Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетеді. Бірінші жай – фонетикалық есту қабілітінің дамуы және ана тілі фонемаларын сөйлеуде қолдану. Екінші жай – сөздік қорын және синтаксистік нормаларын меңгеру. Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Адамның сөйлеу қызметі оның психикалық дамуында маңызды роль атқарады. Сөйлеу қарым-қатынасының толыққанды болуы адамның әлеуметтік қатынастарының іске асуының алғы шарты болып, оның бала кезінен қоршаған дүние туралы түсініктерін кенейте түседі. Баланың сөйлеу тілін меңгеру оның жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бағыттайды, ұжым ішінде өзін дұрыс ұстауын және қатысуын жоспарлауға көмектеседі. Ал сөйлеу тілі дамуының айқын ауытқуы бала үшін нағыз жағымсыз салдарын туғызады, олардын ішінде:
Сөйлеу тілі адамның туа біткен қабілеті емес, ол онтогенез барысында адамның дене және ойлау қабілеттерімен қатар дамиды, адамның жалпы дамуының көрсеткіші болып табылады. Баланың ана тілін меңгеруі белгілі заңдылықтарына бағынады және барлық балаларға тән ерекшеліктерімен сипатталады. Сөйлеу тілінің бұзылуын дұрыс түсіну үшін, қалыпты сөйлеу тілінің бір ізділік даму жолын нақты белгілеп, осы процестің заңдылықтарын және табысты болу шарттарын білу керек. Сонымен қатар, сөйлеу тілі дамуының әр кезеңін, әр «сапалық қарғуын» нақты түсіну қажет, өйткені бұл сөйлеу тілі дамуының ауытқуларын дер кезінде айқындауына және тіл кемістіктерін диагностикасын дұрыс өткізуіне мүмкіндік береді. Ал сөйлеу тілінің бұзылуын тузету үшін, түзету-тәрбиелеу жұмысынның жоспары мен мазмұнын сауатты құрастыру үшін да міндетті түрде сөйлеу тілінің онтогенез барысында дамуын, даму заңдарын толық білу қажет.
Әдебиетте сөйлеу тілінің қалыпты дамуының кезеңдерін ғылыми түрде көп қарастырғандар: А.Н. Гвоздев, Г.Л. Розенгард-Пупко, Д.Б. Эльконин, А.А. Леонтьев, Н.Х. Швачкина, В.И. Бельтюков және т.б. Осы авторлардың монографияларында балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуы ең алғашқы балалық кезінен бастап толық сипатталған. Олар сөйлеу тілі даму кезеңдерін түрлі тұрғыдан қарастырып, белгілейді. Мысалы, А.Н. Гвоздев баланың сөз таптарын, сөйлем құрылысын, олардың грамматикалық формаларын біртіндеп меңгеруін зерттеді, осыған байланысты ол сөйлеу тілі даму кезеңдерін көбіне лексикалық-грамматикалық категорияларының дамуына байланысты ұсынды.
Г.Л. Розенгард-Пупко сөйлеу тілінің қалыптасуында екі кезеңін белгіледі: 2 жасқа дейін – дайындық кезеңі және 2 жатан кейін – сөйлеу тілінің өз бетінше дамуы.
А.А. Леонтьевтің зерттеулеріне негізделіп, сөйлеу тілі дамуының негізгі кезеңдерін шартты түрде белгілеуге болады:
Осы кезеңдерге қысқаша сипатама берейік.
2. Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері
Дайындық кезеңінде сөйлеу тілін меңгеруіне дайындық жүреді. Туылу сәтттен бастап балада дауыс реакциялары пайда болады: жылау, айқайлау. Осы реакциялар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің түрлі ұсақ қимыл—қозғалыстарының дамуына себеп болады. Екі аптадан кейін баланың сөйлеген адамның дауысына реакция беруін байқауға болады: жылауын тоқтатуын, тындауын. Кейін ол сөйлеген адамның жағына басын бұрайды, оны көзбен андыйды. Одан кейін бала адамның сөйлеу екпініне жауап көрсетеді: ұрысқанға жылайды, мақтауға күледі. 2 айында бала үлілдейді, 3 айында —былдырлайды. 5 айынан бастап бала дыбыстарды талдап, қоршаған адамдардың артикуляциялық қозғалыстарына електеуге тырысады. 6 айынан бастап кейбір буындарды анық айтады. Бара-бара бала еліктеу негізінде сөйлеу тілінің барлық элементтерін меңгереді: фонемаларын, әуезділігін, сарынын, мәнерлігін, екпінін, жылдамдылығын. Жылдың екінші жартыжылжығында бала естіген дыбыс тіркестерін белгілі зат немесе қозғалыспен байланыстырады. Әлде де ол кешенді ықпал етуге ғана жауап береді. Дегенмен, уақытша байланыстар қалыптасады (сөздерді есінде қалдырып, оларға белгілі жауап қайтару). 7—8 айында бала ересектің артынан дыбыстардың түрлі-түрлі дыбыс тіркестерін қайталайды және сөз мағнасына түсінеді. 10-11 айында сөздердің өзіне ғана жауап көрсете алады. Бір жасында баланың бірінші сөздері пайда болады.
3. Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен үш жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде бала көп сөйлейді, сөйлегенде дыбыстарды шатастырады, бұрмалап айтады, орындарын ауыстырады. Баланың бірінші сөздері жалпы мағыналы болып келеді, бұндай сөйлеуді белгілі жағдаймен байланыстыру арқылы ғана түсінуге болады. Бұл кезең барысында баланың сөздік қоры әжептәуір дамиды. 3 жасында баланың сөйлеу тілі грамматикалық құрылысы қалыптасады. Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым қөбірек сөйлесе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырырақ дамиды.
Мектеп жасына дейінгі кезінде сөйлеу тілі өте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымы қарапайым сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Бала екі жасының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, бес – алты жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен айтуға
оңай дыбыстарды – дауысты және
еріндік, еріндік-тістік дауыссыз дыбыстарды
(п, б, м, ф, в, т) меңгереді. Ауыр жолмен
пайда болатын ысқырып
Сөйлеу тілінің қалыптасу
барысында бала мектепке барар алдында
тілдің негізгі грамматикалық
Қөбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің әлде нақты қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезеңде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс салмақ салмауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және тіл кемістігінен алдынала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.
4. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңінің алғашқы сатысында балалардың көпшілігінде дыбыс айтуының физиологиялық ақаулықтары сақталынады. Оның ішінде ысқырық, ызын, р және л дыбыстарын айту кемшіліктері көбірек кездеседі. 3-7 жас арасында баланың өз дыбыс айтуын есту бойынша бақылау дағдысы, дыбыс айтуын мүмкіндігінше түзету қабілеті дамый түседі. Басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл кезеңде сөздік қорының қарқынды өсуі жалғасады. Баланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасында 3000-4000 сөз көлеміне жетеді. Сөз мағналары нақты анықтала береді және күрделенеді. Бірақ кейде сөздерді дұрыс қолданбау жағдайлары да кездеседі, ол көбіне балалардың өз бетінше сөздерді өзгертуінде көрінеді, баланың сөзшығармалығы байқалады.
Сонымен қатар, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы дамиды. Бұл кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін бала сөйлеуінің мазмұны недәуір күрделенеді және көлемі де үлкееді. Мұнын өзі сөйлемдердің құрылысын өзгертеді. А.Н. Гвоздев айтуынша 3 жастағы баланың барлық негізгі грамматикалық категориялары калыптасады. 4 жастағы балалар сөйлеуде қарапайым және күрделі сөйлемдерді қолданады. Ең жиі қолданатындары – тұраулы қарапайым сөйлемдер. 5 жастағы бала салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді еркін пайдалана алады.
Осы жастағы балалардың сөйлеуі қысқа әнгімеге ұқсайды. Олар 40-50 сөйлемнен тұратын мәтінді мазмұндай алады, яғни олар монологтык сөйлеуді меңгере бастайды.
Сөйлеу тілі дамуының осы
кезеңінде баланың
5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі. Бұл кезеңінің басты ерекшелігі – баланың сөйлеу тілін саналы түрде меңгеруі. Балалар дыбысты талдауға үйренеді, сөйлеудің грамматикалық ережелерін меңгереді. Сөйлеудің жаңа түрі - жазбаша сөйлеу- басты роль атқарады. Бұл кезеңде сөйлеу тілі бағытты түрде жетіледі: балалар сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы қолданады.
Әрине, сөйлеу тілі дамуының айтылып кеткен кезеңдерінің шектері нақты және тұрақты болмайды, әр кезең келесі кезеңімен бір қалыпты жалғасып жатады.
Тақырып 3. Сөйлеудің анатомиялық-
Жоспар:
А) Тыныс алу бөлімінінің құрылысы мен қызметі
Б) Дауыс бөлімінінің құрылысы мен қызметі
В) Артикуляциялық бөлімінінің құрылысы мен қызметі
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері – дыбыстар, сөздер және грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтык және монологтык деген екі тұлғасы кіреді. Диалогтык сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әнгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологтык сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Монологтык сөйлеу тілінің ерекшелігі — дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіру. Кемістігі бар тілде диалогтыкқа қарағанда монологтык сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Сөйлеу тілі екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады. Ойлану арқылы қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тіліне көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамамсында, өзінің істеген әрекеттерін естіртіп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің көмегімен ойдың сөзге айналуы барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бір неше жайды көрсетеді.
Бірінші жай – фонетикалық есту қабілітінің дамуы және ана тілі фонемасын сөйлеуде дағдылануы.
Екінші жай – сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру.
Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың барлық сөйлеу тілінің дамуы шартты түрде төрт кезенге бөлүге болады: дайындық — бір жасқа дейін; мектеп жасына деінгінің алдындағы – 1ден-3ке дейін (алғашқы балалық), мектеп жасына дейінгі — 3тен-7ге дейін; мектеп жасындағы.
Дайндық кезенінде сөйлеу тілін меңгеруіне дайындық жүреді. Туылу сәтттен бастап балада дауыс реакциялары пайда болады: жылау, айқайлау. Осы реакциялар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің түрлі және ұсақ қимыл—қозғалыстарының дамуына себеп болады. Екі аптадан кейін баланың сөйлеген адамның дауысына реакция беруін байқауға болады: жылауын тоқтатуын, тындауын. Кейін ол сөйлеген адамның жағына басын бұрайды, оны көзбен андыйды. Одан кейін бала адамның сөйлеу екпініне жауап көрсетеді: ұрсқанда жылайды, мақтауға күледі. 2 айында бала үлілдейді, 3 айнда —былдырлайды. 5 айынан бастап бала дыбыстарды естіп, қоршаған адамдардың артикуляциялық қозғалыстарына електеуге тырысады.6 айынан бастап кейбір бұындарды анық айтады. 7—8 айында сөз мағнасына түсінеді. Бір жасында баланың бірінші сөздері пайда болады.
Мектеп жасына деінгінің алдындағы кезен шамамен үш жасқа дейін созылады. Бұл кезенде бала көп сөйлейді, сөйлегенде дыбыстарды шатастырады, бұрмалап айтады, орындарын ауыстырады. Баланың бірінші сөздері жалпы мағыналы болып келеді, бұндай сөйлеуді белгілі жағдаймен байланыстыру арқылы ғана түсінуге болады. Бұл кезен барысында баланың сөздік қоры әжептәуір дамыйды. 3 жасында баланың сөйлеу тілі грамматикалық құрылысы қалыптасады.Бұл кезенде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым қөбірек сөйлесе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырыақ дамиды.
Мектеп жасына дейінгі кезінде сөйлеу тілі өте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Бала екі жасының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, бес – алты жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.