Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы
Сөйлем мүшелерінің нашар қимылдауынан және бір дыбыстан екінші дыбысқа өте алмауының салдарынан дизартрия балалардың оқу дағдысы өте қиын. Көбінесе бөліп және ырғақсыз оқиды. Оқығаны баланың өзіне де, тыңдаушыға да түсініксіз. Мысалы, кітаптан сәкі деген сөзді оқып, суреттен сатыны көрсетеді.
Дизартрия балалардың
сөйлеу тілі дамуының
Тақырып 9. Дауыстың бұзылуы
Жоспар:
Дауыс шығару механизмінде көкірек қуысындағы диафрагма, өкпе, тыныс алу жолдары, кеңірдек көмекей, жұтқыншақ, мұрын жұтқыншағы, мұрын жолдары белсенді қызмет атқарады. Ауа өкпеден тыныс алқымы арқылы көмейге өтеді. Көмейкей бір бірімен бұлшық еттері арқылы байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады. Шеміршектерге дауыс шымылдығы, демек екі бөлек шоқ бұлшық еті бекітілген. Дауыс шымылдығы көмекейге көлбейкөлденең орналасқан. Шымылдықтың аралығында дыбыс саңылауы бар.
Адам сөйлеген кезде шымылдық тығыс жақындасып керіледі, өкпеден шыққан ауа ағымы шымылдықтың арасынан жарып өтіп оның тербелуіне мәжбүр болады; шымылдық тербелісінің нәтижесінде көмекей және жұтқыншақтың ішіндегі ауа тербеліске түседі, сол тербелістің үні сыртқа дауыстың үні болып шығады. Адам үндемей тұрғанда шымылдық керілмеген, арасындағы саңылау кең ашылған, өкпеден шыққан ауа ағымы еркін шығады, дауыс болмайды. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс шымылдығы толық жабылмайды, бір-біріне үйкелісі аз болады.
Жұтқыншақ, мұрын жұтқыншақ, ауыз қуысы, мұрын және оның қосымша қуыстары дауыстың жаңғыртқындығын күшейтіп өзіндік бояуын және дыбыстық сипатын береді.
Дауыстық сипатын беретін
Мектеп жасына дейінгі жас балалардың дауыс шығаратын аппараты әлі толық қалыптаспаған, соңдықтан өзіне тән емес үнімен топ алдында жылдам сөйлеуді талап етуге болмайды.
Дауыс бұзылуының алғашқы белгілері, аздап қырылдауы немесе оның тез шаршауы, көмекей қызметінің шамалы қажуының салдарынан болуы мүмкін. Бірақ, егер осы ауытқұларды уақытында жоймаса, онда көмейдің өзгеруі тұрақтанып қалады, демек дауыстың ақаулығын қиындатып жібереді.
Дауыс бұзылуының көбісі бала ағзасының және оның сөйлеу функциясының даму барысында жүре пайда болады. Бұған жұмсақ таңдай мен катты таңдайдың іштен туа біткен ақаулығы мен есту қабілетінің нашарлануына байланысты дауыс бұзылуларын қосуға болмайды.
Дауыстың бұзылуы өз алдына жеке ақаулық та немесе сөйлеу тілі кемістіктерінің құрамындағы ақаулығы да болуы мүмкін.
«Фонация» дегеніміз дауыс
шығару, ал «дис» - бұзылу, сонда
«дисфония» дауыс шығарудың
Дисфония дегеніміз – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы.
Бұл кемістіктің әр түрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы немесе дауыс күшінің, әуезділігінің, биіктігінің бұзылуы, дауыстың «шаршауы», оның қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы.
Балалардың және жас
Баланың қалыптасуына және қоршаған ортаға бейімделу, үйрену мумкіншілігіне дауыс бұзылуының айтарлықтай жағымсыз ықпал жасауы дауыс қызметінің бұзылуының ауырлығына және ерекшелігіне байланысты. Соңғы уақытта дауыс шығару аппаратының ауруға шалдығуы анағұрлым көп, әсіресе тілмен айналысатын мамандарда көп тараған.
Дауыс бұзылудың себептері әр түрлі. Оларға өнештің, мұрын жұтқыншағының, өкпенің ауруға шалдығуы; дауысқа шамадан тыс салмақ салу; есту қабілетінің нашарлауы, нерв жүйелерінің ауруға шалдығуы; сөйлегенде немесе өлең айтқанда дауыстың гигиенасын дурыс сақтамау және т.б.
Дауыс бұзылуы органикалық және функционалды болып бөлінеді. Бұндай бөлінуі арнайы емдеу мен логопедиялық жұмысының тәсілдерін іріктеп алу үшін маңызы бар.
Функционалды бұзылу көмекейдің уақытша
өзгеруімен байланысты, сондықтан түзету
жұмысының барысында дауыс
Органикалық бұзылу кезінде көмекейдің, дауыс шымылдығының және жалғамалы құбырының құрылысында тұрақты өзгерістер байқалады. Түзету барысында логопед дауыстың қатынас қызметін ойдағыдай қалпына келтіреді, бірақ қанша дегенімен де дауыстық сапасында бұрыңғы қалпынан едәуір айырмашылығы болады.
Дауыстың функционалды бұзылуы ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі.
Балалардың дауысында шамадан тыс салмақ түсуден пайда болатын бұзылудың ең көп тараған түрі спастикалық дисфония деп аталады. Дисфония балалардаң 5 жасындағы шамадан біліне басталатындығы байқалады, ал 8-10 жастың аралығында өте жиі болады. Дисфония қатты айқайлап сөйлейтін, ұшқалақ мінезді, даурықпашы балаларда жиі пайда болады. Әдетте бұндай балалардың дауысы таңертең таза және анық болады да, кешке қарай біртіндеп қарлығып қырылдап кетеді.
Қағида бойынша дауысқа
Баланың көмекейінде органикалық өзгерістер пайда болады, олар - дауыс шымылдығының ортасындағы түйіндер. Бұндай түйіндер 5-10 жас аралығында ер балаларда жиі байқалады. Ол түйіннің пайда болуының негізгі себебі әлі толық жетілмеген дауыс аппаратына шамадан тыс салмақ түсуімен қатар балалардың мінез құлқындағы ұшқалақтық ерекшеліктер мен ата-аналардың және тәрбиешілердің бала дауысының дамуына немқұрайды қарауы. Осымен қатар бұндай кезде фонациялық тыныс алу да бұзылады. Ол үстірт, зорланып және әлсіреп қалады. Дауыс тұрақты қырылдауымен сипатталады.
Балаларда сонымен бірге функционалды афония да байқлады. Оның ерекшелігі көмекейдегі патологиялық өзгерістер тұрақсыз келеді және жөтелгенде дауыс анық шығуы мүкін болады. Бұндай жағдайда дауысты емдеу және арнайы жаттығулар арқылы қайта қалыптастырады. Функционалды ақаулықтарға жас өспірімдерде болатын физиологиялық өзгерістерімен қосарласып келетін дауыстың патологиялық өзгерістері де жатады.
Дауыстың органикалық бұзылуы орталық және шеткі болып екіге бөлінеді.
Орталық бұзылуға дизартрияға шалдыққан балаларда байқалатын афония мен дисфония жатады.
Шеткі бұзылуға көмекейдің патологиялық өзгерістердің салдарынан болатын дауыстық ақаулығы жатады. Бұл бұзылудың себептеріне тамақтың қабынуы, күйік, зақым, ісіктер, жұмсақ таңдайдың жартылай салдануы, таңдайдың жырығы, көмекейдің ауырып жазылғаннан кейінгі немесе микрохирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы және басқа себептер жатады.
Көмекейдің және дауыс шымылдығының
анатомиялық өзгерістеріне
Егер дауыстың бұл сияқты бұзылулар баланың жас кезінде пайда болса, онда айналасындағылармен қатысып сөйлесуі едәуір қиындайды, әлеуметтік қарым-қатынастары да шектеледі. Сөйлеу тілі де жеткілікті дамымайды. Сөздік қоры, сөйлеу тіліндегі грамматикалық құрысының, дыбыс айтылуының дамуы кешігеді. Сондай-ақ денсаулығы және психикасы әлсірейді, қөңіл-қүйі бұзылады, өзің-өзі басқарудан ауытқиды.
Шеткі бұзылуға кейде нашар еститін және саңырау балалардың дауыс ақаулықтарын да жатқызады.
Тақырып 10. Сөйлеу тілі ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы
Жоспар:
Сөйлеу тілі жылдамдылығы - сөйлеу тілінің мәнерлі, көрнекі болуының алғышартарының бірі. Адам өз сөйлеуінің қарқынын бәсеңдету арқылы хабарлап тұрғанның маңыздылығын, ерекшелігін білдіртеді. Керсінше, егер біз кейбір сөз тіркестерін, сөйлемдерді жедел айтып кетсек, онда біз сол сөздердің, сөйлемдердің маңызды емес екенін, қосымша мағанасы бар екенін білдірте аламыз. Бірақ, осылай сөйлеу тілінің жылдамдылығының бәсеңдіру немесе жылдамдату арқылы өзгертсек те, біздің дыбыс айтуымыз дұрыс және түсінікті болып қала береді, яғни қалыпты сөйлеу тілініне оның қарқынның бірде баяу, бірде жылдам болғаны тән. Қалыпты сөйлеу тілінің жылдамдылығы деп бір секундаға 9-14 фонемалар айтылуын санайды. Сөйлеу тілі қарқыны қалыпты болуының міндетті шарты – бас ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелу) дұрыс үйлесуі, тепетеңдігін сақтауы.
Балалардың көпшілігі дұрыс жылдамдылықпен сөйлеуді бірден меңгере алмайды. Көптеген мектепке дейінгі балалар тым асығыс сөйлейді, себебі олардың тежелу процестері әлсіздеу келеді және олар өз сөйлеуін жеткілікті бақылай алмайды. Кейбір балаларда сөйлеу тілі жылдамдылығының бұзылуы патологиялық сипатына ие болады, олар тым жедел сөйлейді (тахилалия) немесе сөйлеуі өте баяу болады (брадилалия).
Тахилалия - сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс арттыруы (грек сөз.tachys – «жылдам», «жүйрік», lalia – «сөйлеу»). М.Е. Хватцевтің анықтауы бойынша тахилалия жағдайында 1 секунтта 20-30 фонемалар айтылады. Дыбыс айтуы дұрыс болғанның өзінде бұндай сөйлеуді түсіну өте қиын болады. Бірақ, әдетте, тым тез сөйлегеннен бала бұындарды еріксіз қайталайды немесе тастап кетеді, дыбыстарды бұрмалап айтады, сөздің құрылысын бұзады. Ол өз сөйлеуіндегі қателерін байқамайды. Бала дем жеткенше тым асығыс, еш тоқтамай сөйлейді, кейде оның сөйлеуіне аяқ-қолдарының тез барабарсыз қимылдары қосарласады. Тахилалия алғашқы балалық кезінде-ақ пайда болады және, егер ешбір түзету жұмысын өткізбесе, ол жеткеншек жасында күшейіп кетеді.
Тахилалия себебтері деп бірнеше факторларды айтуға болады. М.Е. Хватцев айтуынша тахилалияның ең басты себебі – бас ми қыртысындағы қозу процестерінің патологиялық түрінде басым болуы. Тахилалияның тұқым құалауы мүмкін екендігі де дәлеңдеңген. Баланың айналадағы ересектердің тым тез сөйлеуіне еліктеу және сөйлеу тілін дұрыс тәрбиелемеу де тахилалияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Жалпы тахилалия ашуланшақ, желіккіш, күйгелек балаларда жиі кездеседі.
Тахилалия жағдайында баланың тез сөйлеуі тұтықпаға ұқсайды, себебі бала бұындарды, дыбыстарды, сөздерді жиі қайталайды, сөйлеу кезінде қідіріп қалады. Бұндай кідіру мен тоқтап қалудың тұтықпадан айырмашылығы: сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің тырысуы болмайды.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс баяулауы ( грек сөз.bradus – «баяу» «бәсең», lalia- «сөйлеу»). Брадилалия кезінде бала өте баяу, ақырын, дыбыстарды созып сөйлейді. Дыбыстардың артикуляциясы әлсіз, дауыстары реңсіз болады. Осындай патологияға зар болған балалардың көпшілігіне жалпы әлсіздік, тежелу, сылбыр болуы тән. Әдетте, балалардың іштей сөйлеуі де бәсеңдеңген. Бұндай балаларда жалпы моторикасының, зейіннің, ес пен ойлауының бұзылуы жиі байқалады. Баланың патологиялық түрінде асықпай, жай сөйлеуі айналадағы адамдардың жыдамсыздығын , ашуын келтіреді. Сондықтан да бала мүлдем сөйлемеуге тырысады. Бұл жайыт баланың сөйлеу дамуын, яғни ойлаудың дамуын күрт тежейді. Зерттеушілердің айтуынша, брадилалия ақыл-ойы кем балаларда көп кездеседі.
Брадилалияның себептері түрлі болып келеді және тахилалияның себептеріне сәйкес. М.Е. Хватцев айтуынша брадилалияның ең басты себебі – бас ми қыртысындағы тежелу процестерінің патологиялық түрінде басым келуі. Брадилалия тұқым арқылы берілуі де мүмкін. Тахилалия сияқты брадилалия да баланың еліктеу және сөйлеу тілін дұрыс тәрбиелемеудің де себебінен пайда болуы мүмкін.