Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Идеяның генераторы- болашақ  музыка мұғалімдері кішігірім топтарға бөлініп: сценарий жазушылар, сыншылар, сараптамашылар (аналитиктер) – кәсіби бағдарланған түрлі тапсырмаларды кезектесе отырып орындады (мысалы: мектеп әндерінің драматургиясы, музыкалық шығарманың хор өңдеулері, хор шығармасының талдауы және т.б.). Кішігірім топтарда жұмыс істеу елеулі дәрежеде бағалауды байымдау қарқынына себепші болды, өзіндік ізденіс жағдайын тудырды, өздік жұмыстың айқындалуын, белсенділігін, талаптануын жылдамдатты, ол музыка-педагогикалық қабілеттіліктің қалыптасуында бейнеленді.

Кәсіби әрекетті қайталаушы толық көлемдегі іскерлік ойын және қорытындысында дирижерлық сыныпта  болашақ музыка мұғалімдері уақытша  хор ұжымын ұйымдастыра отырып, хормен жұмыс жасау шешімін қабылдайды. Барлық қатысушылыр сценаридің ретімен  түрлі рөлдер жағдайында бола алды. Сыныптаға хорда ұжымдық жұмыстың өзіне тән ерекшелігі:

  • тұлғалық қызығушылық бірлестік қызығушылық қатынасына қарағанда  әрқашан басым болады. Оқу процесіне тұлға маңыздылығын бере отырып, білім алушылардың қызығушылығы мен мотивін жандандырды, педагог, оқудың топтық тәсілін қолдана отырып, тек қана қалыптасуы, дамуы мен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруын ғана емес, сонымен қатар музыка мұғалімдері кәсібінің хормен жұмыс жасау компоненттерін меңгеру, ансамбльдік орындаушылық, мануалды техника, хорға қажетті есту қабілеті, коммуникативтік қабілеттердің қалыптасуына себепші бола білді;
  • білім алушының жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, бірлестіктің әр мүшесі және микротоп (бір партия) үшін жалпы тапсырманы шешу жолдарының айырмашылығын ескеру;
  • хорға қатысушылардың белгілі бір санының жалпы мақсатқа тырысуын ескеру қажеттілігі, сонымен қатар басқаларға да, өзіңе де маңызды қалаулы нәтижені алу;
  • оқу мақсатына жемісті жету үшін барынша қолайлы, тұлғалар арасындағы қатынасты имплициттік ұйымдастыру шарты.

Ойын процесінде біз  ұжымдық, танымдақ болашақ музыка мұғалімдер әрекетінде кәсіби құзырлықты арттыруға  ықпал ететін «топтық эффекттің» айқындалуын байқай алдық. «Топтық  эффектінің» психология-педагогикалық  миханизмі болып, біртоп факторлар анықталды:

  • болашақ музыка мұғалімдерінің парагматизінің күшейуі, яғни, мақсатқа жету ынтасы артты (В.А.Петровский) [57];
  • кәсіби әрекет мотивінің бір субъектіден екіншісіне берілу жүрісі (А.Адлер) [58];
  • қарым-қатынас процесінде психологиялық кедергілерді жеңу (Р.Н.Ерман) [59];
  • хормен жұмыс істеу әрекеті жайындағы хабарламаларды «біріккен фондқа» топтастыру, ол барлық топ мүшелерімен толықтырылып және қолданылып отырады (К.А.Ольхов) [60];
  • ритильдік байланыс орнату – дирижердың топпен рөлдік өзара әрекеті (Г.Л.Ержемский) [61];
  • ойыншылардың бір-біріне психологиялық әсер етудің түрлі тәсілдерінің айқындалуы: жұқпалы (белгілі бір эмоционалды көңіл-күй), сендіру, еліктеу, нандыру (Е.В.Назайкинский) [62];
  • ойыншылардың шығармашылығының көрінуіне қолайлы атмосфера жасау.

Имитациялық модель мазмұнының проблемалық ұстанымы, көркем-педагогикалық  жағдай формасында ойынға оқу тапсырмасының  жүйесін қосу болып табылады. Ойын процесінде бір топтың болашақ музыка мұғалімдеріне жағдайды талдау мен  жіктеу, проблеманы мүшелеу және тұжырымдау, оны шешу құралдарын жетілдіру тәсілдерін жасау ұсынылды. Келесі топ талқылауды тыңдап, тартысты жіктеп және топ шешімін бағалады. Ойын мазмұнының өзекті мәселілігі барлық қатысушылардың әрекет белсенділігінің объективтік алғышарты, ол дискуссия үшін пән және шешімнің балама нұсқасын іздестіру ретінде көрінеді. Өздік таным процесінің белсенді шартында, басқалармен шынайы қарым-қатынас жасауда, болашақ музыка мұғалімдері, танымдық және кәсіби әрекет тәжірибесін жинақтайды, ал тұлға аралық қатынас, кәсіби белсенділіктің барлық түрінің дамуына ықпал етеді.

Соңғы сараптамалық (аналитикалық) этапта ойын аяқталған соң барлық қатысушылармен нәтиже қорытындысын талдау жүргізілді. Педагог ойыннан кейінгі  талқылауда болашақ музыка мұғалімдерінің психологиялық энергиясын ойын мағынасын ашу мен іздестіру, оның құндылықтарын сезіну, өзекті мәселе жайлы өзінің ойын терең түсінуге бағыттай отырып, жаңаны өз бойынан ашуға көмек көрсетті. Болашақ музыка мұғалімдеріне бағалауды байымдау мінездемесі үшін оларды негіз бойынша сұрыптау ұсынылды. Бағалауын дәлелдеу немесе оның қажеті жоқ, оң және теріс, эмоционалды немесе тізімделген, тұлғаның түрлі аспектілерін қамтыған немесе тек қана әрекет нәтижелері.

Талқылаудың барысында  ойын әрекетін динамикалық жүргізу  және ойын мақсатына жету дәрежесі бағаланатын болды: ашықтығы, өзінің эмоциясына ие бола білетін және сабақ барысында өзгеріп отыратын жағдайға сезімталдығының жылдамдығы; психологиялық, педагогикалық, вокалды-хор тәсілдерінің сол немесе басқа түрін қолдануына негіздеме бере алуы; дирижерлық пультта тұрған болашақ музыка мұғалімдеріне орындаушылардың түзу ниеті.

Талдаудың табылған тәсілі бағалаудың әрбір сапасын білдіретін есептеуге жол ашты, нұсқаларды салыстыру  және тәуелділікті айқындай отырып, ондағы болып жатқан өзгерістерді ашу, және де топтағы басқа да мүшелердің бағасымен өзінің бағасын салыстыру, өзінің бағасының бағдарлы да шек келтірмейтіндігін анықтау.

Ойынан кейінгі дискуссия  интерактивті оқыту әдісі сияқты, болашақ музыка мұғалімдері ұстанымының  және ойын білдіруінің ашық және кең көрінуіне, диагностикалық және психотерапевтік мүмкіндіктерінің айқындалуына, белсенділіктің дамуына (ынталандыру, білімді дәлелдеу және талдау, оқу процессінде эмоцияны қосу); оқыту тиімділігін жасауға (курстастарынан хабарлама алу, талқыланатын тақырып бойынша көзқарастарды анықтау) себепші болды.

Толық көлемдегі іскерлік ойынды өткізу болашақ музыка мұғалімдерінен барлық эмоционалды, интеллектуалды және кәсіби әлеуетін қосуды талап етті. Оның тұлғалық қасиеттері саналы әрекетте және пікір білдіргенде, дайындалмаған жағдайда қимылының жылдамдығында, өзекті мәселені шешуде шоғырлануына, ойлаудың қалыпты емес және қазақ түрін жылжытуда, мақсатқа жетуде еріктік белсенділігінде, музыкалық бейнені жасауда кәсіби талғамында айқындалды. Кәсіби-музыкалық біліммен қатар білім алушылар ұжымды басқару білімін, басшы болу мен бағынышты болуды, коммуникативтік кимыл-әрекет стереотиптері мен шаблондардан құтылуды қамтамасыз еткен – алқалылық, технология-инновациялық, кәсіби дайындақты, жетістікке жету өзіне өзі болады деген қиялдан арылу білімдерін меңгерді. Іскерлік ойынның талқылау қорытындысы болашақ музыка мұғалімдері әрекетін келісіммен бағалау және келешектегі жұмысына нұсқаулар алумен тұжырымдалды.

Зерттеу жұмысының өзін-өзі насихаттау кезеңінде практикалық хормен жұмыс жасау әрекетінде кәсіби әлеуетін өзін-өзі жүзеге асыру мақсаты және болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби белсенділігін тиімді қалыптастыру үшін музыкалық шығарманың көркем түрлендірулерін және жасалу маңыздылығының негізін қалауды бекіту болды. Соңғы кезеңде біз төмендегідей міндеттерді көздедік:

  • көркем-музыкалық және дирижерлық-техникалық міндеттерді және оларды шешудің технологиялық көркемдік құралдарын өздік қою үшін жинақталған хормен жұмыс істеудегі музыка-орындаушылық әрекетті саналы қалыптастыру (И.Мусин) [63];
  • музыкалық бейнені және оның көркем түрлендірулерін өздік жасау.

Алға қойылған міндеттер  жоғары оқу орнындағы хор сыныптарында әдеттегі оқу жағдайында, болашақ  музыка мұғалімдерінің әрекетін түрлендіруді ұйымдастыру арқылы шешілді. Зерттеу барысында болашақ музыка мұғалімдеріне кез-келген хор шығармасын өз бетімен таңдап алып, жаттап және оған түрлендірулер жасау ұсынылды. Егер алдыңғы кезеңдерде педагог өзекті мәселені өзі көрсетіп беріп отырса, ал бұл соңғы кезеңде болашақ музыка мұғалімдері өзі өзекті мәселені таба білуі және тұжырымдай отырып оны шешуі қажет.

Сондықтан зерттеу кезеңінің сипаттамасын біз үш сатыға бөлдік. Алғашқы сатыда алынған шығарманы болашақ музыка мұғалімі хор мүшелеріне жан-жақты сипаттап, суреттейді. Бұл саты «ақпараттандыру» деп аталды.

Болашақ музыка мұғалімі мен хор мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас коммуникативтік сипат  алады. Бұл қарым-қатынаста тура және кері байланыс жүзеге асады, яғни болашақ музыка мұғалімі (бұл жағдайда хор жетекшісі рөлінде) бір ақпараттты хор ұжымына жеткізеді (тура байланыс), ал хор мүшелері өз кезегінде ән айту арқылы хор жетекшісін ақпараттындырады (кері байланыс).

Кез келген мәліметті  күнделікті өмірде «сөз» арқылы жеткіземіз. Ал хор жетекшісінің концерттік қойылым кезінде (4 курста мемелекеттік емтихан бағдарламасын көрсету) хор мүшелерімен қарым-қатынас жасауының басты құралы  оның қол қимылы мен мимикасы болып табылады. Хор мүшелерімен қарым-қатынас орнатудың үш жолын қарастырайық: 1) бұйрық; 2) сендіру; 3) сүйіспеншілік.  «Ақпараттaндыру» сатысында осы аталған үш фактор қамтылып, жүзеге асады. Әрбір хор жетекшісі өзіне ыңғайлысын, тиімдісін таңдай отырып, басқа тәсілдердің арасынан біреуін «бастысын» таңдап алуға құқылы. Дегенмен үшінші жол, көп жағдайда, тиімді, әрі нәтижелі екендігі тәжірибеде дәлелденген.

Хор жетекшісі музыкалық  шығарманың шынайы дыбысталу үлгісін  ой санасындағы «кіршіксіз моделімен» салыстырып, сараптайды. Бұл саты- «бақылау» деген атауға иеленеді. «Бақылау» сатысында хор жетекшісі мен ұжым арасында кері байланыс жүзеге асады. Бұндай кері байланыстың оқыту үрдісіндегі маңыздылығы зор екені мәлім. Хор жетекшісінің басты әрекет түрі: бақылау, салыстыру және бағалау болып табылса, қиыншылығы: тура және кері байланыстың қатарласып жүруі. Сондықтан болашақ музыка мұғалімдерінің өзіндік жұмысы тиянақты, әрі жүйелі болуы керек, ал болашақ музыка мұғалімдерінен  хор жетекшісі ретінде асқан шеберлік пен жауапкершілікті талап етеді.

Келесі сатының ерекшелігі: музыкалық шығарманың орындаушылық дәрежесін жоғарылатуда қажетті түзетулер енгізу. Сондықтан бұл сатыны біз «түзету» деп атадық.  Аталған саты – аса күрделі, әрі жауапты болып саналады. Өйткені болашақ музыка мұғалімдері өзі жобалаған жоспар бойынша болған аутқуларды, кемшіліктерді байқай отырып, хор жетекшісі ретінде кемшіліктердің немесе өзінше түрлендірулердің күрделілігіне қарай шешім қабылдауы керек. Партитурамен жұмыс жасаудың соңғы сатысында болашақ музыка мұғалімдері өз ниетін, талабын нақты білдіріп, батыл, әрі нәтижелі әрекет жасауы тиіс. 

Жоғарыда аталған сатылардың барлығы тұтас жүйені құрайды.  П.Рожденственский айтқандай: «дирижер мен хор арасындағы қарым-қатынас  құр диалогпен шектелмейді, яғни бұл қарым-қатынас түрінде музыкалық  идеялар, ішкі тебіреніс пен сезімдер өзара үйлесімін табады». Өнердің әрбір түрінің техникалық және көркемдік жағы болады және де олар бір-бірімен тығыз байланысты, яғни өзара ажырамыс ұғымдар. Сонымен қатар бұл ұғымдар бір мақсатты көздейді: музыкалық шығарманың көркемдік идеялық мағанасын, ойын ашу және шыңдау. Осы жайында белгілі дирижер У.А.Франс: «Дирижер болу үшін үздік техниканың болуы жеткіліксіз, яғни ол кәсіби тұлға болғандықтан әрі шебер мүсінші, әрі суретші бола білуі қажет» деген тұжырымдама береді.

Болашақ музыка мұғалімдерінің хор шығармасымен дайындық жұмысы сан алуан сатыларға бөліп қарастыруымызға қарамастан ең бастысы хор жетекшісінен жүйелілікті, тиянақтылық пен ізденісті талап етеді.

Шығарманы таңдау процесі  саналы, асықпай, өзінің хормен жұмыс  істеу тәжірибесін ескере отырып жасалды және белсенді әрекетке түрлі мотивациялық дайындығын көрсетті. Кәсіби белсенділіктің айқындалуындағы төмен және орта деңгейдегі болашақ музыка мұғалімдері қиындық дәрежесіне, ертеректе үйретілген, фактурасы, жанры, стилі, сазгері жағынан таныс хор шығармасын таңдады. Ал жеткілікті және жоғары деңгейді көрсеткен болашақ музыка мұғалімдері, хор шығармасын таңдауда музыкалық бейненің көркем түрлендірулерін жасау жолымен, өзінің тұлғалық кәсіби әлеуетін ашатын мүмкіндіктерді іздестірді. Болашақ музыка мұғалімдерінің хор шығармасының орындаушылық концепциясын өз бетімен тұжырымдау, хор шығармасымен жұмыс істеуде психология-педагогикалық пен вокалды-хор проблемаларын негіздеу және оны шешу жолдарын табу, болашақ музыка мұғалімдерінің оқудағы хор әрекетін жандандыру тәсілдерін суреттеу ұсынылды. Осы ұсыныс бойынша болашақ музыка мұғалімдерінің берген жауаптары тереңдігі, ұзақтығы, қорытындылауы, тұтастылығы, эрудициялылығы, кәсібилігі жағынан айырмашылығы байқалды және болашақ музыка мұғалімдерінің белгілі бір деңгей көрсеткішіне жататыны аңғарылды.

Орындаушылығы келесі позициялар бойынша бағаланды:

  • орындалуы шығарманың стиліне сәйкес болуы;
  • шығарманың динамикалық қыры мен шарықтау шегі келісімді болуы;
  • екпіндік тепе-теңдіктің болуы;
  • фактурасының анықталуы.

Зерттеу барысында байқағанымыздай, кәсіби құзырлығының қалыптасуы төмен деңгейдегі болашақ музыка мұғалімдері, хор шығармасын үстірт орындаумен қатар, музыкалық шығармамен жұмыс істеу барысында сазгер ойын зерттеу мен дирижерлық техниканы меңгеруде жеткілікті белсенділік нышандарын көрсетпейді. Кейбір осы топтағы болашақ музыка мұғалімдеріне өзінің бастапқы пиғылын жүзеге асыру үшін тұлғалық тәжірибесі мен еріктік қасиеттері жетіспей жатады. Тек қана қосымша педагогпен бірлесе отырып жұмыс істегенде ғана музыкалық шығарманың түрлендірулері жасалды.

Болашақ музыка мұғалімдері шығарманың музыкалық мазмұнын беруде қызығушылық пен талаптануды танытты. Орындаудың мәнерлі құралы, көркем бейненің эмоционалды-маңызды мазмұнына сәйкес келеді. Кәсіби құзырлық белгілі бір жағдайда, болашақ музыка мұғалімдерінің көңіл-күйіне байланысты көрініп отырды. Орындаушылық трактовкасында (өз ойы) кейбір жаңалығы бар, музыкалық материалды фактуралық оқумен келісілген, стилі мен жанры бірдей, алайда бәрінде бірдей ерік салаларының дамығандығы және музыкалық түрлендірулерді жасауда өздік жұмыстары байқалмайды. Жалпы алғанда хор шығармасын орындауда өз күшіне сенетіндіктерімен ерекшелінді, концерттік қойылымға практикалық қырынан дайындығын байқауға болады.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру