Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Зерттеу жұмысында біз іскерлік ойын әдісін енгіздік. Ойын арқылы оқыту, кәсіби әрекетті меңгерудің маңызды және қажетті белсенді шарты болып табылады.
Зерттеушілер іскерлік ойынды, басқару жағдайының жүйелі модельдеу тәсілі және нақты кәсіби әрекетке тән, біздің жағдайымызда ол музыкалық-педагогикалық, өндірістік жұмысқа қажетті өзарақатынас ретінде анықталады. «Моделдеу» тәсілінде дирижер (бұл жерде болашақ музыка мұғалімі немесе хор жетекшісі) хор партитурасымен жете танысып, орындалытын шығарма жайлы жалпы түсінігін қалыптастыруы, жұмыс жобасы мен музыкалық көркем шығарманың «кіршіксіз моделін» (сұлбасын) құруы тиіс.
«Моделдеу» тәсілі хор жетекшісі тарапынан музыкалық шығарманың партитурасымен терең, әрі жан-жақты танысуды қажет етеді. Бұл- күрделі үрдіс, өйткені хор жетекшісінен терең музыкалық-теориялық білімін және кәсіби шеберлігі мен мәдениеттілігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Осы тұрғыда дирижер партитураның құрылымырын талдап, музыкалық-стилистикалық ерекшелігін түсініп, музыкалық шығарманың қай тарихи кезеңге сәйкес келетінін аңықтап, музыканың эмоционалдылық деңгейін айқындап алуы тиіс. Сонда ғана дирижер шығарманың өзінше түрлендіруін құрай алады және оны жүзеге асырады.
Музыканы көркемдеуші
құралдарының сан алуандығының нәтижесінде
әрбір шығармаға тән «
Жоғары оқу орнындағы болашақ музыка мұғалімдерінің хор шығармасын орындауды талдау, біздің негізгі жағдайымызды дәлелдеді – жоғары кәсіби құзырлық, музыкалық шығарманың жоғары көркем түрлендірулерін жасауға жол ашады. Сонымен қатар керісінше, хор шығармасының түрлендірулерін жасау, жоғарғы оқу орны болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырады.
2.3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
Бөлімнің мақсаты зерттеудің негіздемелері жылжытқан талаптардың нақтылығын мониторингілеу мен тексеру болып табылады. Сол себепті көптеген міндеттер шешілді: зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талдауы, белсенді формалар мен оқу әдістерін енгізудің тиімділігін тексеру, арнайы пәндер процесінде болашақ музыка мұғалімдері дайындығының кәсіби деңгейін анықтау. Алға қойылған міндеттер, жоғары оқу орнында арнайы жасалған шарттар негізінде, болашақ музыка мұғалімдерінің әрекетін түрлендіруді ұйымдастыру арқылы шешімін тапты.
Психология-педагогикалық мониторинг, дидактикалық шарттар ықпалымен кәсіби құзырлықты қалыптастыру процесінде болашақ музыка мұғалімдерінің тұлғалық қасиеттер динамикасы жайлы үздіксіз хабармен қамтамасыз ете отырып, біздің ойымызша зерттеуіміздің ғылыми болжамына сәйкес және де олардың дамуына қажетті басты фактор болып саналады. Зерттеу жұмыстары барысында, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығының жалпы деңгейде қалыптасуы, тұлғалық құрылым санасының дамығандығы және оның болашақ музыка мұғалімдерінде айқындалуының тәсілдері алынған тұжырымдамалардың көрсеткішін дәлелдейді.
Алынған мәлімет нәтижесіне қарап, болашақ музыка мұғалімдерінің төмен деңгейден ортаңғыға, ортаңғы деңгейден жеткіліктіге, жеткіліктіден жоғары деңгейге көшуін байқауымызға болады. Салыстыруда тұлға құрылымында шығармашылық құрамының едәуір өскенін, ол болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби өзін-өзі анықтауында маңызды ізденушілік әрекетінің айқындалғанын дәлелдейді.
Екінші өлшемі бойынша тәжірибелі-эксперимент жұмысы болашақ музыка мұғалімінің жоғары оқу орнында тұлғалық және кәсіби-шығармашылық оқудың мотивтерін белгілеудің нақты өзгерістерін анықтауымызға көмектесті.
Болашақ музыка мұғалімдерінің оқу әрекетінде музыкалық шығармамен жұмыс қатынасының жүйелі болуын қажетсінуі, музыкалық-орындаушылық әрекетте рухани-эстетикалық қызығушылықтарын қанағаттандыруы, музыка-педагогикалық пәндерден білім алуы, хор өнері саласында кәсіби өсу жағынан перспективасын көруімен анықталды.
Мотивациялық дайындығын бақылау барысында, біз мынадай: эмпатия-басқа біреуге мазасызданудағы эмоционалдылығы, көркем бейнені сезінуі, эстетикалық қанағаттануы; толеранттық және басқа да пікірлерге шыдамдылық пен сыйластық танытуы; коммуникативтік - кәсіби сөйлеу мәдениеті қасиеттерінің көрінуін байқадық.
Зерттеу жұмысы барысында болашақ музыка мұғалімдерінің оқу әрекетінде кәсіби өздік жұмысына қажетсінуі бойынша нәтижелері жинақталды. Алынған мәліметтер керсеткендей эксперимент тобының өсу деңгейі тұлғаның өзін көрсете білуі мен өздік дамуы, кәсіби өздік жұмысқа деген қажеттіліктің қалыптасуымен тікелей байланысты екенін дәлелдейді.
Ал хормен жұмыс істеу әрекеті осы қасиеттердің кеңінен ашылуына қолайлы жағдай туғыза отырып, болашақ музыка мұғалімінің аталған қасиеттерді меңгеруі мен дамытуына себепші болды.
Сонымен қатар жоғары
оқу орнында болашақ музыка мұғалімінің
тұлғалық кәсіби құзырлық қалыптасуына
біз ұсынған педагогикалық
ҚОРЫТЫНДЫ
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру қалыптастыру проблемасына назар аудару адамның табиғатын, оның шығармашылық әлеуетін дамыту механизмдерін, кәсіби және әлеуметтік іс - әрекетте өзін – өзі көрсете білуін түсіну үшін қажет. Тұлғаның кәсіби құзырлығын қалыптастыру проблемасы көптеген философтардың, психологтардың және педагогтардың еңбектерінде көрініс тапты.
«Құзыр», «Құзырлылық», «кәсіби құзырлылық» ұғымдарының мәні философиялық және психологиялық - педагогикалық көзқараста қарастырылады.
Субъектінің құзырлығы туралы түрлі бағыттарға, көзқарастар мен түсініктерге талдау бере отырып біз студенттің оқу әрекетіндегі құзырлығы деген ұғымға да аса назар аударамыз. Тұлғаның іс – әрекеті мен құзырлығы туралы әртүрлі көзқарастарға жасаған талдауды негізге ала отырып, біз тұлғаның оқудағы кәсіби – құзырлығы ұғымына түсініктеме береміз.
Біздің зерттеуімізде болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру процесі мазмұн болып табылады. 050106 –музыкалық білім мамандығы бойынша даярланған Мемлекеттік стандарттың мазмұнында қарастырылатын арнайы (базалық) пәндер блогының ішіндегі кәсіби пәндер цикліндегі пәндерді меңгеру арқылы қалыптасады. Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы мен даярлығы оның өз кәсібін білу іскерлігі мен игерген білім, білік, дағдаыларын кәсіби құзмет процесін ұйымдастырудағы іскерлігінен көрінеді.
Алайда егер, кәсіби іс-әрекет процесінде болашақ музыка мұғалімінің кәсіби құзырлығы, оның тұлғалық және когнитивтік көрінісінде болмаса, онда бұл процесс тұлғаны өздігімен кәсіби тұрғыда дамытуда, ешбір жаңалық әкелмейді. Сондықтан музыка – педагогикалық факультетінде студенттің кәсіби тұлғасы өзін көрсететіндей және дамытатындай жоғары деңгейде оқу процесін құру саналады.
Студенттерді кәсіби құзырлығын қалыптастыруда оқу процесін ұйымдастырудағы жұмыс формаларының (жекеше, топтық, ұжымдық) мүмкіндіктері айқындалады.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби даярлығы көпдеңгейлі және көпмақсатты жүйені байқатады, ондағы музыкалық және эстетикалық – көркемдік білім беру педагогикалық біліммен өзара тығыз байланысты.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың негізгі проблемасына жасаған талдау нақты педагогикалық шарттар анықталған жағдайда, оларға қойылатын тиімді кәсіби талапты, тұлғалық сапаны, арнайы білім мен педагогикалық іскерлік жүйесін дамытуға болатынын көрсетті.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы қалыптасуының өлшемдері жұмыстың жалпы логикасымен және тұлғалық – бағдарлық және кәсіби – мазмұндық тәсілдер негізінде айқындалады. Әрбір өлшемдердің көрсеткіштерімен оларды бағалау әдістері белгіленді. Өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде студенттердің тұлғалық қасиеттерінің даму деңгейі (төмен, орта, жеткілікті, жоғары) анықталды.
Зерттеу барысында тестік сұрақтар жүргізу арқылы студенттердің арнайы сабақтар барысындағы кәсіби құзырлығының деңгейі аталған компоненттер бойынша анықталды. Тестік сұрақтардың нәтижесі студенттердің кәсіби құзырлық деңгейінің төмен екендігін, оқу – танымдық әрекеті процесінде кәсіби құзырлық көрсете алмайтынын, өзінің көзқарасын дәлелдемейтінін байқатады. Студенттердің төмен деңгей көрсетуінің себеді мамандық бойынша меңгерген білім, іскерлік, дағдыларының аздығынан туындап отыр. Осының бәрін ескере отырып біз үш кезеңнен тұратын қалыптастыру эксперименті барысында болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың әдістемесін жасадық.
Зерттеу жұмысының соңғы бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген тест сұрақтары негізінде біз болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығының қалыптасуы деңгейін анықтадық.
Сонымен зерттеу жұмысы болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру моделінің, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдеді.
Зерттеудің нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру