Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Описание работы

Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

Содержание работы

Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы

Файлы: 1 файл

Логопедия негіздері дәрістер кешені.doc

— 561.00 Кб (Скачать файл)

Бала ең алдымен дұрыс  айтуға оңай жеңіл дыбыстарды –  дауысты және ерінді, ерінді-тісаралық  дауыссыз п,б, м, ф, в, т  дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілітін дыбыстарды, сонымен бірге р, л дыбыстарын айтуға қиын болады. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткіліксіз дамыған. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, өйткені мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.

Сөйлеу тілінің дұрыс  тәрбиесінің барысында бала мектепке балар алдында тілдің негізгі  грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдердің грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Тіл кемістігін дәл уақытында ескерту және жою үшін тіл бұзылуының каңдай себептерінен пайда болуы мүмкін екенін мұғалім мен тәрбиеші білу керек.

Қөбінесе сөйлеу тілінің  бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезенде  пайда болады. Бұл бір жағынан  сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің әлде нақты  қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезенде  дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс салмақ самауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және тіл кемістігінен алдынала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеи жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.

  1. Сөйлеу процесінің анатомиялық-физиологиялық механизмдері

     Сөйлеу процессі  адамға ғана тән, өте күрделі  жоғарғы психикалық процесс. Ол  шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті  сөйлеу аппараттарын  іске қосатын орталық және  шеткі күрделі жүйке жүйелері  арқылы жүзіге асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің түрлі бөлімінде әр түрлі деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес жүйе болып табылады.

Орталық сөйлеу аппараты мида орналасқан. Ол ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан, ми өзегі ядроларынан, жүйке жолдарынан турады.

Сөйлеу үшін ми қыртысы  басты роль атқарады (әсіресе мидың  сол жақ қыртысы).  Ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктерін ажыратады. Ми қыртысының шеке бәлімінде  Брок орталығы орналасқан (төменгі қыртысында), адамның дауыс шығарып сөйлеуі осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртысының самай бөлігінде  басқа адамдардың сөйлеген сөзін естіп, түсіну қабілетінің  іске асатын орталығы - Вернике орталығы – орналасқан. Ми қыртысының төбе бөлігі де естіген сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, тусінуге үлкен ықпал етеді. Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кездегі анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.

Сөйлеу аппаратының  барлық органдары (мүшелері) мидан шығатын  жүйкелермен қамтамасыз етілген.  Олардың ең бастылары: VIІ, ІΧ, Χ, ΧІ және ΧІІ  қос жуйкелер. Үшкіл  жуйке  адамның жағын ашып-жабуға қатысы бар еттерді, бет жүйкесі (ΧІІ- қос) - бетті әр түрлі қимылға түсіретін еттерді, ерінді және ұртты қимылға түсіретін еттерді, тіл – жұтқыншақ (ІΧ- қос) жүйкесі мен жылжымалы жүйке (Χ- қос) дауыс сінірлері мен көмекей еттерін, жұтқыншақ пен таңдай еттерінің қимылдарын қамтамасыз етеді. Қосымша жүйке (ΧІ- қос) мойын еттерінің, ал тіс асты нерві (ΧІІ- қос) – тілдің әр түрлі қимыл жасауын камтамасыз етеді.

Осы жүйке жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары (Брока мен Вернике) шетте жатқан сөйлеу аппаратының мүшелерімен тікелей байланысып, импульстарын жіберіп отырады. Осылайша сөйлеу қабілеті пайда болады. 

  1. Шеткі сөйлеу аппараты   үш бөліктен тұрады:
    1. Тыныс алу бөлігі
    1. Дауыс шығару бөлігі
    2. Дыбысты өзгерту бөлігі (артикуляциялық)

         Тыныс алу бөліміне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам дем шығару арқылы сөйлеуді, оның сөйлеген кездегі дем алуы, дем шығаруы  өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып – дем шығару арқылы әр түрлі дыбыс шығарып, әр түрлі әуенді сөз құрап, сөйлеу қабілетіне ие болады. Бұл құбылыста әсіресе дем шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады ( 1:20 тіптен 1:30), ересек адамдар орта есеппен 16-18 рет дем алып, дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары –жоғы 8-10 рет дем алып, дем шығарады екен.

         Адамның  сөйлеу қабілеті бұзылып дизатрияға, ринолалияға және тұтықпаға шалдыққанда,  оның дем алып, дем шығару да  процесі бұзылады.

        Дауыс бөлімі дауыс қыртысы бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдынғы жағында орналасқан, үстінгі жағында жұтқншаққа; ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдарымен жалғасып жатады.

        Көмекей  мен жұтқыншақтың арасында жұтынған  кезде көмекейді жауып тұратын  қалқанша (надгортанник) орналасқан, соның  аркасында жұтқан сілекей көмекей  куысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сінірімен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сінірінен тұрады.

Адамның дауысы шыққан кезінде  дауыс сінірлері бір-біріне қабысып  жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа  сол дауыс сінірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырлуы арқылы дауыс сінірлері қайтып өз орнына келеді. Дауыс сінірлерінің арасының  осылайша ашылып-жабылуы дауыс шығаратын  өкпеден сыртқа шығатын ауаның  қысымы біткенше созылады. Осылайша фонация кезінде дауыс сінірлері дірілдеп, көмекей қуысында ауаны әртүрлі дірілге келтіріп, қозғап, соған байланысты дыбыс шығарады.

 

 

Сурет 1.      Сөйлеу аппаратының құрылысы.

1- ми; 2- мұрын қуысы; 3- қатты  таңдай; 4- ауыз қуысы; 6- күрек тістер; 7- тілдің ұшы; 8- тілдің жотасы; 9- тілдің түбі; 10- қалқанша; 11- жұтқыншақ; 12- көмекей; 13-трахея; 14- оң жақтағы бронх; 15- сол жақтағы бронх; 16- диафрагма; 18- омыртқа; 19- жұлын; 20- жұмсақ таңдай.

 

 

 

  

 

Сурет 2. Дауыс  сінірлерінің қалпылыры: А-тыныс алу кезінде; Б- фонация кезінде; В- сыбырлап сөйлеген кезінде.

 

      Сыбырлап  сөйлеген кезде дауыс сінірлерінің  бір бөлігі ғана  қозғалысқа  түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына  және тембіріне қарай бөлінеді. Дауыстың күші дауыс сінірлерінің  қозғалу амплитудасына байланысты. Ауа қысымы неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс сінірлірінің қозғалу амплитудасы да кең болып,  дауыс куші жоғарлайды. Дауыс күші үшін резонатарлы қуыстарының (мұрын, ауыз, жұтқыншақ қуыстары) да маңызы бар. Дауыстың жінішке-жаундығы дауыс сінірлерінің қозғалуының жиілігіне және дауыс сінірлерінің ұзындығына, жуандығына және шиелену деңгейіне байланысты келеді. Ал дауыс тембрі көмекейдін формасына, көлеміне және құрылыс ерекшеліктеріне байланысты.

Артикуляциялық  бөлімі  мұрын, ауыз және жұтқыншақ қуыстарынан тұрады. Артикуляциялық бөлімінің негізгі мүшелері: тіл, ерін, жақ (жоғарғы, төменгі), қатты және жұмсақ таңдай, альвеолдар (қызыл иек). Артикуляция мүшелері белсенді және еңжар болып бөлінеді. Белсенді мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ сүйегі; қалғаны еңжар мүшелері болып табылады (сурет 3). 

 

 

 

Сурет 3. Артикуляциялық бөлімінің мүшелері. 1- ерін,  2- күрек тістер, 3- альвеолдар, 4- қатты таңдай, 5- жұмсақ таңдай, 6- дауыс сінірлері, 7- тілдің түбі, 8- тілдің жотасы, 9- тілдің ұшы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 4. Тіл   кемістігінің  себептері. Тіл    кемістігін   талдау   принциптері .

 

Жоспар:

    1. Тіл кемістігі туралы ұғым
    2. Тіл кемістігінің пайда болу себептері
    3. Тіл    кемістігін   талдау   принциптері

 

    1. Тіл кемістігі туралы ұғым

Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі. Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегінше сипатталады:

  1. өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, кайта бекиді;
  2. сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
  3. оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялык ықпал жасауды талап етеді;
  4. баланың одан әpi дамуына жағымсыз әcepiн жиі тигізеді;
  5. тіл бiлмeйтiндік-диалектизм-тiл кемістігі болып саналмайды;
  6. сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің  ақаулықтарымен байланысты.

Аталған ерекшеліктер тіл кемістіктерінің  айырмашылығын көрсетеді. Логопедияда  «сөйлеу тілінің жетілмеуі», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл кемістігі» деген ұғымдар кездеседі.

Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі  деп саналады.

Сөйлеу тілінің құрамының әр түрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерлерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлдем айта алмауы мүмкін.  Әрине мұндай жагдайда тіл өзінің нeriзгі функцияларын жоғалтпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Тіпті жеңіл тіл кемістіктері  адамдардың  актер, диктор, мұғалім  т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеулеріне бөгет келтіреді.

2. Тіл кемістігінің  пайда болу себептері

Тіл кемістігінің себебі деп сыртқы және ішкі зияндық факторларының  немесе екеуінің бірдей ағзаға жағымсыз әсер етуі деп түсінеміз.

Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:

  • Әртүрлі іш құрсақ патологиясы. Ол іштей нәрестенің дамуына зиян тигізеді. Сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәресте дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі токсикоз, және тб себеп болады.
  • Босану кезіндегі вирусты және эндокринді аурулары, жарақат алуы, резус факторы бойынша қанның сыйымсыздығы, жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі).
  • Баланың алғашқы балалық кезіндегі әр түрлі аурулар (әсіресе вирустык, инфекциялық аурулар).
  • Бас сүйігінің жарақаттануы.
  • Тұқым қуалаушылық факторлар.
  • Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.

 Жоғарыда атап өтілген факторлардың  әрқайсысы немесе осы факторларының  үйлесіп келуі тіл кемістігінің пайда боуына себеп бола алады. Тіл кемістігінің пайда болуына себеп болатын факторларды табиғи (органикалық) және функционалды деп бөледі. Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдеріндегі тіл механизмдері анатомиялық-физиологиялық құрылысының қатты бұзылуынан болатын себепті айтамыз. Функционалды себептеріне анатомиялық- физиологиялық құрылысы әдеттегі күйінше сақталнып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады.

Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады.

  • Табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
  • Функционалды тіл кемістіктері.

Табиғи тіл кемістіктері зақымның таралуы орнына  байланысты бөлуге болады а) тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуы (осыған бас ми қабығында  орналасқан тіл механизмдерінің бұзылуының нәтижесінде болатын афазия, алалия және т.б. жатады); б) тілдің табиғи бұзылуының шеттен пайда болуы (оған ринолалияны, механикалық дислалияны және т.б. жатқызуға болады).

3. Тіл    кемістігін   талдау   принциптері .  Сөйлеу тілі ақаулығын талдау кемістіктің құрылымын ашу мақсатымен жүргізіледі. Р. Е. Левина  тіл кемістіктерін талдауының үш негізгі  принциптерін белгіледі, олар: даму принципі, жүйелік принципі, және тіл кемістігін  сөйлеудің  психикалық дамуындағы басқа   жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру.

Даму принципі тіл кемістіктің бала дамуының барысында қандай себептерден пайда болуын, неге әсер етуін, неге әсер етуі мүмкіндігін зерттеуді талап етеді, тіл кемістігінің құрылысын анықтауға, яғни алғашқы, негізгі ақаулығын және одан нәтиже болған,  туынды кемістіктерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы