Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы
Тұтығу – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеу ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Ол - сөйлеу кемістіктерінің ішіндегі ең ауыр түрлерінің бірі, себебеі тұтықпаны жою өте қиын. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады. Соңғы зерттеулері бойынша тұтықпа жалпы балалар санынан 7,5% кездеседі.
Тұтығудың сыртқы көріністері – баланың сөйлеу кезіндегі еріксіз тоқталуы, және де жеке дыбыстар мен буындарды еріксіз қайталауға мәжбүр болуы. Бұл құбылыстар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек еттері, диафрагма, ішкі еттер) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болады. Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу - сөйлеу апараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болатын сөйлеу тілі шапшандығы мен ырғықтылығының бұзылуы деп анықталады.
Пайда болу себептері бойынша тұтығуды екіге бөледі: 1. Жиі кездесетін функционалды тұтығу кезінде орталық және шеткі жүйке жүйесіндегі сөйлеу мехнизмінің қандайда бір органикалық зақымданулары болмайды. Әдетте, функционалды тұтығу балалардың сөз тіркесін байланыстырып жалпылап сөйлеуінің қалыптасу кезінде пайда болады, ол 2-5 жас арасы. Көбінесе, ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі.
2.Ал органикалық тұтығұ орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданудан (бас миының жарақаттануы, нейроинфекция, т.б.) болады. Ол сирек кездеседі және барлық жастағы адамдарда пайда болуы мүмкін.
Функционалды тұтығудың себептері түрлі болып келеді. Жиі кездесетін себептерінің бірі балаларға олардың күші келмейтін сөйлеу жүктемесін арттыру (қиын, түсініксіз сөздерді қайталау; көлемді, мазмұны күрделі өлендерді жатқа айту; баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әнгімелері мен ертегілерді еске сақтау). Бұндай жағдайда баланың жүйке жүйесіне мөлшерінен тыс түскен салмақтың дыбыс айту қиындықтарымен үйлесуі алғашқыда баланың сөйлеу кезінде анда-санда кездейсоқ тоқтап қалуына, кейбір сөздерді, дыбыстарды, буындарды қайталап айтуына әкеледі. Одан кейін бала осыған әдеттенеді, оның осылай болуына сенімі туады. Бұл патологиялық тітіркеніштің пайда болуы. Ол тұрақты тұтығуға айланады.
Кейбір балаларда тұтықпа
Тұтығудың пайда болуы сөйлеу тілінің
жалпы жетілмеуіне жиі
Тұтығу тәрбие үрдісінің дұрыс болмауына да байланысты пайда болады, мысалы баланы қатал жазалау, қатты қорқыту және отбасындағы жағымсыз құбылыстар.
Тұтығу електеу негізінде де пайда болады.
Дегенімен аталған себептер тұтықпаны өз бетінен тұғызбайды. Тұтығудың пайда болуына бейімдейтін қандайда бір қолайсыз жағдайдың болуы аңықталған. Осы тұрғыдан тұтықпаның себептерін екіге бөліп қарастырады: бейімдейтін және тұғызатын себептері. Тұтықпаға бейімдейтін себептерге бала жүйке жүйесінің әлсіздігін, тұқым құалайтын және нерв жүйесіне әсер ететтін ауруларға шалдығуын және бас миының түрлі салдарына байланысты зақымдануын жатқызады. Тұтықпаны тұғызатын себептер: психикалық жарақаттар, қатты қорқып қалу, тәрбиенің бұрыс жағдайлары (баланы жөнсіз еркелету, «үлгілі оқушыны» тәрбиелеу, т.б), баланың созылмалы ауруларға шалдығуы, сөйлеу қабілетінің дұрыс қалыптаспауы, тез сөйлеу, ата-анасының тез сөйлеуі немесе тұтығуы, балаға әлі келмейтін сөйлеу метериалын беру, полиглоссия (бірнеше тілді бірдей меңгеру) және т.б.
Тұтықпаның белгілерін екіге бөліп қарастыруға болады: физиологиялық және психологиялық. Физиологиялық белгілерге сөйлеу бұлшық еттерінің тырысып дірілдеуін, орталық жүйке жүйесінің және денсаулығының ауытқуын, жалпы және ұсақ моторикасының бұзылуын жатқызады. Ал психологиялық белгілеріне – сөйлеу кезіндегі кідірлеуін, сөйлеу қабілетінің түрлі ақаулықтарын, өз кемістігіне байланысты қайғыру, уайымдау, логофобия (сөйлеуге қорқу) және басқа психологиялық ерекшеліктер.
Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысуы. Тырысу сыртқы бейнесі бойынша клоникалық, тоникалық және аралас болып бәлінеді, ар тырысудың орны бойынша тыныс алу, дауыс, артикуляциялық және аралас тырысу деп ажыратады, сонымен қатар тырысулар жиілігіне қарай сиппатталады.Тоникалық тырысу жағдайында баланың сөйлеу бұлшық еттерінің тырысып, дірілдеп қалуы сөздің басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалуына әкеледі: «а-ғаш». Ал клоникалық тырысу жағдайында қатты тырысу болмайды, бірақ бұлшық еттерінің қимылы дірілдеп қайталанады, яғни дыбснемесе буын қайталанады: «а-а-ағаш ».
Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала
бастаған кезде ілеспелі қосарласқан
артық қимыл-қозғалыстар
Тұтыққан адам сөйлеуін жеңілдету үшін кейбір әдет болып кеткен сөздерді, дыбыстарды қосады, мысалы: «а-а», «ы-ы», былай», «осы», «деген», «сол», «сосын» т.б. мұндай құбылыс эмболофразиядеп аталады.
Тұтықпаға тән тағы бір белгісі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, өзіне қиын деп санайтын дыбыстарды немесе сздерді айтуға қорқу. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.
Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударудың ерекшеліктерін жатқызады.олар балаларда түрлі болып келеді, мысалы: үйялшақтық, түйық мінез, қорқыныш сезім, уайымдау немесе дөрекілік, ашуланшақ мінез. Осындай ерекшеліктеріне байланысты тұтығатын балаларды үш топқа бөлуге болады: 1топ - өз кемістігін сезбейді, оған ешбір қиналмайды, үйялмайды, өз ақаулығын түзетуге талаптанбайды; 2топ - өз кемістігін уайымдайды, одан үйялады, түрлі қылықтарды пайдаланып, оны көрсетпеуге тырысады, өз ақаулығынан құтылуды армандайды; 3 топ - өз кемістігін қатты уайымдайды, тіпті қатты қайғырулары ауруға айналады, балалар сөйлеуге қорқып, қарым-қатынасты қажет етпейді.
Тұтығудың үш деңгейін ажыратады: жеңіл, орташа, ауыр. Әдетте, егер тұтығуы азғана байқалса, сөйлеу қарым-қатынасына ешбір кедергі жасамаса, оны жеңіл деңгейіне жатқызады; ал егер сөйлеу бұлшық еттерінің қатты тырысу салдарынан сөйлеу қарым-қатынасы мүлдем мүмкін болмаса, онда бұндай тұтықпаны ауыр деңгейіне жатқызады.
Тұтығатын балаларды тексеру. Тұтықпа өте күрделі, түрлі көрініс-белгітері бар кемістік болғандықтан, оны тексеріп, анықтау жан-жақты және кешенді түрде болуы кажет, яғни медициналық, логопедиялық және психологиялық. Медициналык тексеруді невропатолого немесе психонпвролог өткізеді. Мұнда баланың құрсақта жатқан кезіндегі жағымсыз факторларының болған-болмауы және туылған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктері анықталады. Дәрігер тұтықпаның түрін (функционалды немесе органикалық) анықтайды . Қажеті болса ол жүйке жүйесін жақсартуға арналған емдеу шараларын белгілейді. Лопедиялық тексеру бірнеше бағыттарды қамтид
Тақырып 11. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Алалия. Афазия.
Жоспар: