзет. Мына өлеңді жаз!» тағы басқа тапсырмаларды орындауға болады.
Жаңа сабақты бекіту кезінде түрлі карточкалар, тесттер, дидактикалық материалдар арқылы өздігінен жұмыстар жүргізіледі.
Көп жылғы тәжірибесінің
нәтижесінде өздік жұмыстар арқылы
оқыту шәкірттерге білімді
Оқыту үрдісінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болуы шарт:
Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады:
Білімді меңгеру – тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды, грамматикалық ұғымдарды есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өзі логикалық талдау жасай отырып, орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асады. Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен орындауына берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға, берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдануға талпындыратындай болуы тиіс.
Оқушылардың өздік жұмыстарын деңгейлік тапсырмалар жалпыға бірдей міндетті стандарт білімді негізге ала отырып құрастырылады. Академик В.П.Беспалько оқушылардың оқу материалын меңгеруін төрт деңгейге бөліп қарастырады.
1 - деңгей – оқулық
деңгей. Мұнда оқушыға аса ойлануды
қажет етпей, тез жауап бере
алатындай сұрақтар мен
2 - деңгей – алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейдегі берілетін тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ал ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі. Оқушы бұл кезде мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдаланады. Мысалы: таблица толтыру, схема сызу т.б.
3 - деңгей – эвристикалық деңгей. Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді. Оқушы бұрын алған білімнің негізінде және қосымша әдебиеттердің көмегімен ой еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.
4 - деңгей – шығармашылық деңгей. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашалық жұмыспен айналысады. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарымен – шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу, бір-бірінің шығармашылық жұмысына пікір жазу сияқты тапсырмаларды жүргізу болады.
Қазақ тілі пәнін үйретуде ұстазға қойылатын талаптардың ең бастылары тек қана ауызекі еркін сөйлесе, жаза білу дағдыларын меңгерту ғана емес, халқымыздың бай мәдени, әдеби, тарихи мұрасын, тәрбиелік мәнін жеткізіп, егеменді еліміздің жерін, дәстүр - салтын сүйетін және оны бағалап, көзінің қарашығындай қорғай білетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі?