Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе


1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ДИплом бастауыш казак тли.doc

— 375.50 Кб (Скачать файл)

-Бұл сендерге түсінікті  болды ма?

-Ал, енді балалар сергіп  қалсақ, орнымызға отырып, сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Балалар, біз бүгін  сабақта «Біз- туған ел баласы»  әнімен танысамыз. Бұл әннің  өлеңін жазған Қ. Ыдырысов аталарың. Ол кісі балаларға арнап көп  өлеңдер жазған. Ал, әннің әуенін, әнін жазған Қ.Қуатбаев аталарың. Ол кісі 1935 жылы Талдықорған облысы, Сарқант селосында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптарында дирижерлық қызмет тақарған. Музыка пәнінен мұғалім болып, сабақ берген. Қуатбаевтың балаларға арнаған көптеген шығармалары бар. Олар: «Ел қорғауға әзірміз», «Ақ әжем», «Каникулда», «Біз-туған ел баласы», «Саясатта», «Жарқын жаз» т. б. әндері бар. Оның өлеңдерінің бала тәрбиесі үшін мәні зор. Балаларды Отанын сүюге, оны қорғауға, анамыздай аялауға жұмылдырады.

- Балалар, біз бүгін сабақта өткен сыр елінің жыршылары да Отаны, туған жері үшін аянбай еңбек етіп, еркіндікті аңсаған. Сол сияқты бұл әнде де туған жер, отанды сүю, құрметтеп, қадірлеу жайында айтылады.

- Ал енді әнді бір рет тыңдап көрейік. Не туралы айтылған екен? Ән қандай екпінде айтылады екен? Дұрыс отырып, тындау қалпын сақтаймыз. (магнитафонды қосып, үнтаспадан тындатқызамын).

- Ал енді ән қандай екпінде жазылыпты? Қалай ойлайсыңдар? Ән тез айтыла ма? Әлде баяу айтыла ма?

- Дұрыс айтасыңдар. Ән тез, көңілді айтылады екен. Енді әннің сөзін жаттап, талдау жасайық. (тақтаға плакаттағы әннің сөзін іліп қоямын).

«Біз- туған ел баласы»

1.Асыр салған таласып,   Біз- туған ел баласы.

Қандай байтақ Отаным, Жан-жағыңа қарашы.

2.Отаным кең көсілген, Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған мал, алып дән, Бәрі менің несібем.

3. Бәрін көріп келеміз,  Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен, Біздер жауап береміз.

- Бірінші шумағына  келетін болсақ, туған жеріміздің  кең байтақ, Отанымыздың асыр  салған балаларымыз,- деп жырға  қосса. Ал, екінші шумағында, Отанымыздың кең байтақ, ешкандай жерге жетпейтінін, онда жасыл шөп өсіп, жерінде малы көп, жасыл желегі көп екеніні айтып, мұның бәрі менің несібем дейді. Яғни несібем деген, осының бәрі менің қолымда бар алтын қазынам, байлығым дегенді білдіреді. А.л, үшінші шумағында біз жастарға сенеміз, еліміздің болашағы жастар, яғни сендер екендігін айтып отыр. Болашақты әрі қарай жалғастыру үшін, қолда барды сақтап, дамыту үшін сабақты жақсы оқып, үлкен адам болыңдар дейді. Жаксы оқысаңдар, бұл сендердің еңбектеніп, жұмыс істегендерің. Сондықтан, балалар, жақсы оқып, Отанымыздың адал, ақылды, білімді, парасатты, тәртіпті азаматтары мен азаматшалары болыңдар демекпін.

- Әннің әуенімен айтып  көрейік.

Әнді қайталап, ақырғы рет айтқызу.

- Балалар, енді мына сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ.

     

т

е

р

м

е

ш

і

 

 

э

п

о

с

         
 

Ә

л

Қ

и

с

с

а

 

 

т

0

л

ғ

а

У

   

м

а

Қ

а

м

ЬІ

б

а

Я

н

а

У

ы

л

 

 


 

  1. Термені орындайтын адам?
  2. Грек тілінен әңгіме, өлең, жыр деген мағынаны білдіретін сөз?
  3. Жыр мазмұнын қара сөзбен, түрлі қимыл-қозғалыстарымен беруді не деп атайды?
  4. Жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарастарын білдіруді не деп атайды?
  5. Әннің әуені бар, ал терменің несі бар?
  6. Бұқар жыраудың туған жері.

- Сонымен біз бүгінгі сабақта: Қайда сапар шектік Қайда саяхатқа шықтық? Қандай жыраумен таныстық? Ол кісі туралы не білесіңдер? Базар жыраудың қандай термесін тыңдадыңдар? Термеде не жайлы айтылған? Бүгінгі сабақта қандай нотамен таныстыңдар? Қандай әнмен таныстыңдар? Әнде не жайлы айтылады екен?

- Балалар, бүгінгі сапарымызды осымен шектейік. Жыр елінің төңірегіне үңілдік, Сыр елінің тарланы- Базар жыраумен таныстық. Ол кісі Отаны мен жері үшін аянбай еңбек еткен, еркіндікті аңсап өскен, жақсы мен жаманды айыра білген, жат қылықтардан алшақ болған. Туған жерлеріңді құрметтеп, қадірлейді,-деп сенемін. Қолда барды аялайық. Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек – деп сабақты қорытып бекіту.

Үйге тапсырма, Базар жыраудың өмітбаянын кітаптан оқып, мазмұндап келу. Терменің сөзін жаттау және өткен ноталарды кайталау. 67-бетттегі «Біз - туған ел баласы» әнінің 3 шумағын да жаттап келу.

Балалардың  білімін бағалау.

 

Бастауыш  сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Жастарды еңбекке баулу – қай кезде де азаматтық тәрбиенің елеулі шарттарының бірі. ХІХ ғасырда еңбек мәселесі орыс әдебиетінде де айрықша көтеріліп, халық өкілдерінің негізгі ерекшеліктері мен биік қасиеттері еңбекке  байланысты көрсетілгені белгілі. Ең бастысы Алтынсарин  орыс жазушылары мен ағартушыларының еңбек мәселесін шешудегі зор жетістіктерінен үйреніп және оларды өзінің әдеби, сондай-ақ педагогикалық жұмыстарында ұтымды пайдаланды. Бұл жағдай  оның әңгімелерінің жалпы мазмұнынан байқалып отырады.

Ы. Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясын” орыстың ұлы педагогі

К.Ушинский мен белгілі  педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгісінде құрастырды.

Балаларға арналған хрестоматияға  енгізген  мақалалары мен әңгімелерінде  автор еңбектің аса  зор  маңызын  көрсетіп еңбекті  қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Автор хрестоматиясын  оқушыларды еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі болатындығын сендіре отырып, еңбек ету үшін “тұрақтылық пен табандылық” қажет екендігін уағыздайды. Оған дәлел оның хрестоматиядағы көптеген еңбекке  байланысты мақалдар мен мәтелдер. Мысалы, “Бейнетсіз рахат жоқ”, “Жалқау текке  жатар, оның ырысы қашар”, “Жігіттің ерінгені, көрінің көрінгені”, т.б. дәлел болады.

Хрестоматияның бүгінгі  мектептің оқу-тәрбие жұмысына тигізетін әсері үлкен. Оны көптеген ғалымдарымыз М. Тәжібаев, Б. Сүлейменов, А. Қасымханов, Е. Бекмаханов, Ә. Сыдықов, берген бағалары дәлелдейді. Т.Тәжібаев: “Ы. Алтынсарин хрестоматиясының негізі және оның мазмұны бүкіл халықты еңбек етуге және еңбекті сүюге шақырады” деп көрсетеді.

Еңбектің адам өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін  және ол өмір сүрудің мағынасы мен  мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін  өзінің балаларға арналған әңгімелері арқылы дәлелдейді, енді солардың кейбіреулерін  мысалға келтірейік “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімелерінде Алтынсарин бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді. Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Асан бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды, Үсен бейнесінен тек еңбек сүйгіштіктен басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан бейнесін сомдай түседі.

“Қыпшақ Сейтқұл” әңгімесінде  Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың танысқан өкілін бейнелейді, оның жақсы іскерлік көрсетеді. Сөйтіп, жазушы бұл әңгімелерінде қазақ шаруаларының екі ұрпағын суреттейді, сол арқылы жалпы халықтың тіршілік ету, өмір тану, табиғатты меңгеру әрекеттерін баяндады. “Бай мен жарлы баласы” бір-біріне байланысты шығармалар ретінде қаралуы осы себепті мысалы, “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” деген әңгімесінде бұл үшеуі әрқайсысы өздеріне тамақ іздеп, еңбек етеді, күн көру үшін күреседі. Бұл әңгімеде әкесі жас баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін әкесі құс, жәндіктердің еңбектену арқасында өздеріне қорек тауып жүргенін айтып, “Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытынды босқа жіберме, еңбек етуге әдеттен, еңбек етсен - емерсің” дейді.

Ұлы педагогтің бұл әңгімесі ой туғызады.

Адамда рухани және табиғи қажеттіліктің болатындығын, ал қажеттіліктің орындалуы тек еңбек әрекеті арқылы ғана іске асатындығын өзінің әңгімесі арқылы дәлелдеп берген.

Ы. Алтынсарин еңбекке  тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен тәржімаларды, халық аңыздарын  көп пайдаланды. Солардың бірі “Атымтай жомарт” аңызы, “Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі еңбектен табылған тамақтың тәттілігі болады екен” деген жолдары “Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады” деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. “Байлық неде?” деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді. “Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң – байлық сол”. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық – қанағат пен адал еңбекте. Авторды еңбекті адам құлқын түзейтін құрал, өте мәнді нәрсе, - дейді.

Ы. Алтынсаринның “Сәтемір хан” әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта  құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: "Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен" деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты.

Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп қуаныштар әкелетінін, ол  қуаныш  қажеттіліктен  туған   мақсатқа жету  идеясын   көрсетеді.

Ы.Алтынсаринның еңбек  арқылы дүниетаным туралы көзқарасы  қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еқбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы еңбекте екендігін дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді.

Еңбек әрекетінің біткені - өмірдің біткені. Ал біреудің еңбектерімен күн көру арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы. Бір кездегі ЬІ.Алтынсаринның ойлаған арманы, еңбек идеялары қазіргі заманда адам өмірінде орнын тапты. Педагогтің осындай прогрессивті идеялары мектептің оқу-тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр. Атап айтқанда, Ы.Алтынсаринның әңгімелері төменгі сынып оқу үрдісі арқылы іске асса, кейбір сыныптарда тәрбие сағаты, сыныптан тыс оқу, конференцияларда, еңбек тәрбиесіне байланысты диспуттар,   т.б.   арқылы   жүзеге   асады.

Қазақ ағартушылары еңбекті  молшылықтың, байлықтың көзі деп  санады. Жастарды еңбекке шақырды. Тек  еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді. биік шынға  шығарады деген пікірі бұл күнде  де күшін жойған жоқ. Мәселен, оған оның мына нақыл сөзін келтіруге болады: "Ерінбеген емер, кажымаған жеңер".

Енбек тәрбиесі оқу кен  білім алудың негізі деп түсіндірген  Шәкәрім Құдайбердіұлы жас ұрпактың барлық тәрбиесінің көзін еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдык енбектің тұтастығын, парасаттылық, білімділік, мейрімділік сияқты ізгі қасиеттер жеке тұлғаның қалыптасуын камтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлен жолдарын арнады.

Шәкәрім өзі шыққан отбасының атасы Құнанбайдың тәлім-тәжірибесін үлгі  тұтты.   Атасынан   кейін   ол   ағасы Абайға, соның жетелеуімен  ержеткені  үшін ризалық білдірді. Шәкәрім Абай сияқты ойы өткір мақсатта қазақ жұртын алмастай өткір сынмен әділетке, еңбекке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке шақырады.

Ақын еңбек тәрбиесі қоғамның түбірлі өзгерісіне, қоғамдық жүйеге айналуына өте қажет деп есептейді. Еңбектену арқылы адамдардың адамгершілік, имандылық, мейрімділік сияқты касиеттері қалыптасуына әсер етеді деп түсіндірді.

Ақыл, білім, еңбек, ғылым, жаңашылдық қазақ жұртына жетіспей келе жатыр деп, қазақ ұлтын білімділікке, ғылым игеруге шақырады. "Қазақтар халыққа арқа сүйеу керек. Білікті болғандары жөн, өзіңнің талантыңды адал еңбегіңмең, біліміңмен көрсете біл. Білім алуға ынта қой, жасына, жағдайына қарамастан барлық адамдарға ілтипатпен қара, сонда ғана сені туған жер асырайды, сонда ғана адамдар бақытты болады" деп білім мен ғылым жолына түсу үшін де енбектің қажеттілігін ашып көрсетеді.

Шәкәрім жастарды еңбекке  тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен, отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың  дүниеге көзқарасын және мінез-құлығын қалыптастыруда отбасының рөлін ерекше зор екенін көрсетеді. Баланы тәрбиелеу дүниеге келген күннен бастау керек, сондықтан әр отбасын халықтық тәрбие әдістерімен қаруландыру қажет деп санады. Олар: баланы сүю, оған сенім білдіру, үлгі-өнеге көрсету, борыштылық сезімдер. Мұның бәрі әке-шешенің балаға деген қатынасынан, үлгі-өнегесінен басталады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибені қалыптастырады және халыктың даму барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы еңбек тәрбиесімен қатар жүреді. Ақын тәрбиені, оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бакыты үшін қолдануды армандады. Сөйтіп, ол А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Кұнанбаевтың ағартушылық ойын ілгері дамытып, өз шығармаларында еңбек тәрбиесін халықтық педагогикаға негізделген ұлттық мектепті дәріптеген халық ұстазы ретінде танылды.

Қазіргі бастауыш сынып  оқушыларының еңбекке баулу пәніндегі  қазақ тілділікке тәрбиелеу мәселесіне келетін болсақ, қазағымыздың салт-дәстүрін үнемі шеттен тыс қалдырмай, олармен қазақтың ұлттық саз аспабын ермексазды қолдану арқылы қолдан жасату – аспаптың түрлері, қазақ халқымыздың жиһаздары, тоқыма тоқуды, тіпті еңбек пәніне арнап, арнайы сөздік ретінде оқушыларға таныс емес сөздерді жаздырып, түсінік беріледі. Мысалы:

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі