Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Описание работы

Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

Содержание работы

Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы

Файлы: 1 файл

Логопедия негіздері дәрістер кешені.doc

— 561.00 Кб (Скачать файл)

Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы  барысында күрделі фунционалдық бұзылыстары  пайда болады.

Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың бірдей жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызады, ал екеуі бірдей екі жағынан да  жырылған болса, бала сору қабілетінен мұлде айырылады.

Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және  ауруға шалдығыш болуына алып келеді. Жырық бар балалардың көпшілігі  жоғары тыныс жолының қабынуы, бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел  ауруына бейім болады.

Бұндай балалардың мұрын қуысында қабыну процестері және  патологиялык өзгерістер де жиі байқалады (мысалы, мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің пайда болуы тб.). Қабыну процестері мұрынның, жұтқыншақтың шырышты қабығынан    евстахиев түтіктеріне ауысып,  орта құлақтың  қабынуын қоздыруы  мүмкін.

Құлақтың жиі ісулерінің созылмалы  ауыруга айналуы есту қабілетінің  нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендігі әртүрлі  дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70 пайызы сөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар.

Ерін мен таңдай құрлысының анатомиялык  ауытқуы үстінгі жак сүйектің дұрыс дамуына және қиқы - сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістеңбеуімен  тығыз байланысты.

Ерін мен таңдайдың құрлысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді.

Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне  жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтаңдыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді.

Үстіңгі ерінді хирургиялық емдеу (хейлопластика) жолымен қалпына  келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы  келген күндерінде перзентханада жасалады.

 Таңдайдың жарығына стомотолог-ортодонт  әртүрлі аспаптарды қолдануы (соның  ішінде абтуратор) баланың тамақтануын  жеңілдетеді және сөйлеу тілінің  дамуына жағдай жасайды. Отолоринолог  кұлақтың, мұрын жұтқыншақтың және  көмейдің ауруларын анықтайды, патологиялық өзгерістерін емдеп, алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына баланы дайындайды.

Ой өрісі дамуыңда ауыткуы бар  және жұйке ауруы айқын білініп  тұрған балаға неврапотолог кеңес береді.

Таңдайды хирургиялық жолымен  қалпына келтіру (уранопластика)  көбіне баланың мектеп жасына дейінгі кезенінде жасайды.

Психикалық дамуының жағдайына  байланысты таңдайының жырығы бар балаларды  үш категорияға бөлүге болады: психикасы  дурыс дамыған бала, ой-өрісінің дамуы көшеуілденген бала; ақыл-ойы  кем бала. Әдетте, неврологиялық тексерудің барысында бас миының зақымдануының белгісі  байқалмайды. Кейбір балаларда жекелеген неврологиялык болмашы белгілері бар. Ал нерв жүйесінің функционалды бұзылуы мұндай балаларда едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогендік әлсіздігі, көтеріңкі қызбалығы да байқалады.

Жоғарыдағы айтылғандардан басқа  таңдайдың іштен туа біткен жарығы баланың сөйлеу тілінің дамуына  теріс ықпал етеді.

Ерін және таңдай жарықтары сөйлеу тілі жетілмеуінің  қалыптасуында  әртүрлі роль атқарады. Ол анатомиялық акаулыктың келемі мен түріне байланысты.

Жарыктың мынандай түрлері кездеседі:

  1. ұстіңгі еріннің жарығы, үстіңгі ерін және жақ суйектер жырығы;
  2. қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы; Таңдайының жарығы бар балаларды
  3. үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың жарығы (бір жақты немесе екі жакты).
  4. таңдайдың шырышты қабығы асты жарығы.

Жырық ерін мен жарық таңдай барлық дыбыстардың мұрыннан немесе мұрын  жолы ренімең айтылуына алып келеді да сөйлеу тілін түсініксіз етіп бузып  жібереді.Сонымен қатар, мұрын әуездігімен айтылған дыбыстарға тағы бір реңсіз шу қосылады: мысалы, қорылдау.    

Ауыздағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп  мұрын жолын жабатынды дағдыға  айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетін өзгертіп дыбыстардың артикуляциясын бұзады.

Сөйлеген кезде бала әдеттегідей  ауызын аз ашады және тілінің орта жағын қалыптағысынан жоғарырық  көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілік мөлшерде қимылдамайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады,                                                                  себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілуі ауыз қуысын ауа мұрын қуысына өтіп кететіндей жағдайға келтіреді де, дыбыстардың мұрын әуезділігін күшейтеді.

П,б,ф,в дыбысын айтуға талаптанғанда  ринолалиясы бар бала өзінің  "тәсілін" қолданады. Дыбыстар жұтқыншақ  қағумен алмастырылады, бұл  ринолалияның ауыр түріне шалдықққан баланың сейлеу тілін ерекше  сипаттайды. Қақпақ жыбылғандағы дыбысқа  ұқсаған осындай қағу дыбысы көмекей қақпағының тілдің артқы жағына жанасқан кезде пайда болады.

Таңдай ақаулығының көлемі мен  сөйлеу тілінің бұзылу денгейі арасындағы тікелеі сәйкестігі аныкталған жоқ. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының  пішін үйлесімдегі және резонанс тұғызатын қуыстары (мұрын, ауыз, жұтқыншақ) мен  баланың өз сөйлеуінің анықтылығын күшейту үшін қолданатын  компенцаторлық  тәсілдерінің  ара катынасындағы жеке айырмашылықтарымен түсіндірледі. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінің анықгылығы жасына және жеке-психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты.

Сөйлеу тілі мүшелерінің жұмыс  істеуінде қауыпты өзгерістердің  пайда болуынан сақтап калу үшін баламен  логопедиялық жүмысты ерте бастан, операцияға дейін бастау керек. Бұл  кезде жұмсақ таңдайдың белсенділігін жаттықтырады, тілдің түбін қалыпты жағдайын дұрыстайды, ерін бүлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеу және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмысы аякталғаннан кейін 15-20 күндей жаттығуларды кайталайды, бірак сабаққа койылатын ең негізгі мақсаты - жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады.

Ринолалияға шалдыққан балардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеу нәтижелері бойынша сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық жағдайларының нашарлығы, сөйлеу тілінің қозғалтушы компонентінің шектелгендігі оның  дыбыстық жағын кеселдендіріп қана қоймай, кейбір жағдайларда сөйлеу тілінің   барлық бөліктерінің жүйелі бұзылуына әкеледі.

Жасы ұлғайған сайын баланың  сөйлеу тілі дамуының көрсеткіштері  нашарлайды, жазу тілінің түрлі формаларының бұзылуының қосылуынан ақаулығының  құрылымы асқынады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 8. Дизартрия тіл кемістігі

Жоспар:

  1. Дизартрия тіл кемістігі туралы түсінік.дизартрияның себептері.
  2. Дизартрия түрлері.
  3. Сопақша ми дизартриясы
  4. Жалған сопақша ми дизартриясы
  5. Ми қыртысы дизартриясы
  6. Ми қыртысы асты дизартриясы
  7. Мишық дизартрия

 

  1. Дизартрия тіл кемістігі туралы түсінік.дизартрияның себептері.

Дизартрия дегеніміз сөйлеу мүшелерінің жүйке тамырлармен қамтамасыз етілуінің органикалық жетілмеуінен  пайда болатын дыбыс айтылу жағының бұзылуы. «Дизатрия» термині латын сөздерінен тұындайды: dys – бұзылу,  arthson- мүшелену.

Дизартрияның басты көріністері: сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуының ақаулықтары, дауыстың бұзылуы және сөйлеудің жылдамдылығының, ырғақтылығының, екпінділігінің жағымсыз өзгерістері.

Аталынған кемістіктер жүйке жүйесінің  шеткі және орталық бөлімдерінің зақымдану аймағына, ауырлығына, пайда болған уақытына  байланысты  әр түрлі деңгейде  болады және бір-бірімен түрлеше үйлеседі.

Сөйлеу тілінің анық, мәнерлі  болуын қиындататын, ал кейде тіпті  оған кедергі болатын артикуляция  мен фонацияның бұзылуы дизартрияның алғашқы кемістігін құрайды, осы алғашқы кемістігінен дизартрияның құрылыс-құрамын күрделендіретін туынды кемістіктер пайда болуы мүмкін.

Дизартрияға шалдыққан балаларды  клиникалық, психологиялық және логопедиялық зерттеуінің нәтижелері мұндай балалардың топтары  қозғалыс жағынан, психикалық ерекшеліктері және сөйлеу тілінің ақаулықтары бойынша өте  түрлеше  келедігін көрсетті. Дизартрияның пайда болу себебі  баланың құрсақта жатқан кезінде, туылу және туылғаннан кейін алғашкы балалық кезіндерінде жағымсыз сыртқы факторларының әсерінен болатын орталық және шеткі жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбіне  құрсақ кезендегі инфекцияға шалдығу, оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия), интоксикация және токсикоз, туылу кезіндегі асфиксия, жарақат алу салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, дизартрияның пайда болуына әкелетін фактордың бірі – анасымен баланың кан резустарының сәйкес келмеуі. Бұларға қарағанда баланың алғашқы балалық шағында иңфекциялық ауруларға шалдығуы, нерв ауруларының тұқым құалап келүі, ми ісіктің пайда болуы сирек кездеседі.

Дизартрияның клиникалық-физиологиялық  аспектісі мидың зақымдану деңгейімен, аймағымен белгіленеді. Қозғалыс және сөйлеу аймақтарының мида жақын орналасуы  және функционалды бір-бірімен тығыс  байланысы дизартрияның түрлі  сипаты және деңгейі бар қимыл-қозғалыс кемістіктерімен үйлесуін түсіндіреді.

Дизартриядағы дыбыс айтылу ақаулықтары  сөйлеу тілінің қозғалыс механизмін бағыттайтын мидың түрлі бөлімдерінің зақымдануынан пайда болады. Мұндай бөлімдеріне жатады:

  • сөйлеу аппаратының бұлшық еттеріне (тілдің, еріннің, ұрттың, таңдайдың, астыңғы жақ сүйегінің, жұтқыншақ, көмекей, өкпенің, диафрагманың) баратын шеткі қозғалыс жүйке тамырлар;
  • бас мида орналасқан шеткі қозғалыс жүйке тамырларының ядролары;
  • ми қыртысының астында орналасқан және қарапайым эмоцияларды, сөйлеу шартсыз рефлекстерді жүзіге асыратын (мысалы, жылау, күлу , ) ядролар

Осы бөлімдерінің закымдануы шеткі  жүйке жүйесінің кемістігін айқыңдатады: нерв импульстері сөйлеу аппаратының  бұлшық еттеріне бармайды, бұлшық еттеріндегі зат алмасу процестері бұзылады да бұлшық етері әлсірейді, солады, сал болып қалады,  атрофия және атония, арефлексия құбылыстары байқалады.            

Сонымен қатар, сөйлеудің қозғалыс механизмі  жоғарырақ орналасқан ми бөлімдерімен де қамтамасыз етіледі, олар:

    • ми қыртысы асты-мишық ядролары және  байланыс жолдар. Бұлар сөйлеу тілі мәнерлігін; сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің шиеленудегі бір ізділігін, үйлесуін, шиелену деңгейін (тонусын) бағыттайды;
    • импульстердің   ми қыртысынан ми өзегіне баруын бағыттайтын байланыс жүйелер;
    • ми қыртысы бөлімдері.  

Аталған бөлімдерінің зақымдануы орталық  жүйке жүйесінің кемістігіне  жатады. Осындай зақымданудың нәтижесінде  сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің шиелену  деңгейі күшееді, шартсыз рефлекстер артады, сөйлеу тілінің просодикалық жағы күрделі бұзылады.

Дизартрияның ерекшелігі – оның әр түрлі клиникалық синдромдарымен жиі үйлесуі. Мұның себебі: жағымсыз фактордың қалыптасып келе жатқан миға тигізетін әсерінен мидың бір  емес көптеген бөлімдері бірақ зақымдалады және мидың бір бөлімінің зақымдануы басқа бөлімдерінің дамуын бұзады. Осы фактор дизартрияның басқа тіл кемістіктерімен (жалпы тіл кемістігімен, моторлы алалиямен, тұтықпамен т.б.)  жиі үйлесуін түсіндіреді. Қозғалыс жағымен қатар  дизартрияға ұшыраған баланың кинестетикалық сезімдері нашарлайды. Ол өз тілін, еріндерін, астынғы жақ сүйегін қимылдатқан кезінде бұлшық еттерінің шиелену деңгейін дұрыс сезбейді, сөйлеу мүшелерінің қалпын сезбейді. Осының нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қалыптасуындағы үлкен ролі бар  ми қыртысының бөлімдері жетілмей қалады, бала сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын дұрыс бағыттай алмайды.  Дизартриясы бар балалардың көпшілігінде дыбыстың есту бейнесімен оның артикуляциялық қалпын сезнуінің ара байланысы тұрақсыз келеді.

  1. Дизартрияның түрлері

Сопақша ми дизартриясы  (бульбарлы деп аталады) сопақша мидың ісінуі немесе қабынуы салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда сопақша мида орналасатын қозғалтқыш жүйке тамырларының (тіл-жұтқыңшақ, тіл асты және басқа) ядролары зақымдалады. Сопақша ми дизартриясына жұмсақ таңдай, тіл, жұтқыншақ, көмекей бұлшық еттерінің толық немесе жартылай сал болып қалуы тән. Дизартрияның осы түріне шалдыққан бала тамақты шайнауға, жұтынуға қиналады. Жұмсақ таңдайдың, дауыс сінірлерінің әлсіздігі дауыстың ерекше бұзылуына әкеледі: ол мұрын әүезділігімен, әлсіреп шығады. Дауысты дыбыстары дұрыс шықпайды. Жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің жартылай салдануы ауа ағымының мұрыннан еркін шығуына себеп болады да барлық дыбыстардың айтылуы мұрын арқылы іске асады.

Сопақша ми дизартриясы бар балаларда  тіл, жұтқыншақ бұлшық еттерінің  атрофиясы, шиелену деңгейінің әлсіреуі (атония) байқалады. Тіл бұлшық еттерінің  салдануы дыбыс айтуының көптеген ақаулықтарына  алып келеді. Баланың сөйлеу тілі айқынсыз, баяу, міңгірлеп шығады.

Информация о работе Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы