Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Описание работы

Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

Содержание работы

Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы

Файлы: 1 файл

Логопедия негіздері дәрістер кешені.doc

— 561.00 Кб (Скачать файл)

Дислалия  баланың есту қабілетінің нашарлауынан, ақыл-ой дамуының жетілмеуінен  де пайда болады.

  1. Дислалия түрлері.

Дауысыссыз дыбыстардың  ішінде артикуляциясы күрделі (жасалу жолы қиын) дауыссыздардың айтылуы  жиі бұзылады (мысалы, р,л, с,з,ц, ш,ж,ч,щ). Әдетте қатты-жұмсақ жүп дауыссыздардың айтылуы бірдей бұзылады.

Дыбыстың айтылу ақаулығы үш нұсқада көрінеді: 1) дыбыстың мүлдем айтылмауы; 2) дыбыстың бұрмалап айтылуы; 3) дыбысты басқа дыбыспен алмастыруы.

Дислалия күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Егер бұзылып  айтылатын дыбыстарының саны төрттен аспаса, онда бұны қарапайым дислалия деп айтады. Ал егер төттен көп болса – күрделі деп айтады. Егер дыбыс айтылуының ақаулығы дыбыстардың бір ғана артикуляциялық тобын қамтитын болса, бұл - мономорфты дислалия, ал егер екі немесе оданда көп тобын қамтитын болса, онда бұл – полиморфты дислалия.

Айтылуы бұзылған дыбыстардың  тобына қарай дислалияның келесі түрлерін ажыратады:

  1. Сигматизм (с дыбысын белгілейтін «сигма» грек әріпінің атынан) – ысқырық (с, с', з,з', ц ) және ызын (ш,ж,ч,щ) дыбыстарының айтылу кемшіліктері.
  2. Ротацизм (р дыбысын белгілейтін «ро» грек әріпінің атынан) – р, р' дыбыстардың айтылу кемшіліктері.
  3. Ламбдацизм (л дыбысын белгілейтін «ламбда» грек әріпінің атынан) – л, л' дыбыстарының айтылу кемшіліктері.
  4. Таңдай дыбыстарының аитылу кемістіктері: каппацизм – қ, к дыбыстарының; гаммацизм – г, г' дыбыстарының; хитизм – х, һ дыбыстарының; йотацизм – й дыбысының.
  5. Үнді дауыссыздардың айтылуының бұзылуы. Үнді дауыссыздар өздеріне жүп болып келетін қатаң дауыссыздармен алмастырылады. Мысалы, б→п, д→т, в→ф, з→с және т.б.
  6. Жұмсақ дауыссыздардың айтылу кемшіліктері. Көбіне бұл жұмсақ дауыссыздардың өздеріне жүп болып келетін қатты дауыссыздырмен алмастыруында көрінеді. Мысылы:  д'→д, п'→п, р'→р, с'→с және т.б. Ш, ж, ц дыбыстарының жұмсақ жуптері жоқ, ал ч, щ, й дыбыстары үнемі жұмсақ айтылады, олардың катты жүптері жоқ.

Дыбыстардың айтылуының дұрыс  қалыптасуы баланың мектепте сәтті  оқуының алғы шартты болып табылады. Сондықтан, дыбыс айтылу ақаулықтарын мектепке дейінгі кезенінде түзету қажет. Сонымен қатар, баланың сөйлеу қабілеті мектепке деінгі жасында өте қарқынды дамып, түзету шараларына икемді болып келетінің ұмытпауымыз қажет. Оның үстіне, дыбыс айтылуының бұзылуы бір қатар күрделі тіл кемістіктерінің пайда болуына әкелуі мүмкін, осыны да есепке алу керек. Әдетте дислалияны баланың 4-5 жасында анықтайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 7. Ринолалия тіл кемістігі

 

  1. Ринолалияның анықтамасы. Ринолалия тіл кемістігінің  механизмдері
  2. Ринолалия түрлері. Жабық ринолалия, оның себептері
  3. Ашық ринолалия, оның себептері.

 

  1. Ринолалияның анықтамасы. Ринолалия тіл кемістігінің  механизмдері

Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының  анатомиялық-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың  әуесіздігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы.  Дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринфониядан ажыратуға мүмкіндік. береді.

Ринололияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауыткуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқышақ пен мұрын резонаторларының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде (таза мұрындық дыбыстардан басқалары) мұрын-жұтқыншақ пен мұрын қуысының, жұтқыншақ-ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.

    Бұл қуыстар  жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың  артқы және жанындағы бұлшык еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

      Дыбыстардың  айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының қалындауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың  жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.

   Жұмсақ таңдай  мен жұтқыншақтың жақтауларының  жалғасу деңгейі жұмсак таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай ұздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрнынан естілетін  үн пайда болады.

   Таңдай мен жұтқыншақтың  ең нашар қабысуы дауыссыз  «в» дыбысында, ал ең қатты қыбысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. (бұл «а» дыбысының қабысуы кезіндегіге  қарағанда 6-7 мәрте күштірек десе болады). «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркін кетеді.

  1. Ринолалия түрлері. Жабық ринолалия, оның себептері

 Таңдай жұтқыншақтың  қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әртүрлі болады.

Жабық ринолалия. Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде  физиологиялық мұрын резонансының төмендігін сипаттайды.  Ең күшті мұрын резонансы «м», «м΄», «н», «н΄» «ң»  дыбыстарының айтқан кезде байқалады. Бұл  дыбыстардың артикуляциясының барысыңда мұрын қуысы мен  жұтқыншақ арасы ашық қалады да, ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса (яғни, мұрын резонансы жоқ), онда бұл дыбыстар «м»→«б», «м΄»→ «б΄», «н» → «д», «н΄»→ «д΄» «ң» → «ғ»,  болып естіледі.

       Жабық ринолалияға  шалдыққан кезде мұрын жолды  дауыссыздардан басқа дауысты  дыбыстардың  да дұрыс айтылуы бұзылады. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстар  өлімсіреп мыңқылдаған үнімен айтылады.

        Жабық ринолалия пайда болуының себебі мұрын кеңістіктегі органикалық өзгерістердің немесе тандай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдары. Органикалық өзгеріс ауыруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып, тыныс алуының қиындап кетуі салдарынан болуы мүмкін. Алдыңғы жабык ринолалия мұрынның артқы бөлігінің төменгі кабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп, (гипертрофия) тұрақтап, узаққа созылуынан (хронический) кеңсіріктің клегей қабығының қабынуынан, мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісіуінен пайда болады. Артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін тамақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, мұрын жұтқыншақ кабынуынан, мұрын жұтқыншақтың фибромасы немесе баскадай ісіктерінен пайда болады.

     Функционалды жабық  ринолалия балаларда жиі кездеседі,  бірақ анықталуы әруақытта дұрыс  бола бермейді. Оның бір ерекшелігі  мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық риноналия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалык жабық ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсак таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де, дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сиякты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады.

     Органикалық бітеу  ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылуға жұргізілген жаттығуды қолданады. Функционалды бітеу ринолалияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі тұрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифференциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі.

     Содан кейін дауыс жаттығулар арқылы тыныс жолын орнықтыру жаттығуларды қиындатады. Сондай-ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдармен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбезегі дірілдейтіндей етіп дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Онан әрі мектеп жасына дейінгі баларды дауысты дыбыстарды аздап мұрынан естілетіндей етіп па,пе,пу,пе,пи буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады.

      Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң, енді  ішінде мұрын жолды дыбыстары бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстары бар сөздерді мұрыннан анық естілетңдей етіп дауысын созып айтуға тырысу керек.

      Жаттығу жұмысының қортыңдысы - дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды әннің ырғағымен де орындайды.

       Функционалды  жабық ринофонияны түзету жұмысы  көп емес. Ал ринолалияны алдын  ала болжау қиын болғаңдықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринололияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай-ак ринолалияның бұндай түрлерімен шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер де жиі байқалып қалады.

  1. Ашық ринолалия, оның себептері

Ауыз бен мұрын жолы аралығында кақпа жабык тұрған кезде дауыс  дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығыңдағы қакпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса, ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде  ауыз бен мұрын. жолының аралығындағы кақпа бұзылған жағдайда, дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» дыбыстардың үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқанда үн әуездері білнер-білінбес қана естіледі. Ал «а» дыбысынын мұрынан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады.

        Ашык ринолалияда  дауысты дыбыстардың үн әуездерінің  бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз  дыбыстардың да үн әуездері  бұзылады екен: ысқырық және ызың дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естідеді. «ф», «в», «х» сол сияқты ерін-тісті  «п», «б», «д», «т», «к», «қ», «г», және үнді «р», «л»  дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағынының әлсіздігі сондай, тіпті «р» дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.

      Ашық ринолалия  органикалық және функционалдық  болып бөлінуі мүмкін.

       Функционалды  ашық ринолалияның шығу себептері  әртүрлі болуы мүмкін. Бұған баланың  сөйлеу тілі дыбыстардың айтылуы  кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап  босаңсуы мысал болады. Функционалды  ашық ринолалия талма ауруы  (истерия) ұстаған кезде өздігінен  болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқгы болып көрінеді.

      Функционалды ашық  ринолалияның бір түрі тамақ,  көмей бездерінің ұлғайып кеткен  ісігін сылып тастағаннан кейін  жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге  дейін қимылдай алмайтындығынан  пайда болады.

     Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал  дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы жабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды.

    Функционалды ашық ринолалияның  болжауы органикалыққа қарағанда  едәуір қолайлы. Фониатриялық  жаттығудан кейін мұрын жолды  әуез жойылады, ал дыбыстардың  айтылуының бұзылуын дислалия тіл  кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды.

      Органикалық ашық  ринололияның іштен туа біткен  түрлеріне жұмсақ, қатты таңдайдың  жарылуы жатады.

        Сыртқы соққының  залалынан пайда болатын органикалық  ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын куыстарының зақымдануы және жұмсак таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады.

       Ринолалиядағы  таңдай мен еріннің іштен жырық  болып туудың себебі логопедия  мен бірқатар медицина ғылымы  үшін маңызды мәселе болып  саналады (хирургиялық, стомотология, ортодонтия, отоларнигология, медициналық генетика және т.б.) Ерін мен таңдайдың жырығы ең жиі кездесетін  және іштен дамыған ауыр кеселдің бірі болып саналады.

Информация о работе Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы