Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысының өзектілігі: «Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұны және оны қамтамасыз ету әдістемесі» атты бітіру жұмысында жас ұрпақты ақыл - парасатқа, өнегелі істерге, мәдениетке, шешендікке, тапқырлыққа, өздіктерінен шешім қабылдауға, өз істеріне сын көзімен қарай білулеріне және ізденістің нәтижелерін бағалай білулеріне баулитын, бастауыш мектептердің қазақ тілі сабақтарында жүйелі жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың ой - өрістерін дамытудағы маңызы зор. Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық материалдардың, мазмұны әр түрлі қоғамдық тақырыптарға арналған шығармашылық жұмыстардың балалардың сана - сезімі, мінез - құлқының қалыптасуына, адамшылықтарының артуына тигізер пайдасы көп. Адамгершілік тәрбиесін халық моралі саласында қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе


1.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнына шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттырудағы қазақ тілі сабақтарының маңызы.
2.1 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз ету жолдары.
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары.
3.1. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ДИплом бастауыш казак тли.doc

— 375.50 Кб (Скачать файл)

8) Бақылау және салыстыру әдістері. Бақылау мен салыстыру әдістері эксперимент әдісімен ажырамай, көп ретте бірлікте қолданылатын танымдық әдістің түрлері. Салыстыру дегеніміз - ойлау қызметі ретінде, сөйлем мүшелерінің түрлі белгілерін айқындау негізінде, сол белгілердің әрқайсысын өзіндік белгілері мен айырмашылықтары арқылы танытып, нәтижесінде оқушыға синтез жасауды үйрететін жол. Бақылау дегеніміз - оқушы сөйлем мүшелерінің тұтас табиғатын оның түрліше жекелеген қасиеттерін айқындау  арқылы танып, соның негізінде белгілі бір заңдылықтар мен олардың жүйесі өмір сүріп отырғанын дәлелдейтін жол. Негізінен сипаттауды қолдана отырып, оқушы бақылау әдісі арқылы сөйлем мүшелерінің оқу мазмұнында беріліп отырған  белгілерін, қасиеттерін барлап тани алады. Сөйтіп, сөйлем мүшелерінің өзіндік ерекшелігі туралы қандай да бір байлам жасай алады. Біздің ойымызша, лингвистикалық эксперимент жасатуда оқушыға  сөйлем мүшелерінің табиғаты туралы өзіндік байламдар жасауға дағдылана бастайды, соның нәтижесінде, барлық тіл бірліктерінің болмысын тануда осы әдіс қызметін одан әрі қарай атқара береді.  Мұндай   жұмыстың   жалғасы   барлық   таным   әдістерінің жүйелене келе, оқушыға сөйлем мүшелері туралы теориялық, практикалық білім қалыптастыруға қызмет етеді. 8-сыныпта сөйлем мүшелерін модульдік- интерактивтік технология арқылы оқытудың таным теориясын негіз етіп алуында өз сапасының танымдық деңгейі мен теориялық дәрежесі биік болуын көздеген мақсат жатыр

Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез – келген әдісте қолданыла береді.

Жеткіншек  ұрпақтың жан – жақты  дамуына жағдай жасау – жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым – қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады. Дәстүрлі сабақтарда қолданылатын амал – тәсілдермен бірге бүгінде жаңа технологиялар стратегияларын пайдалану өз нәтижесін бере бастады. Сол оқытудың жаңа технологияларына аздап мағлұмат беріп кеткенді жөн көрдік.

        1) Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның

                           дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін

                          арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.

                            Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады 

/бекітуші топ және   даттаушы топ/.  Әр топтың құрамы да шектеулі болады

/3 – 5 оқушы/.  Дебат техникасы белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы уақытқа сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тартудан басталады.

Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15 минут уақыт беріледі. Тақырып күрделі   болса,  мұғалім   тақырыптарды   алдын - ала   беріп қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді. Әр топқа дауыс беру үшін сыныптағы балаларды да екі топқа бөлуге болады. Топ мүшелерінің өз бағытын қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы бақылаушы болады. Әр топ басшысы өзін және

топ мүшелерін  таныстырғаннан кейін әр топқа өз бағыттарын қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама - қарсы сұрақтарға 3 минут беріледі. Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады. Бұл кезеңнің мақсаты – оппоненттердің сөзіндегі түсініксіз жайттарды нақтылау, қарсы топты қандай да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін талдау кезінде осыны пайдалану.

Оппонент  сөзінен, тілінен, пікірінен кемшілік табу. Топтарға қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең соңында бақылаушы екі топтың өз бағыттарын қалай қорғағандарына талдау жасайды. Жеңімпаз топ айқындалады. Дебат технологиясын қолдану кезінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады. Мұғалім бұған баса назар аударуы қажет. Мысалы, Нұрлан мырза, Айгүл ханым тәрізді тіркестерді қолдану, қарсы топтың пікірлерін байсалдылықпен тыңдау.Дебат технологиясы баланың ойлау стилінің бес түрін де /синтезатор, идиалист, прагматик, аналитнк, реалист/дамытады. Сөйлесім әрекетінің түрлерін жетілдіреді. Жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін

дамытады. Оқушы өзінің ойын жинақы түрде дәл, анық, түсінікті, дәлелді

жеткізуге тырысады. Пәнге қызығушылығы мен ойлау қызметінің белсенділігі артады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады. Тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс

істеуге дағдыланады. Бірақ мұғалім кез - келген тақырыпты дебат технологиясы бойынша өткізуге болмайтынын ескергені жөн.

2) Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өту кезінде бір жүйеге құрылған тапсырмаларды пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компюьтер оқушының  ақыл – ойын  дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.

3) Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, Белл – ланкастерлік  жүйе, зертханалық – топталған  әдіс, сызба эдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл - ланкастерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға қатысқандары сараланады.

4) Ұжьшдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның негзгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты – жеті  адамнан тұратын топ құрылады. Мұғалім әр топқа дай ындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке – жеке  тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір – бірімен  тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты – жеті  тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап

болған соң  топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік. Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады. Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау     жұмыстарын     сынақ     немесе     тест     түрінде қабылдайды..

«Қазақ тілі» сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні өте зор. Оқушылар бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қажет етеді.Сын тұрғысынан ойлау кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан –жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау  үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану қажет.

Ал бастауышта жүргізілетін «Дүниетану» пәніне келетін болсақ,  «Дүниетану» пәні негізінен үш блокты: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бірлестіретін пән болып табылады. Яғни «өмір әліппесі» болып саналған «Дүниетану» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.Дүниетану сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғышарттары мыналар:

  • сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы қажет;
  • жаңа буын оқулығы, хрестоматиялары, «Бақылау дәптері» мазмұнын талдау, білімді сыни тұрғыдан ойлау арқылы мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
  • оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау, яғни мұғалім – бағыттаушы, ал оқушы – ізденуші, зерттеуші іс - әрекеттері орындалуын қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау  негіздерін қалыптастырудың бірнеше  әдіс – тәсілдері зерттелген. Бұл  әдіс – тәсілдер дүниетану сабағының ұтымды да қызықты өтуіне ықпал етеді. Негізгі белгісі – оқушылардың оқу мәселелерін шешу барысында меңгерілетін жаңа білімдерді өздігінен табуы, сын тұрғысынан ойлау негіздерінің, шығармашылық ойлауының және оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына мүмкіншілік тудырады.Оқу мәселесін шешу негізінен үш кезеңде орындалады.

Бірінші кезең – кіріспе бөлімі, яғни зерттелетін мәселені түсіндірумен аяқталады. Ал, екінші кезеңде оқушылар жұмысты талдайды, берілген сұрақтар бойынша өзіндегі білімдерді еске түсіреді, белсенді түрде жаңа мағлұматтарды іздеуге кіріседі. Үшінші кезеңде әртүрлі әдіс – тәсілдердің (технологияның стратегиялары) көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалдарды қайталау жүзеге асырылады.

Дәстүрлі сабақ пен сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастыруға бағытталған сабақты салыстыратын болсақ:

ДС - 1.Үлгіні көрсету;

      2.Түсіндіру;

      3.Бақылау,  бағалау.

СТОҚС - 1.Оқу  мақсаттарының  қойылуы:

2.Оны шешу жолдарын  бірге талдау;

3.Шешімнің дұрыс екенін дәлелдеу.

Мұнда мұғалім негізгі  сұрақтар төңірегінде оқушыны негізгі  идеяға әкеледі. Ал оқушы сол идея төңірегінде өздігінен зерттеу  жұмыстарын жүргізеді.

Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту технологияларын пайдаланып сабақ өтуде, тәрбиелік мәселелерді  шешудің мүмкіндіктері өте мол. Әсіресе, дүниетану сабақтарында оқушылардың  дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытып отырады. Сабақта сөйлемейтін оқушының да өз пікірін ашық, еркін түрде баяндап беруі қуантады. Келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында «Дүниетану» пәнінен өткізілген бір сабақ үлгісі ұсынылады.

Сабақ тақырыбы: Кітап қалай дайындалады?

Мақсаты: Кітап дайындау жолдары туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері: 1) кітаптың келіп шығу тарихын, оның дайындалу жолдарын, маңызын үйренеді;

2) кітаптың дайындалу  жолдарын сыни ойлау негізінде  талдайды;

3) оқушылардың жұпта,  топта жұмыс істеу дағдылары  қалыптасады, 

бір – бірін тыңдауға, өз ойын ашық баяндауға  үйренеді. Бағалау. «Кубизм» стратегиясының нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Сабақтың  барысы:

І Қызығушылықты  ояту саласы

Мұғалім келесі белгілерді маркермен плакатқа жазады, ал оқушылар бұл белгілердің қандай затқа  тиісті екенін анықтайды:

* білім қазынасы;

* оны оқимыз;

* екінші мұғалім;

* көп жаңалықтар үйренеміз;

* тіліміз байиды;

* формасы қалың, үлкен  – кіші болуы мүмкін, т.б.

Оқушылардың жауаптары  тыңдалған соң, бұл заттың «кітап»  екендігі анықталады. Олардың пікірлері  талданып, мәтінмен таныстырылады.

ІІ  Мағынаны ажырату сатысы

INSERT стратегиясының негізінде оқушылар берілген мәтінді оқып шығады. Олар өздеріне бейтаныс болған сөздерді, ұғымдарды мұғалімнің көмегімен дәптерге түсіндірмесімен жазып қояды. Содан кейін «Кубизм» стратегиясы негізінде мәтін мазмұны пысықталады.

1.Кітаптың шығу тарихын  айтыңыз.

2.Суреттеңіз (ауызекі және сурет арқылы).

3.Дайындалу жолдарын  айтып беріңіз.

4.Пайдасы және зиянды  жақтарын салыстырыңыз.

5.Оған тиісті болған  сөздерді жазыңыз.

6.Шығармашылық жұмыс  (эссе немесе «бес жолды өлең»).

Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. Осылайша оқушылар алты топқа бөлініп, тақырып мазмұнының алты жағын зерттейді. Дайын болған соң сынып ұжымына ұсынып, пікірталас жасалынады.

ІІІ Ой – толғаныс сатысы

«Біз не үйрендік?»  сұрағы бойынша өтілген тақырып  қайталанады және үй тапсырмасы ретінде «Сүйікті кітап құмарға хат» жазып келу тапсырылады.

 

Бастауыш  сынып оқушыларының дүниетанымдық  мазмұнын қамтамасыз етуде қазақ  тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдары

 

Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық мазмұнын қамтамасыз етуде бастауышта оқытылатын өзге пәндердің де маңызы зор. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына ән-күй сабағынан білім беруде көрнекі құралдарды орында пайдалану өз нәтижесін беруде. Мысалы, дыбыстың биіктігін білдіру үшін, үлкен ағаштың жоғары жағына балапанның суретін, төменгі жағына құстың суретін орналастырдым. Балапандар жоғары дауыспен (до – 2 октавада) сайрайды да үлкен құс (до 1 октавада) төменгі дауыста сайрайды. Ал, дыбыстың ұзын және қысқа болатынын айыру үшін, үлкен әтештің адымы үлкен болғандықтан оны созып айтып, кішкене әтештің адымы қысқа болатындықтан оны қысқа айтамыз деп үйретуге болады. [14. 15, 16 бет]   

Болашақ маманның ең негізгі  міндеті таңдаған мамандығы бойынша  теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып балаларды ән көлеміне қызықтыра білу крек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жақсы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби өзіндік пайдалы сипаттарды білген жөн. Саз пәні мұғалімі оқушыларға саз теориясының түрлерін игеру, тыңдау және түсіну ән үйрету талаптарымен қатар, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа сай әртүрлі жағдайда көрнекіліктерді пайдаланып, сабақта ойын түрінде ұйымдастыруға болады.

Оқушының байқау көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп  дамытатын – көрнекілік. Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың  өзіне тән жаратылысы бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелер арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулушы дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сирек қарап сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге әуен туралы түсіндіруде арнайы бағдарламаларға сүйене отырып қай жағынан алғанда қызғылықты және қонымды болады, міне, осы тәсілдерді ізденістіру қажет.

1-ші сыныптың бірінші  тоқсанында әуен-саз пәнінде төрт  жанрмен танысады. Оқушылардың танымын дамыту және есте сақтау үшін әртүрлі көрнекіліктерді пайдалану арқылы ойын ұйымдастырса ән түсінігін қалыптастыру  мақсатында өлең айтып тұрған қыз бейнесі салынған суретті, би ұғымына билеп жүрген балалар мерей ұғымына барабан ұстап адымдаған бала, күй ойнаған бала кейіпкерін пайдалану. Бұл карточкаларды ойын түрінде қолдану тәсіліне келетін болсақ әндер орындалған кездерде оқушылар әр суреттерді өз орнында қолданып көрсетуі қажет. Біріншіден сынып оқушыларының барлығы ойынға қатысуын қамтамасыз етсе, екіншіден олардың түсіндірген ұғымды есте сақтау қасиеті дамиды, үшіншіден оқушылар шапшаңдыққа дағдыланады.

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық мазмұнын қалыптастыру әдістемесінің тәжірибелік көрінісі