Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе


1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ДИплом бастауыш казак тли.doc

— 375.50 Кб (Скачать файл)

Көрнекіліктер түрлері  дидактикалық үрдістерімен соның ішінде дамыта оқыту үрдісімен ұштастырыла  іске асуы тиіс. Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.

Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей  әсем ұқыпты да тартымды  орындалғаны  жөн. Жүйелі, жинақты тұруы тиіс. Жалпы ән сабағында көрнекіліктердің пайдалануына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлігіндегі өткен сабақты қайталау және музыка теориясынан білім беруде тақырыпқа сай карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус музыкалық домино т.б. ойындарын ұйымдастыруға болады. Сабақтың екінші бөлігінде ән үйрету ән айтқызуда әнші сазгер суреттері, ән мазмұнына байланысты суреттер дауыс жаттықтыруға плакаттар музыкалық аспап пайдаланылады.

Бастауыш сынып оқушыларына  тән қасиеттің бірі – олардың  музыкалық шығармаларға қызығушылығының  жоғары болуы. Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік – шығармашылық қызметінде музыка сабағындағы шығармашылық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Олардың мақсаты – оқушылардың көркемдік шығармаларды қабылдауын қалыптастыру. Шығармашылық тапсырмалардың барлығы бір мақсатта жүзеге асырады: олар бастауыш сынып оқушыларының көркемдік-шығармашылық жұмыстары негізінде қоршаған дүниедегі құбылыстарды көркемдік-эмоцияналдық қабылдау дағдысын қалыптастыруға көмектесу болып табылады. [14.17-19 бет]

«Өнерлінің өрісі кең» дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да, адамдарға рухани күш-жігер беріп, ерекше қуаныш, толқу сезімдерін оятады.

Қазақтың әдеби, музыка, тұрмыстық, кәсіби фольклоры, халықтық ғасырлар бойы болашақ ұрпағын тәрбиелеудің асыл арналары болып саналады.

Қазақтың дәстүрлі ән-күйлері, дастандар, тұрмыс-салт жырлары, түрлі музыкалық аспаппен сүйемелденіп айтылатын аңыз -әңгімелер және т.б. халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы көркем – эстетикалық талғамды дамыту, халықтың музыка өнерінің негіздерін игеру, моральдық –этикалық негіздерін бойға сіңіру үшін таптырмайтын құнды материал.

Музыка сабағындағы  көркемдік талғамды қалыптастыруда ең басты бөлігінің бірі музыкалық  шығармаларды тыңдау болып табылады. Ш.Б.Шостаковия былай деген екен: «Музыканы сүю, білу сезімі адамға туа бітпейді, жүре пайда болады. Музыканы сүю үшін, оны ең алдымен, тыңдау керек.». [20. 26, 27 бет]

Жас ұрпақты тәрбиелеу - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның қасиетті борышы. Көп заманнан бері тіршілік тынысынан тыс қалған ата-баба дәстүрін оқып үйрену, ұлттық салт-сананың  сипатын жан-жақты ашып көрсету, ғибраты мол әдет-ғұрыптарымызды ұрпақтар сүйегіне сіңдіріп, бойына дарыту тәрбие мәселесін тереңдетіп, салмақтандыра түседі.

Ұлттық сана-сезім  болған жерде рухани деңгейі биік, әрі іскер, әрі адамгершілік қасиет сапалары жоғары адам тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі кезде белсенді де, шығармашыл жеке дара жеке тұлға тәрбиелеуге үлкен көніл бөлінуде. Қазақтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.Затаевич, академик А.Жұбанов, өнер зерттеушілері Б.Ерзакович, П.Аравин, Б.Сарыбаев сияқты ғалымдардың ұлан-ғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осы композиторларымыздың қалдырып кеткен рухани мұралары қазіргі қазақ жастарын тәрбиеге баулиды.

          Күйші - сазгер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, әнші Жаяу мұса және т.б. шығармалары халық өмірін шынайы суреттеп, адамгершілік тәрбиесіне баулиды.

          Қазақтың ұлттық өнерінде эстетикалық  көзқарасты, балалар мен жастарды  музыкалық мәдениетке тарту құралдары сан алуан [18:58,59 бет].

Білім мен тәрбие беру ісін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен  әрбір пәннің бағдарламасын жетілдіріп, қазіргі уақыт ьалабына сай етіп жасау міндеті күн тәртібіне  енгізіліп отыр. Бүгінгі қайта  құру кезеңінде балалардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру мәселесіне аса зор көңіл бөлініп отыр.

Қазақ халқы, басқа халықтар сияқты өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде өскелең ұрпаққа  музыкалық - эстетикалық тәрбие берудің  өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін  қалыптастырған. [19.25,26 бет]

Бүгінгі ұрпаққа ұлағатты тәрбие бере алатындай біздің мәдени-рухани мұрамыз өте бай. Бұл жөнініде өнертану ғылымының докторы Б.Қарақұлов  «Қазақтың кәсіби музыкасы дәстүрлі фолклоры сияқты көшпелі тұрмыс жағдайында туды және онымен тығыз бірлікте дамыды. Қазақ халқы өзінің өмірі мен тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты өнердің барлық түрлерін рухани қазына етті. Бұл тұрғыда сөз өнері мен саз өнерінің маңызы ерекше. Өнердің бұл түрлеріне халықтың сан ғасырлық ақыл-ойы, парасат пайымы, өмірге көзқарасы мен наным сенімдері жинақталған.» деп түйіндейді.

Қазіргі таңда жалпы  орта білім беретін мектептердің алдында халық өнері мен мәдениеті  жан-жақты қайта өрлеуі кезеңінде  өткеннің рухани құндылықтарын қорғауға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, олардың  рухани деңгейін көтеруге қамқорлық жасау, еңбек, адамгершілік, идеялық-саяси және этикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі бүгінгі таңда басты міндеттердің біріне айналып отыр.

Кең тараған халық  әндері мен күйлері адамдарға  қатты әсер етіп, олардың өмір ауыртпалығын бір сәт естен шығаруға мәжбүр етеді, олардың бойына мейірім шуағын ұялатып, қуаныш сезімін тудырады. Оның үстіне қазақ халқының музыкалық шығармашылығында жастарға бағышталған өнеге-тәлім жатады. Олардан тәрбие идеясын көреміз. Мысалы тарихта 1723 жылғы қазақ-қалмақ соғысының нәтижесінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» өткен тарихылық қайғысы, мұңы, зары қазақтың музыкалық шығармашылығында ұмытылмас өрнегін қалдырды. Бұған дарынды өнер иесі Қорқыт атамыздың қалдырған күйлері, Құрманғазы, Дина күйлері мен Жамбыл, Кененнің жыры, толғауы, термесі, айтыстары дәлел емес пе? Күй мен тілідің табиғи құрылысы бір болғандықтан, тіліміздің ең сұлу сыр-сипаты күйдің бойында сақталған.

Елге, отанға деген сүйіспеншілік - әр адамның бойындағы ең қасиетті сезім. Музыканың адам жанын баурап алатыны, сол арқылы оның ой-санасына әсер етіп, көзқарасын қалыптастыратын құралдардың бірі екенін адамзат баласы ертеден-ақ түсінген. Әсіресе, қарапайым халықтың көкейіне қонымды әрі ықшам ән жанрының тәрбиелік мәні зор.

Бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімін оятып, зердесін дамытатын  мәтіні мазмұнды әндер болып табылады. Мұндай әндер баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында  адалдық пен әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен  қайраттылық, намысшылдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі.

Осы сияқты ізгі қасиеттерді  бойында жинаған ұрпақ қана өз Отанының гүлденуіне үлес қосады.

Оқушыларды ұлттық негізде  тәрбиелеуде, ән сабағында төменгі  мақсаттар көзделеді:

  • өз халқымыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын, тарихын бойына сіңдіріп, оған деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
  • халық әндерін терең түсінуге, кәсіптік әндерді де игере түсу;

Сондықтан да халық әндеріне ерекше мән беру, оның әдіс-тәсілдерін жетілдіру, мектептердің алдында тұрған басты міндет. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде ән сабағының алатын орны ерекше. Сол себепті де біз мектеп оқушыларына бастауыш сыныптардан бастап-ақ халық әндері мен билерін үйретіп, фольклорлық ұлт-аспаптарында ойнауды меңгеру қажет деп есептейміз.

Оқушыларға берілетін  музыкалық білімді халық педагогикасымен  қиюластыра отырып, сол музыкалық  шығармалар арқылы оқушылардың ана  тілімізге, туған жерге, ұлттық мәдениетімізге, өнерімізге деген сүйіспеншілігін  оятуға ұмтылу – негізгі мақсат. Сондықтан оқушылардың музыканы қабылдап, түсіне білу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен алғанда мынандай екі кезеңде жүргізіледі:

  1. музыканың адам өмірінде алатын орны мен мәнін, рухани байлық екенін жан-жақты түрде түсіндіру, өздерін қоршаған ортадан дағды қалыптастыру кезеңі;
  2. музыканы және оның жекелеген білімдерін балалардың өздерінің музыкалық дарыны арқылы психологиялық жағдай түрінде қабылдап қалыптастыру кезеңі.

Әр кезеңнің өзінің ерекшелігі, әрқайсысына тән жұмыс түрлері бар соны дұрыс іріктеп таңдап ала білу.

 «Музыка» пәнінен   өткізілген сабақтың эпиграфы  етіп М.Мақатаевтың мына бір  өлең-шумағын алынды:

Жауды мықты демеңдер,

Қайрат қылсаң жығасың.

Тауды биік демеңдер,

Талап қылсаң шығасың.

Сабақтың тақырыбы: Сыр елі. Жыр елі. "Толғау тарланы — Базар жырау"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ақындар мен әншілер, жыршылар мен күйшілерді таныстыра отырып, толғау тарланы — Базар жырау, жайлы мағлұмат беру. "Әр нәрсенің парқы бар" атты толғауын, "Жақсы мен жаман" термесін тындатқызу және сол туралы қысқаша мазмұндау. Жартылық, (төрттік) нотамен таныстыру, жаттығу орындату. Әнді ырғағына келтіріп орындату және әннің сөзін талдау.

Дамытушылық: Қазақстанда  жыршылық-термешілік өнермен сусындағандардың бірі — Базар жырау жайлы түсініктерін қалыптастыру. Термені тыңдата отырып, жақсы мен жаманды айыра білу қабілеттерін дамыту. Дұрыс санай білуге үйрету. Әнді дұрыс орындау қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: "Сыр елі — жыр еліне" саяхат жасай отырып, сан ғасыр тарихы бар, қазақ халқының мәдени дәстүрін танып білуге, термені дұрыс тыңдай білуге, әнді ырғағына сай айта, білуге, балаларды Отанын, туып өскен жерін танып сүюге, ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ана тілі, дүниетаным

Көрнекіліктер: Магнитофон, ұнтаспа, Базар жырау, композиторлар  жайлы қысқаша мағлүмат, плакаттар, ( ноталар сызылған), суреттер (алманың суреті), портрет, сергіту сәті, мақал-мәтелдер, 3 кл. музыка оқулығы, әдістеме, т.б. сөз жұмбақ, т.б.

Сабақтың барысы:

-Сәлеметсіздерме, оқушылар! Отырыңдар!

-Қане барлығымыз  кұрал-жабдықтарымызды   алып, тынышталып, маған карайық!

-Оқушылар, өткен сабақта  не өтіп етіңдер? Үйге не беріліп еді?

Маған кім  айтады?

-Бұқар жыраумен таныстық.

-Оның қандай шығармаларын  білесіңдер?

-Онын термесін  білеміз.

-Ал,   мен   сендерге   мынадай   сұрағым   бар:    Бұқар   жыраудың

термесінде  не туралы айтылады?

-Толғау дегеніміз  не?Неге саналады? Және ол қалай жазылады?

Ұмытқан жоқсыңдар ма? т. б. (балалардан жауап аламын).

-Балалар,  бүгін біз  сабақта «Сыр елі-жыр еліне»  сапар

шегеміз.

«Сыр елі-жыр  елі» дегеніміз не дейсіңдер ғой? Онда мен сендерге ол

туралы   айтып   берейін.   -Қане   дұрыс отырып,   құлақ   салып тыңдаңдар.

Қазақстанның әр өлкесінде, тарихында, мәдени дәстүріне, түрлі  басқа ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық, күйшілік мектептер бар.

Балалар, сендер осы уақытқа дейін Арқаның Біржан, Ақан, Жетісудың Кенен сияқты ақындарымен және Батыс Қазақстандағы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей секілді ірі күйшілердің орындаушылық дәстүрімен таныстындар. Енді Қазақстанның жыршылық-термешілік өнертепкен жерінің бірі- Сыр елімен танысасыңдар. Сыр елінің ақындық-жыраулык, жыршылық мектептеріне, оның терме, толғау үлгілеріне тоқталамыз.

 Енді солардың ішінде  заманы Абаймен тұстас, өз еліне  кезінде ерекше дарынмен аты  шыққан ақынның бірі- Базар жырау Ондасұлымен танысамыз (портретін көрсету, тақтаға іліп қою керек).

Базар Ондасұлы қазіргі  Қызылорда облысының Қармақшы ауданы 1842 жылы дүниеге келген. Енді Базар  жыраудың балалык шағына көз салсақ: Базар бала кезінде қозы бағып  жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Ақ денелі, ақ таяқты, ақ сақлды бір  кісі бұған келіп: «Балам, мандайыңа берейін бе, таңдайына берейін бе?»-депті. Қарны ашып, шөлдеп жатқан бала: «Ата, таңдайыма бер»,-дейді. Содан бала Базар өлең айтып ояныпты.

Табиғатынан дарынды, зерек  бала ақын-жыраулардың жырларын, халық  мақал-мәтелдерін көңіліне түйіп өседі. Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау тарланы – Базар жырау.

-Балалар, енді біз  Базар жыраудың «жақсы мен  жаман» термесін тыңдаймыз. Бұл  термеде адамның жақсы және  жаман қасиеттерін, адамның   ұнамды,  ұнамсыз  мінездерін  насихаттап, жаман деген немене? Жақсы деген немене ? екендігін ашып көрсеткісі келеді. Ата-бабаларымыз «Адамның жақсылығын   айт,   нұры  тасысын» демекші талай мақал-мәтелдер бар.

-Ал, балалар сендер, қалай  ойлайсыңдар.

-Жақсы деген немене ? жаман деген немене?

-Мысалы, әдепті, инабатты, кішіпейіл, ақкөңіл адамды жақсы адам дейміз.Ал, әдепсіз, үлкенді сыйламайтын, тәртіпсіз, жат қылықтары бар, арсыз, ешкіммен санаспайтын адамды жаман адам дейміз.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Енді   мен   сендерге Абай   атамыздың   мынадай   қара   сөзін   оқып берейін:  («Абайдың қара сөздері» кітабынан оқып беріп, талдап өтемін).

-Ал енді,  балалар, дұрыс отырып, термені тыңдаңдар. Қалай отырушы едік? Дұрыс отыру қалпын сақтаймыз. (Термеде не туралы айтылған? Сөзін талдау).

«Әр нәрсенің парқы бар»

/Базар жырау/

Жақсы мен жаманның

Арасы жермен аспандай.

Басқарсың бір күн  басыңа

Іс түскен кезде, сескенде-ай.

Мырза менен сараңды-

Өлшестіріп  қарасаң.

Ғалым менен  наданды

Салыстырсаң білерсің,

Дария шіреп асқандай.

(Термені аяғына дейін  тыңдату. Сөзін талдау)

-Балалар, сендер алдыңғы  сабақта қандай нотамен танысып  едіңдер? 

-Дұрыс айтасыңдар! 0(бүтін  нотамен таныстыңдар. Ал енді  бүгінгі сабақта (жартылық) (төрттік) нотамен танысып, олардың саналуына көңіл бөлейік. (тақтаға ноталардың суретін іліп қоямын).  -Балалар, қараңдаршы, мынау алманың суреті. Мына алма бүтін алма. Бұл да бүтін нота секілді. Ал, алманы екіге қақ бөлсек не болады? Екі алма, яғни бұл дегеніміз жартыльн    екі нота, сонда, енді осы бір жарты алманы екіге қақ бөлсек не болады? яғни 2 төрттік нота болады. Сонда, қараңдаршы балалар, бүтін нота біреу, екеу, үшеу, төртеудеп саналса, жартылық нота осы бүтін нотаның жартысы, яғни төрттік нота 1-еу деп саналады.

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі