Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Описание работы

Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

Содержание работы

Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы

Файлы: 1 файл

Логопедия негіздері дәрістер кешені.doc

— 561.00 Кб (Скачать файл)

Тақырып 1. Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы.

 

Жоспар:

  1. Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
  2. Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
  3. Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен  байланысы.
  4. Логопедия ғылымының негізгі принциптері
  5. Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
  6. Логопедия ғылымының маңыздылығы 

 

      Логопедия  – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді  арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету  және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын  зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған:  logos-сөйлеу, сөз;  paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді.

      Логопедия  ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі -  сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

       Тіл кемістіктерін  көптеген басқа да ғылымдар  зерттейді: физиология, невропатология, психология, лингвистика және тб. Олардың әр қайсысы тіл кемістікті өз мақсаттар мен құралдарына сәйкес белгілі тұрғыдан қарастырады. Логопедия тіл кемістіктерін педагогика тарапынан зерттейді деп айтуға болады, себебі логопедия сөйлеудің бұзылуын арнайы үйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу арқылы түзету және болдырмау жағын қарастырады. Сондықтан да логопедия ғылымын арнайы педагогиканың бір саласына жатқызады. 

        Қазіргі логопедияның құрылысында  мектепке дейінгі логопедияны, мектеп жасындағы және жеткіншек пен ересектердің логопедиясын ажыратады.

         Логопедияның негізгі мақсаты -  сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйісін ғылыми дәлелдеп құрастыру, өндеу және жетілдіру.

          Логопедияның  ғылым ретінде қарастырылуы бойынша  оның келесі міндеттерін белгілеуге болады:

  1. Сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;
  2. Тіл кемістіктерінің таралуын, көріну денгейін, белгілерін анықтау;
  3. Сөйлеу іс-әрекеті бұзылған балалардың өз бетінше және бағытты дамуының динамикасын белгілеу, сонымен қатар, тіл кемістігінің баланың тұлғалық қасиеттеріне, психикалық дамуына, түрлі іс-әрекеттерінің қалыптасуына білдіретін әсерін қарастырып белгілеу;
  4. Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың (ақыл-ойы кем; есту немесе көру қабілеті бұзылған; тірек-қимыл аппараты зақымдалған)  сөйлеу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл кемістіктерін зерттеу;
  5. Тіл кемістіктерінің себептерін, мехнизмдерін, құрылысын анықтау;
  6. Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық диагностикалаудың ғылыми әдістерін кұрастыру, жетілдіру;
  7. Тіл кемістіктерін жүйелеу;
  8. Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген әдістерін,  принциптерін және құралдарын құрастыру және жетілдіру;
  9. Тіл кемістіктерін алдына алу, болдырмау жолдарын жетілдіру;
  10. Логопедиялық көмегін дұрыс үйымдастыру жолдарын көрсету.

Логопедия міндеттерінде  ғылымының теориялық және практикалық бағытарын белгілеуге болады. Теориялық бағыты — тіл кемістіктерін зерттеу және оларды болдырмау, анықтау, жою әдістерін ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Практикалық бағыты – тіл кемістіктерін болдырмау, анықтау және жою. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыс байланысты.

  Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен тығыс байланысы. Сөйлеу тілі ауытқуларын болдырмау, анықтау, тузету жұмыстарын табысты жүргізу үшін түрлі тіл кемістіктерінің белгілерін, себептерін, бұзылу механизмдерін, құрылысын жақсы білү керек, сонымен қатар тұлғаға жан-жақты әсер ету амалдарын, әдістерін меңгеру қажет. Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен  байланысы осында.

Логопедия педагогикалық ғылым  және арнайы педагогиканың бір саласы  болғандықтан, ол жалпы педагогикамен, сурдопедагогикамен, олигофренопедагогикамен, тифлопедагогикамен, ана тілін оқыту әдістемесімен, жалпы, арнайы психологиясымен және тағы басқаларымен тығыс байланысты. Бұл бір жүйе ішіндегі байланыстар. Ал жүйелер арасындағы байланыстарға логопедияның биологиямен, анатомиямен, физиологиямен, оториноларингологиямен, невропатологиямен, психопатологиямен, олигофрения клиникасымен, педиатриямен және лингвистикалық ғылымдарымен байланыстарын жатқызуға болады.

Мұндай байланыстарды талқылайтын болсақ, мысалы логопедияның медицина ғылымдарымен байланысын алайық. Есту және сөйлеу мүшелерінің патологиясы туралы мәліметтер сөйлеу тілі ауытқуының пайда болу себептерін, бұзылу механизмдерін дұрыс анықтауына және логопедиялық жұмысын медициналық емдеу жұмысымен нәтижелі үйлестіруіне мүмкіндік береді. Осындай мәліметтер дауыс бұзылу, ринолалия, дислалия, тб ауытқулары жағдайында аса кажет. Мәселен, дауыс бұзылуының себептерінің бірі – көмекейдің және көмекей  ішіндегі орналасқан дауыс сінірлерінің органикалық зақымдануы (бездер, түйіндер, папиломалар тб.), осы зақымның орналасуын, әсер ету механизмін анық білгенде ғана, дауыс бұзылуының түрін және жою амалын дұрыс белгілеуге болады.  Көмекейді дұрыс қалпына келтіру жұмысын сәтті аяқталған жағдайда ғана дауыс бұзылуын жоюға болады, ал ондай жұмыс физиотерапевтік, хирургиялық, психотерапевтік күшімен іске асады.  

 Сөйлеу тілі бұзылуының көптеген  түрлері орталық жүйке жүйесінің  органикалық зақымдануымен байланысты. Оларды диагностикалау логопедтің неврапотологпен немесе психоневрологпен бірлесіп жұмыс жасаған кезінде ғана мүмкін болады. Тіл кемістігі пайда болуы баланың психикалық іс-әрекетінің түрлі бұзылыстарына алып келуі мүмкін, мысалы: психикалық дамуының тежелүіне, мінез-құлық және эмоцияларының  жағымсыз өзгерістеріне,  зейінің, ес процестерінің, ойлау қабілетінің  бұзылуына және тб. Осындай бұзылыстарын дұрыс айқындау, себептерін ашу, тіл кемістігімен байланысын зерттеу жұмыстарын психоневролог жүргізеді. Оның осы жайлы мәлеметтерін логопед  түсініп, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін сауатты пайдалану керек.   

 Тіл кемістіктері бар балаларды  оқытудың, тәрбиелеудің заңдылықтары  нерв жүйесінің құрылысы, қызметі  және даму ерекшеліктері туралы  білімдеріне негізделеніп құрылады. Логопед сөйлеу тілі ауытқуларының неврологиялық негіздерін және балаларда жиі кездесетін психикалық бұзылуының түрлерін жақсы білүі қажет. Оның бұл саладағы білімдері сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын, құрамын дұрыс анықтауына, нәтижелі тузету жолдарын таңдауына және баланың тұлғалық дамуының аномалды болып кетуін болдырмауына көмектеседі.

     Логопедия сөйлеу  тілі туралы ғылымдарымен: лингвистика,  психолингвистикамен тығыс байланысты. Сөйлеу тілінің құрамын және  сол құрамындағы тіл компоненттерінің  қызметтерін анық түсіну, баланың ана тілінің нормаларын меңгеру ретін, заңдылықтырын білу логопедиялық жұмысының жүйесін құрастыру үшін аса қажет.

 

 

Логопедия ғылымының негізгі принциптері:

Жүйелік принципі сөйлеу тілін күрделі функционалды жүйе ретінде қарастыруды ұйғарады. Осыған байланысты сөйлеу тілі дамуын зерттеу, тіл кемістіктерін түзету жұмыстарын сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне қатар әсер ету арқылы жұргізу керек. Себебі сөйлеу тілінің даму барысында тіл компоненттері бір-бірімен тығыс байланыста жетіледі, бір компоненттің  бұзылуының нәтижесінде басқаларының дамуында жағымсыз көріністер пайда болады.

Кешенді жұмыс принципы. Логопедиялық қорытындыны дұрыс беру үшін, тіл кемістіктерінің ұқсас формаларын шатастырмай алу үшін тіл кемістігінің өзіндік және қосалқы белгілерін талдау, медициналық, психологиялық зерттеудің нәтижелерін түсіну және сөйлеу тілінің даму деңгейін таным әрекетінің даму деңгейімен салыстыру қажет, яғни кешінді жұмыс болғаны жөн. Тіл кемістігі көп жағдайда нервтік және нервтік-психикалық ауруларының синдромдарына кіреді, мұндай кезде сөйлеу тілі ақаулығын түзету жұмысының кешенді болуы аса қажет және маңызды.

Даму принципі. Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзету барысында балалар дамуының  жалпы және ерекше (ауытқуына байланысты) заңдылықтарын есепке алған жөн. Сонымен қатар, даму принципі логопедиялық жұмыс барысында бала дамуының жақын аймағының кезендерін, қиыншылықтарын, мақсаттарын белгілеуін және бала дамуындағы әр мерзімінің негізгі іс-әрекет түрін есепке алуды  ұйғарады. 

Онтогенетикалық принцин  бойынша логопедиялық-түзету жұмысының әдістемесін сөйлеу тілінің формалары мен қызметтерінің және баланың іс-әрекет түрлерінің онтогенетикалық дамуында  пайда болу  ретін еске алып құрастыру қажет, мысалы, қарапайым формаларынан күрделіге қарай көшуін

Ақаулықтың құрылысын  есепке алу принципі. Тіл кемістігін түзету жұмысы сәтті болуы үшін сол кемістіктің себептерін, бұзылу механизмдерін, көріністерін нақты білү, кемістік құрылысында алғашқы және туынды ақаулығын белгілеу, сөйлеу және сөйлеуден тыс белгілерінің ара қатынасын анықтау маңызды.

Айналма жол принципін  бұзылған сөйлеу қызметінің орнын толтыру (компенцация) барысында, функционалды жүйелерінің жұмысын қайта құрастыруында  пайдаланады, нақты айтқанда бұл принцип зақым тиген бөлімді айналып, жаңа функционалды жүйені құрастыруды талап етеді

Логопедия – педагогикалық ғылым. Сол себептен тіл кемістіктерін  зерттеу және түзету жүмысы үшін дидактикалық принциптерінің орны ерекше. Оларды атап айтсақ, көрнекілік принципі, саналылық   принципі, жұмысты жекелендіру принципі т.б.

 

Логопедия ғылымының зерттеу әдістерін шартты түрде үш топқа бөлүге болады:

Бірінші топ – ұйымдастыру әдістері: салыстыру, лонгитюдтік (динамикада зерттеу), кешенді.

Екінші топ– эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперимент (табиғи, лабораторлық, қалыптастырушы, психологиялық-педагогикалық), психодиагностикалық (тестер, анкеталар әнгімелер, сауалнама), биографилық (анамез мәліметтерін жинау және талдау), іс-ерекетті және оңын өнімдерін талдау.

Үшінші топ - зерттеу нәтижесінде алған мәліметтерін сан және сапа жағынан талдау әдістері.

Төртінші топ – тұжырымдау әдістері: зерттеп жатқан құбылыстар арасындағы байланыстарын теориялық жағынан зерттеу және түсіндіру.

 

Логопедия ғылымының  маңыздылығы 

Логопедия ғылымы тілмен тікелей байланысты болғандықтан, бұл ғылымның маңыздылығы  сол тілдің әлеуметтіқ қызметімен байланысты. Сөйлеу қызметі - адамның ең маңызды қызметтерінің бірі. Сөйлеу тілінің  дамуы барысында таным іс-әрекетінің жоғарғы формалары, ұғым арқылы ойлауға қабілеті қалыптасады. Сөз мағнасының өзінде  жалпылау қасиеті бар, сондықтан ол тек қана сөйлеу тілінің негізі емес, ол ойлаудың да негізі болып табылады. Бұндай екі мағына бір-бірінен бөлек және өз бетінше пайда болады дегеніміз де дұрыс. Бірақ психикалық даму барысында күрделі, жаңа сапалы бірлестік пайда болады – сөйлеу арқылы ойлау.

Сөйлеу  қарым-қатынасқа түсу қабілетін  меңгеру адамға ғана тән әлеуметтік қарым-қатынастың орналасуына себеп  болады. Осындай қарым-қатынас арқылы баланың қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасып, айқындалады. Сөйлеу тілін  меңгеру баланың өз жүріс-тұрысын, іс әрекетін тануға, жоспарлауға және бағыттауға мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілінің бұзылуы баланың  бүкіл психикалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Күрделі тел кемістіктер  баланың ойлау қабілетінің дамуына, таным әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына теріс әзерін тигізеді. Тіл мүкістіктері, жалпы сөйлеу қарым-қатынасының шектелуі психикалық ауытқуларына, эмоциялар мен ерік қабілетінің жайсыздық ерекшелуіне және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында қолайсыз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін, мысалы; мінез-құлықтың жағымсыз қасиеттерінің пайда болуына (ұялшақтық, тұйықшылық, тартыншақтық, қырсықтық, өз-өзін кем санау т.б.).

 Осындай ұнамсыз жағдайлар  кейін  сауат ашу кезінде сәтсіздіктердің болуына, баланың мектепте жалпы үлгерімінің төмен болуына әкеп соғады және де болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бөгет жасайды. Айтылып кеткен жағдайларға жол бермеу үшін тіл ақаулығына дұшар болған балаға ерте бастан тіл кемістігін жоюына көмек көрсету керек, яғни оның толыққанды жан-жақты дамуын қамтамасыз ету. Логопедияның маңыздылығы осында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Сөйлеу тілінің  дамуы

Жоспар:

  1. Сөйлеу тілі дамуы адамның жалпы дамуының көрсеткіші ретінде. Сөйлеудің психолингвистикалық негіздері
  2. Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері
  3. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезеңі
  4. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңі
  5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі

 

  1. Сөйлеу тілі дамуы - адамның  жалпы дамуының көрсеткіші. Сөйлеудің психолингвистикалық негіздері

Сөйлеу тілінің дамуын, сөйлеу тілінің бұзылуын және оны  түзетуді  зерттеуден бұрын, «сөйлеу  тілі» және «тіл», «ана тілі» деген  ұғымдарды нақты түсіну қажет. Тіл  – ұғымдық мазмұнын және типтік дыбыстануын сәйкестіретін, объективті түрде қолданылатын, әлеуметтік бекітілген  танбалар жүйесі және сол танбаларды пайдалану ережелердің жүйесі. Ал сөйлеу тілі - тілді қолданудың психофизиологиялық үрдісі. Тіл – қарым-қатынас құралы, сөйлеу тілі – қарым-қатынас үрдісі. 

Сөйлеу тілі құрамының  негізгі бөліктері – дыбыстар, сөздер және грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтык  және монологтык деген екі тұлғасы  кіреді. Диалогтык сөйлеу тілі екі  немесе бірнеше әнгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологтык сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Монологтык сөйлеу тілінің ерекшелігі — дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіру. Кемістігі бар тілде диалогтыкқа қарағанда монологтык сөйлеу тілі көбірек бұзылады.

Сөйлеу тілі екі түрлі  болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің  ішкі тұлғалары – бұл үнсіз  тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады, ойлану арқылы қалыптасады. Сыртқы сөйлеу тіліне көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естіртіп, сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілі арқылы  ойдың сөзге айналуы барысы және сөз сөйлеуге дайындығы морфологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.

Информация о работе Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы