Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді. Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
Логопедия ғылымының негізгі принциптері
Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
Логопедия ғылымының маңыздылығы
Ми қыртысы асты дизартриясы бас мидың қыртысы асты жүйке түйіндердің зақымдануынан пайда болады. Дизартрияны бұл түріне бұлшық ет тонусының бұзылуы және гиперкинездің болуы тән. Гиперкинез – еріксіз, артық, қосарласып келген қимылдар (бұл жерде көбіне артикуляциялық және мимикалық қимыл-қозғалыстар деп түсіну керек). Мұндай қимылдар әсіресе сөйлеу кезінде күшейіп кетеді.
Фонация мен артикуляция ерекше бұзылады: бала жеке дыбыстарды, кейбір сөздерді, қысқа сөз тіркестерін дұрыс айтып келіп, аяқ астында түк айтамай, тоқтап қалады. Оның тілі қатты тырысып, дауысы үзіліп кетеді. Бұндай құбылысты артикуляциялық спазм деп айтады. Кейде бала еріксіз айқалап кетеді. Кейбір балалар сөздерді тым асығысып айтады, ал басқалары, керсінше, сөздерді баяу, арасын созып айтады. Сөйлеу тілінің міңгірлеп, түсініксіз болуының себебі: артикуляциялық қимылдарының айқынсыздығы және дауыстың күші мен әүезділігінің бұзылуы.
Артикуляциялық моторикасының бұзылуы тыныс алу және фонацияның ақаулықтарымен үйлесуі сөйлеу тілінің дыбыс айтылуының кемістігіне және просодикалық жағының едәуір ақаулықтарына әкеп соғады.
Ми қыртысы асты дизартрияға шалдыққан балалардың есту қабілетінің төмендеуі байқалуы мүмкін, бұл жағдай бала тіл кемістігін күрделетеді.
Мишық дизартриясы мишықтың және оның мидың басқа бөлімдірімен байланыстарының зақымдануы кезінде пайда болады. Дизартрияның бұл түріне сөйлеу тілінің баяулығы, қысқа қайырылатын келте сездермен, кейде жеке дыбыстарыдың шаңқылдап қатты естуімен сипатталуы тән. Сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің салдануы, шиелену деңгейінің төмендеуі байқалады, баланың артикуляциялық қалпын дұрыс сезінбеуі және ұстай алмауы көрінеді. Тілдің қимыл-қозғалысы әлсіз және баяу, жұмсақ таңдай салбырап тұрады.
Мишық дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі.
Ми қыртысы дизартриясын басқаларынан ажыратып тануы және бөліп алуы үлкен киындықтарын білдіртеді. Ми қыртысы дизартриясында артикуляциялық мүшелерінің еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының дыбыстардың айтылуындағы көрністер бойынша қозғаушы алалияға уқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық-дыбыстық айтылуы бұзылады. Балалардың бір дыбыстан екішін дыбысқа, сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптан екіншісіне қарай көшіп қимылдауы қиындайды. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлеген кезде сол дыбыстар бұрмалап айтылады, басқа дыбыстарымен алмастыруы пайда болады. Әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатары бұзылады. Жылдамдатып тез-тез сөйлегенде тұтықпаны еске салатын кекештену байқалады.
Ми қыртысы дизартриясының қозғаушы
алалиядан айырмашылығы - сейлеу тілінің
лексикалық-грамматикалық
Жалған сопақша ми дизартриясы - балаларда ең жиі кездесетін дизартрияның түрі. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың құрсақта жатқан кезінде немесе туылып жатқан уақытында, жас кезінде энцефалит, құрсақ зақымы, ісік, интоксикация тағы басқа ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінде пайда болады. Баланың бас ми қыртысынан тіл-жұтқыншақ, кезбе және тіл асты нервтерінің ядроларына баратын өткізгіш жолдарының зақымдануына байланысты сопақша ми дизартриядағыдай салдану немесе жартылай салдану құбылысы пайда болады. Ол сопақша ми дизартрияға ымдау және артикуляциялық (сөйлеу тілі дыбыстарын шығаратын мүшелердің) бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көрністері бойынша ұқсас. Дегенімен жалған сопақша ми дизартриясындағы түзету және сөйлеу тілі дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары.
Жалған сопақша ми дизартрияда жағдайында бұлшық еттерінің сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы және сөйлеу мүшелерінің моторикасы (яғни, кимыл-қозғалуы) бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалада, қақалады, нашар жұтады. Аузынан сілекей ағады, беттің бұлшық еттерінің әрекеті бұзылады.
Сөйлеу тілі мүшелерінің козғалуының бұзылу дәрежесі түрлі келеді. Жалған сопақша ми дизартриясының шартты түрде үш дәрежесін ажыратады.
1. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл дәрежесі сөйлеу мүшелерінің қозғалыс-қимылында өрескел бұзылуларының болмайтындығымен сипатталады. Артикуляцияның қиындығы тіл мен еріннің жай және дұрыс емес қимылдайтығында. Шайнай алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы, анда-санда шашалатындығында болмаса анық білінбейді. Бұндай балалардың сөзді дұрыс айта алмауы сөйлеу тілінің козғаушы мүшелерінің ширақтығының жеткіліксіздігінен болады, сөйлеуі, біршама баяулайды, дыбыстары айтылған кезде көмескіленіп шығады. Артикуляциясы күрделі «ж», «ш», «с», «ц», «ч» дыбыстарының айтылуы жиі бұзылады. Үяң дыбыстар дауыстың жеткіліксіз қатысуымен айтылады. Негізгі артикуляциялық қалпына тіл жотасының ортанғы бөлімін қосымша қөтеруін талап ететін жіңішке дыбыстардың айтылуы да қиынға соғады.
Дыбыстардың айтылуындағы кемістіктер
фонематикалық дамуына келеңсіз ықпал
жасайды. Дизартрияның жеңіл
Есту қабілеті дұрыс және акыл-ойы жақсы жетілген бұл сияқты кемістіктері бар балалар аудандық балалар емханасынадағы логопедиялық кабинеттеріне, ал мектеп жасына келген кезде жалпы білім беретін мектептің логопедиялық кабинеттерге барап, көмек алады. Бұл ақаулықтарды жоюға ата-аналардың өздері де елеулі ықпал жасай алады.
2. Жалган сопақша ми
дизартриясының орташа
Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалу қызметінің бұзылуының салдарынан дыбыстарды айту ақаулығы ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу тілі өте түсініксіз, көмескі, жәй естіледі. Еріндерінің нашар қимылдауынан дауысты дыбыстардың артикуляциясы да айқынсыз болады, мұрыннан дем шығару арқылы айтылады. «А» және «у» дыбыстарының анықтығы жеткіліксіз, «и» және «ы» дыбыстары алмастырылады. «П, «т», «м», «н», «к», «х» дауыссыз дыбыстары көбінесе сақталынған. «Н» мен «ц», «р» мен «л» дауыссыздары шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шығып бір-бірінен айырғысыз ұқсас айтылады. Ауыздан шығатын ауа ағыны нашар сезіледі. Үяң дауыссыздар қатаң дауыссыздармен жиі алмастырылады. Нәтижесінде жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің түсініксіздігінің болатыны соншалықты, олардың тіпті сейлеуге құлқысы да болмайды. Сөйлеу тілінің жетілуінің (5-6 жас) кешігуімен қатар бұл жағдай баланың адамдармен сөйлеу қатынас тәжірибесін кілт шектейді.
Бұл сияқты кемістіктері бар балалар жалпы білім беру мектебінде үлгеріп оқи алмайды. Бұндай балалардың оқуы мен тәрбиеленуі үшін өте ыңғайлы жағдайлары және әрқайсысына жеке тәсілмен жөрдем керсету мүккіндіктері сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектепте жасалған.
3. Жалған сопақша дизартриясының анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдануымен және сейлеу тілі мүшелерінің мүлде жұмыс істемейтіндігімен сипатталады. Анартрияға шалдыққан баланың бет-түрі өлі бейнеге ұқсас болады, астыңғы иегі салбырап тұрады, ауызы әрқашан ашық жүреді. Тілі ауыздың ішінде жалпағынан созылып, қимылсыз жатады, еріңдері болар-болмас қимылдайды. Шайнауы мен жұтынуы қиын. Сөйлеу тілі мүлде жоқ, кейде жекелеген бір дыбыстарға ұқсаған үн шығарады.
Ақыл-ойы жақсы жетілген анартриясы бар балалар да сөйлеу тілі ауыр түрде бұзылған балаларға арналған мектепте оқи алады, сонымен бірге арнайы логопедиялық тәсілдердің арқасында жазуға дағдыланады және жалпы білім беретін мектептің оқу багдарламасын ойдағыдай меңгереді.
Жалған сопақша
ми дизартриясына шалдыққан
Сөздің құрамында қосарласып келген дауыссыз дыбыстардың айтылуы балада қиыңдық туғызады, бұл жағдайда сөздерді айтқанда дауыссыздың бірі немесе екеуі де түсіп қалады (алтын-атын, семсәр-сер). Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуының қиындығына байланысты бір буыннан екіншісіне өткен кезде сол буынға ұқсастырып буынның тұлғасын өзгертіп айтатын жағдайлар да кездеседі.
Артикуляциялық аппаратының
қимыл-қозғалыс қызметінің
Дыбыстық талдаудың деңгейін айқындайтын
арнайы тәсілдердің көпшіл тапсырмаларын
дизартриясы бар балалар
Дыбыстарды айтуды айтарықтай меңгерген
балалар қателерді азрақ
Анартрияға шалдыққан балалар дыбыстық талдаудың бұндай деңгеін мүлдем меңгере алмайды.
Дизартриясы бар балалардың басым
көпшілігінің дыбыстық талдауды меңгеру
деңгейі сауатын ашуга
Дизартрияға шалдыққан балалардың
жазуындағы қателердің көпшілігі дыбыстарды
алмастыруынан болады. Дауысты дыбыстарды
алмастыруы да жиі кездеседі. Себебі,
дауысты дыбыстарды кекескілендіріп
және мұрынмен айтуының салдарынан олар
үндестік жағынан ажыратырылмайды.
Дауыссыз дыбыстардың алмастырулары
өте көп және сан алуан.
Әріптердің орнын алмастыру /масақ-мақас/, әріптердің түсіп қалуы /табақ-таба/, бұындардың түсіп қалуы сияқты сөздің бұындық құрылысының бұзылу жағдайлары дизартрияға тән көрінеді. Сөздің кұрамы да, мағынасы да мұлде өзгеріп жазылуы жиі кездеседі /қошқар-котка, асық -ат/. Бұндай қателер дыбыстардың артикуляциясы ауыр деңгейде бұзылған балаларға тән болады.
Бұдан басқа, дизартриясы бар балалар жазуында жалғауларды дұрыс қолданбайды, сөздерді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырмайды және басқа да қателер жібереді. Жоғарыда көрсетілгендей сөйлеу тілі мүшелерінің бұзылуының тікелей нәтижесі сөйлеу тілін естуінде оның түсінбейтіндігі оның айтылуындағы қиындылығынан болады. Сөйлеу тілі мүшелері қатты бұзылған балалардың жалпы сөйлеу тілдері өзгеше дамиды. Тілінің кеш шығуы, сөйлеу тәжірибесінің кедейлігі, қатты мүкістеніп сөйлеуі сөздік қорын байытуға және сөйлеу тілінің грамматикалық кұрлысының жетілуіне кері әсерін тигізеді. Сейлеу мүшелері катты бұзылған балалардың көпшілігінің сөздік қорында ауытқуы бар, олар сөздерді құрамындағы дыбыстардың үндестігінің ұқсастығы бойынша шамалап жиі шатастырады, күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданатын сөздерді білмейді.
Көп сөздер қолдануынада анық айтылмайды, бала өзіне тапсырылған керекті заттың атының орнына соған ұқсас өзінің түсінігіне жеңіл, таныс заттардың аттарын атайды. Мысалы: жүгері -собық, оймақ- саусақ, лақ-ешкі, шөміш-ожау, .
Дизартрия балалар айналасындағы жағдайды жетерліктей жақсы бағдарлай алады. Тұрмыс тіршілігіндегі мәліметтер мен түсініктері жеткілікті. Мысалы, балалар бейнелі суретте көрсетілген әткеншек, асқана, велосипед сияқты тағы басқа заттарды танып аттарын атайды. Мамандықтары бойынша ұшқышты, мұғалімді, аспазшыны ажыратады. Суреттегі адамдардың не істеп жатқандарын қимыл бейнелеріне қарай түсінеді. Әр затты бояуына қарап көрсете алады, бірақ мүлде сөйлей алмауы немесе өте нашар сөйлеуі тілінің белсенділігі мен енжар сөз қорының арасындағы айырмашылығын соқтырады.
Лексиканы игеру
деңгейі сөйлеу тілінде
Тілдің грамматикалық
құралдарын жеткілікті түрде
игере алмау дизартрия
Балалардың сөйлем құрамының
жұпынылығы, олардың дұрыс құрылмауы,
сөйлем мүшелерінің, көмекші