Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Болашақ музыка мұғалімдерінен байқағанымыз, хор шығармасының көркем бейнесін жасай отырып орындаумен қатар, музыкалық шығармамен жұмыс істеу барысында сазгер ойын зерттеу, дирижерлық техниканы меңгеруде жеткілікті дәрежеде кәсіби құзырлық нышандарын көрсете алатындықтарымен дараланады. Орындаушылық трактовкасында (өз ойы) өзінше жаңалығы бар, музыкалық материалды фактуралық оқумен келісілген, стилі мен жанры бірдей, көпшілігінде ерік саласының дамығандығы және музыкалық түрлендірулерді жасауда өздік жұмыстары, өзінің алған іс-тәдірибесіне сүйене алатындағы байқалады. Дегенімен, таныс емес хор шығармаларын талдауда және орындауда әбден пісіп жетілдірмейінше қорқақсынып тұруы әбден мүмкін.
Болашақ музыка мұғалімдері өздерінің кәсіби әлеуетін толық көлемде көрсете алды. Шығарма түрлендірулері жасалған музыкалық бейненің тереңдігімен, көркемдік құралдарды көрсетудегі таңдауы еркіндігімен дараланады. Орындауының тұтастығы таңдап алынған шығармаға қатынасы мен көркемдік проблемаларын ойластырудың интеллектуалды және эмоционалды шеруімен бейнеленеді. Хор партитурасымен жұмысы белсенді ойлау әрекетінде, вокалды-хор дағдаларын меңгеруге бағытталған, таныс емес жанрға қатынасы арқылы айқындалған кәсіби еркіндігі, қосымша хор, анықтамалық және оқу әдебиеттерін зерделеу және педагогикалық, техникалық пен көркем-музыкалық тапсырмаларды шешуде тәуелсіздігі басқа да болашақ музыка мұғалімдеріне өнеге ретінде қарастыруға болады.
Жоғары оқу орнындағы болашақ музыка мұғалімдерінің хор шығармасын орындауды талдау, біздің негізгі жағдайымызды дәлелдеді – жоғары кәсіби құзырлық, музыкалық шығарманың жоғары көркем түрлендірулерін жасауға жол ашады. Сонымен қатар керісінше, хор шығармасының түрлендірулерін жасау, жоғарғы оқу орны болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырады.
Арнайы пәндер циклында болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлықты қалыптастыру моделін жетілдіру, қалыптастырушы эксперимент барысында тексерістен өтті. Тәжірибелік жұмыс мақсаты, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруына мақсаттық ықпал ететін ғылыми болжам мен жасалған педагогикалық инновация шарттарының тиімділігін, белсенді әдістеменің апробациялық кешендерін тексеру бағытында жасалды.
Кәсіби құзырлықты қалыптастырудың тиімділігі болжамына жету үшін жасалған жетілдіру әрекетінде, біз бірнеше талаптарды ескердік: болашақ музыка мұғалімдері - хор жетекшісінің кәсіби әрекетінің спецификалық әдістемелеріне сәйкестігі; білім беру процесіне қатысушылардың қызығушылығы мен қажеттілігін ескеру; іске асыру барысында пайда болатын жанама әрекетті болжау және бағалау; өзгертулер енгізу мүмкіндігі.
Зерттеу жұмысында келесі міндеттер алға қойылды:
Зерттеу болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың басты қайнар көзі ретінде, музыкалық шығармамен жұмыс істеуде дәстүрлі емес әдістемелерді қолдану, хор жетекшісі жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы әдіснамалық жағынан орынды деп тапты, олар өз кезегінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді (бейімделуін - бағалау, ұйымдастырушылық -когнитивтік, өзін - өзі насихаттаушы).
Зерттеудегі бейімделуін - бағалау этапы толлеранттығы, кәсіби талабының көрінуі, ойлану процесінің жандануына байланысты, креативтік орта жасаумен тұжырымдалды. Бұл кезеңде, алдына қойған мақсатты шешуде болашақ музыка мұғалімдерінің кез-келген іс-әрекетін қолайлы психологиялық қолдау жасауды қамтамасыз ете отырып, педагог келесі жеке міндеттерді көздеді:
Бірінші сабақта көркем-педагогикалық әрекеттің, оның көлемі мен мазмұны, хор ұжымын басқарудың педагогикалық ұстанымы, хор шығармасын жасау процесінде өнімді кәсіби әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті қасиеттер, қабілеттілік дәрежесінің айқындалуы жайлы болашақ музыка мұғалімдерінің ғылыми көзқарсы бекітілді. Өзін-өзі талдау, өзінің кәсіби-тұлғалық мүмкіндіктерін сезіну, біріккен белсенді кәсіби жұмыс процесінде кәсіби-педагогикалық әлеуетін өзкетілендіруге ерекше назар аударылды.
Болашақ музыка мұғалімдерінің сабақ барысында кәсіби белсенділігін ынталандыру үшін проблемалық оқыту технологиясы қолданылды. Дирижерлау сабағында интуитивтік, эмоциялық сезім мен ғана емес, драматургия логикасын түсіну және музыкалық шығарманың мазмұнына негізделген музыкалық форманы және орындаушылық түрлендірулерін жасауды барынша терең сезінуіне проблемалық оқыту себепші болды. Проблемалық оқытуды енгізу үйренетін шығарма мен басқа да оған ұқсас музыкалық және көркем мәдени құбылыстар арасындағы байланысты қалыптастыра отырып, сол шығарманың сазгері жайлы және сазгердің өмір сүрген кезеңінде стилі жағынан жақын басқа да сазгерлердің шығармашылығымен танысуға себепші болды, бақылағыштық, логикалық ойлау, кәсіби интуициясын жандандырды.
Бұл зерттеу кезеңінде бақылау тапсырмасы ретінде аралас хорға жазылған төрт дауысты, зерттеу авторының өңдеуіндегі, жергілікті сазгер Теміржан Базарбаевтың «Өз елім» шығармасы алынды. Шығарма келесі сипаттамалар ерекшелігіне байланысты таңдалды:
Педагог пен болашақ музыка мұғалімдерінің диологиялық қарым-қатынас барысында, теориялық проблеманың шешімдері мен талқылаулары бірлесе отырып жасалды, қайшылықтар ашылды, практикалық тәжірибе мен болашақ маманның аналитикалық ойлауы қалыптастырылды. Педагог бағдарлы сұрақтар әдісімен, ұқсастықты табуда, ассоциациялауда, салыстыруда болашақ музыка мұғалімдеріне берілген шығарманы оқудың балама нұсқаларын табуына көмек көрсетті. Орындаушылық көрсету процесінде, көрнекілік үшін басқа хор шығармаларының ұқсастықтары қолданылды. Сабақ процесінде, барынша хабардар әріптес-педагогпен қатынас айырмашылығынан гөрі, тең дәрежеде хабардар әріптес-студентпен қатынас спецификалық психологиялық фактор болып көрсетілді, бұл кәсіби белсенділікті едәуір жоғарлатып, оны барынша өнімді етті.
Зерттеудің бейімделуін-бағалау кезеңі бақылау кесігі мен жұмыс процесінде білім алушылар өзінің кәсіби құзырлығының айқындалуы мен хор шығармасын орындаудың рефлексивтік талдауын қамтыды. Ол үшін болашақ музыка мұғалімдеріне сауалнама сұрақтары даярланды, мысалы:
Болашақ музыка мұғалімдерінің берген жауабы мен музыкалық шығармамен жұмыс істеу процесінде кәсіби белсенділіктің айқындалуының шынайы талдауын салыстыра отырып, біз төмендегі нәтижелерді алдық:
Проблемалық оқыту өзінің кәсіби әлеуетін ой елегінен өткізуін едәуір жандандырды, тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің өзін-өзі тану процесіне тереңірек бойлауын, кәсіби-педагогикалық бағыттылығын белсенді етті.
Кәсіби белсенділіктің кейбір түрлері айқындала бастады. Солардың ішінде барынша анық - танымдық - дирижерлық-хор, музыка-теориялық пәндерден және жақын өнер түрлерінен болашақ музыка мұғалімдерінің білімін толықтыруға ынталандырады; интеллектуалды – орындалатын шығарманың сазгердің көзқарасына және әдеби ойына, стильдік ерекшелігіне, музыкалық-мәнерлілік құралдарына және бейненің даму логикасына талдау мен ойластыруды сипаттайды; коммуникативтік – оқу әрекеті жағдайында болашақ музыка мұғалімдері мен педагогтың өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін құрады [64].
Бейімделу кезеңі болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдістемелер мен құралдарды жіктеп алуымызға көмегі болды.
Ұйымдастырушылық-когнитивтік кезең музыкалық-интеллектуалды білім, хормен жұмыс істеудің білім – дағдыларын меңгеру репродуктивтіктен іздену әрекетіне өту қажеттілігі мақсатын болжады және келесі жеке міндеттерді алға қойды:
Тапсырма ретінде, музыкалық бейнесі жағынан ұғынықты, мәнерлілігі жағынан анық, формасы нақты, спецификалық хор ерекшеліктерінің белгілері: тембр, регистр, хор дауыстарының қалыңдығы, динамикасы, әдеби мәтіндік мазмұны, артикуляциясы, дикциясы анық хор шығармалары ұсынылды. Осы шығармалардың ішінде: Жоскен Депре “Ave vera verginitas”, музыкасы С. Рахманиновтікі, редакциясын жасаған: П.Левандо “Старинный напев” қазақтың халық әні “Япур-ай”, хорға өңдеген: М.Төлебаев, Абайдың әні “Айттым сәлем, Қаламқас”, хорға өңдеген: А.Молодов, музыкасы мен сөзі М.Төлебаевтікі “Отан”, сөзі: Қ. Ыдырысовтікі, музыкасы: С.Мұхамеджановтікі «Найзатасым» кинофильмінен «Найзатасым, найзатасым», музыкасы: М.Рахимбаевтікі “Қайда да біргесің туған ел” және т.б. шығармалар алынды.
Зерттеудің бұл кезеңінде кәсіби белсенділікті
қалыптастырудың үш қырын ауқымдайды:
ұйымдастырушылық-бағыт-
Болашақ музыка мұғалімдерінің музыкалық шығармамен танысуы көркем-бейнені елестетумен сипаттала отырып, өзінің орындаушылық шеберлігін шыңдау және кәсіби ізденуге бағытталды. Есту қабілетін талдау мен шығарма туралы білімін тұжырымдау, қимыл сезімімен біріге отырып, жұмыстың бастапқы бөлігін– бағыт-бағдарлы әрекетті анықтады.
Кәсіби ізденіс жолы және музыкалық- есту сезімі негізінде, өзіне тән орындаушылық әрекеті қалыптасты. Олар көркем-музыкалық бейнені жүзеге асыруға бағытталды, ол музыкалық шығармамен жұмыс істеудің жалпы заңдылықтар біліміне және белгілі бір авторлық концепциясына (интонациялық-әуендік белгілеу, ырғақтық ұйымдастыру, музыкалық мәнерлілік құралдары, формасы мен стилі) сүйенді.
Сазгердің көркемдік пиғылын жүзеге асыруда естуді бақылау ерекше орын алды, ол шығарманы аспаптық орындалуы мен хор ұжымының орындауындағы ішкі естуді салыстыруға көмектесті. Аталған үш құрам бір-бірімен сәйкес келмеуі де әбден мүмкін. Пайда болған когнитивтік диссонанс бізді музыкалық бейнені жасауда қимыл, есту, эмоциялық сезімдердің келісімге келуін әрі қарай белсенді ізденіс жасауымызға әкелді. Болашақ музыка мұғалімдерінің үшін бағыт-бағдарлы, орындаушылық әрекет және шығарманы орындау барысында естуді бақылау функциясының бірлігі барынша көкейкесті, өзекті мәселе болып табылды.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру