Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы
Жүйелік принципі сөйлеу тілінің жүйелік құрылысын және сол құрылыстың түрлі компоненттерінің өзара жүйелік байланыстарын білуді талап етеді. Сөйлеу тілінің негізгі компоненттері –сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, дыбыс айту, лексикалық жағы, грамматикалық құрылысы болып табылады.
Тіл кемістігін сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру принципі тіл кемістігін кешенді түрінде зерттеуін талап етеді. Себебі баланың барлық психикалық процестері сөйлеу тілінің тікелей қатысуымен дамиды.
Тақырып 5. Сөйлеу тілі ауытқуларын топтастыру жүйесі және оның тарихы
Жоспар:
Сөйлеу тілі ақаулықтарының түрлері және формалары туралы ғылыми түсініктердің қалыптасуы - оларды жою, болдырмау әдістемелерін құрастырудың алғы шарты. Логопедияның бүкіл даму тарихы барысында зерттеушілер тіл кемістіктерінің барлық формаларын қамтитын топтастыру жүйесін құрастыруға талаптанатын. Бірақ қазіргі заманның өзінде тіл кемістіктерінің топтастыруын бір жүйеге келтіру логопедия және басқа да ғылымдары үшін өзекті мәсәлелерінің бірі болып табылады. Тіл кемістіктерін топтастырудың қиындығы негізінде бірнеше себептері бар, оның ішінде бастылары - тіл кемістіктерінің бұзылу механизмдерінің толық зерттелмеуі және зерттеушілердің топтастыру жүйесінің принциптері жайлы қөзқарастарының түрлеше келуі.
Дербес ғылымы ретінде
қалыптасуының алғашқы
Ауызша тіл кемістіктерінің екі түрі бар: 1) сөйлеу тілінің сыртқы жағының бұзылуын немесе дыбыс шығарудың бұзылуы; 2) сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің жүйелі түрде бұзылуы.
Сөйлеу тілінің сыртқы жағының бұзылуына а) дауыстың пайда болуының бұзылуы; б) сөйлеу тілі жылдамдылық және ырғықтылық жағының бұзылуы; в) мәнерлеп, екпенді сөйлеудің бұзылуы; г) тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы жатады. Мұндай ауытқулар өз бетінше немесе бір-бірімен үйлесіп жатуы байқалады. Соған байланысты олар логопедияда келесі терминдерімен белгіленеді:
Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің иннервациясы дұрыс сақталғанына қарамастан кездесетін тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарының айтылу кемістігі, фонетикалық кемістік.
Ринолалия - сөйлеу тілі аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыс әуесіздігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Синонимдер мұрнынан сөйлеу, палатолалия.
Дизартрия - жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына (иннервацияның жеткіліксіз болғандығы) байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады, бұндай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіндігінен мүлдем айырылады.
Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбнесе ол бала тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс баяулауы. Синоним: брадифразия. Бұндай жағдайда адамның сөйлеуі созылмалы, екпінсіз, әлсіз болады.
Тахилалия - сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс арттыруы. Бұндай жағдайда адамның сөйлеуі тым асығыс, қарқынды болады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер жіберледі. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынандай терминдермен аталады: баттаризм, парафразия. Шапшан сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу – полтерн деген терминмен белгіленеді.
Дисфония (афония) - дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығарудың бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокалды бұзылу. Бұл кемістігінің әр түрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы; дауыс күшінің, әуезділігінің, биіктігінің бузылуы; дауыстың шаршауы, оның қырылдап, сырылдап, бәсен шығуы.
Сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуына алалия мен афазия жатады. Бұларды сөйлеу тілінің жүйелі кемістіктері деп санайды.
Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау.
Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазия жағдайында ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырлады. Егер мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды.
Жазбаша тілінің бұзылуы екі түрлі тіл кемістіктері жатады: дислексия және дисграфия.
Дислексия – оқу процесінің жартылай ерекше бұзылуы. Мұнда бала әріптерді дұрыс танып, ажыратуында, әріптерді буынға, буындарды сөздерге біріктіруде қиындық көреді, сол себептен сөздің дыбыстық формасы бұзылады, сөйленің байланыстары дұрыс болмайды, жалпы оқығаннын түсінуі қиындайды.
Дисграфия – жазу процесінің жартылай ерекше бұзылуы. Дисграфия баланың жазу кезінде әріптерді немесе буындарды жатастыру, алмастыру, орнын ауыстыру сияқты қателерінде, сөйлем ішінде сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырмауында қөрінеді. Оқыту барысында жазу дағдысының мүлдем қалыптаспауы аграфия деп аталады.
3. Тіл кемістіктерінің психология
Қазіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп жинақтаудың және жалпы жұмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың негізі ретінде сөйлеу тілі кемістіктерін психология-педагогикалық жолмен топтастыруды қолданады.
Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізінде осы топтастыруды Р.Е. Левина ұсынған. Бұл классификацияда сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауы (жетілмеуі) мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (жалпы тіл кемістігі) жатады.
Фонетикалық-фонематикалық дамымауы (жетілмеуі) – тіл дыбыстарын қабылдау және айту ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің қалыптасуының бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (жалпы тіл кемістігі) – сөйлеу тілі жүйесінің дыбыс айту және мағына жақтарына қарасты барлық компоненттерінің бұзылуы. Сөйлеу тілінің мұндай дамымауы сөйлеу тілінің бүтіндей жоқ болуынан толық дамуына дейінгі дәржеде байқалуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексикалық-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.
Екінші топ – қатынас құралының колдануының бұзылуы. Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістік те болуы мүмкін.
Клиникалық-педагогикалық және психологиялық- педагогикалық топтастырулары бір-біріне қайшы келмейді, керсінше өзара бірін-бірі толықтырады.
Тақырып 6. Дислалия тіл кемістігі.
Жоспар:
Әдетте балаларда 4-5 жасына таман дыбыстарды дұрыс айтылуы толық қалыптасады. Дегенімен, өз дамуының жеке, әлеуметтік және патологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір балалардың дыбыстарды дұрыс айту қабілеті толығымен қалыптаспай, жетілмей қалады да, тұрақты дислалия атты кемістігіне айналанады. Бұл тіл кемістігі ең көп таралған (15-25% мектепке дейінгі балаларда, 5-7% бастауыш мектеп оқушыларында).
Дислалия
дегеніміз – баланың есту
Механикалық (органикалық) дислалия шеткі сөйлеу аппаратының (оның сүйек және бұлшық ет құрылысының) органикалық кемістіктерінен пайда болады. Механикалық дислалияның жиі кездесетін себебі – тіл асты сінірінің қысқалығы. Осы себептен тіл үстіне қарай жақсы көтеріле алмайды, керекті көлемінде жылжымайды. Сонымен қатар, дислалия тілдің тым үлкен немесе тым кішкентай болуынан да пайда болуы мүмкін. Өйткені, тілдің үлкен болуы оның икемсіздігіне әкеледі, ал кіші болғаны артикуляциялық қозғалыстарын толық көлемінде орындай алмауына себеп болады.
Тағы бір себебі – тіс қабысуының кемістіктері. Олардың ішінде прогнатияны, прогенияны, ашық тіс қабысуын ажыратады. Прогнатия – үстінгі жақ сүйегінің тым алға қарай шығуы, осының нәтижесінде төменгі күрек тістері үстінгі күрек тістерімен қабыспайды. Прогения – төменгі жақ сүйегінің алға шығып кетуі, яғни төменгі күрек тістері үстінгі күрек тістерінің алдында шығып турады. Үстінгі және төменгі жақ сүектері қабысқан кезінде тістер арасында ашық жерлері қалып қалады, мұны ашық қабысу деіді. Егер алдыңғы тістердің арасы ашық қалса, ол – алдыңғы ашық қабысу, ал егер оң немесе сол жағында тістердің арасы ашық болса, онда ол –бүйірлік ашық қабысу деп аталады. Тістердің дұрыс қалыптаспауы да дислалияға әкелуі мүмкін. Мысалы: тістердің ара қашығының үлкен болуынан сөйлеу барысында тілдің ұшы сол тістердің арасына кіріп кетіп отырады да дыбыс айтылуы бұзылады.
Дыбыс айтылуының дұрыс қалыптасуына таңдай құрылысының кемістіктері де жағымсыз әсерін тигізеді. Тар және тым жоғары орналасқан немесе жалпақ, төмен орналасқан таңдай көптеген дыбыстарының артикуляциясына кедергі жасайды.
Еріннің жуандығы, төменгі еріннің салбырап, еңжар болуы немесе үстінгі еріннің қысқа және икемсіз болуы еріндік және еріндік-тістік дыбыстарының айтылуын қиындатады.
Функционалды дислалия шеткі сөйлеу аппаратының (оның сүйек және бұлшық ет құрылысының) ешбір органикалық кемістіктері жоқ жағдайында кездесетін дыбыс айтылуының бұзылуы. Функционалды дислалияның себептерінің ішіндегі ең жиі кездесетін – баланың жанұйяда сөйлеу тілін дұрыс тәрбиемелеу. Мысалы: көп ата-аналар баласының былдырлап сөйлеуіне қызығып, өздері де баламен солай ұзақ уақытқа дейін сөйлеп жүреді. Бұл баланың дыбыстарды дұрыс айтылуының дамуын тежейді.
Дислалия еліктеу негізінде де пайда болуы мүмкін. Әдетте, бала өзінен кіші балаларға еліктеп немесе ересектердің бұрмалап сөйлеуіне еліктеп, дұрыс сөйлемейді.
Жанұйяда екі немесе оданда көп тілді қатар қолдануы дислалияға әкеп соғуы мүмкін.
Дыбыс айтуының ақаулығы фонематикалық есту қабілетінің жетілмей дамуынан да пайда болады. Бұндай жағдайда бала бір-біріне қатты ұқсайтын дыбыстарды дұрыс ажыратуға қиналады. Нәтижесінде дыбыс айтылуы дұрыс қалыптаспайды. Дислалияға сөйлеу аппараты мүшелерінің еңжар қимылдаулары да себеп болады. Мысалы, бала тілді керек биіктікке көтере алмауы немесе қажетті қалпыда ұстай алмауы, бір қалпыдан екіншісіне ауысамай қалуы және т.б.
Тағы бір себебі – педагог мамандарының баланың дыбыстарды дұрыс айту-айтпауына көніл бермегені. Мысалы, балабақшада тәрбиешінің баланың дыбыстарды бұрмалап айтуына мән бермеуі. Бұндай себепті педагогикалық қателер деп атап кетті